ҒЫЛЫМИ КАДР ДАЙЫНДАУ

PHD ДОКТОРАНТУРА

PhD докторантураның білім беру бағдарламасы бойынша оқу мерзімі – 3 жыл. 2015 жылдан бері институтта 35-ке жуық докторант білім алды.


«Лингвистика» мамандығы бойынша білім алушы докторанттарға институттың профессорлары мен жетекші ғылыми қызметкерлері «Тіл және ойлауды когнитивті тұрғыдан зерттеу», «Лингвоелтанымдық зерттеулер», «Лингвистикалық философия», «Мәдениетаралық коммуникация: қазақ сөзі», т.б. пәндерінен дәріс оқиды, ал «Филология» мамандығы бойынша білім алушыларға «Ескі қазақ жазба ескерткіштерінің тілі», «Қазақ тіл білімі терминдерінің қалыптасуы мен дамуы», «Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігі: құрылымы мен ұстанымдары», т.б. пәндерінен дәрістер өтеді.