бөлімдер

ЭТНОЛИНГВИСТИКА бөлімі

Тарихы
Қазақ тіл білімінде этнолингвистика саласымен алғаш (1970-жылдардан бері) шұғылдана бастаған ғалым Ә. Қайдар болды. Содан бері бұл салада ірілі-ұсақты жүздеген еңбек дүниеге келіп, қазақ тілінің өз табиғаты мен ерекшелігіне сәйкес қазақ этнолингвистикасының бағыт-бағдары, мақсат-мүддесі айқындалып, ғылыми тұжырымдамасы (концепциясы) жасалды. Осы бағытта көптеген кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Міне, осы қыруар игілікті істердің ұйытқысы да, бағдарлаушы, басқарушы көшбасы да академик Ә. Қайдар екендігі ғалымдар қауымына көптен белгілі. Жаңа бағыттағы зерттеу болғандықтан, этнолингвистика саласының әрі қарай дамуына ғылыми негіз қалаған және осы салада көптеген шәкірттер дайындаған академик Ә. Қайдардың этнолингвисткалық мектебі қалыптасты деуге әбден болады.
Қазақ этнолингвистикасы – бүгінде жаңа ғылыми бағыттан жеке ғылым саласына айналған дербес пән.
2000 ж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында Этнолингвистика бөлімі ашылып, ғылыми қызметі мен зерттеу нысандары кеңейе түсті. Тәуелсіз Қазақстанның туын биік ұстар ұлтжанды ұрпақ, білікті маман тәрбиелеу – Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік бағдарламасында алға қойылған басты мақсат. Осы мақсатқа сай «Этнолингвистика» пәні еліміздің жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде оқытыла бастады. Пәннің оқу-әдістемелік кешенін, типтік-оқу бағдарламасын жасауда ғалымның тікелей бағыттауымен қазақ тілінің табиғаты мен ерекшелігіне сәйкес жазылған ғылыми-зерттеулер басшылыққа алынды.

Этнолингвистика бөлімін 2000-2010 жж. аралығында қазақ тіл білімінің көрнекті маманы, белгілі түркітанушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ә. Қайдар басқарды. Құрамында бас ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының докторы Ж. Манкеева, филология ғылымдарының кандидаттары Б. Сағынова, Б. Сүйерқұлова, ғылыми қызметкерлер – А. Иманбаев, Н. Шүленбаев, А. Тілеубергенова, З. Шадаева, А. Абылханова сынды ғалымдар мен жас мамандар болды.

Этнолингвистика бөлімінде 2000-2002 жж. «Ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің қызметі мен дамуының негіздерін зерттеу» атты іргелі зерттеу бағдарламасы негізінде «Қазақтар: ана тілі әлемінде» атты тақырып аясында тіліміздің лексикалық байлығы, дүниелер мен адамзатты қоршаған табиғи құбылыстардың атаулары, адамдардың қоғамдық қарым-қатынасына, тұрмыс-салтына, бұрынғы көшпелі ру-тайпалар мен бүгінгі қауымның өмір сүру тәсілдері мен әдет-ғұрпына байланысты сан алуан тілдік деректер – лексика-фразеологиялық, паремиологиялық, ономасиологиялық, кәсіби-терминологиялық, эвфемистік, теңеу-салыстыру және т.б. ұланғайыр этнолингвистикалық мағыналық бірліктер жинақталды.

2003-2005 жж. «Тілдердің үйлесімді қызмет етуі мен дамуы – егемен Қазақстанның тұрақты және өркениетті дамуының тірегі» атты іргелі зерттеу бағдарламасы негізінде «Қазақ тіліндегі қос сөздер табиғаты: зерттеу, сөздік» тақырыбы бойынша қазақ тілінің сөздік қорындағы қосарлама және қайталама қос сөздердің барлығы дерлік жинақталып, жүйеленіп, «Қазақ тіліндегі қос сөздер табиғаты» атты (30 б.т.) монография жарыққа шықты.

2006-2008 жж. «Тәуелсіз Қазақстан жағдайында қазақ тілінің ұлттық және мемлекеттік тіл ретіндегі негізгі даму үрдістері мен бағыттары» атты тақырыпта іргелі зерттеу бағдарламасы негізінде «Қазақ тілі этимологиясының ғылымитеориялық негіздері» атты тақырып бойынша этимологиялық зерттеудің принциптері айқындалды; ғылыми, қызықты және жалған (халықтық) принциптері сипатталды; қазақ тілі бойынша жүргізілген этимологиялық зерттеулер мен этимологиясы айқындалған сөздердің жалпы саны анықталды; этимологиялық сөздікке бір, екі буынды түбірлер еніп, оларға қатысты сөзжасам модельдерінің тізімі берілді.

2007-2009 жж. Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының тірегі бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның болашағы және қазақ этносының өзіне тән қасиеттерін (феноменін) танып-білу, дамыту» атты тапсырмасы бойынша қазақ этносы туралы зиялы қауымның сауалына және көпшіліктің ой-пайымдарына жауап ретінде ұлттың ментальдық ерекшелігін көрсететін «Қазақ қандай халық?» (2008 ж.) атты жинақ жарық көрді. Қазақ этнолингвистикасының нақтылы мәселелеріне қатысты біршама еңбектер жарияланып, осы ғылым саласының құндылығын арттырып отыр.

Соңғы 20-30 ж. шамасында бұл салаға 40 шақты кандидаттық және докторлық диссертациялар арналса да, әлі күнге дейін зерттеліп жатқан дүниелер баршылық. Себебі бұл зерттеулер этностың өзін түсінуге қажетті тілдік (лексика-фразеологиялық және т.б.) деректердің ішкі мазмұнын терең де жан-жақты ашуға бағытталған. Осыған орай тіл байлығымыздағы кез келген құбылыс, дерек, этнос болмысын тануға қатысты және оларды лингвистикалық формалдық тұрғыдан ғана емес, одан әлде қайда тереңірек, жан-жақты зерттейтін тақырып ретінде этнолингвистикалық зерттеуге нысан бола алады.

Бүгіні
Этнолингвистика саласында қажеттіліктен туындаған, көптеген жылдардағы ғылыми ізденістердің қазақ тіл біліміндегі нәтижесі де белгілі. Атап айтқанда, қазақ тіл біліміндегі осы саланың негізін салушы академик Ә. Қайдардың қазақ тіліндегі 1000-нан аса фразеологиялық бірліктердің табиғаты, сипаты, мән-мазмұны этнолингвистикалық тұрғыда ашылып, орыс тілінде түсіндірілген «Тысяча метких и образных выражений: (Казахско-русский фразеологический словарь с этнолингвистическими пояснениями)» (2003), 2 мыңнан астам қазақ мақал-мәтелдерінің табиғаты зерттеліп, олардың түсініктемесі (жасалу уәждері, тура және ауыс мағынасы) беріліп, қолданыс аясы арқылы айқындалған, жалпы халық даналығына қатысты көркем сөз өрнегінің табиғаты, құдіретті күші, олардың пайда болу жолы, мағына-мәнінің қалыптасуы, өзара жіктелуі, қолданыс аясы және т.б. сөз болған, сондай-ақ қазақ және жалпы түркі паремиологиясында мақал-мәтелдерге этнолингвистикалық түсініктеме берілген «Халық даналығы (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу)» (2004 ж.) атты көлемді еңбектер жарық көрді.

Сонымен қатар қазақ тіл білімінде тұңғыш рет этнолингвистикалық сөздік ретінде этностың болмысына қатысты мыңдаған, тіпті миллиондаған мағыналық бірліктердің жиынтығы мен синтезін таныту мақсатында «Қазақтар: ана тілі әлемінде (этнолингвистикалық сөздік) үштомдық Адам. Қоғам. Табиғат» атты көлемді еңбек жарық көрді. Өзінің өзектілігімен де, ғылыми-практикалық мәнімен де қазақ тіл біліміндегі, тіпті қоғамдық ғылымдар саласындағы күрделі де деңгейі биік жұмыстардың санатына жатады. Бұл еңбек қолданыстан шығуға айналған атауларды немесе мағынасы солғындаған, тіпті тілімізде өзі сақталса да, халықтың есінде, жадында оның бір замандағы айқын-анық лексикалық мағынасы ұмыт болған, тіпті айтылудан қалған көптеген ұғымдар мен атауларды ғылыми айналымға енгізіп отыр.

Академик Ә. Қайдар өмірінің соңына дейін дерлік ғылымның биік тұғырында болып, 90 жылдық мерейтойына орай «Ғылымдағы ғұмыр» атты 6 томдық ғылыми еңбегі: мақалалар жинағы мен рецензиялар (1-4 тт.), сонымен қатар «Қазақ тіліндегі имитативтер» (5 т.,), «Сөз төркіні, тіл сыры» (6 т.) атты екі монографиясын баспадан шығарды. 2010-2014 жж. бөлімді филология ғылымдарының докторы Шойбеков Рүстембек Нұсқабекұлы басқарды. 2009-2011 жж. «Қазақ ұлттық әдеби тілі және оның Уақыт пен Кеңістіктегі даму жолдары: ұлттық, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды жинақтау, сақтау, жаңғырту» атты іргелі зерттеу бағдарламасы аясында «Имитатив теориясы және қазақ тілі байырғы лексикалық қорының қалыптасу процестері» тақырыбы бойынша еліктеуіш, елестеуіш, бейнелеуіш ілкі түбірлерінің пайда болу, қалыптасу тарихының эволюциялық процестерін талдап, қазақ тіліндегі еліктеуіштердің 500-дей бір буынды түбірлері жіктеліп, оларға түсініктеме берілді.

Этнолингвистика бөлімінің қызметкерлері 2012- 2014 жж. Р. Шойбековтің жетекшілігімен қолданбалы зерттеу бойынша «Қазақ этнографизмдеріндегі мәдени ұлттық құндылықтардың лингвоаксиологиялық және лексикографиялық аспектілері» және іргелі зерттеу бойынша «Рухани мәдениеттің паремиологиядағы бейнесі» атты ғылыми-зерттеу тақырыптарын нәтижелі орындады. 2014 жылдан қазірге дейін бөлімді филология ғылымдарының кандидаты Өтебаева Эльмира Әбдіғалиқызы басқарады.

Бүгінде бөлімде филология ғылымдарының докторы Р. Шойбеков, филология ғылымдарының кандидаты Г. Исаева, ғылыми қызметкер З. Садырбаева, PhD доктор А. Шормақова, PhD докторант М. Садықова қызмет етеді. 2018 ж. Этнолингвистика бөліміне институттың құрметті директоры, ҚР ҰҒА академигі Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың есімі берілді. Соңғы жылдары қазақ этнолингвистикасы ғылыми негізі қалыптаса бастаған, жан-жақты ізденіс нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен ұстанымы айқындалып келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде қазақ тіл білімінде этнолингвистика жеке сала ретінде қалыптасып, жылданжылға жетіле түсуде. Этнолингвистикада ұлттық құндылықтарға қатысты тілдік деректер әр қырынан қарастырылып, тіл біліміндегі жаңа әдістерге сай өзіндік зерттеу бағдары алыс-жақын шет елдердегі, әлемдік деңгейдегі этнолингвистиканың антропоцентристік бағыттарымен сабақтасуда.

Осымен байланысты этнолингвистика бөлімінің жаһандану кезеңіндегі шетелдік ғылыми-лингвистикалық орталықтармен байланысы қалыптасуда. Атап айтқанда, 2006 ж. Түркияның Стамбул қаласында академик Әбдуәли Қайдардың Мейірбек Оразовпен бірлесіп жазған «Түркітануға кіріспе» атты оқу құралы түрік тілінде жарық көрді. 2008 ж. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы ғылыми-зерттеу институтының түрколог ғалымдары академик Әбдуәли Қайдардың 2004 ж. жарық көрген «Халық даналығы» атты қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу еңбегін жанжақты талқылады. 2010 ж. этнолингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Г. Исаева Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылған еліміздің жас ғылым мамандарын Еуропа, ТМД және АҚШ елдеріндегі танымал ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өткізуді қарастыратын халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Түркияның Мармара университетіндегі Түркітану ғылыми зерттеу институтында «Қазақ-түрік тілдеріндегі имитатив түбірлер» («Kazak ve Türk dillerindeki imitatif (taklidî) kökler») атты ғылыми жобасы бойынша тағылымдамадан өтті.

Болашағы
Түркі тіл әлемі деңгейіндегі тектес зерттеулердің бастамасы ретінде «Материалдық мәдениет лексикасындағы ортақтық» деген тақырып бойынша жаңа ғылыми жоба ұсыну жоспарлануда. Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болған Қазақстанның жаһандану үдерісінде ұлттық қасиетін сақтап қалуының маңызды кепілі – халқымыздың рухани, материалдық әлеуетін сақтау арқылы парасатты жолмен дамыту. Осымен байланысты адам факторын алға қойған қазіргі қазақ тіл білімінде ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын халқымыздың мәдениетін, тарихын, дүниетанымын, салт-дәстүрін «тіл әлемі» арқылы ғана жан-жақты танып білуге ерекше назар аударылуда. Түркі халықтарының күнкөрісіне, өмір сүруіне қажетті азық-түлігі, баспанасы мен киімі, күш-көлігі, қару-жарақтары мен шаруашылық, тұрмыстық бұйымдары – қол еңбегінің арқасында шығармашылықпен жасалған материалдық мәдениеттің үлгілері. Бұл тұрғыдан алғанда, тіл бірліктерінің аса молдылығымен сипатталатын қолөнер бұйымдары атауларының «ғаламның тілдік бейнесін» жасаудағы орны ерекше. Олардың бірсыпырасы – көне түркі тілінде қолданылған, біралуаны қазіргі түркі тілдеріне ортақ атаулар. Түркі тілдеріне ортақ материалдық мәдениет лексикасы – қоршаған ортаны игеру, ақиқат болмысты тану барысында жинақталған тәжірибенің, кең мағынасында алғанда ғаламның тілдік фрагменттері, үзіктері.

Осыған байланысты түркі мәдениетінің болмысын тануда материалдық мәдениет лексикасының этномәдени және танымдық мазмұнын ашудың ғылыми маңызы зор. Осы ретте қазақ халқының материалдық мәдениетін анықтауда ұлттық шеңберде қалып қоймай, түркі әлемі деңгейінде саралау, түркі мәдениетінің әлемдік өркениеттегі орнын, оған қосатын үлесін анықтау өзекті мәселелер саналады. Түркі халықтарының рухани мәдениеті мен материалдық өндірістің даму деңгейін бейнелейтін, ғасырлар бойы тілдің кумулятивтік қасиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып беріліп келе жатқан ортақ мәдени лексиканың этномәдени, жапытүркілік болмыс-мазмұнын тіл бірліктеріне этнолингвистикалық сипаттама беру арқылы олардың түркітанымдық мазмұнын ашу; материалдық мәдениет лексикасының функционалдық қызметін түркі халықтарының рухани мәдениетімен сабақтастыра отырып, салтдәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың этномәдени мазмұнын, ортақтығы мен ерекшелігін және т.б. арқылы анықтау академик Ә.Т. Қайдар атындағы Этнолингвистика бөлімінің болашақтағы зерттеу жұмыстарының мақсаты болмақ.

Болашақ зерттеу нәтижесінде мынадай мәселелерді айқындау көзделеді: – жалпытүркілік деңгейде арнайы қарастырылмаған зергерлік, ұсталық, кілемшілік, етікшілік, тігіншілік, құрылыс және сәулет өнеріне және т.б. қатысты пайда болған атаулар «тіл ішінде» және «тілден тыс» экстралингвистикалық деректер арқылы кешенді түрде қарастырылады; – түркі тілдеріне ортақ материалдық мәдениет лексикасы функционалдық қызметі рухани мәдениетпен сабақтастырыла қарастырылып, нанымсенім, әдет-ғұрып, ырымдар мен тыйымдардың, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің уәждерінің мәдени мазмұнын ашу арқылы түркі әлемінің бейнесі көрсетіледі; – түркі тілдеріне ортақ мәдени мәнді тіл бірліктерінің танымдық сипаты қарастырылып, материалдық мәдениеттің үлгілері түркі халықтары шығармашылығының құнды ескерткіші ретінде әлемдік мәдениетке зор үлес қосатындығы дәлелденеді. Осының нәтижесінде материалдық мәдениет лексикасының тілдік қабаттары ретінде көнетүркілік, жалпытүркілік, ұлттық атауларды салыстырмалы зерттеу нәтижесінде қазақ тілінің ежелгі түркі тайпалары мен ұлыстарының шаруашылығы мен мәдениетіндегі ұқсас, ортақ белгілер, олардың ғасырлар бойындағы экономикалық, мәдени байланысын, ортақтығын бейнелейтін лексикалық бірліктер анықталып, осының нәтижесінде қазақ материалдық мәдениетінің ежелгі сақ, ғұн, үйсін, қыпшақ және т.б. көне түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігін білдіретіндігі, қазақ халқының қазіргі мәдениеті республика жерінде ертеден қалыптасқан көне түркі мәдениетінің тікелей мұрагері және сол дәстүрдің жаңғырып, даму үстінде болғаны нақтылы этномәдени деректермен тұжырымдалуға тиіс.

Ә.Т. Қайдар атындағы Этнолингвистика бөлімінің болашақ зерттеулерінің негізгі теориялық маңызы қазіргі қазақ тіл білімінде қалыптасушы антропоцентристік бағытта жүргізілетін этнолингвистикалық зерттеудің түркі әлеміне қатысты ғылыми-дәйектік, деректік негізінде. Зерттеу нәтижелерін болашақта мәдениеттану, тарихи лексикология, этнолингвистика, түркітануға кіріспе, лингвомәдениеттану пәндері бойынша оқылатын дәрістерде, оқулықтар мен сөздіктер жазуда пайдаланауға болады.

Ғылыми зерттеулер
– «Тілдердің үйлесімді қызмет етуі мен дамуы – егемен Қазақстанның тұрақты және өркениетті дамуының тірегі» атты іргелі зерттеу (2003-2005); – «Тәуелсіз Қазақстан жағдайында қазақ тілінің ұлттық және мемлекеттік тіл ретіндегі негізгі даму үрдістері мен бағыттары» атты тақырыпта іргелі зерттеу (2006-2008); – Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының тірегі бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның болашағы және қазақ этносының өзіне тән қасиеттерін (феноменін) танып-білу, дамыту» (2007-2009); – «Қазақ ұлттық әдеби тілі және оның Уақыт пен Кеңістіктегі даму жолдары: ұлттық, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды жинақтау, сақтау, жаңғырту» атты іргелі зерттеу бағдарламасы аясында «Имитатив теориясы және қазақ тілі байырғы лексикалық қорының қалыптасу процестері» (2009-2011); – «Мемлекеттік тіл – Қазақстанның тұрақты дамуы мен әлеуметтікэкономикалық жаңаруындағы рухани негіз болып табылатын маңызды фактор» атты қолданбалы зерттеу бағдарламасы аясында «Қазақ этнографизмдеріндегі мәдени ұлттық құндылықтардың лингвоаксиологиялық және лексикографиялық аспектілері» (2012-2014); – «Қазақстан Республикасы көпмәдениетті қоғамындағы тілдік жағдаяттар мен процестерді гуманизациялау – елдің рухани қауіпсіздігі мен бірлігін сақтаудың аса маңызды факторларының бірі» атты іргелі зерттеу бағдарламасы аясында «Рухани мәдениеттің паремиологиядағы бейнесі» (2012-2014).

Тұлғалар
Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар
(13.12.1924-27.02.2019)
Қазақ тіл білімінің аса көрнекті маманы, белгілі түркітанушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (1983), Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982), Шоқан Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың иегері (1971), Түркияның «Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының құрметті (академик) мүшесі (1989), Башқұртстан Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі (1991), Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті президенті (2004), Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымдарының докторы, профессор Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлы саналы ғұмырының 60 жылға жуық уақытын ҚР БжҒМ А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қабырғасында өткізді. 1972-1978 жж. Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институты директорының орынбасары, 1978-1995 жж. Институт директоры қызметін атқарды. 1995 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының құрметті директоры. Ғалымның жалпы түркітану ғылымына, соның ішінде, әсіресе қазақ тіл білімі мен ұйғыртану саласына қосқан нақтылы үлесі мен сіңірген еңбегі оның өзі жариялаған 700-ге жуық ірілі-кішілі (жалпы көлемі 1000 б.т. астам) зерттеулерден, оларда көтерілген сан алуан лингвистикалық проблемалардың теориялық өзектілігі мен практикалық қажеттілігінен де, тақырыбынан да айқын көрінеді. Солардың ішінде жеке кітап түрінде жарық көрген монография, жинақ, сөздік, мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтары мен кітапшаларының жалпы саны – 60.
Шойбеков Рүстембек Нұсқабекұлы
(08.05.1948)
1967-1971 жж. аралығында Шымкент мемлекеттік педагогтік институтының филология факультетінде «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 1970 ж. «Еңбектегі қажырлылығы үшін» медалімен марапатталған. 1971 ж. Түркіменстандағы Красноводск ауданы, Бекдаш поселкесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1972-1976 жж. мектеп директорының мектептен және сыныптан тыс жұмыстары бойынша орынбасары, ал 1976-1979 жж. аралығында аталған поселке мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. 1979-1989 жж. Алматы қаласында ҚазССР ҒА Тіл білімі институтының кіші ғылыми, ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген. 1989-1999 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасында доцент, 2000-2001 жж. аталмыш институттың аға ғылыми қызметкері, ал 2002-2005 жж. осы институтта қазіргі қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2005-2006 жж. Қазақ гуманитарлық-заң университеті Алматы заң академиясында қазақ және орыс тілдері кафедрасының доценті қызметін атқарды. 2006 ж. бері Тіл білімі институтының Терминология бөлімінде жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2010-2014 жж. Этнолингвистика бөлімінің меңгерушісі, бүгінде бөлімнің бас ғылыми қызметкері болып қызмет атқарады. 1991 ж. жарық көрген «Қазақша-орысша мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестері» көмекші оқу құралы, «Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі», 1993 ж. жарық көрген «Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы», 2012 ж. шыққан «Қазақ қолөнері аталымдарының түсіндірме сөздігі» кітабының, 1000-ға жуық ғылыми мақалалардың авторы. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жарияланған 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің», «Қазақ этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» атты энциклопедия авторларының және шығарушы редакторларының бірі. Сонымен қатар бірнеше қазақша-орысша сөздіктер мен студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралдар авторларының бірі ретінде еңбек жазған. Рүстем Нұсқабекұлы 2018 ж. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Шойбеков Рүстембек Нұсқабекұлы
(08.05.1948)
1967-1971 жж. аралығында Шымкент мемлекеттік педагогтік институтының филология факультетінде «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 1970 ж. «Еңбектегі қажырлылығы үшін» медалімен марапатталған. 1971 ж. Түркіменстандағы Красноводск ауданы, Бекдаш поселкесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1972-1976 жж. мектеп директорының мектептен және сыныптан тыс жұмыстары бойынша орынбасары, ал 1976-1979 жж. аралығында аталған поселке мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. 1979-1989 жж. Алматы қаласында ҚазССР ҒА Тіл білімі институтының кіші ғылыми, ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген. 1989-1999 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасында доцент, 2000-2001 жж. аталмыш институттың аға ғылыми қызметкері, ал 2002-2005 жж. осы институтта қазіргі қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2005-2006 жж. Қазақ гуманитарлық-заң университеті Алматы заң академиясында қазақ және орыс тілдері кафедрасының доценті қызметін атқарды. 2006 ж. бері Тіл білімі институтының Терминология бөлімінде жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2010-2014 жж. Этнолингвистика бөлімінің меңгерушісі, бүгінде бөлімнің бас ғылыми қызметкері болып қызмет атқарады. 1991 ж. жарық көрген «Қазақша-орысша мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестері» көмекші оқу құралы, «Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі», 1993 ж. жарық көрген «Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы», 2012 ж. шыққан «Қазақ қолөнері аталымдарының түсіндірме сөздігі» кітабының, 1000-ға жуық ғылыми мақалалардың авторы. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жарияланған 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің», «Қазақ этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» атты энциклопедия авторларының және шығарушы редакторларының бірі. Сонымен қатар бірнеше қазақша-орысша сөздіктер мен студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралдар авторларының бірі ретінде еңбек жазған. Рүстем Нұсқабекұлы 2018 ж. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Бөлімнің ғылыми қызметкерлері
Өтебаева Эльмира Әбдіғалиқызы
(01.09.1979)
2000 ж. Қазақ мемлекетттік қыздар педагогика институтының филология факультетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 2002 жылға дейін аталған оқу орнының филология факультетінің деканатында хатшы қызметін атқарды. 2002-2005 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институттың аспирантурасында оқыды. 2004-2009 жж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты этнолингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері болып қызмет етті. Академик Ә. Қайдар мен профессор Р. Шойбековтің жетекшілігімен 2010 ж. «Қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеу мәнді тілдік бірліктердің этнотанымдық сипаты» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 2014 ж. қазірге дейін Этнолингвистика бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 2017 ж. Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 50-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.
Шормақова Арайлым Ботанқызы
(19.07.1986)
2003 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетіне оқуға түсіп, 2017 ж. қазақ филологиясы мамандығын үздік дипломмен бітірді. 2011 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура институтына қабылданып, 2013 ж. гуманитарлық ғылымдар магистрі ғылыми дәрежесін алып шықты. 2013 ж. бастап А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері қызметін атқарады. 2015 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Ғылым ордасы» кешенінің базасындағы ғылыми-зерттеу институттарының бірлескен білім беру бағдарламаларының докторантурасына түсіп, 2020 ж. филология ғылымдарының докторы, профессор Жамал Манкееваның жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі өсімдік әлемінің лингвомәдени бейнесі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 2021 ж. бастап Этнолингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері және ҚР ҰҒА Ғылыми журналдар шығару бөлімінің меңгерушісі. 30-ға жуық ғылыми мақалалардың авторы.
Садықова Маржан Серікқызы
(28.05.1991)
2011-2015 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесінде білім алды. 2018-2020 жж. «Лингвистика» мамандығы бойынша білім алып, ф.ғ.д. О. Жұбаеваның жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі есімдіктердің коммуникативті-прагматикалық сипаты» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады. 2017 ж. бастап А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Этнолингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері. Қазіргі кезде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Ғылым ордасы» кешенінің базасындағы ғылыми-зерттеу институттарының бірлескен білім беру бағдарламаларының «Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша докторант.

Этнолингвистика бөлімінің жарияланымдары
Негізгі жарияланымдар
1. Қайдар Ә. Тіл байлығының этнолингвистикалық арналары // Тәуелсіз Қазақ станның қалыптасуы мен дамуы: тарих, тәжірибе, өзекті мәселелері, болашағы. – Алматы, 2011.
2. Қайдар Ә. Имитатив теориясы және қазақ тілі байырғы лексика қорының қалыптасу процестері // Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік кепілі. – Алматы: ДайкПресс, 2011. – 244-264-бб.
3. Қайдар Ә. Қазақ тілінің этимологиялық сөздігін жасаудың ғылыми ұстаным дары мен теориялық негіздері // Тәуелсіз Қазақстан: қазақ тілінің қоғамдықәлеуметтік қызметі. – Алматы: Нұр-Принт-75, 2011. – 108-141-бб.
4. Қайдар Ә. Қазақстанның болашағы және қазақ этносының өзіне тән қасиеттерін (феноменін) танып-білу, дамыту // Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейліктің негізі. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011. – 74-110-бб.
5. Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әдемінде (этнолингвистикалық сөздік). І-том. Адам. – Алматы: ДайкПресс, 2009. – 784 б.
6. Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әдемінде (этнолингвистикалық сөздік). ІІ-том. Қоғам. – Алматы: Сардар, 2013. – 728 б.
7. Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әдемінде (этнолингвистикалық сөздік). ІІІ том. Табиғат. – Алматы: Сардар, 2013. – 608 б.
8. Қайдар Ә. Қазақ тіліндегі қос сөздер (зерттеу және сөздік). –Алматы: Сардар, 2013. – 456 б.
9. Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. І-том. – Алматы: Сардар, 2014. – 520 б.
10. Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. ІІ-том. – Алматы: Сардар, 2014. – 512 б.
11. Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. ІІІ-том. – Алматы: Сардар, 2014. – 512 б.
12. Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. ІV-том. – Алматы: Сардар, 2014. – 520 б.
13. Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. Қазақ тіліндегі имитативтер. V-том. –Алматы: Сардар, 2014. – 304 б.
14. Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. Қазақ тілі этимологиясының ғылыми-теориялық негіздері. V І-том. – Алматы: Сардар, 2014. – 256 б.
15.Шойбеков Р., Құрманбайұлы Ш. Түркі мәдениетінің этнолингвистикалық тұрғыдан зерттелуі. « Тілтаным» журналы. 2011, №1-2. – 235-246 б.
16.Шойбеков Р. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. ТолғақТөбешоқы. Тыю-Тілгізу. 7-том. Кәперсіз-Кеңіс. 9-том. Қаржы-Қаруласу. ҚұмаҚұнажын; Құс-Қызғалдақтай. 11-том. Майдан-Мақұлдық; Мілік-Нақты. 12- том. Ө-Өшірісу. 13-том. СомСояу. 14-том. ТолғақТөбешоқы; ТыюТілгізу 15-том. Хадис-Шабысу; Шүрегей-Шығындау; Шымырқант-Шыңылда Алматы: Қазақ энциклопедиясы, Дәуір. 2011.
17.Шойбеков және т.б. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атау ларының дәстүрлі жүйесі: Энциклопедия. 1-5 том. ҚР Мәдениет министрлігі; ҚР Мемлекеттік Орталық Музейі. Ғылыми ред. және жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. – Алматы, РПК « Слон», 2011. 2,3 4, 5-том: толықтырылып, өңделіп екінші рет басылуы. Алматы: ТОО «Алем Даму Интеграция», 2017.
18.Шойбеков Р. Қазақ қолөнері аталымдарының түсіндірме сөздігі. –Алматы: Сардар, 2012. – 312 б.
19.Шойбеков Р. Қазақтың байырғы құдықшылық кәсібіне байланысты ұғымдар мен атаулары // «Қазақстан археологиясы мен этнологиясы: өткені, бүгіні және болашағы» атты «VІІ Оразбаев оқуары» атты халықаралық ғылымитәжірибелік конференция. – Алматы, 2015.
20.Шойбеков Р., Уәли Н. « Тары» концептісі: тілдік репрезентанттары және байыр ғы егіншілік мәдениетіне қатысты халықтық білімдер жүйесі // «Ғылымдағы ғұмыр: ана тілі және түркі әлемі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Алматы, 2014.
21.Шойбеков Р. Хандық кезеңдегі « Санат» терминінің этнотілдік мазмұны // Хабаршы: « Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. – Алматы, 2015.
22.Шойбеков Р. Н., Қаратаева Т. Е. Кимешек атрибуциясы. ҚР ҰҒА баяндамалары. 2017. №6. 267-276-бб.
23.Шойбеков Р., Өтебаева Э., Садырбаева З., Садықова М. Біріккен сөздер сөз дігінің проспектісі. Жаңа ұлттық әліпби: қазақ жазуын жаңғырту (ғылымитілтанымдық зерттеу). Алматы. 2017. – 758 б.
24.Шойбеков Р. Академик Ə. Қайдар – Қазақ м əдениетін танытуға зор үлес қосқан аса көрнекті тұлға. « Ұлы даланың ұлы есімдері» атты республикалық ғылымитəжірибелік конференция материалдары. Семей. 16-17 қазан, 2019. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорық-музейі. – Семей, 2019. – 127-131-бб.
25.Шойбеков Р. Келін түсіруга байланысты салт-дәстүрлер. «Орталық Азияның ежелгі және дәстүрлі қоғамдарының тарихи-мәдени мұрасы: зерттеу, түсіндіру және сақтау мәселелері» атты «ХІІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылымиәдістемелік конференция материалдары. 17-18 сәуір, 2020. – Алматы: «Қазақ университеті», 2020. – 355-361-бб.
26.Шойбеков Р. Ою-өрнектердің киіз бұйымдарына салынатын түрлері. Ғалымэтнограф Б.К. Қалшабаеваның 60 жасқа толуына арналған «Ұлы дала кеңістігіндегі этноархеологиялық зерттеулер мен этносаралық қатынастар мәселесі» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. 4 маусым, 2020 жыл. Алматы: «Қазақ университеті», 2020. – 409-413-бб.
27.Шойбеков Р. Н., Алдаш А. М., Өтебаева Э. Ә., Солтанбекова А.А., Исаева Г. С., Садықова М . С., Дүйсенов Қ.Қ.. Жаңа сөздер сөздігі (кирилл және латын графикасы бойынша). – Алматы: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2020. – 270 б.
28. Уәли Н., Шойбеков Р. Н. Қазақтың тойы қандай той? Л . Н . Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті Хабаршысы. – Астана, 2021.
29.Шойбеков Р. Н. Қазақ тіліндегі құстарға байланысты кейбір атаулардың линг вомәдени семантикасы. «VІІІ Оразбаев оқулары» Халықаралық ғылымиәдістемелік конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2021.
30. Өтебаева Э. Теңеу – таным көрінісі. Қ.Өмірәлиевтың 80 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел материалдары. Қазақ әдеби тілінің өзекті мәселелері. Алматы, 2011. – 81-87-бб.
31. Өтебаева Э. Фитонимдік теңеулердің танымдық көрінісі // « Тілтаным» журналы, №2. – Алматы, 2013.
32. Өтебаева Э. Компаративтік (салыстырма-теңеу) конструкциялардың модельдік негізі // « Тілтаным» журналы, №2-3. – Алматы, 2014.
33. Өтебаева Э. Ә. Мемлекеттік тідің лингвистикалық базасын құраған жаңа қазақ сөздіктері. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы «Филология ғылымдары» сериясы. – Алматы, 2017, №4, 5 б.
34. Өтебаева Э. Қазақ жазуындағы бас әріпті таңбалаудың өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары. Жаңа ұлттық әліпби: қазақ жазуын жаңғырту (ғылымитілтанымдық зерттеу). – Алматы. 2017. – 932 б.
35. Өтебаева Э. Жаңа қолданыстар сөздігінің жасалу жолдары. Интернаука: Научный журнал. № 43 (172). – Москва, Изд. « Интернаука», 2020. – 95 с.
36. Өтебаева Э. Академик Ә.Қайдардың қазақ этнолингвистикалық сөздігі жайында. « Тіл және қоғам» альманағы. – НұрСұлтан. №1 (53) 2021.
37. Өтебаева Э. Зерделі зерттеуші (ғалым Ж . Манкева жөнінде). Ғылым. Әйел. Қоғам журналы. 2021 №2. – 75-81 бб.
38. Өтебаева Э. Қыз сыны – танымдық және бағалау жүйесі. «Қазіргі замандағы білім және ғылым: ХХІ ғасырдың мәселелері» атты ІХ халықаралық ғылымипарктикалық коференция материалдары. – Нұр-Сұлтан, 2021. Қыркүйек.
39. Өтебаева Э. Халықтық өлшем бірліктерінің этномәдени семантикалық көрінісі. Тілтаным журналы. – Алматы, 2021. –№ 4.
40. Исаева Г. Түрік тіл білімінің зерттелу мәселесі // « Тілтаным» журналы, №4. – Алматы, 2011.
41. Исаева Г. Киіз үй атауларының этномәдени аспектісі. – Қарағанды: Экожан, 2013. – 145 б.
42. Исаева Г. Космогоническе представления в названиях казахской юрты // ІХ ме - ждународна научна практична конференция « Образованието и науката на ХХІ век – 2013». – София, 2013.
43. Исаева Г. Қазақ-түрік тілдеріндегі дыбыселіктеуіштердің мағыналық дамуы // Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының хабарлары: «Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы. – Алматы, қазан, 2013.
44. İssayeva G. Kazak dilınde ses sembolizmi hadiseleri // «Sәlәflәr vә xәlәflәr» I Beynәlxalq simpoziumu. – Bakı, 2014.
45. İssayeva G. Kazak atasözlerinde “akıl” kavramının lingua-kültğrel niteliği üzerine // Dünya uygarlığı icinde türk uygarlığı tarih ve dil meseleleri kurultayı. – Eskişehir, 2014.
46. Исаева Г. Аманбаева А. Латын әліпбиіне негізделген түрік тілінің орфография сы мен орфоэпиясы (қазақ және түрік тілдерін салыстыру негізінде) // Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау: теориясы мен практикасы. – Алматы, 2016.
47. Исаева Г. Бренд атауларының әлеуметтік тілтанымдық сипаты. «Қазіргі қазақ тіл білімінің инновациялық әлеуеті» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2017. – 367-370 бб.
48. Исаева Г. С. Қазақтың идиоэтникалық бірліктерін этнолингвистикалық тұрғыда зерттеу. Қазақстанның ғылымы мен өмірі. Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал. Филология ғылымы. №7/2 2019. 259-262-бб.
49. Исаева Г. С., Амирбекова А. Б. Переход на латинскую графику: общественная консолидация. Молодой ученый. Международный научный журнал. № 28 (266). – 2019. –253-254 стр.
50. Садырбаева З . Б. Жетісу өңіріндегі -ас//-ес//-аш//-еш көне жұрнақ арқылы жасалған гидронимдер табиғаты. « Тілтаным» журналы. – 2017. №1. 4 б.
51. Садырбаева З. Латын әліпбиімен жер-су атауларын, кісі есімдерін жазудың маңыздылығы. « Латын әліпбиі – әлем қазақтары тұтастығының негізі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Алматы. –2018; 55-59-бб.
52. Садырбаева З . Б. Тілтаным: №1 (69) 2018. Жер-су атаулары мен кісі есімдерін латын әліпбиінде жазудың маңыздылығы. – 70-73-бб.
53. Садырбаева З . Б. Өзге тілдегі географиялық атауларды жаңа қазақ әліпбиінде жазу ерекшеліктері. « Тілтаным» журналы – 2021, №1. – 134-139-бб.
54. Садырбаева З . Б. Бүгінгі қазақ тілінің емле-ережелері. Тіл және қоғам альманахы, №1 (53) 2021 – 67-69-бб.
55. Садырбаева З . Б., Примашев Н . М. Заң тілі терминологиясының кейбір мәсе лелері. «Қазіргі замандағы білім және ғылым: ХХІ ғасырдың мәселелері» атты ІХ халықаралық ғылыми-парктикалық конференция материалдары. – НұрСұлтан, 2021. Қыркүйек.
56. Садықова М. Қазақ тіліндегі сілтеу есімдіктерінің коммуникативті-прагма-тикалық ерекшеліктері. «Общество Науки и Творчества» Халықаралық ғылыми-практикалық іс-шаралар материалдары, №3 Қазан, 2020. – 13-18-бб.
57. Күдеринова Қ., Әміржанова Н., Маралбек Е., Садықова М. Kazakh oral language: past, present // Austrian Journal of Humanities and Social Sciences Scientific journal, № 1–2, 2021 (January–February).
58.Шормақова А. Қазақ тіліндегі өсімдік әлемінің зерттелуі. «А.Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын зерттеп, жүйелеу, насихаттау» атты халықаралық ғылымитеориялық конференция материалдары. – Алматы, 2017. – 361-363-бб.
59.Шормақова А. Жыраулар қолданысындағы өсімдік атауларының танымдық мәні. // Доклады Казахской академии образования.– 2017. – №1-2. – 188-194-бб.
60. Shormakova A. Nominations of the plant worldlinguo-cultural aspect. Option journal ISSN 1012-1587/ ISSNo 2477-9385 Deposito legal 198402 zu 45. – 2019. No 89. – P. 607-623.
61.Шормақова А. Қазақ тіліндегі жусан атауының лингвомәдени семантикасы. Доклады Казахской академии образования.– 2019. – №1. – 259-269-бб.
62.Шормақова А. Қазақ танымындағы өсімдіктерге байланысты ырым-тыйымдар бас. Ұлы дала тұлғалары: «Академик Рәбиға Сыздық және қазақ сөзінің құдіреті» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2019. – 131-135-бб.
63.Шормақова А. Өсімдік атаулары – паремиологиялық жүйенің құрылымдық компоненттері ретінде. «Ұлы дала тұлғалары: академик Шора Сарыбаев және қазақ диалектологиясы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2020. – 253-258-бб.