бөлімдер

ОНОМАСТИКА бөлімі

Тарихы
Еліміздегі ономастикалық зерттеулердің тарихын екі кезеңге бөліп көрсетуге болады:
1) кеңестік кезең (1950-1990) және 2) тәуелсіздік кезеңі (1991 ж. – қазіргі кезге дейін).
1971 ж. Қазақ ССР Ғылым академиясы Президентінің жарлығымен Тіл білімі институтында Ономастика бөлімі ашылып, филология ғылымдарының кандидаты А. Әбдірахманов бөлім меңгерушісі болып бекітіліп, бөлімді 1979 ж. дейін басқарды. Алайда ономастикалық зерттеулер Қазақстанда бұдан бұрын басталғаны белгілі.

1960 ж. дейін қазақ тіліндегі жер-су атаулары туралы жарық көрген екі жұмыс болды. Оның біріншісі – география маманы Ғ. Қоңқашбаевтың «Қазақтың халықтық географиялық терминдері» атты тақырыпта жазылған еңбегі (1951). Ал екінші жұмыс – Қазақстан географиялық атауларын тарихи-лингвистикалық бағытта зерттеген А. Әбдірахмановтың «Некоторые вопросы топонимики Казахстана» (1954) атты кандидаттық диссертациясы. Осы диссертациялық жұмысының негізінде ол 1959 ж. «Қазақстанның жер-су аттары» деген атпен көлемді монографиясын шығарды. 1961 ж. Т. Жанұзақов бұрыннан жүргізіп келе жатқан қазақ антропонимдері жайлы зерттеу жұмысының нәтижесінде «Лично-собственные имена в казахском языке» атты тақырыпта (кеңесшісі проф. С.Е. Малов, жетекшісі проф. І. Кеңесбаев) кандидаттық диссертация қорғады.

Кейінірек қазақ ономастикасы ғылымын теориялық, фактологиялық мол материал, соны зерттеумен байытқан, бұрынсоңды қарастырылмаған тың лексикалық қабат – есімдер жүйесіне арналған Т. Жанұзақовтың «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер» (1965) және «Қандай есімді ұнатасыз? Какое выбрать имя?» (1968) атты кітаптары жарық көрді. Осы еңбекпен жалғас жүргізілген диссертациялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан топонимдері регионалдық, ареалдық бағытта қарастырылып, әрбір облыс топонимдерінің шығу, пайда болу, даму жолдары, лексика-семантикалық, хронологиялық топтары, лексика-фоно-морфологиялық құрылымдары жан-жақты сипатталды (Қойшыбаев Е. Жетісу топонимдерінің негізгі типтері (1967), Попова В.Н. Павлодар облысының гидронимдері (1966), Сұлтаньяев О.А. Көкшетау облысының топонимдері (1968) тақырыптарындағы кандидаттық диссертациялары). Ономастика бөлімінде қызмет ететін мамандар 1971 ж. Мәскеу ғалымдарымен бірлесе отырып, «Инструкция по русской передаче географических названий Казахской ССР» деген атпен нұсқаулық шығарды. Бұл кезде Т. Жанұзақов «Қазақ есімдерінің тарихы» (1971) атты монографиясын, «Есімдер сыры. Тайны имен» (1974) атты кітабын шығарып, 1976 ж. «Основные проблемы ономастики казахского языка» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Т. Жанұзақовтың докторлық диссертациясының негізіндегі «Очерк казахской ономастики» (1982) атты монографиясы тек қазақ тіл білімінде ғана емес, түркітануда ономастика саласын жаңа деңгейге көтерген ғылыми нәтиже ретінде бағаланды.

Сонымен бірге осы кезеңде жарық көрген О. Сұлтаньяевтің «Понятные непонятности» атты оқу құралы (1973), Е. Қойшыбаевтың «Краткий толковый словарь топонимов Казахстана» (1974), А. Әбдірахмановтың «Топонимика және этнотопонимика» (1975) деген кітаптары ұлттық ономастиканың дамуына тілдік, тарихи-деректік тұрғыдан қосылған жаңа дүниелер боп бағаланды. 1979 ж. бастап бөлім «Терминология және ономастика» бөлімі болып аталды. Т. Жанұзақов ҒА Президиумының Жарлығына сай бөлім меңгерушісі болып бекітілді. 1981 ж. бөлім екіге бөлініп, «Терминология» және «Ономастика» бөлімдері болып қайта құрылды. Бөлім қызметкерлері 1981-1986 жж. «Орталық Қазақстан топонимдері» атты жоспар бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асырды. Бөлімде филология ғылымдарының кандидаттары А. Әбдірахманов, А. Махмутов, Е. Керімбаев, Д. Жүнісов, Г. Бектемірова және т.б. жұмыс жасады. Бөлім қызметкерлері 5 жыл бойы Қазақстанның әр аймағына қатысты топонимдік материалдар жинады, сондай-ақ әртүрлі дереккөздерден антропонимия, космонимия, зоонимия салалары бойынша тілдік материал жиналды. Соның нәтижесінде 5 жылда 130 000 ономастикалық материал жиналып, қазақ ономастикасы картотекалық базасының негізі құралды. Осы бесжылдықта жарық көрген еңбектер мыналар: Т. Жанұзақов «Очерк казахской ономастики» атты монографиясы (1982); Е. Керімбаев «Атаулар сыры» (1984); «Тюркская ономастика» атты жинақ (Ред. алқа мүшелері: Ә. Қайдаров, Н.А. Баскаков, Т. Жанұзақов, А.В. Суперанская) (1986); Е. Қойшыбаев «Қазақстанның жер-су аттары сөздігі» (1985); «Қазақ ономастикасының мәселелері» атты жинақ (1986), 20-дан аса мақалалар жарияланды.

Одақтық және Республикалық конференцияларда 8 баяндама, Халықаралық ономастикалық конгресте 2 баяндама (Ә.Т. Қайдаров, Т. Жанұзақов) жасалды. Бөлімде жан-жақтан келген докторлық және кандидаттық диссертациялар талқыланды (Ш. Жапаров (Қырғызстан), З. Дусимов (Өзбекстан), О.Т. Молчанова (Украина), Г.Ф. Саттаров (Өзбекстан), В.А. Хаков (Татарстан), Э.А. Бегматов (Өзбекстан), С. Атаниязов (Түркменстан), Т. Ахмедов, М.А. Жевлов (Хакасия), Б.К. Ондар (Тува), Р. Шахова (Дағыстан), К. Хурамова (Өзбекстан), З. Садыхов (Әзербайжан), Ф. Гарипова, Ф.Л. Мазитова (Татарстан), К.И. Бердшек (Грузия), К. Конкобаев (Қырғызстан), М.С. Лунгу (Молдавия), М. Рамазанова (Өзбекстан), В.У. Махпиров (Алматы)). Одақтық Ғылым академиясы Тіл білімі институтының «Ономастикалық зерттеулер» бөлімі мен Миклухо-Маклай атындағы Этнография институтының «Ономастика тобымен» тығыз ғылыми байланыс орнады. Сол сияқты Республика бойынша Алматыдағы жоғары оқу орындарымен, Шымкент, Көкшетау, Қарағанды педагогикалық институттарымен, аудандық, қалалық, облыстық ЗАГС бөлімдерімен ғылыми-практикалық қарымқатынас, берік байланыс болды. Соның нәтижесінде М. Қожанов, Б.К. Бектасова, Ш.Ш. Мұқанова, Е.Ә. Керімбаев, К.С. Есбаева, С.Х. Ескендірова, Қ.Қ. Рысбергенова, А.И. Назаров, А. Жартыбаев, Г. Әлиевалар бөлімнің ізденушілері болып, диссертациялық зерттеулер жүргізді. Қазақ тіл біліміндегі ономастикалық зерттеулер бойынша 1984 ж. Т. Жанұзақов ҒА-ның Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты болып, Қазақстанда академиялық ғылымның дамып қалыптасуына белсенді қатысқаны үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1987-1991 жж. бөлім «Қазақстанның аймақтық топонимдері мен тарихи этнонимдерін зерттеу» тақырыбы бойынша жұмыс жасады. 1987-1988 жж. проф. Т. Жанұзақовтың басшылығымен Ономастика бөлімінің қызметкерлері (А. Әбдірахманов, А. Махмутов, Е. Керімбаев, Д. Жүнісов, А. Мектепов, Ш. Рахметов) бір ай бойы Шығыс Қазақстан облысының Ұлан, Самара, Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Марқакөл аудандарына далалық ғылыми экспедиция ұйымдастырды, ономастикалық материалдар жинап (10 мың топоним, 12 мың антропоним, 500 космонимдік атаулар), картотекаға түсірді. Экспедиция нәтижесінде 1989 ж. «Орталық Қазақстанның жер-су аттары» (авторлар: Т. Жанұзақов, А. Әбдірахманов және т.б.). атты 12 баспа табақ ұжымдық монография жарық көрді.

Бөлім ұжымы 1990 ж. «Жезқазған облысы географиялық атауларының сөздігін» әзірлеп, жарыққа шығарды. Сонымен қатар осы кезеңде Т. Жанұзақовтың редакторлығымен «Тюркская ономастика: перспективы и развитие» атты (Алматы, 1990) КСРО түркітанушы ономаст ғалымдарының ұжымдық жинағы жарық көрді. Т. Жанұзақов ХVІ-ХVІІ Халықаралық ономастикалық конгрестерге (Лейпциг, 1984, Хельсинки, 1990) қатысып, қазақ ономастикасы бойынша баяндамалар жасап, олар кейінірек жеке жинақтарда шетелдерде жарық көрді. Жетекші ғылыми қызметкер А. Әбдірахманов, кіші ғылыми қызметкерлер Қ. Рысбергенова, Ә. Сапарбекова, А. Мектеповтердің бұл саладағы ғылыми-практикалық еңбектері аз болмады. Зерттеу жұмыстарымен қатар аудандық, қалалық, облыстық, Республикалық АХАЖ бөлімдерімен байланысты үзбей, практикалық тұрғыдан жәрдем беріп тұрды. 1988 ж. проф. Т. Жанұзақов Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын алды. 1989 жылы 30 қарашада Қазақстан Үкіметі жанынан Мемлекеттік ономастикалық комиссия құру, оның жұмысын Ұлттық Ғылым академиясының А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына жүктеу жайлы шешім қабылданды. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 1990 жылғы 20 сәуірдегі №156 шешіміне сәйкес Қазақ ССР Министрлер Советі Мемлекеттік ономастикалық комиссия құру туралы қаулы қабылдады. Онда комиссия құрамы, комиссияның ережесі (ережені жазған Т. Жанұзақов) қоса бекітілді.

Осы қаулыдан соң Ә.Т. Қайдаров пен Т. Жанұзақов «Қазақ КСР-індегі мемлекеттік және әкімшіліктерриториялық бірліктердің атауларын реттеудің, елді мекендердің аттарын өзгерту және тарихи, географиялық атауларын қалпына келтірудің тұжырымдамасын» жазды.

Бүгіні
1991-1993 жж. «Тарихи топонимика және Оңтүстік Қазақстан облыстары топонимдерінің сөздіктерін жасау» бойынша «Қазақстанның тарихи топонимикасы» атты 12 баспа табақ, екінші бөлімі бойынша 17 баспа табақ еңбек орындалды. 1994-1996 жж. жоспарлы жұмыс тақырыбы «Қазақстан Республикасы топонимдерін стандарттау және жүйелеудің ғылыми-теориялық принциптері» деп аталды. 1997-1999 жж. бөлімнің атқарған жоспарлы жұмысының тақырыбы «Қазақ ономастикалық лексикасының дамуы мен қолданыс аясының ғылыми-теориялық принциптері» деп аталды. Бұл зерттеу жұмысында қазақ ономастикасы жайлы зерттеулерге ғылыми-талдамалық шолу жасалып, осы саланың ғылыми өзекті нәтижелері қорытындыланды. Атап айтқанда, қазақ тіліндегі ономастикалық зерттеулердің даму болашағына бағыт-бағдар беру, ғылыми-теориялық принциптері мен әдіс, тәсілдемесін анықтау, теориялық мәселелерді анықтау, жалқы есімдер мәртебесін айқындау, зоонимдердің құрамы мен құрылымын, жасалу заңдылықтарын саралау мәселелері қарастырылды.

Бөлім қызметкерлері – Т. Жанұзақов, Қ. Рысбергенова, Н. Оңғарбаевалар зерттеу жұмысы бойынша 12 б.т. жұмыс жазды. Гумилев атындағы ЕНУ, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ сынды Республикадағы маңдайалды университеттердің профессорлары Гүлғайша Сағидолда 1987-1990 жж. және Гүлмира Мадиева 1991-1995 жж. Ономастика бөлімінде қызмет жасады. 1997-1999 жж. Ономастика бөлімінен мынандай жұмыстар жарыққа шықты: Жанұзақов Т. Қазақстан географиялық атаулары // Қазақтар. VІІІ т. Алматы, 1998; Жанузаков Т. Тайны географических названий // Казахи. Т.VІІІ. Алматы, 1998; «Қазақстанның географиялық атаулары. Ақмола облысы» (ұжымдық еңбек): Т. Жанұзақ, А. Әбдірахманов, Қ. Рысбергенова, Ә. Сапарбекова, А. Мектепов, Ш. Рахметов және т.б. қызметкерлердің мақалалары жарияланды. 2000-2002 жж. «Қазақстан топонимдерінің этимологиясы. Топонимдік сөздіктер жасау» атты іргелі ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша жасалған жоспарлы жұмысты Т. Жанұзақов, Қ. Рысбергенова, Н. Оңғарбаева, Т. Тұрлығожаев жүргізді. Жарияланған еңбектер: Рысбергенова К. «Историко-лингвистическое исследование топонимов Южного Казахстана». Алматы, 2000; «Қазақстан Республикасының топонимдері. Топонимия Республики Казахстан» (ұжымдық еңбек): Т. Джанузаков, К.К. Рысбергенова, Н. Онгарбаева, Т. Турлыкожаев. Алматы, 2001; Жанұзақ Т. Қазіргі қазақ тілі топонимиясының типтік бағдарламасы (Р.Шойбековпен бірігіп). Алматы, 2002; Жанұзақ Т. Қазіргі қазақ тілі топонимика курсын оқытудың ғылыми-әдістемелік көрсеткіші (Р. Шойбековпен бірігіп). Алматы, 2002; Инструкция по русской передаче казахских и казахской передаче русских географических названий Республики Казахстан (Т. Джанузаков, К.К. Рысбергенова) және 20-дан аса мақала жазылды. Академик Ә. Қайдар, проф. Т. Жанұзақов «Жерсу атауларын реттеу, жүйеге келтіру» және Республикамыздағы «Ұлты қазақ азаматтардың есімдері мен тегін реттеу» бойынша Тұжырымдама жазып, оның негізіндегі ҚР Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығы, «Жер-су аттауларының анықтамалығы» (Т.Жанұзақов, Қ.Рысбергенова (2009); «Қазақ есімдерінің анықтамалығы» (Т.Жанұзақов т.б.) (2009) шықты. 2003 ж. қазірге дейін Ономастика бөлімін филология ғылымдарының докторы, доцент Қ. Рысберген басқарып келеді. 2003-2005 жж. бөлім қызметкерлері «Қазақстан топонимдерін тарихиэтимологиялық тұрғыдан зерттеу. Облыстық топонимдердің этимологиялық сөздіктерін жасау» атты тақырып бойынша жұмыс жүргізді. Нәтижесінде Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары топонимдік сөздіктері ғылыми жүйеге түсіріліп, түсініктері беріліп, компьютер жадына енгізілді, Т. Жанұзақовтың «Қазақстан географиялық атаулары. Алматы облысы» (2005) атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте Жетісу өңірі топонимдері туралы ғылыми очерк жазылды және мыңнан астам топонимнің мән-мағынасы айқындалып, шығу төркіні ашылды.

Тұңғыш рет облыстың гидронимиялық атауларының (өзен, су, бастау, көл т.б.) қазақша-орысша каталогы қосымша ретінде көрсетілді. «Қазақ ұлттық топонимиясының когнитивтік негіздерін зерттеу» (2006-2008) іргелі тақырыбы мен «Ұлттық идеяның қазақ ономастикалық жүйесіндегі көрінісі» (2007-2009) атты қолданбалы сипаттағы зерттеулердің бірқатар нәтижелері 2010 жылы бөлімде қорғалған екі докторлық диссертацияда көрініс тапты: Рысберген Қ. Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік негіздері, Иманбердиева С. Тарихи ономастикалық кеңістік (Х-ХІV ғғ. түркі жазба ескерткіштері негізінде). С.Иманбердиева 2004-2011 жж. аралығында Ономастика бөлімінде жұмыс жасады. «Қазақ этносы жалқы есімдерін этномәдени және тілдік-тарихи парадигмада зерттеу» (2009- 2011) тақырыбы зерттелді. Бұл кезеңдегі ономастика бөлімнің қатысуымен 4 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты диссертацияларын қорғап, ғылыми дәрежеге ие болды. Солардың бірі – Н. Рсалиеваның «Қазақ онимдерін ағылшын тіліне транслитерациялаудың ғылыми-теориялық негіздері» атты кандидаттық диссертациясы. 2011 ж. Т. Жанұзақтың «Ғылым жолындағы ғұмыр», «Жер-су атаулары (этимологиялық анықтамалық)» кітаптары, Қ. Рысбергеннің «Ұлттық ономастикасының лингвокогнитивтік негіздері» атты монографиясы, (2011 ж.), Н. Оңғарбайдың «Қазақ жұмбақтаpының тiлi» атты еңбегі (2017 ж.), Т. Жанұзақтың «Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірліктер атаулары» атты көлемді анықтамалығы жарық көрді. 2018-2020 жж. арналған «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» атты БНҚ шеңберінде Ономастика бөлімі «Латын графикасы негізінде қазақ антропонимдерін транслитерациялау ережесін» әзірледі. Еңбекте латын графикасы негізінде, қазақ антропонимдерін транслитерациялау ережесінің алғашқы жобасы ұсынылды. Транслитерациялау принциптері көрсетілді. Ереже жобасында Қазақстанда тұратын ұлты қазақ емес азаматтардың аты-жөндерінің транслитерациялау ерекшеліктері айқындалды (славян, неміс, кәріс т.б.).

Сондай-ақ «Кирилл және латын графикаларында қазақ есімдері мен тегінің анықтамалығын әзірлеу» тапсырмасы бойынша қазақ кісі есімдері мен тектерінің параллель анықтамалығын әзірлеу жұмыстары жүргізілді. 2019 ж. «Кирилл және латын графикаларында Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірліктер атауларының параллель анықтамалығы» әзірленді. «Қазақстан Республикасы географиялық атауларының мемлекеттік каталогынан» физика-географиялық нысана атаулары бойынша материалдар жинақталып, қоғам игілігіне жарайтын қолжазба Институттың сайтында жарық көрді. Сондай-ақ дәл осы жылы «Кирилл және латын графикаларында Қазақстан Республикасы физикагеографиялық атауларының параллель анықтамалығы» әзірленді. 2020 ж. акут және умлаут нұсқаларында Дүниежүзінің саяси картасы жарық көрді. Ономастика бөлімінде жетілдірілген әліпби негізінде бірнеше лингвистикалық сынамасараптамалық жұмыстар жүргізіліп келеді.

Ономастика бөлімінде қазіргі кадрлық құрамына келсек, проф. Т. Жанұзақ кеңесші қызметінде, ағымдағы жылдың маусым айында ф.ғ.к. Н. Рсалиева қызметке алынды, ф.ғ.к. Д. Пашан Институттың Тіл тарихы бөлімінен ауыстырылды. Сондай-ақ бөлімде кіші ғылыми қызметкерлер Н. Бармешова, Д. Садық, Ә. Сейітбатқал ғылыми жобалар бойынша жұмыс істейді.

Болашағы
Қазіргі таңда тіл білімінің ономастика саласы Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған тіл саясатының басым бағыттарының бірі ретінде көптілді, көпұлтты елімізде үлкен саяси-әлеуметтік, мәдени маңызға ие болып отыр. Жарты ғасырдан астам тарихы бар ұлттық ономастика қазақ тіл білімінің жеке саласы ретінде тіліміздің мемлекеттік мәртебесін және мемлекетіміздің ұлттық сәйкесімділігін арттыра түсетін зор лингвистикалық фактор ретінде мойындалады.

Ономастика бөлімінің болашақ зерттеу бағыттары:
– ұлттық ономастиканың ғылыми-теориялық, қолданбалы-практикалық, норматифьтік базасын қамтамасыз ету шараларын іске асыру;
– қазақ азаматтарының құжаттарындағы атыжөндерін қазақ әдеби тілінің заңдылығы мен емлеережелеріне сай рәсімделуіне көмек көрсету;
– ҚР бойынша елді-мекен, көше атауларының байырғы атауларының жаңғыртылуы мен жаңа атаулар қойылу бойынша ғылыми негіздеме беру;
– шеттілдік ономастикалық атаулардың латыннегізді қазақ әліпбиіндегі емле-ережесін әзірлеу;
– қазақ жалқы есімдерінің нақты салалары бойынша (әсіресе топонимика, антропонимика) қолданбалы IT-бағдарламалар жасау;
– ономастикалық сөздіктер, тезаурустар жасаудың жаңа технологияларын енгізу, ономастиканың әртүрлі салалары бойынша электрондық сөздіктер модульдерін жасау, заманауи инновациялық бағдарламалар әзірлеу;
– тарихи ономастикондар корпусын модельдеу;
– ономастикалық энциклопедия әзірлеу (3 том);
– аймақтық топонимдік түсіндірме сөздіктер дайындап, шығару;
– ұлттық ономастиканың жаңа секторларының ғылыми-тілдік мониторингі, эргонимдер, прагматонимдер мен идеонимдер тобындағы атаулардың номинациялық принциптерін, уәждік негіздерін, семасиологиялық, семиотикалық табиғатын қарастыру;
– қазақ, ру, тайпа атаулары жүйесін, соған байланысты шежіре, әңгімелердің екінші рет номинациялану үрдісін лингвомәдени, танымдықкогнитивтік негізде зерделеу;
– қазақ жалқы есімдерінің ұлттық кодын ашу, когнитивтік, антропоөзектік бағытта зерттеу жұмыстарын жалғастыру.
Ономастика бөлімі алдағы уақытта қазақ ономастика мектебінің негізін салушы профессор Т. Жанұзақтың зерттеуін ары қарай жалғастырады. Қазақ жалқы есімдерінің этимологиялық сөздігін шығару көзделіп отыр. Сондай-ақ бауырлас түркі елдерінің ономаст ғалымдарымен байланысты нығайту, зерттеу бағыттарымен танысу сынды жұмыстар жүргізілмек. Атап айтқанда Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Татарстан, Саха, Тыва, Алтай және т.б. елдердің ономаст ғалымдарымен ортақ мүдде үшін бірлесе жұмыс атқарылмақ. Ономастика тіл білімінің бір саласы болуымен қатар, әлеуметтік өмірде де алатын орны үлкен. Сондықтан да бөлім еліміздегі саясиәлеуметтік, мәдени маңызды жұмыстарға белсене атсалысуын жалғастырады.

Ғылыми зерттеулер
– «Қазақстан топонимдерінің этимологиясы. Топонимдік сөздіктер жасау» атты іргелі ғылыми-зерттеу (2000-2002); – «Қазақ ұлттық топонимиясының когнитивтік негіздерін зерттеу» іргелі тақырыбы (2006-2008); – «Ұлттық идеяның қазақ ономастикалық жүйесіндегі көрінісі» атты қолданбалы сипаттағы зерттеу (2007-2009); – «Қазақ этносы жалқы есімдерін этномәдени және тілдік-тарихи парадигмада тұрғысынан зерттеу» (2009-2011); Бөлімде орындалған гранттар мен ғылыми тапсырмалар: – Ономастика қазіргі Қазақстанның көпмәдени кеңістігінде рухани келісімді қамтамасыз етудің маңызды факторы (2012-2014); – Қазақ ономастикасың мәдени-тарихи және тілдік негіздерін жалпытүркілік контексте зерттеу (2012-2014); – Қазақстан Республикасы ономастикалық атауларының ұлттық және халықаралық стандарттаудың ғылыми-теориялық принциптерін анықтау (географиялық атаулар) 2017-2020 жж. «Институттың іргелі зерттеу бағдарламасы аясында» атты гранттық зерттеу (2013-2015); – «Қазақ жазуының латын әліпбиіне көшуіне байланысты антропонимика бойынша даярлық» ғылыми зерттеу (2017); – «Латын графикасының негізінде қазақ антропонимдерін транслитерациялау ережесі» атты ғылыми тапсырма (2018); – «Кирилл және латын графикаларында қазақ есімдері мен тегінің анықтамалығын әзірлеу» (2018); – «Кирилл және латын графикаларында Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірліктер атауларының параллель анықтамалығын әзірлеу» атты ғылыми тапсырма (2019); – «Кирилл және латын графикаларында Қазақстан Республикасы физика-географиялық атауларының параллель анықтамалығын әзірлеу» атты ғылыми тапсырма (2019); – «ҚР қысқаша жалпытопонимдік (аралас) сөздігі мен антропонимиялық екі сөздік мәтінін әзірлеу» атты ғылыми тапсырма (2019); – «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» бағдарламалық-ны­саналы зерттеу бойынша «Дүниежүзілік саяси карта әзірлеу», «Қазақ тіліндегі өзге тілді ономастикалық атаулар анықтамалығы» тақырыптары (2018-2020).

Тұлғалар
Жанұзақ Телғожа Сейдінұлы
(15.07.1927)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҒА-ның Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығының иегері, ҚР Гуманитарлық Ғылым академиясының академигі. Өмір жолын 1944 жылы аудандық дайындау мекемесінде бухгалтер болып бастады. 1947-1951 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқыды. 1951 ж. осы Институттың аспирантурасына қабылданды. 1952 ж. бастап Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында (қазірде А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты) кіші, аға ғылыми қызметкер (1952-1980), Ономастика бөлімінің меңгерушісі (1981-1994), ғылыми-зерттеу тақырыптарының жетекшісі (1995-2003), бас ғылыми қызметкер (1995 жылдан) болып жұмыс істейді. Т. Жанұзақтың тікелей белсенділігі арқасында Ономастика бөлімі 1981 ж. қайта ашылды. «Қазақ тіліндегі кісі аттары» деген тақырыпта кандидаттық (1961) (проф. С.Е. Малов пен акад. І. Кеңесбаевтың жетекшілігімен), «Қазақ тілі ономастикасының негізгі проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертация (1976) қорғады. Т. Жанұзақ – Республикадағы ономастикалық мектепті қалыптастырған, көп шәкірт тәрбиелеген және жұмыстарды реттестіруге, дамытуға зор үлес қосқан білік - ті ономаст маман ретінде көптеген нормативтік, заңнамалық құжаттардың авторы. Бұл құжаттар әлі күнге еліміздегі нормативтік ономастика саласында іс жүргізуде басшылыққа алынып отыр. Ғалым қазақ жеріндегі тарихи атауларды қалпына келтіру, ескірген атауларды өзгерту, жер-су атттарын реттеу ісіне белсене қатысып, 1989 ж. Жоғарғы Үкімет орындарына хат жолдап, Мемлекеттік ономастикалық комиссия құру жайлы мәселе қойды. Нәтижесінде Қазақстан Үкіметі жанынан Мемлекеттік ономастикалық комиссия құрылып, ол 1990-1998 жж. комиссияның ғалым-хатшысы, 1999-2003 жж. мүшесі болып, қоғамдық негізде ұлттық мүддеге қызмет етті. Еліміздің ономастикалық атауларын реттеуге қатысты, мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларға белсене араласып, ономастикалық комиссия Ережесін жазды. Т. Жанұзақтың академик Ә. Қайдармен бірлесіп жазған «Республикадағы мемлекеттік және әкімшілікаумақтық бірлестіктердің атауларын реттеудің, елді мекендердің аттарын өзгерту және тарихи географиялық атауларын қалпына келтіру тұжырымдамасы» мен «Қазақстан Республикасындағы ұлты қазақ азаматтардың есімдері мен әке аттары және фамилияларын реттеу туралы тұжырымдамасы» – қоғамдық, мемлекеттік органдарға күнделікті жұмысына қажет құрал. Ғалым 70 кітап, 12 ғылыми-көпшілік сипаттағы кітаптар мен кітапшалар, 390-ға жуық ғылыми, ғылыми-көпшілік мақала, түрлі сөздіктердің авторы. Ғалымның жетекшілігімен 6 докторлық және 16 кандидаттық диссертация қорғалды. ҚР Үкіметінің « Көрнекті ғалымдарға арналған Мемлекеттік стипендиясының» иегері (2000), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері (2007), ҚР Президенті нің «Ерен Еңбегі үшін» марапатының иегері (2007). 2021 ж. мамыр айында проф. Т. Жанұзақтың 5 томдық еңбектер жинағының салтанатты тұсаукесері өтті.
Айтым Әбдірахманұлы Әбдірахманов
(20.12.1928-20.3.1994)
Ақмола облысы Қызылту ауданында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы) өмірге келген. А. Ә. Әбдірахманов – филология ғылымдарының докторы. ҚазПИ - ді (қазіргі ҚазҰПУ) филология факультетін 1957 жылы бітірген. Қазақстан Ғылым Акедемиясының Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын (1954, қазіргі Тіл білімі институты) бітірген. Қазақстан Ғылым Акедемияның Тіл білімі институтында кіші (1954–1958), аға (1958–1970) ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1970–1980), жетекші ғылыми қызметкер (1981–1994) болып қызмет атқарды. 1991 жылы «Қазақстан топонимдерін тарихи этимология лық тұрғыдан зерттеу» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. А. Әбдірахмановтың ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің топонимика, терминология және емле мәселелеріне арналған. Ғалым 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның авторы.
Рысберген Қыздархан Құрмашқызы
(13.04.1957)
1981 ж. Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін үздік дипломмен бітірген. 1981-1983 жж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ғылыми тағылымдамадан өтіп, 1984 ж. бері осы Институттың Ономастика бөлімінде кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, 1996-2004 жж. Институттың ғалымхатшы қызметін атқарып келді. 2002 ж. Ономастика бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1993 ж. «Оңтүстік Қазақстан облысы топонимиясының тарихи-лингвистикалық зерттеуі» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Іргелі зерттеулермен қатар Республикадағы ономастика саласындағы жұмыстарды ғылыми-теориялық, әдістемелік, практикалық тұрғыдан реттестіру ісімен де айналысып келеді. Мәселен, қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәні зор құжаттар санатындағы « Инструкция по русской передаче казахских и казахской передаче русских географических названий» атты нұсқаулықты (2003 ж.) және «Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстардың тұжы рымдамасының» жобасын (2004 ж.) әзірлеуге қатысты. Ұлттық ономастиканың түрлі өзекті проблемаларына қатысты 180-ге жуық ғылыми, ғылыми-көпшілік мақала, кітап, сөздіктері жарық көрді. 2000 ж. «Историко-лингвистическое исследование топонимов Южного Казахстана» атты монографиясы, 2004 ж. Т. Жанұзақпен бірігіп жазған «Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен бола шағы» әдістемелік құралы жарық көрді. Сондай-ақ ғалымның қатысуымен үш топонимдер сөздігі, 2002 ж. «Қазақша-орысша сөздік» (2002), «Орысшақазақша сөздігі» (2005) шықты. Лексикография саласында қазақ әдеби тілінің 15-томдық түсіндірме сөздігін жасауға қатысты. 2006 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің « Ы. Алтынсарин белгісімен» жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін марапатталды. 2010 ж. «Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік негіздері» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ономастика саласы бойынша Республикадағы жоғары білікті, жетекші мамандардың бірі, оның ғылыми жетекшілігімен 6 кандидаттық диссертация қорғалды. Алматы қаласы ономастикалық комиссиясының мүшесі. 2018 ж. «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. ҚР Үкіметі жанынан құрылған Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының мүшесі.
Бөлімнің ғылыми қызметкерлері
Оңғарбай Нұржамал Бекенқызы
(03.09.1953)
1976 жылы Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы педагогикалық институтының филология факультетін бітірген, 1976-1981 жж. Шымкенттегі Сыпатаев атындағы орта мектептің мұғалімі. 1982 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитеті А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының диалектология бөлімінде кіші ғылыми қызметкер, 1993 жылдан бері Ономастика бөлімінде кіші ғылыми қызметкер, одан аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1997 ж. ҚР ҰҒА академик Ә. Қайдардың жетекшілігімен «Қазақ жұмбақтарының тілі (этнолингвистикалық зерттеу)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1997). Н. Оңғарбай 2002 жылы жарық көрген Институттың іргелі лексикографиялық еңбектерінің бірі «Қазақшаорысша сөздігі» құрастырушыларының бірі. 1993 жылдан бері ұлттық ономастика мәселесімен айналысып, бөлімнің іргелі, қолданбалы зерттеулеріне қатысып келеді. 15-томдық «Қазақ әдеби тілі сөздігінің» құрастырушыларының бірі. Ғалымның 40-тан астам ғылыми жарияланымдары бар.
Пашан Дана Мұсабекқызы
(26.10.1980)
1997 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, бакалаврды 2001 ж. аяқтап, 2003 ж. осы оқу орнының магистратурасын қызыл дипломмен бітірген. Одан ке йін аталған университетте қызмет істей жүріп, 2010 ж. «Орта ғасыр ескерткіштері тіліндегі бір буынды көпмағыналы сөздер» (А. Йүгнекидің «Ақиқат сыйы» мен Ж . Баласағұнның «Құтты білік» шығармалары негізінде)» тақырыбында кандидат тық диссертациясын қорғады. Бұдан кейінгі жылдары бірнеше ғылыми мекемелерде жұмыс істеді. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына аға ғылыми қызметкер лауазымына 2016 ж. қабылданды. Қазіргі уақытта Ономастика бөлімі нің аға ғылыми қызметкері болып, Институтта өнімді қызмет атқаруда. Ғалымның 40-қа жуық мақаласы Республикамыз бен алыс-жақын шетелдерде жарыққа шық қан. Ғалымның ономастика саласына қатысты да бірнеше ғылыми зерттеулері бар.
Бармешова Назира Темірханқызы
(21.09.1976)
1993 ж. Абай атындағы Мемлекеттік Педагогикалық университеттің филология факультетіне оқуға түсті. 1998 ж. аталған университетті бітірді. 1998-2000 жж. Абай атындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. 2002 ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайында жұмыс істеді. 2004 ж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына аға лаборант болып жұмысқа орналасты. 2004-2012 жж. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» техникалық жұмыстарын істеді. 2012-2015 жж. Ономастика бөлімінде аға лаборант болып жұмыс істеді. 2015 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін Ономастика бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып қызмет істеп келеді. Бөлімнің ғылыми жоба тақырыптары бойынша және бөлімге қатысты жұмыстарды атқарады, бірнеше ғылыми мақалалары жарық көрген.
Сейтбатқал Әрлен Берікұлы
(06.03.1998)
2015-2019 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «филология және әлем тілдері» факультетінің қазақ филологиясы мамандығын бітірді. 2019 ж. университетті бітіргеннен кейін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Ономастика бөліміне аға лаборант болып жұмысқа қабылданды. 2021 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Компьютерлік лингвистика» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді. Ә. Сейтбатқал Ономастика бөлімінде қызмет жасаған аралықта Институттың іргелі зерттеу бағдарламасының «Дүниежүзілік саяси картаны» әзірлеу және «Қазақ тіліндегі өзге тілді ономастикалық атаулардың анықтамалығын» дайындау (2020) тапсырмасын орындады. Жас ғалым тарихи ономастика, атаулардың этимологиясын, қазақ есім беру дәстүрін зерттеуге және тарихи атауларды жаңғыртуға ынталы. Түркі және қазақ ономастикасына қатысты мақалаларын жариялап тұрады.

Ономастика бөлімінің жарияланымдары
Негізгі жарияланымдар
1. Абдрахманов А. Инструкция по русской передаче географических названий Казахской ССР. – Алма-Ата, 1959.
2. Абдрахманов А. Вопросы топонимики Казахстана // Топонимика Востока. – М., 1962. – С. 24–32.
3. Абдрахманов А. Инструкция по русской передаче географических названий Казахской ССР. – М., 1966.
4. Абдрахманов А. К вопросу о методах этимологического исследования топонимов Казахстана // Тюркская ономастика. Алма-Ата: Наука, 1984. – С. 120–131.
5. Жанұзақ Т. Еңбектерінің толық 5-томдық жинағы. – Алматы, 2021.
6. Жанузаков Т., Рысберген К., Абдрахманов С. Инструкция по русской передаче казахских и казахской передаче русских географических названий Республики Казахстан (совместно с Институтом Географии МОН Р К.). – Алматы‚ 2002. – 63 с.
7. Жанұзақ Т. Қазақстан палеотопонимикасы – халық тілі мен мәдениетінің көне жәдігері // «Еуразияшылдық идеясы контекстіндегі Қазақстан түркітануы: мәселелерімен болашағы» халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы, 2008.
8. Жанұзақ Т. Ерте замандардан жеткен жер-су аттарының ғажайып сырлары // Р. Сыздықтың 85 жылдығына арналған « Әдеби тіл және қазақ тілінің өміршендігі» атты ғылыми конференция жинағы. – Алматы, 2009.
9. Жанұзақ Т. Халықтық географиялық терминдердің семантикалық шегі және олардың топонимдер жасаудағы орны // Тілтаным. – 2009, № 4
10. Жанұзақ Т. Қазақ атауының шығуы, мән-мағынасы // Дарабоз. – 2010, №1.
11. Жанұзақ Т. Этнонимдік атаулардың сан қырлы сырлары (Үйсін, Қаңлы) // «Парасат» журналы. – 2013. – № 2. – 18-19-бб.
12. Жанұзақ Т. Этнонимдік атаулардың сан қырлы сырлары (жалғасы) (Алшын, Албан) // « Парасат» журналы. – 2013. – № 3. – 18-19-бб.
13. Жанұзақ Т. Аспан жұлдыздары // Парасат. – 2015. – № 10. – 20-21-бб.
14. Жанұзақ Т. Ұлы дала атаулары // Егемен Қазақстан, 2015, 21 қазан.
15. Жанұзақ Т. «Қазақ» аты қайдан шыққан? // Қазақ әдебиеті. – 2015, 3-7 сәуір.
16. Рысберген Қ. Тас мүсінге айналған қырық қыз // Ана тілі. – 07.03.2013.
17. Рысберген Қ. Тарихи атаулар қайтарылуы тиіс // Ана тілі. –30.05.2013.
18. Рысберген Қ. Ономастикалық атаулардың бірыңғай ұлттық стандартын жасау қажет // Айқын. – 2014, №163.
19. Рысберген Қ. Ономастика-әлемдік мәселе // Ана тілі. – 2014, №36.
20. Қазақ тіліндегі өзге тілді ономастикалық атаулар. Анықтамалық. – Алматы, 2020. Редактор Рысберген Қ. Құрастырушылар: Н . Бармешова, З . Садырбаева, Ж . Тұрғынбаева, Д . Садық, А. Сейтбатқал.
21. Рысберген К. Историко-лингвистическое исследование топонимов Южного Казахстана. – Алматы: Ғылым, 2000‚ 150 с.
22. Қазақстан Республикасының топонимдерi. Топонимия Республики Казахстан (наименования населенных пунктов и крупных физико-географических объектов). – Алматы, 2001. – 425 с.
23. Рысберген К. Роль лексикографических источников в реконструкции языкового концепта // XIII Международная научная конференция « Ономастика Поволжья» (Ярославль, 13-14 сентября, 2012 года).
24. Рысберген Қ. Қазақ есімдер жүйесінің ұлттық мәдениетпен байланысы // Тілтаным. – 2012, – №3-4.
25. Рысберген Қ. Алматы қаласының лингвистикалық ахуалы // « Ономастиканың өзекті мәселелері» атты конференцияның материалдар жинағы. – Алматы, 2012.
26. Рысберген Қ. Ұлттық ономастикалық кеңістіктегі тарихи топонимдердің орны // «Өңірлердегі ономастика мәселелері: елді мекендердің дәстүрлі тарихи атаулары» атты Республикалық дөңгелек үстел материалдары. – Петропавл, 2012.
27. Рысберген Қ. Ономастика мен ұлттық мәдениеттің өзара байланысы (экстра линвистикалық фактор) // Тілтаным. – 2013. – № 3.
28. Рысберген Қ. Ономастикалық атаулар номинациясындағы географиялық фактор // Тілтаным. – 2013.– № 4.
29. Рысберген К. Об общности аксиологического компонента в концептах казахской и русской лингвокультур // 2nd International Scientific Conference “Science progress in European countries: new concepts and modern solutions”: Papers of the 2nd International Scientific Conference. – Stuttgart, Germany, 2013. – Р. 76-80.
30. Рысберген Қ. Тарихи атауларды сақтау ұлттық мүдде мәселесі // Ономастикалық хабаршы. – Астана, 2013, № 1.
31. Рысберген Қ. Тас мүсінге айналған қырық қыз // Ана тілі. – 07.03.2013.
32. Рысберген Қ. Тарихи атаулар қайтарылуы тиіс // Ана тілі. –30.05.2013.
33. Рысберген Қ. Ономастикалық атаулардың бірыңғай ұлттық стандартын жасау қажет // Айқын. – 2014, №163.
34. Оңғарбай Н. Фольклорлық дискурстағы онимдердің ерекшеліктері // Ә. Қайдардың 85-жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2009.
35. Оңғарбай Н. Антропотопонимдердің лингвомәдени сипаттамасы // Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері. І .Кеңесбаев, М .Балақаев, Ғ . Мұсабаевтардың 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Жібек Жолы, 2007. – 297-303 бб.
36. Оңғарбай Н. Қазақ тіліндегі фитонимдер мен фитотопонимдердің лингвомәдени сипаты. // Хабарлар. – 2008, №4.
37. Рсалиева Н. Қазақ ономастикалық атауларын ағылшын тілінде транслитера циялаудағы жүйесіздік. «Академик Әбдуәли Қайдар 80 жаста» халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы, 2004.
38. Рсалиева Н. Қазақ ономастикаcы атауларын ағылшын тілінде транслитера циялауға қатаң жүйе керек. ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тілдерді дамыту департаменті өткізген ғылыми-практикалық конференция. – Астана, 2004.
39. Рсалиева Н. Мағынасыз жер атауы. // « Оңтүстік өңірдегі ономастикалық ахуал: проблемалар мен перспективалар» атты ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тілдерді дамыту департаменті өткізген ғылыми-практикалық семинар материалдары. Ономастикалық хабаршы. – Астана: ЕрДәулет, 2005 – № 2 (4). – 46-50 б.
40. Рсалиева Н. Қазақ ономастикалық атауларын ағылшын тілінде транслитера циялаудағы көпнұсқалықтың себептері. ҰҒА Хабарлары. Филол. сериясы. №5 (159). Алматы, 2006. – 83-88 б.
41. Рсалиева Н. Аударма мәтініндегі онимдер мен реалий сөздердің лингвомәдени бірлік ретіндегі мәні // Тілтаным. – 2007, №1. – 160-165 б.
42. Рсалиева Н. Аудармаларда жоғалған және тыңнан пайда болған атаулар ( І. Есенберлиннің « Көшпенділер» трилогиясының орыс және ағылшын тілде ріндегі аудармалары негізінде) // Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі». Академик Ө.Айтбаевтың 70 жасқа толуына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы, 2007, сәуір. – 58-64 б.
43. Рсалиева Н. Қазақ жалқы есімдерінің ағылшын тіліндегі транслитерациясы (жоба). Әл-Фараби атындағы Қаз ҰТУ Хабаршысы. Филология сериясы. № 9. – Алматы, 2007.
44. Рсалиева Н. Транскриция және транслитерация орфографиялық принциптер ретінде. Тәуелсіздіктің 20, СДУ 15 жылдығына арналған халықаралық конференция. – СДУ, 2011, 11-12-желтоқсан.
45. Рсалиева Н. Қазақ ономастикалық атауларын ағылшын тілінде беруге жүйе ке - рек. // Ана тілі, 2004. – №49, 2 желтоқсан.
46. Рсалиева Н. Қазақ ономастикалық атауларының ағылшын тіліндегі трансли - терациясы (жоба). Туған тіл альманағы. Еларалық қоғамдық-саяси, әдебиғылыми альманах. – 2007, №2 (06) –26-61бб.
47. Рсалиева Н. Қазақ ономастикалық атауларының ағылшын тіліндегі транслите - рациясына қажеттілік қандай? // Туған тіл. – Еларалық қоғамдық-саяси, әдебиғылыми альманах. –2007, №3 (07). – 64-68 бб.
48. Пашан Д. Маңдайшаларды латыннегізді жаңа қазақ əліпбиінде беру // Латын əліпбиі – əлем қазақтарының рухани тұтастығының негізі» атты Республикалық конференция материалдары - Жауапты ред. Е. Қажыбек. – Алматы, 2019. – 75- 79 бб.
49. Пашан Д. Маңдайша атауларын латыннегізді қазақ əліпбиіне ауыстыруда кетіп жатқан олқылықтар // «Қазақ ұлттық жазуы: емле, терминтану жəне ономастика» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары / Жауапты ред. бас. Е. Қажыбек. – Алматы, 2019. – 82-86 бб.
50. Пашан Д. 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Президент Жолдауындағы сөздердің қолданыс жиілігі Түркі әлемі: тілдік ахуал, латын әліпбиі және әдістеме. Халықаралық семинар-кеңесі материалдарының жинағы. – Нұр- Сұлтан, 2020. – 191-195 бб.
51. Пашан Д. Араб, парсы тілдерінен енген сөздердің мағынасының тарылуы мен кеңеюі // Тілтаным. – 2020, №2. – 25-29 бб.
52. Бармешова Н. Орыс тіліндегі жер-су атауларын латын графикасында жазуда қазақыландыру керек пе? // Тілтаным. – 2019, № 1, 42-45 бб.
53. Бармешова Н. Жер тарихы – ел тарихы // Тілтаным журналы, 2019, №3. – 88-92 бб.
54. Бармешова Н. Шеттілдік экзоним атауларын қазақ тілінде дұрыс таңбалау ерек шеліктері // Тілтаным, 2020, №3.
55. Бармешова Н. Шет тілдік атауларды транслитерациялауға қатысты мәселелер // Тілтаным журналы 2020, №1. – 43-45 бб.
56. Садық Д. « Географиялық атаулардың тілдік табиғаты емле ережесінде ескеріле ме?» // материалы международной научно-теоретической конференции « История и познание: парадигма изучения языка древнего наследия» 24 мая 2019, С.439-441. ISBN 978-601-04-3996-2.
57. Садық Д. «Шеттілдік географиялық атауларды жетілдірілген әліпбиде жазудың мәселелері», әл-Фараби философиясы: мәдениет, тіл және әдебиет» халықаралық ғылыми-әдістемелік Workshop, 1-маусым, 2020. – 230-233 бб.
58. Садық Д., Мәдиева Г. Б. « Компьютерлік ономография кеңістігіндегі электрондық сөздіктердің артықшылығы». – ҚазҰПУ хабаршысы, 2020, 4 (74).
59. Садық Д. «Этнонимдердің тілдік табиғаты – этнос танымының ақпараттықортологиялық коды (тұңғыс-мәнжүр этнонимі негізінде)» «Наука и образование в современном мире: вызовы XXІ века» атты ІХ халықаралық ғылымипрактикалық конференция материалдары, Нұр-сұлтан, 2021 (РИНЦ базасында).
60. Садық Д. «Шеттілдік атауларды ана тілінде жазудың принциптері» мақаласы «Ауызша және жазба коммуникациядағы дәстүр мен белсенді үдерістер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – 2021, қазан.
61. Сейтбатқал А. Түркі тілдерінің типологиялық ерекшеліктері // Әл-Фараби философиясы: мәдениет, тіл және әдебиет» халықаралық ғылыми-әдістемелік. – Workshop. – 2020, 1-маусым. – 238-242 бб.