2022-2023 жылдарға арналған BR11765619 МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ АҚПАРАТТЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫ РЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОРПУСЫН ӘЗІРЛЕУ: ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы Ұлттық ғылыми кеңеспен мақұлданды.
Мақсаты: қазақ тілінің тарихы, даму динамикасы, бүгінгі жағдайы туралы жан-жақты ақпарат беретін әрі қоғамның алуан түрлі тілтанымдық мұқтажын өтейтін, ғылыми-зерттеу және оқыту Интернет-ресурсы ретіндегі цифрланған мәтіндік базасының көлемі 40 млн сөзқолданыстан тұратын, терең аннотацияланған, теңгерімді, репрезентативті ҚТҰК әзірлеу және қызметін қамтамасыз ету
Күтілетін негізгі нәтижелер: ҚТҰК-тің цифрланған мәтіндер базасының көлемі 40 млн. сөзқолданысқа жеткізіледі, белгіленімдері мен іздеу жүйесін және ішкорпус түрлерін әзірлеу технологиясына, ғылыми-зертnеу жұмыстарына, сондай-ақ тіл оқып-үйрену, оқыту процесінде корпусты тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерін сипаттайтын білімдер жинақталған Корпустық лингвистика саласы бойынша 1 ғылыми монография; 4 қолданбалы IT-бағдарлама; ҚТҰК-ны пайдалану туралы 1 анықтамалық нұсқаулық, 1 ҚТҰК жетілген сайты дайындалады.