бөлімдер

Ахметтану бөлімі
Тарихы
Ахметтану бөлімі 2021 жылғы 1 маусымда құрылды. 2020 жылдың ортасынан бастап Институт директоры А. Фазылжанова мен ғылыми қызметкер Е. Маралбектің бастамасымен бөлімнің кадрлық құрамын, материалдық-техникалық базасын жасақтау жұмыстары жүргізілді. Бөлім меңгерушісі болып Ахмет Байтұрсынұлы мұраларын зерттеуші PhD доктор Маралбек Ермұхамет тағайындалды. 2021 жылдың 21 шілдесінен бастап бөлімді ф.ғ.д., профессор Күдеринова Құралай Бимолдақызы басқарады. Бөлімде екі ғылым докторы, екі PhD доктор және бір магистр жұмыс істейді. Олар – ф.ғ.д., профессор Зәуреш Қанашқызы Ахметжанова, ф.ғ.д., профессор Күдеринова Құралай Бимолдақызы, аға ғылыми қызметкер, PhD Бияздықова Әлия Әлімбекқызы, PhD Маралбек Ермұхамет және кіші ғылыми қызметкер Қожахмет Әсем Мұхитқызы.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қазіргі кезеңдегі басты міндеттерінің бірі – қазақ тілінің латынграфикалы жаңа әліпбиін дайындау, қазақ жазуына реформа жасау болғандықтан, бөлім қазақ жазуының реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының емле, жазу мәселесіне байланысты ғылыми тұжырымдарын зерделеуге басымдық беріп, осы күрделі реформаның теориялық негізін дайындау мақсатын көздейді. Ахметтану бөлімі ашылғанға дейін де Институтта, жалпы Республика аумағында ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеулер біршама жасалды. Тіпті, ахметтануға арналған зерттеулер Кеңес үкіметі орнаудан бұрын басталып, одан кейінгі әр жылдарда, бірде жасырын ой сабақтастығы түрінде, бірде есімі ашық түрде жалғасты. Әсіресе Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында одан сайын жандана түсті.

Бүгінгі күнге дейінгі зерттеулер мен зерттеушілердің тану деңгейін бағамдай келгенде, ең алғашқы және ең ірі ахметтанушы ретінде Міржақып Дулатұлын айтуға болады. Бұның дәлелі ретінде «Қазақ тілі» (1913), «Тіл-құрал» (1914), «Ахмед Байтурсунович Байтурсун» (1922) сияқты маңызды мақалаларын атауға болады. Сол дәуірдегі ұлт зиялыларының көпшілігі ғалым еңбектерін өте жақсы білген және сол арқылы тіл білімі мен өзге де салалар бойынша өзінің ғылыми танымын дамытқан. Әсіресе Елдес Омарұлының тілтанушы ғалым ретінде бұл ретте орны бөлек. А. Байтұрсынұлының еңбектері мен ғалымдық тұлғасы анық таныла бастаған кез өзі шығарған алғашқы қазақ оқулықтары («Әліпби», «Оқу құралы», «Тіл құрал») мен «Қазақ» газеті шыққан тұспен сәйкес келеді. Осымен байланысты ахметтану ғалым өмірінің Орынбор кезеңінен басталды деп айтуға болады.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының ахметтану бойынша зерттеулері Институттың бас ғылыми қызметкері, академик Р. Сыздықтың «Ахмет Байтұрсынұлы» (1989) атты кітапшасынан басталады. Оған дейін де І. Кеңесбаев, М. Балақаев, Ғ. Мұсабаев, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов және т.б. тілтанушы ғалымдардың Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерімен жете таныс болғаны анық. Десе де бұл Кеңес үкіметі тұсында жабық тақырып болғаны түсінікті. Тәуелсіздік жылдарында Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Ш. Сарыбаев, Е. Жанпейісов, Б. Әбілқасымов, Ө. Айтбаев, К. Хұсайын, Н. Уәли, Ә. Жүнісбек, С. Омарбек, Ж. Манкеева, А. Алдаш, З. Базарбаева, М. Малбақов, Ғ. Әнес, Б. Момынова, Қ. Күдеринова, А. Фазылжанова және т.б.

Институт ғалымдары маңызды зерттеулер мен танымдық мақалалар жазды және Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған халықаралық конференция өткізді. Ахмет Байтұрсынұлының ешбір еңбегі ұлттық мүддеден айналып өтпейді. Сондықтан Ғалым есімінің ұлықталуы, өмірі мен ғылыми мұраларының зерттелуі – қазақ қоғамының тұтастығы мен рухани, мәдени құндылықтарының ұлттық сипатта дамуының негізі. Алаш қозғалысының темір­қазығы, «алаштанудың» іргетасы – «ахметтану». Солай бола тұрғанмен, республикамызда қазірге дейін бірде-бір арнайы «ахметтану» орталығының жоқтығы осы саладағы олқылықтарды анық көрсетті. Осы аталған жағдаяттар Ахметтану бөлімін ашудың қажеттігін көрсетті және негіз болды.

Бүгіні
Бөлімнің мақсаты – Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұраларын жинау, зерттеу және ғылыми айналымға енгізу, ғалымның тілдік тұлғасын ашу, ғалым мектебі мен жалпы ХХ ғасыр басындағы тілтанымдық мұраларды зерделеу.

Міндеттері: − Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларын кешенді түрде зерттеу және «ахметтану» тақырыбында сұрақтарға жауап іздеу; − Қазақ лингвистикасының «Алаш кезеңі» (1910-1938 жж.) туралы материалдарды жинау, зерттеу, өзекті мәселелерге жауап беру; − Алаш қайраткерлері кезеңіндегі (1910- 1938 жж.) қазақтың ғылым тілі мен тіл жасампаздығын зерттеу және аталған кезеңнің тілдік жағдаятын зерттеуші орталықтар мен жекелеген зерттеушілерді тілдік деректер қорымен қамтамасыз ету; − Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтын Республикадағы «ахметтанудың» әлеуетті ғылыми орталығына айналдыру және Республикадағы «ахметтану» бағытындағы ғылыми-практикалық іс-шараларға ғылыми бағытта жетекшілік жасау; − Ахметтанушы, Алаш лингвистикасын зерттеуші мамандар дайындау;

Қазіргі кезде бөлімде атқарылып жатқан жұмыстар: − Бөлім қызметкерлерінің атсалысуымен «Ахметтану» (https://ahmettanu.kz/) сайты әзірленуде; − Ахмет Байтұрсынұлы туралы толық библиография (1915-2021) жинақталуда; − Қазақстан және шетелдегі мұрағаттардан Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері мен қоғамдық-саяси қызметі туралы материалдар жинақталуда; − Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында ғалым шығармаларының толық жинағын құрастыру жұмыстары жалғасуда; − Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Жалпыреспубликалық іс-шаралар жоспарының Институтқа жүктелген міндеттері бойынша дайындық жұмыстар жасалуда.

Ахметтану бөлімінің зерттеу бағыттары: 1) Басым бағыттары: − Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармалары; − Ахмет Байтұрсынұлының лингвистикалық мектебі (М. Дулатов, Е. Омарұлы, Т. Шонанұлы, Қ. Жұбанов, М. Жұмабаев және т.б.); 2) Қосалқы бағыттар: − ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ғылыми мұралары: жинау, аудару, құрастыру, зерттеу, ғылыми айналымға енгізу және электронды мәтіндер базасын жасау; − Мәтінтану: ескі жазбаларды, қолжазба құжаттарды оқу, аудару; көнетүркі, соғды және т.б. түркі тіліне қатысты жазуларды меңгеру

Тұлғалар
Зәуреш Қанашқызы Ахметжанова
филология ғылымдарының докторы, профессор
1970-1976 жж. Павлодар педагогикалық институтының Филология факультетін «Филология» мамандығы бойынша бітіріп, Алматы Мемлекеттік Шет тілдер институтының аспирантурасында оқыды. Еңбек жолын 1970-1973 жж. Павлодар педагогикалық институтында «Орыс тілі» кафедрасының ассистенті болып бастап, 1976-1990 жж. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі институтында жалғастырды. «Сопоставительное исследование лексики тюркских (казахского, киргизского, узбекского) и русского языков» тақырыбында 10.02.06 шифры бойынша кандидаттық диссертация қорғап, институттың жетекші ғылыми қызметкері болды. «Принципы сопоставительного функционального исследования казахского и русского языков» тақырыбында 10.02.06 және 10.02.01 шифры бойынша докторлық диссертация қорғағаннан кейін 1991-1993 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде факультет деканы, кейін кафедра меңгерушісі болды. 1990-2002 жж. диссертациялық кеңестің төрағасы болды. Ал 2002-2008 жж. Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылыми жұмыстары жөніндегі проректоры қызметін атқарады. Тіл теориясы, типология және салыстырмалы тіл білімі, әлеуметтік лингвистика, екі тілді лексикография, шет тілдері, қазақ тілі мен орыс тілін оқыту әдістемесі, аударманың лингвистикалық және лингводидактикалық мәселелері, лингвоконцептология, ұлттық құндылықтар саласы бойынша                 10-нан аса монография мен 200-ден аса ғылыми жарияланымдардың авторы. 74 шәкірт тәрбиелеген: 16 доктор, 1 PhD доктор, 57 кандидат.
Күдеринова Құралай Бимолдақызы
филология ғылымдарының докторы, профессор
1992 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік уни верситетінің филология факультетін филолог, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп, 1992-1995 жж. Ақтөбе облысы, Айшуақ орта мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1995 ж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінде кіші ғылыми қызметкер (1995-1999), ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер (2000-2007), бөлім меңгерушісі (2007-2011) болып қызмет істеді. 2000 ж. профессор Нұргелді Уәлидің жетекшілігімен « Бірге және бөлек жа - зылатын сөздердің орфограммасы және оларды кодификациялау негіздері» тақырыбында 10.02.02 – қазақ тілі шифрымен кандидаттық диссертация қорғады. 2002-2005 жж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының күндізгі бөлім докторантурасында оқып, 2006 ж. профессор Нұргелді Уәлидің кеңесшілігімен «Қазақ жазуының онтогенездік дамуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Қазақ және түркі тілдері мамандықтары бойынша докторлық диссертация қорғалатын Диссертациялық кеңестің мүшесі (2007-2010) болды. 2008-2018 жж. Сулейман Демирел университетінде жұмыс істеді. 2018-2019 жж. Ш. Шаяхметов атындағы « Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығында Орфографиялық бөлімнің меңгерушісі болды. 2019 ж. бері Тіл мәдениеті бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері бо - лып істеді. 2021 ж. «Ахметтану» бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауысты. Қ. Б. Күдеринованың 200-ден аса ғылыми, оқу-әдістемелік бағыттағы жарияла - нымдары бар. 2005 ж. « Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы», 2010 ж. «Қазақ жазуының теориялық негіздері» және « Түркі тілдерінің әліпби және емле тарихы» атты ғылыми монографиялар, 2014 ж. «Қазақ жазуының тарихы мен теориясы» атты оқу құрал, 2017 ж. « Бірге ме, бөлек пе?» атты оқуәдістемелік құрал шығарды. «ЖОО-ның Үздік оқытушысы – 2015» құрметті атағының иегері. Зерттеу бағытына сәйкес 4 орфографиялық, 2 орфоэпиялық сөздіктің құрастырушысы және жауапты шығарушысы. Түркі халықтарының ішінде тұңғыш рет жарық көрген 15 томдық қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігі авторларының және жауапты редакторларының бірі болып еңбек еткені үшін «Қазақстан республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегері (2008 ж.) атанды. Бүгінде Қазақстан Республикасының латын жазуы - на өтуіне байланысты құрылған ұлттық комиссия бойынша Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі ретінде белсенді жұмыс жасап отыр.

Бөлімнің ғылыми қызметкерлері
Қожахмет Әсем Мұхитқызы
2015-2019 жж. Сүлеймен Демирель атындағы университеттің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алды. 2019-2021 жж. Алматы қаласы Инновациялық Техникалық колледжінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі болды. «Шымкент» университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы магистратурасының екінші курс магистранты. 2021 жылдың қыркүйек айынан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Ахметтану» бөлімінің аға лаборанты болып қосымша жұмыс істейді.

Ахметтану бөлімінің жарияланымдары
Негізгі жарияланымдар
1.Ахметжанова З. Универбы и перифразы // Тезисы XV-й Республиканской научной конференции преподавателей иностранных языков. – Алма-Ата, 1977. – С. 22-23.
2. Ахметжанова З. О процессе универбации // «Проблемы теории и методики преподавания иностранных языков и литературоведения». – Алма-Ата, 1977. вып. 2. – С. 108-116. 3. Ахметжанова
З. Сопоставление однолексемных и многолексемных номинативных единиц русского и тюркских языков // «Словообразование и номинативная деривация в славянских языках». Тезисы Республиканской конференции. – Гродно, 1982. – С. 14-15.
4. Ахметжанова З. Об интерференции в области просодики // «Русский язык в казахской школе». – Алматы. 1982. №5 – С. 38-46.
5. Ахметжанова З. Морфологическая интерференция в русской речи казахов-билингвов в сфере словоизменения // «Преподавание русского языка в условиях двуязычия». – Фрунзе, 1983. – С. 91-92.
6. Ахметжанова З. Опыт исследования парадигматической интерференции в области спряжения глаголов русского языка // «Русский язык – язык великого братства народов». Тезисы докладов и сообщений Республиканской научнопрактической конференции. – Ашхабад, 1983. – С. 27-28.
7. Ахметжанова З. Функционально-семантические поля как основа для построения типологии разносистемных языков // «Вопросы тюркского языкознания», Материалы Первой межреспубликанской конференции молодых лингвистовтюркологов. – Алма-Ата, 1985. – С.134-136.
8. Ахметжанова З. О фактической интерференции в области склонения существительных русского языка // «Русский языка и литература в казахской школе», 1984. №12. /в соавторстве с Ж.М.Утесбаевой/.
9. Ахметжанова З. Принципы исследования функционально-семантических полей казахского и русского языков // Известия АН Каз. ССР. – Алматы, 1987, №2. – С. 44-48.
10. Ахметжанова З. К построению функциональных грамматик русского и казах - ского языков // «Русский язык – язык дружбы и братства». Тезисы докладов Республиканской научной конференции. – Душанбе, 1985. – С.4-5.
11. Ахметжанова З. Функционально-семантические поля русского и казахского языков. – Алма-Ата: Наука, 1989. – С.107.
12. Ахметжанова З. Об аспектуально-модальных способах казахского языка // Известия А Н КазССР. Серия филол., 1989. – С.14-18.
13. Ахметжанова З. Вокативы в художественном тексте // « Прагматика и стилисти - ка текста». – Алма-Ата, 1989. – С.7-10.
14. Ахметжанова З. Об антропоцентрической направленности языков // Принцип антропоцентризма в лингвистике. – Алматы, 1997. – С. 12-16.
15. Ахметжанова З. «Ресми іс қағаздар» // Анықтағыш. – Астана: Тіл дамыту департаменті, 2000. – 214 б. (авторлар құрамында).
16. Ахметжанова З. Қазақ тілі: ресми қарым-қатынас. Оқу құралы. – Алматы: Рауан, 2000. – 173 б. (авторлар құрамында).
17. Ахметжанова З. «Русский язык» Учебник для 9 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения. – Алматы: Рауан, 2000. – 288 с. (в соавторстве).
18. Күдеринова Қ. Емлесі қиын сөздер (авторлар ұжымы) // – Алматы: Балауса, 2000.
19. Күдеринова Қ. Күрделі сөздердің орфографиясы // Р. Сыздықтың « Тілдік норма және оның қалыптануы» атты кітабына қосымша. – Астана, 2001.
20. Күдеринова Қ. Қазақ тілі орфографиялық сөздігі. Құрастырушы және жауапты шығарушылардың бірі. – Алматы: ДайкПресс, 2001.
21. Күдеринова Қ. « Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы». – Алматы, 2005.
22. Қазақ тілі орфографиялық сөздігі. Құрастырушы және жауапты шығарушылардың бірі. – Алматы: Арыс, 2005.
23. Қазақ тілі орфоэпиялық сөздігі. Құрастырушы және жауапты шығарушылардың бірі. – Алматы: Арыс, 2005.
24. Күдеринова Қ. «Қазақ жазуының теориялық негіздері». – Алматы: Қазақ университеті, 2006.
25. Орфографиялық сөздік // – Алматы, 2007 ж. – 480 б.
26. Қазақ әдеби тілінің сөздігі IV том // – Алматы, 2011 ж. – 752 б.
27. Қазақ әдеби тілінің сөздігі VI том // – Алматы, 2011 ж. – 752 б.
28. Қазақ әдеби тілінің сөздігі IX том // – Алматы, 2011 ж. – 744 б.
29. Күдеринова Қ. Түркі тілдері жазуы мен орфоэпиялық өзгерістер нәтижесі // Қазақ филологиясы және оны толық курста оқыту мәселелері. – Пекин « Орталық ұлттар Университеті баспасы», 2013. – 106-112 бб.
30. Орфографиялық сөздік // – Алматы: Дәуір, 2013 ж. – 720 б.
31. Күдеринова Қ. Вопросы перехода современной казахской письменности на ла - тинскую графику: предложения и проект // Международный журнал приклад - ных и фундаментальных исследований // Импакт фактор РИНЦ 1,387. 2016., №10. С. 144-150.
32. Күдеринова Қ. «Қазақ жазуының тарихы мен теориясы». – Алматы: Елтану, 2014. 33. Күдеринова Қ. « Түркі тілдерінің әліпби және емле тарихы». – Алматы: Қазақ тілі, 2016.
34. Күдеринова Қ. А. Байтұрсынұлы емле ұстанымы, орфограммалау тәсілдері // Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу. – Алматы, 2017. – 110-115 бб.
35. Күдеринова Қ. « Бірге ме, бөлек пе?». – Алматы: Қазақ тілі, 2017.
36. Күдеринова Қ. « Жаңа әліпби мен емле әдістемесі» атты 72 сағаттық курстың бағдарламасына авторлық куәлік алып, « Жаңа емле: теория мен әдістеме» оқулығының бас редакторы болды. – Астана, 2019.
37. Maralbek E., Koçak M. Kaşgarli Mahmut’un Divanu lügati’t-türk adli eserinde yer alan ölçü birimleri ( М.Қашқаридың « Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегіндегі өлшем бірліктер) // Türk kültürü ve Hacı Bektaş Veli araştırma Dergisi ( Түркия). 1KIŞ 2018/SAYI 88. 187-199.
38. Akhmetzhanova Z., Maralbek Ye., Kassenov Ye., Kerembekova M. Language Units Expressing the Notion of Degree or Quantity on Turkic Monuments ( Көне түркі ескерткіштеріндегі «мөлшер» ұғымын білдіретін тілдік бірліктер) // Opción, Año 35, Especial No.20 (2019): 1590-1620. Universidad del Zulia ( Венесуэла).
39. Қазақ тіліндегі мөлшерліктер // Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. Ұжымдық еңбек: 2-кітап. –Алматы: «Дайк-Прес», 2011. – 721-778 бб.
40. Сан-мөлшер категориясының функционалды-семантикалық табиғаты // Грамматикадағы дүниенің тілдік бейнесі. Ұжымдық монография. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014. – 255-341 бб.
41. Сан-мөлшер категориясының функционалды-семантикалық өрісі // Жұмсалымдық грамматикасы. Оқулық-монография: – Алматы: « Мемлекеттік тілді дамыту институты», 2016. – 422-467 бб.
42. Тағылым мен тағзым / Құрастырушылар – Е . Маралбек, Д.Алтайбаева. –Алматы: « Ғылым ордасы», 2013. – 224 б.
43. Балаларға тарту / Құрастырушы – Е . Маралбек. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2017. – 112 б. 44. Елдес Омарұлы шығармалары. 1-2 т. / Түсініктемесін жазып құрастырушы – Е . Маралбек. – Алматы: – « Лұғат» қоғамдық қоры. – 2018.
45. Маралбек Е. Қазақ тіліндегі мөлшер мәнді сөздер // ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология сериясы. 2010. №35. – 156-165 бб.
46. Маралбек Е. Мөлшер есімдіктер // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы. Филоло - гия сериясы. 2016. №4. – 60-66 бб.
47. Маралбек Е. М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегіндегі «мөлшерөлшем» ұғымын білдіретін соматизмдер. Абай ат. ҚазҰПУ Хабаршы. Филология сериясы. 2017. №2. – 67-76 бб.
48. Маралбек Е. XIII–XIV ғасыр қыпшақ ескерткіштеріндегі мөлшер семанти- касының лексикалық деңгейдегі репрезентациясы // Абай атындағы Қаз-ҰПУ Хабаршы. Филология сериясы. 2019. №3. – 129-135 бб.
49. Маралбек Е. Поэтикалық тілдегі мөлшер ұғымының көрінісі // Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті хабаршысы, Филология серия - сы. 2017. №4. – 152-158 бб.
50. Маралбек Е. Поэтикалық тілдегі «мөлшер» ұғымының метафора тәсілі арқылы берілуі // 6- Халықаралық Қытайдан Адриатқа дейінгі әлеуметтік ғылымдар конгресі. 29-31 март. – Анкара: 2018. – 60-74 бб.
51. Маралбек Е. Поэтикалық тілдегі «мөлшер» ұғымының перифраз тәсілі арқылы берілуі // 6- Халықаралық Қытайдан Адриатқа дейінгі әлеуметтік ғылымдар конгресі. 29-31 март. – Анкара. 2018. – 75-84 бб.
52. Маралбек Е. Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың фоноло гиялық және графемикалық сипаты // Жаңа ұлттық әліпби: Қазақ жазуын жаңғырту (Ғылыми-тілтанымдық зерттеу) 1-кітап. – Алматы. 2017. – 127-149 бб.
53. Маралбек Е. Қазақ жазуындағы әріптердің тіркесім түрлері // Жаңа ұлттық әліпби: Қазақ жазуын жаңғырту ( Ғылыми-тілтанымдық зерттеу) 1-кітап. – Алматы. 2017. – 149-171 бб.
54. Маралбек Е. А. Байтұрсынұлының «й/и, у» дыбыстары туралы танымы // Жаңа ұлттық әліпби: Қазақ жазуын жаңғырту ( Ғылыми-тілтанымдық зерттеу) 1-кітап. – Алматы. 2017. – 255-264 бб.
55. Maralbek E., Koçak M. Miktar Semantiğinin Dünya Dillerine Ortak Eski Sentaktik Yapısı ( Мөлшер ұғымын берудің әлем тілдеріне ортақ ежелгі синтаксистік конструкциясы) // 21. Yüzyılda Eğitim ve Toplum / Education And Society In The 21st Century Cilt / Volume 7, Sayı/Issue 20, Yaz/Summer 2018. 504
56. Маралбек Е. Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың тұңғыш профессоры // « Егемен Қазақстан» газеті. 2021 жыл, 27 қаңтар. https://egemen.kz/article/263035-akhmetbaytursynuly-%E2%80%93-qazaqtynh-tunhghysh-professory.
57. Маралбек Е. Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы. «6D021300- Лингвистика» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2020. – 223 б.

Институт ғалымдарының Ахмет Байтұрсынұлына қатысты зерттеу еңбектерінің тізімі:
1.Айтбаев Ө. Ұлт мәдениетінің хантәңірі // «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2013. – 11-21 бб.
2. Алдаш А. Аудармадағы жанрлық-стильдік ерекшеліктер. (Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал» негізінде) // «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2013. – 68-71 бб.
3. Әбілқасымов Б. Мектеп-тегі Аманқос. Ахмет Байтұрсынұлы һәм «Қазақ» газеті. «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексиканың негізгі қабаттары мен ондағы жаңа қолданыстар // Ұлттық Рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1999. – 494-506 бб.
4. Әбілқасымов Б., Момынова Б. «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексиканың негізгі қабаттары мен ондағы жаңа қолданыстар // Ұлттық Рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1999. – 396-409 бб.
5. Әбілқасымов Б. Ахметтану саласының өткені мен бүгіні // «Ахмет Байтұрсын ұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау» Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: «Елтаным баспасы», 2017. – 20-22 бб.
6. Әмірбекова А. А. Байтұрсынұлы саяси-дипломатиялық афоризмдері // «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылымитеориялық конференция материалдары / – Алматы: «Елтаным баспасы», 2013. – 110-112бб.
7. Әміржанова Н. Ұлттық жазудың ұлы жоқшысы // «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конферен - ция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2013. – 132-135 бб.
8. Базарбаева З. Ақын поэзиясының интонациялық ерекшеліктері. «Қазақ» га - зетіндегі қоғамдық-саяси лексиканың негізгі қабаттары мен ондағы жаңа қолданыстар // Ұлттық Рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1999. – 488-494 бб.
9. Базарбаева З. Проблемы суперсегментной фонологии в трудах А. Байтурсынова // «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2013. – 53-59 бб.
10. Базарбаева З. Қазақ өлеңінің құрылымы туралы ғылыми көзқарас // Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы: «ШапағатНұр» баспасы, 2013. – 225-246 бб. 11. Базарбаева З. Ахмет Байтұрсынұлы – суперсегментті фонологиялық көш басшы // «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау» Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: «Елтаным баспасы», 2017. – 28-31 бб.
12. Ғабитханұлы Қ. Ахмет Байтұрсынұлының төте жазу әліппесі және Қытайда тұратын түркі тілдес халықтардың жазу дәстүрі // Ұлттық Рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1999. – 323-332 бб.
13. Жақып М. Анкара Ахметті ардақтады // « Кардеш қаламгер» журналы. – Түркия: 2009.
14. Жақып М. Алматы Ахаңды ардақтады // « Түркі әлемі» халықаралық газеті./ - Алматы: «Europrint» баспасы, 2018. – 7 б.
15. Жанпейісов Е. Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріндегі әдеби тіл мәселелері. «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексиканың негізгі қабаттары мен ондағы жаңа қолданыстар // Ұлттық Рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1999. – 549-564 бб.
16. Жанпейісов Е. Байтұрсынұлы бастаулары // «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2013. – 21-28 бб.
17. Жүнісбек Ә. Фонетикалық атаулар жайында // Ұлттық Рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1999. – 262-268 бб.
18. Жүнісбек Ә. Тағы да А. Байтұрсынұлы мен қазақ тілінің дыбыс құрамы жай - лы // «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау» Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2017. – 43-47 бб.
19. Жүнісбек Ә. Қазақ тілі фонетикасының атасы // Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы: «ШапағатНұр» баспасы, 2013. – 48-71 бб.
20. Жүнісбек Ә. Латын әліпбиі және кірме таңбалар // «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2013. – 28-33 бб.
21. Күдеринова Қ. А. Байтұрсынұлының емле ұстанымы, орфограммалау тәсілдері // «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау» Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2017. – 110-115 бб.
22. Малбақов М. Ағартушының ақ жолы // Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы: «ШапағатНұр» баспасы, 2013. – 3-8 бб.
23. Мамырбекова Г. Ахмет Байтұрсынұлының араб жазуын реформалаудағы еңбегі // «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2013. – 101-105 бб.
24. Мамырбекова Г. А. Байтұрсынұлы әліпбиіне қатысты қоғамда орын алған пікір - таластар // «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау» Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2017. – 136-139 бб.
25. Мамырбекова Г. Ұлы жаңалық (қазақтың тұңғыш және соңғы ұлттық жазу таңбасы) //Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы: «ШапағатНұр» баспасы, 2013. – 71-83 бб.
26. Манкеева Ж. Түбір құрылымы және сөзжасамдық жүйе // Ұлттық Рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1999. – 371-384 бб.
27. Манкеева Ж. Қазақ лексикасы терминдерінің психолингвистикалық сипаты // «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2013. – 49-53 бб.
28. Манкеева Ж. А. Байтұрсынұлы еңбектерінің лингвомәдени мәні // «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау» Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2017. – 47-49 бб.
29. Маралбек Ермұхамет. Ахмет Байтұрсынұлының төте жазуы // «Ахмет Бай тұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2013. – 173-179 бб.
30. Маралбек Е. А. Байтұрсынұлының географиялық танымы және географиялық атаулар // «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау» Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2017. – 181-186 бб.
31. Маралбек Е. Ақаңның белгісіз бір еңбегі // ХХІ-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы. Алматы: Экономика, 2016. – 440 б.
32. Маралбек Е. Әліпби таңдауда Ақаңның жолынан адаспайық // Абай KZ ақпараттық парталы, 13 қараша. https: // abai.kz/post/61770
33. Маралбек Е. А. Байтұрсынұлының «й/и, у» дыбыстары туралы танымы // Жаңа ұлттық әліпби: Қазақ жазуын жаңғырту ( Ғылыми-тілтанымдық зерттеу) 1-кітап. – Алматы. 2017. – 255-264 бб.
34. Маралбек Е. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың тұңғыш профессоры // «Егемен Қазақстан» газеті. 2021 жыл, 27 қаңтар. https://egemen.kz/article/263035-akhmetbaytursynuly-%E2%80%93-qazaqtynh-tunhghysh-professory
35. Маралбек Е. Ұлт ұстазы нұсқаған өркениеттің дара жолы // Алаш жолы – мәңгілік тілдің түп қазығы. – Семей: « Талдау және әлеуметтік маркетинигтік институты» ЖСШ, 2017. – 86-100 бб.
36. Маралбек Е. Асыл тіл, түзу емле қазақта болуға тиіс // Жаңа ұлттық әліпби: Қазақ жазуын жаңғырту (Ақпараттық-медиа кеңістіктегі материалдар) 1-кітап. – Алматы. 2017. – 286-292 бб.
37. Момынова Б. «Қазақ» газетіндегі дінге қатысты атаулар турасында // «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылымитеориялық конференция материалдары / – Алматы: «Елтаным баспасы», 2013. – 59-61 бб.
38. Момынова Б. «Қазақ» газеті – өз заманының рухани үрдістері мен әдеби тіл - ге ықпал етуші ақпараттық құрал // «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау» Халықаралық ғылыми-теориялық конференция ма - териалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2017. – 82-86 бб.
39. Омарбекұлы С. Мысал жанрының бірегей үлгісі. «Қазақ» газетіндегі қоғамдықсаяси лексиканың негізгі қабаттары мен ондағы жаңа қолданыстар //Ұлттық Рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1999. – 460- 469 бб.
40. Сәдуәқасова Г. А. Байтұрсынұлы – сөйлем мүшелері ілімінің негізін са - лушы // «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау» Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2017. – 147-151 бб.
41. Сейітбекова А. Әдістеменің атасы //Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы: «ШапағатНұр» баспасы, 2013. – 98-116 бб.
42. Солтанбекова А. Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріндегі синтаксис мәселелері // «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: « Елтаным баспасы», 2013. – 127-132 бб.
43. Сыздық Р. Термин жасау – Ахмет Байтұрсынұлы көтерген тарихи жүктің бірі // Ұлттық Рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым,1999. – 250-261 бб.
44. Сыздық Р. Ахмет Байтұрсынұлы және терминология мәселелері // «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылымитеориялық конференция материалдары / – Алматы: «Елтаным баспасы», 2013. – 4-11 бб.
45. Сыздық Р. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлттық ғылымының көшбасшысы // «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау» Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / – Алматы: «Елтаным баспасы», 2017. – 4-9 бб.
46. Сыздық Р. Аударып алмақтың аударылып қалмағы бар //Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы: «Шапағат-Нұр» баспасы, 9-11 бб.
47. Сыздық Р. Инемен құдық қазудан басталған оқу жылдары //Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы: «Шапағат-Нұр» баспасы, 2013. – 11-15 бб.
48. Сыздық Р. Интернатта оқып жүр //Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы: «ШапағатНұр» баспасы, 2013. – 15-23 бб. 49. Сыздық Р. Ойда жүрген Орынбор //Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы: «Шапағат- Нұр» баспасы, 2013. – 23-24 бб.
50. Сыздық Р. Емле ережелерінің бастауы //Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы: «Шапағат-Нұр» баспасы, 2013. – 93-98 бб.
51. Сыздық Р. Ахмет Байтұрсынұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – 1999. – 2-том. – 72-76 бб. (С. Қирабаев, М. Қойгелдиевпен бiрге)
52. Сыздық Р. Ахмет Байтұрсынұлы мен Телжан Шонанұлының Оқу құралы // «А. Байтұрсынұлы және қазақ фонологиясы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Арыс, 2004. – 5-8 бб.
53. Сыздық Р. Термин жасау – Ахмет Байтұрсынұлы көтерген жүктің бірі // Туған тіл. – 2008. – №1.
54. Сыздық Р. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлттық ғылымының көшбасшысы // Туған тіл. – 2017. – № 1. – 32-37 бб.
55. Уәли Н. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы // Ұлттық Рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1999. – 250-261 бб.
56. Уәли Н. Ұлттық жазудың ұлы диқаншысы //Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы: «Шапағат-Нұр» баспасы, 2013. – 83-93 бб.
57. Хабиева А. Қырдағы оқу жайлы аз-кем дерек //Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы: «Шапағат-Нұр» баспасы, 2013. – 24-38 бб.
58. Хұсайын К. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы // Ұлттық Рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1999. – 127-134 бб.