24.03.2022
Сұхбатта ұлты қазақ азаматтардың аты-жөнін ұлттық дәстүрге сәйкес рәсімдеу мәселесі қозғалады. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ономастика бөлімі Кеңес Үкіметі кезінде бұрмаланған қазақ азаматтарының аты-жөндерін дұрыс рәсімдеу бойынша кеңес береді. -ов, -ев, -ин, -ина қосымшалары жалғанғанда қазақ тіліндегі көптеген есімдердің түбірлері сақталмай қате рәсімделген. Осы мәселелердің дұрыс шешілуі – шыққан сөздіктер мен Ономастика бөлімінің жұмыстары арқылы реттеліп келеді. Мысалы, Канторин, Исина, Күдеринова, Далбаев және т.б. есім-тектерге талдау жасалады. Сонымен қатар қазіргі XXI ғасырда Қазақстан кеңістігінде есім берудегі өзгерістер, жаңа үрдістер мен оларға әсер ететін факторлар мысалдармен дәйкетеліп, түсіндірелді.