Тіл білімінің тарланы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Тіл білімі институтының директоры (1995–2009) Көбей Хұсайынның ғылыми мұрасын дәріптеу, насихаттау.
Ғалымның еңбектері қазақ тілінің лексикология, фонетика, фоносемантика, лексикография салаларының теориялық мәселелеріне, терминология, мемлекеттік тілдің қолданылуы мен қазақ тіл білімінің тарихына арналды. «Звукоизобразительность номинации в казахском языке», «Проблемы фоносемантической деривации», «Дыбысбейнелеуіштік теориясының негіздері», «Қазақ-ағылшын фразеологиялық сөздігі», «Қазақша-ағылшынша лингвомәдени лексика сөздігі», «Дыбыс-звук, мағына-значение, сөз-слово» атты кітаптары халықаралық танымалдыққа ие болды.