КЕҢЕСТЕР

Жас ғалымдар кеңесі
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Жас ғалымдар кеңесі (бұдан әрі ЖҒК) институт жастарының басын қосатын бірлестік. ЖҒК жас ғалымдардың өзара білім мен тәжірибе алмасуына ықпал етуді міндет етеді. Сонымен қатар ЖҒК ҚР аумағындағы өзге ғылыми мекемелердің ЖҒК-ларымен байланыс орнатып, өзара нәтижелі жұмыс жүргізуді міндет алады. Қазіргі таңда ЖҒК 30-дан аса мүшені қамтиды. ЖҒК қызметін төмендегідей негізгі бағыттар бойынша атқарады:
Тіл білімі саласында және жалпы ғылымда болып жатқан өзгерістер жайлы ақпараттандыру;
ҚР ғылым саласында орын алып жатқан жас ғалымдарға қатысты өзгерістер, жаңалықтар, конкурстар жайында хабардар етіп тұру;
ҚР аумағы мен ҚР тыс аумақтардағы ғылыми және ғылыммен байланысты мекемелермен байланыс орнатуда жас ғалымдарға ақпараттық қолдау көрсету;
ҚР аумағындағы өзге ЖҒК ұйымдарымен өзара байланыс орнатып, бірлесе тиімді жұмыс істеу бойынша ұйымдастыру шараларын жасау.

АҚПАРАТ.

ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ

Толық атауы: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
Жас ғалымдар кеңесі.
Қысқа атауы: ТБИ ЖҒК.
Email: jasgalym@tilbilimi.kz.
Төрағасы: Қуатбек Дүйсенов. Email: quwat.duysen@tilbilimi.kz.
Аффиляциялары: ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесі,
Young Researchers Alliance.
Instagram тіркелгісі: instagram.com/jgktbi/ немесе @jgktbi