ИНСТИТУТТЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ

ҰЛТТЫҚ КОРПУСЫ

Қазақ тілінің ұлттық корпусы сайтына қош келдіңіз!

Корпус сайтында қазақ тілінің электронды мәтіндік қоры жинақталған. Корпустағы мәтін көлемі – 21 миллион. Мәтіндер қазақ тілінің 5 стиль түрінен (көркем стиль, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ісқағаз стилі, сөйлеу стилі) жинақталған. (Мәтін статистикасына ссылка) Корпустан сөз, сөзформа (сөз түрленімі) бойынша іздеу жүргізіп, іздеген сөзіңіз қолданылған сөйлемдердің тізімін және олардың дереккөзін көре аласыз. Табылған сөз/сөзформа немесе мысалдардағы кез келген сөз туралы тілдің барлық деңгейіне қатысты ақпарат беріледі.

Корпусты қазақ тілінде сөйлеушілер мен қазақ тілін үйренушілер қолдана алады.
Корпуста «белгіленім» термині қолданылады.

Белгіленім корпустан іздеген сөзіңіз туралы толық ақпаратты көрсетеді. Корпуста белгіленімнің 5 түрі бар: морфологиялық, сөзжасамдық, семантикалық, лексикалық, фонетика-фонологиялық.

Морфологиялық белгіленім іздеген сөзіңіздің қай сөз табына жататынын анықтап, жұрнақ, жалғаудың түрлерін ажыратып көрсетеді. Сөз табы, жұрнақ, жалғау атаулары корпуста шартты белгілер арқылы қысқартылып берілген. (шартты белгі) Корпустан іздеген сөз табылмаған жағдайда «Unknown» жазуы шығады.

Сөзжасамдық белгіленім іздеген сөзіңіздің жасалу жолын көрсетіп, сөздің түбірі мен жұрнағын ажыратып көрсетеді.

Семантикалық белгіленім іздеген сөзіңіздің қандай мағыналық топқа жататынын көрсетеді.

Лексикалық белгіленім корпустан іздеген сөзіңіздің сөздікте тіркелген барлық мағынасын көрсетеді. Егер ізделген сөз омоним болса, өзге мағыналары қоса беріледі.
Фонетика-фонологиялық белгіленім сөздегі әрбір фонеманың (тіл дыбысының) жасалым (артикуляциялық), айтылым (акустикалық) белгілерін көрсетеді.

Метабелгіленім іздеген сөзіңіздің қандай мәтіннен алынғанын, мәтіннің авторын, автордың жынысын, мәтіннің тақырыбын, жарияланған мерзімін, дереккөзін, стилін, таралу типін, т.б. көрсетеді.

Әзірлемешілер


А.Қ. Жұбанов – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми бастамашы
Э.Д. Сүлейменова – филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ғылыми кеңесші
А.Ә. Жаңабекова – филология ғылымдарының докторы, Қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі, ғылыми жетекші
А.М. Фазылжанова – филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ғылыми жетекші
С. Құлманов – филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары
Ә. Жүнісбек – филология ғылымдарының докторы, профессор, Фонетика бөлімінің бас ғылыми қызметкері
Б.Д. Карбозова – философия ғылымдарының PhD докторы, Қолданбалы лингвистика бөлімінің аға ғылыми қызметкері
А.Қ. Қожахметова – гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қолданбалы лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері
Е. Бесіров – гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қолданбалы лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері
Г.Б. Тлегенова – гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қолданбалы лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, PhD докторант
К.Қ. Пірманова – гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қолданбалы лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, PhD докторант
А. Барменқұлова – гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қолданбалы лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері
Қ. Қойбағаров – Қолданбалы лингвистика бөлімінің инженер-программисі
Д. Тоқмырзаев – Қолданбалы лингвистика бөлімінің инженер-программисі
Ғ. Аязбаев – Қолданбалы лингвистика бөлімінің инженер-программисі
З. Садырбаева – Этнолингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері
Г. Исаева – филология ғылымдарының кандидаты, Этнолингвистика бөлімінің аға ғылыми қызметкері
А.А. Қаршығаева – филология ғылымдарының кандидаты, Фонетика бөлімінің аға ғылыми қызметкері
А. Солтанбекова – филология ғылымдарының кандидаты, Этнолингвистика бөлімінің аға ғылыми қызметкері
Ж. Жұмабаева – филология ғылымдарының кандидаты, Фонетика бөлімінің аға ғылыми қызметкері
А. Аманбаева – филология ғылымдарының кандидаты, Фонетика бөлімінің меңгерушісі
Н. Оспанғазиева – гуманитарлық ғылымдар магистрі, Фонетика бөлімінің ғылыми қызметкері, PhD докторант
Т.Е. Пшенина – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты
М. Нұрлан – гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қолданбалы лингвистика бөлімінің қызметкері