КЕҢЕСТЕР

Ғалымдар кеңесі
Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Ғалымдар кеңесі туралы

ЕРЕЖЕ

I Жалпы мәселелер
  1. Ғалымдар кеңесі (бұдан былай – Кеңес) БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының (бұдан былай – Институт) ғылыми қызметі бойынша консультативтік-кеңесу алқалық органы болып табылады.
  2. Кеңестің құрылу және құзырының құрамы мен тәртібі Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес Институттың Жарғысымен анықталады. Кеңестің құрамына лауазымы бойынша Институт директоры, директордың орынбасары, ғалым хатшы, бөлім және бөлімше меңгерушілері, Жас ғалымдар және кәсіподақ комитетінің өкілдері, жетекші ғалымдар, Институтта жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының мүшелері және жоғары білікті мамандар кіреді.
  3. Өз қызметінде Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан – 2030» стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы», «Білім туралы» заңдарын, «Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасын», «Қазақстан Республикасының ғылым және білім интеграциясының тұжырымдамасын» және басқа да ғылыми мекемелердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ Институт Жарғысы мен осы Ережені басшылыққа алады.
II Кеңестің негізгі міндеттері
  1. Институттың шығармашылық ұжымдарының ғылыми қызметін үйлестіру.
  2. Институттың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерінің басым бағыттарын анықтау.
  3. Ғылымды ұйымдастыру мен басқарудың демократиялық формаларын дамыту, соның ішінде жалпымемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты қалыптастырып жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттік органдар және қоғамдастықтармен Институттың бірлесіп әрекеттесу бағыттарын іздестіру.
  4. Ғылыми жұмысты ұйымдастыру тәжірибесін зерттеу және тарату.
  5. Халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізу.
ІІІ Кеңестің қызметтері

Өз міндеттерін орындау үшін Кеңес:
– Институт қызметінің негізгі бағыттарын талқылайды;
– ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламалары мен жоспарларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізуді, ғылыми кадрларды дайындау мен олардың біліктілігін арттыруды, конференция, жиналыс және семинарларды өткізуді және т.б. ғылыми ұйымдастыру жұмыстарының жоспарларын қарастырып, бекітуге ұсынады;
– Институттың ғылыми және ғылыми-ұйымдастыру қызметінің нәтижелерінің есептерін қарастырады;
– Институт құрылымының өзгеруіне, сонымен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарына белгіленген шығын көлемін пайдалануға қатысты мәселелерді талқылайды;
– тіл ғылымы мен тілтанымның маңызды проблемаларына қатысты пікірталастар өткізеді, тіл білімі дамуының өзекті мәселелеріне арналған баяндамаларды тыңдап оларға баға береді;
– басқа ғылыми мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізуді үйлестіру мен шығармашылық бірлестіктердің мәселелерін талқылайды;
– құрылымдық бөлімшелері мен олардың жетекшілерінің, жеке орындаушылардың ғылыми және ғылыми-ұйымдастыру қызметтерінің есептерін тыңдайды;
– тапсырыс және келісімшарт бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген уақытша шығармашылық ұжымдардың зерттеу нәтижелерін қарайды;
– Институттың халықаралық бірлескен қызметінің мәселелерін, шетелдік ғылыми ұйымдармен бірлесін орындалып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу барысын талқылайды, қызметкерлердің шетелге ғылыми іссапарларының есептерін тыңдайды;
– ғылыми кадрларды дайындау мен олардың біліктілігін арттыруға арналған мәселелерді талқылайды, диссертациялық жұмыс тақырыптарын қарастырып, бекітеді және оларға қатысты кеңестер береді;
– жеке ұжымдар мен қызметкерлерлің ғылыми еңбектерінің қолжазбаларын жариялауға ұсынады, Институт басылымдарының жауапты редакторлары мен редакциялық алқасы құрамын бекітеді;
– докторлық диссертацияларды талқылап, оларды қорғауға жіберуге ұсыныс жасайды;
– бөлім, сектор меңгерушілерінің, бас, жетекші, аға және кіші ғылыми қызметкерлері лауазымдарына бос орынға жарияланған байқау нәтижелерін талқылап, белгіленген мерзімге келісімшарт жасасуға болатын кандидатураларды Институт директорына ұсынады;
– Институттың ғылыми-аттестациялық қызметінің мәселелерін талқылап, шешімдер қабылдайды;
– аспирантураның есептерін тыңдап, бекітеді;
– ғылыми еңбектер, ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды мемлекеттік сыйлықтар мен сыйақыларға ұсынады;
– белгіленген тәртіп бойынша ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан Институт ғылыми қызметкерлерінің кандидатурасын ғылыми және құрметті атақтарға ұсынады;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарына, Ұлттық Ғылым акдемиясының мүшелігіне кандидаттар ұсынады және басқа Академиялардың мүшелігіне ұсынылған кандидаттарды қолдайды;
– Институттың жарғылық қызметіне сәйкес басқа да өз құзырындағы мәселелерді қарап, талқылайды.
IV Кеңестің жұмыс тәртібі


  1. Кеңес мүшелері Институт ұжымының жалпы жиналысында көпшілік дауыспен сайланады. Институт Кеңесінің жеке құрамы Институт Жарғысымен және оның басшысымен белгіленген 2 жылға бекітіледі.
  2. Ғалымдар кеңесінің төрағасы Институт директоры, ал ол жоқ кезде ғылыми жұмыс бойынша Институт директорының орынбасары болып табылады.
  3. Кеңес құрамын қайта сайлау оның құрамын өзгертуді талап ететін (жұмыстан босатылу, Институттың ғылыми бағыттары мен құрылымының өзгеруі) объективті жағдайлар туындағанда жүзеге асырылады.
  4. Ғалымдар кеңесінің жанынан Институт директорының, ғылыми жұмыс бойынша орынбасары, Ұлттық Ғылым академиясының мүшелерінің немесе басқа да жетекші ғалымдардың төралығымен секциялар құрыла алады.
  5. Кеңестің ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету жұмыстары, хаттамаларын жүргізу, оның мәжілістерін өткізуге байланысты ағымдағы мәселелерді шешу Институттың Ғалым хатшысына жүктеледі.
  6. Кеңестің жұмысы Кеңес мүшелері, бөлімше меңгерушілері мен Кеңес мүшелері болып табылмайтын жетекші ғалымдардың ұсыныстары негізінде Ғалым хатшы жасаған жобаның директор бекіткен жоспары бойынша жүргізіледі.
  7. Кеңес мәжілістері, ереже бойынша, айына 1-2 рет өткізіледі, алайда алға қойылған міндеттердің маңыздылығы мен өзектілігіне байланысты бұдан жиі өткізіле алады.
  8. Кеңес мәжіліске қатысушылардың саны жалпы тізім бойынша құрам санының 2/3 құрайтын болса, шешім қабылдауға құқылы болады.
  9. Егер мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берсе, кеңес шешімі қабылданған болып саналады. Егер Кеңес жасырын дауыс беру туралы шешім қабылдамаса, шешімдер ашық дауысқа салумен қабылданады және де, егер оның шешімімен келіспейтін Кеңес мүшелерің болса, олардың ерекше пікірлері қосымша ретінде тіркелген мәжілістің хаттамасында баяндалады.
  10. Кеңес шешімдері ұсыну сипатта болады және Институт директоры бекіткеннен кейін ғана күшіне енеді.
  11. Институт қызмекткерлері ғалым хатшының рұқсатымен өз құзырына кіретін мәселелер бойынша Кеңес шешімдерімен таныса алады.
Ғылыми атақ беру және бос лауазымдық орындарға байқау жариялау мәселелеріне қатысты Кеңес шешімдері бұларға қатысты қолданыстағы нұсқаулықтар негізінде күшіне енеді.