Латын графикасының алғашқы үш нұсқасы сәтсіз шығып, халықтың тарапынан үлкен қолдауға ие болмады. Жақында жаңалықтардан жаңа төртінші нұсқаның жасалғанын оқып білдік. Бұл жолғысы сәтті болып шыққанмен, жекелеген таңбалар, атап айтсақ, Ŋ әрпі кейбір адамдардың алаңдаушылығын туғызып отыр. BAS QOSU жобасы аясында бүгін біз Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжановамен сұхбаттасып, Ŋ таңбасының басымдықтары мен ескі нұсқалардың болашақ ұрпақтарға тигізер зияны туралы ашық әңгімелестік.