ИНСТИТУТ ҚҰРЫЛЫМЫ

Әкімшілік басқару қызметкерлері

Қалықова Гүлжахан
Персоналды басқару, құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекшісі
Қалықова Гүлжахан Өмірханқызы (16.02.1962) персоналды басқару, құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекшісі. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген. 1988 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.

1980 жылдан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында директордың хатшысы, лаборант, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аспирантура меңгерушісі, кадр бөлімінің меңгерушісі, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанындағы 10.02.06 – түркі тілдері және 10.02.02 – қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 53.38.01 мамандандырылған диссертациялық кеңестің жауапты хатшысы лауазымдарын атқарды. Қазіргі кезде – Институттың персоналды басқару, құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекшісі.


Керім Медет
Бас есепші
Керім Медет Шамшәдинұлы (08.06.1986) бас есепші. Алматы қаласында дүниеге келген. 1992-2003 жж. Алматы қаласында №141 орта мектебінде білім алды. 2003-2007 ж. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті Қаржы факультетін «Экономика» мамандығы бойынша тамамдаған.

2013 ж. ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына бухгалтер болып жұмысқа қабылданды. 2017 жылдан бастап Институттың бас бухгалтері міндетін атқарады.


Арыстанбаев Мадияр
қоғаммен байланыс жөніндегі маман
Арыстанбаев Мадияр Қазыбекұлы (1983) қоғаммен байланыс жөніндегі маман. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Таскескен ауылында дүниеге келген. 2002-2006 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Химия және биология пәнінің мұғалімі», 2013-2015 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2006-2009 жылдары ШҚО Үржар ауданы Таскескен ауылындағы «Үржар» колледжінде бастап, 2017-2018 жылы «Жас қазақ» ұлттық апталығының арнаулы тілшісі, «Alaman» спорт сайтының бас редакторы қызметтерін атқарған. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қоғаммен байланыс жөніндегі маманы. Спорт журналисі.

«Таскескен тарланбоздары» кітабының авторы. Көптеген мақалалары республикалық БАҚ-та жарияланды. Елбасы қоғамдық қоры ұйымдастырған бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы конкурстың жеңімпазы (2017 ж.). ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» конкурсының 1-орын иегері (2018 ж.). Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жүлдегері (2018 ж.).


Бекжанова Ғалия
Есепші
Бекжанова Ғалия Ерболқызы (25.07.1982) есепші. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Қаржы және несие» мамандығы бойынша білім алған. МКК Қызылорда жылу орталығында экономист қызметін атқарған.

2018 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында бухгалтер қызметін атқарып келеді.


Әбдіхалықова Гүлнар
Зертхана меңгерушісі
Әбдіхалықова Гүлнар Алмасбекқызы (05.03.1983) зертхана меңгерушісі. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылында дүниеге келген. 1989-2000 жж. Ботамойнақ ауылындағы Сыдық Абланов атындағы орта мектепте білім алды. 2001-2005 жж. Алматы қаласы Орталық Азия университетін «Баспагер ісі» мамандығы бойынша бітірді. 2006-2007 жж. Л.Гумилев атындағы Қазақ ұлттық университетінде лаборант-технолог, 2007-2010 жж. Қазақстанның Отандық емшілер қауымдастығының «Шипагер» газетінде редактор болып жұмыс істеді.

2010 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Зертханасының меңгерушісі.


Карбозова Мақпал
Хатшы-референт
Карбозова Мақпал Еркінқызы (22.03.1986) хатшы-референт. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында дүниеге келген. 1993-2001 жж. Жетіген ауылындағы С.Сейфуллин атындағы №3 орта мектебінде, 2001-2004 жж. Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі М. Мақатаев атындағы №13 қазақ орта мектебінде білім алған. 2004 ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Филология факультетінің «Аударма ісі және мемлекеттік тілде іс жүргізу» бөліміне оқуға түсіп, 2008 ж. жақсы нәтижемен тамамдаған. 2006 және 2007 жж. «Нұрбанк» акционерлік қоғамында, 2007 ж. «Жаңа Қазақстан» оқу-әдістемелік орталығында тәжірибеден өтті.

2008 жылдың қыркүйек айында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына аға лаборант болып жұмысқа қабылданды. 2012 жылдан бері хатшы-референт қызметін атқарады. 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігі» мен 1 томдық «Қазақ сөздігін» әзірлеуге қатысты. Институттың бірнеше гранттық жобаларының орындаушысы ретінде қатысты. Лексикография саласында жұмыс тәжірибесі мол маман.


Дильмухамед Инара
IT-маман, дизайнер
Дильмухамед Инара - IT-маман, медиа-дизайнер.
Білімі: Тұран колледжінде «Құқықтану» мамандағаны үздік дипломмен, СПбГКУ-де Мәдениеттану факультетін аяқтады. Тұран университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығының бакалавры.

Институттың мультимедиялық өнімдерін жобалаумен, әзірлеумен және оларды ресімдеумен айналысады.


Көмекбай Құлажан
Шаруашылық бөлімінің меңгеруші
Көмекбай Құлажан Көмекбайұлы (22.04.1966). Шаруашылық бөлімінің меңгеруші 1966 жылы 22 сәуірде Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Бәйдібек ауданы Амансай ауылында дүниеге келген. 1980 ж. Амансай ауылының «Октябрь» сегіз жылдық мектебін тамамдаған.

1983 ж. Сайрам ауданы 17-Партсьезд атындағы орта мектебін бітірген. Алматы қаласы «Казвторчермет» мекемесінде жұмыс істеді. 1984-1986 жж. Кеңес әскері қатарында Отан алдындағы әскери борышын өтеді. 1999 ж. Қызылорда қаласы инженерлік-экономика институтын «Жол қауіпсіздігін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. Казвторчермет мекемесінде диспетчер, ауысым бөлімінің басшысы, бас инженер, директор қызметін атқарды. 2018 ж. 1-маусымнан бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білім институтының Шаруашылық бөлімінің меңгеруші қызметін атқарады.


Бектұрсынов Дамир
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман
Бектұрсынов Дамир Нұрланұлы (1995) Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман. Қайнар академиясында «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды. Халыққа қызмет көрсету орталығында модератор болып жұмыс істеді.

2018 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман қызметін атқарып келеді.