Еленген еңбек

2019 жылдың 19 наурызында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мәжіліс залында институт директоры Қажыбек Ерден Задаұлына мемлекеттік тілді латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшіру жұмыстарын іске асыруда қосқан үлесі үшін АҚШ-тың «StrategEast» зерттеу орталығы «Тілдік және мәдени вестернизация» аталымының сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. «StrategEast Westernization Award» сыйлығын тапсыру үшін орталықтың қазіргі маманы, … –

«StrategEast Westernization Award»

2019 жылдың наурызында  АҚШ-тың «StrategEast» орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қажыбек Ерден Задаұлынмемлекеттік тілді латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру жұмыстарын іске асыруда қосқан үлесі үшін «Тілдік және мәдени вестернизация» аталымының сыйлығы тағайындалған болатын. … –

Түркі әлемі ғалымдары бас қосты

2019 жылдың 14 наурызында Түркия Республикасы Түрік Тіл Қауымдастығының (түрікше Türk Dil Kurumu) жетекшісі Гүрер Гүлсевин мырзаның онлайн-семинары өтті. Іс-шараға Ресей Федерациясы, Саха (Жақұт) Республикасы Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Гуманитарлық зерттеулер мен Солтүстіктің аз халықтары мәселелерін зерттеу институты, Түркі әлемінің орталығы – Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық … –

МАНДОКИ МҰРАТЫ – МӘҢГІЛІК ТАҚЫРЫП

Алматыда белгілі түрколог, қыпшақтанушы ғалым Иштван Мандоки Қоңырдың 75 жылдығына арналған «Ұлы дала және Мандоки мирасы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында айтылған бастамаларды жүзеге асыру жоспары аясында аталған шараны Халықаралық түркі академиясы ұйымдастырды. Академия президенті Дархан Қыдырәлі Иштван Мандокидің түркілер мен … –

Тарихи жады сараланбай, ұлы есімдер нақтыланбайды

Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыруға орай «Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қызу пікірталас деңгейінде өткен ғалымдар басқосуында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Еркін Садықов «Ұлы даланың ұлы есімдері» … –