Тарихы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында 1979 ж. «Терминология және ономастика» бөлімі ашылып, ҒА Президиумының Жарлығына сәйкес филология ғылымдарының докторы Т. Жанұзақов бөлім меңгерушісі болып бекітілді. 1981 ж. бөлім екіге бөлініп, «Терминология» және «Ономастика» бөлімдері болып қайта құрылды. Қазақ ССР-і Ғылым академиясы Тіл білімі институтының Терминология және аударма бөлімі 1981 ж. құрылды. Құрамында филология ғылымдарының кандидаттары – А. Есенғұлов, Р. Өрекенова, ғылыми қызметкерлер – А. Құсайынов, Б. Бекмұхамедов, Т. Аппақова, М. Шәріпова, С. Жетпісов, Р. Сарқұлова, Н. Әшімбаева, Ж. Нәлібаев сынды ғалымдар мен жас мамандар болды. 1981-1989 жж. бөлімді филология ғылымдарының кандидаты (кейіннен филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі) Ө. Айтбайұлы басқарды. Осы жылдар аралығында бөлім қызметкерлері ең алдымен картотекалық қор жасауға кірісті. Осындай ауқымды жұмыстың нәтижесінде екітілді терминологиялық сөздіктер бір ортаға жинақталып, әліпбилік тәртіпке келтірілді. Бірнеше жылға созылған бұл күрделі жұмыстың нәтижесінде 500 мыңға жуық тілдік бірлікті қамтыған картотекалық қор жасақталды. 1981-1993 жж. Терминология және аударма бөлімі сол кездегі КСРО Министрлер Советі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссиямен тікелей тығыз ғылыми-практикалық байланыста болды.

Ғылымның әртүрлі саласында пайда болып, әртүрлі қолданылып жүрген терминдерді бірізге түсіруге, ғылыми тұрғыдан реттелуіне бөлім қызметкерлері белсенді атсалысты. Осы ретте бөлім меңгерушісі Ө. Айтбайұлының аталмыш комиссияның ғалым-хатшысы ретінде Мемтерминком ережесінің қайта жазылуына, түрлі салалар бойынша сөздіктердің жарық көруіне зор үлес қосқандығын атап өту керек. Сондай-ақ осы кездері М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының профессоры Қ. Бектаев тобымен өзара шартқа отыру арқылы жинақталған сөздіктер ЭЕМ сарабынан өткізіліп, ғылымның ірі бес саласы бойынша түзілетін әртүрлі сөздіктердің өзегіне айналды. Сонымен қатар жарнамаларды аудару, түрлі мекемелерден түсіп жататын құжаттар, нұсқаулықтар, стандарттар жобаларын аудару тәрізді жұмыстар жолға қойылды. Бұл қазақ терминологиясы мен аударматану ғылымындағы теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан да қатар жүзеге асырылып отырғандығын көрсетеді.

Бөлім меңгерушісі Ө. Айтбайұлының жетекшілік етуімен осы жылдары қазақ терминологиясы туралы зерттеу жұмыстары мен өзекті мәселелерге арналған бірқатар тақырыптар нысан ретінде алынып, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Атап айтқанда, мынадай ұжымдық жинақтар мен кітаптардың жарық көрді: «Тіл мәдениеті және баспасөз». Алматы, Ғылым, 1968; «Өрелі өнер». Алматы, 1976; «Сөз өнері». Алматы, Ғылым. 1978; «...Ұлт саясатын бұрмалаушылар». Алматы, Ғылым, 1981; «Қазақ терминологиясының мәселелері». Алматы, Ғылым, 1986; «Аударманың лексика-стилистикалық мәселелері». Алматы, Ғылым, 1987; «Термин және олардың аудармалары». Алматы, Ғылым, 1990 және т.б. Қазіргі таңда жарық көріп отырған «Қоғамдық ғылымдар терминдерінің орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздігінің» екі томдық нұсқасының негізі сол кезде қаланған болатын. Ө. Айтбайұлының жетекшілігімен аталмыш сөздік бірнеше рет өңделіп, сұрыпталып, толықтырылды. 1989 ж. Ө. Айтбайұлының Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті болып сайлануына байланысты бөлім меңгерушілігіне филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Қалиұлы тағайындалды. Профессор Б. Қалиұлының жетекшілігімен қазақ терминологиясы мен аудармасына қатысты зерттеулер және практикалық жұмыстар, жарық көріп жатқан жаңа сөздіктер арқылы картотека толықтыру істері жалғасын тапты.

Бөлімге А. Мұқатаева, Ш. Құрманбайұлы, Н. Шүленбаев сынды жас мамандар келіп, бөлімнің ғылыми әлеуеті нығая түсті. Мысалы, Ш. Құрманбайұлы филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі атанып, Институт басшысы деңгейіне дейін көтерілді.

Бүгіні
1995 ж. бөлім меңгерушілігін филология ғылымдарының докторы Ө. Айтбайұлы қайтадан өз қолына алды. Сол кезден бастап 2005 ж. дейін академик Ө. Айтбайұлы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті міндетін қоса атқара жүріп, кезінде өзі негізін қалаған ауқымды жұмыстарды жалғастырады. Мәселен, мемлекеттік маңызы зор, ірі ғылымдар секцияларын қамтыған «Мемлекеттік тілде ғылыми терминологияны қалыптастырудың теориялық, ғылымиәдістемелік және практикалық мәселелері» (1997- 1999) атты бағдарламаның орны ерекше. Одан кейінгі жылдары қазақ терминологиясының өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы қызмет атауларын мемлекеттік тілде жүйелеудің ғылыми негіздерін зерттеу» (2000-2002); «Мемлекеттік тілде терминдік лексиканы қалыптастырудың ғылымипрактикалық негіздері» (2003-2005) атты іргелі ғылыми жобалар ойдағыдай жүзеге асырылды. 2005 ж. бөлім меңгерушілігіне филология ғылымдарының кандидаты, аға ғылыми қызметкер Қ. Айдарбек тағайындалды.

Осы уақытта қазақ терминологиялық жүйесі тың бағытта қарастырған «Қазақ терминологиялық жүйесін қалыптастырудың ономасиологиялық аспектісі» (2006-2008) атты іргелі зерттеу жұмысы орындалды. Бұл іргелі-ғылыми зерттеуде қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық негіздері алғаш рет кешенді түрде қарастырылып, олардың аталымдық табиғаты ашылып, белгілері көрсетіліп, жасалу жолдары анықталып, түрлері мен үлгілері айқындалып, даму, қалыптасу заңдылықтары дәлелденді.

Кәсіп иелері атауларының тілді байытудағы атқаратын зор қызметі көрсетіліп, олардың ономасиологиялықтеориялық негізі жасалды:
– терминологиялық аталым теориясының ғылыми негіздемелері, терминологиялық аталымды тіл білімі терминтанымының жеке саласы ретінде көрсететін негізгі қағидаттары, өзінің зерттеу нысаны, негізгі ғылыми ұғымдары мен бірліктері, құрылымдық типтері мен үлгілері анықталып, жалпы тілдік аталым жүйесіндегі орны, негізгі терминологиялық аталым түрлері сипатталды;
– терминологиялық аталымды тілдік аталымның бір саласы ретінде анықтайтын төмендегідей бірнеше критерийлері айқындалды: термин шығармашылығы; терминологиялық мағынаның арнаулы бағытта дамуы; жүйелілік, реттілік, бірізділік, белгілі бір жүйеде және оған сәйкес терминологиялық өрісте ұйымдастырылып реттелуі; термин экстенциясы мен интенциясы және т.б.;
– терминологиялық аталым үдерісінің терминдік бірліктердің жай тілдік бірліктерден ерекшеліктеріне сәйкес басты, маңызды параметрлері анықталып, терминологиялық аталымның ономасиологиялық типологиясы жасалды;
– терминологиялық бірліктерді (кәсіп иелері атауларын) ономасиологиялық тұрғыдан талдау ерекшелігі, терминологиялық жүйенің ономасиологиялық құрылымы (терминологиялық бірліктердің ономасиологиялық негіздері мен ономасиологиялық белгілері) анықталды;
– терминдердің узуалдану үдерісіне байланысты «тіл» мен «сөйлеудің» арақатынасы, неологиялық терминжасамның нормативтік өлшемдері (параметрлері) анықталды;
– терминдік бірліктердің мазмұн межесі мен тұрпат межесі терминологиялық аталым теориясына сәйкес нақтыланып, терминологиялық ата­лымның семантикалық-құрылымдық негізі айқындалды;
– арнаулы терминологияларды қалыптастырудағы терминологиялық аталымның кезеңдік сипаты, адамға қатысты атаулар терминденуінің дәрежелері нақтыланды;
– терминологиялық аталым үдерісінде терминдер ұғымдардың иерархиялық құрылымдарына сәйкес реттеліп, олардың әрқайсысы сол терминдер жүйесіне сәйкес орналастырылып, басқаларымен белгілі бір байланыс пен қарым-қатынаста болатындығы, терминологиялық жалпы тілдік жүйенің лексикалық қорының бір бөлігі ретінде терминнің парадигматикалық және синтагматикалық сипаттарында көрініс беретін лексика-грамматикалық заңдылықтарға тәуелділігі дәлелденді;
– терминжасам мен сөзжасамның ерекшеліктері ономасиологиялық тұрғыдан қарастырылып, терминологиялық сөзжасамның басқа ұқсас құбылыстардан ажыратарлықтай өзіндік белгілері, ұстанымдары көрсетілді.

Аталған жұмыстардың іске асырылуына Л. Қисамединова, Б. Үсенов, С. Бидақымет, Ж. Қажығалиева, А. Бексейітова, Ж. Төкебаева, Ә. Алманов, А. Алмаханов және т.б. бөлім қызметкерлері белсенді ат салысты. Сонымен қатар бөлім қызметкерлерінің ғылыми жағынан өсуіне де жіті мән беріліп, С. Ақаев пен Қ. Айдарбек докторлық диссертацияларын, ғылыми қызметкерлер Б. Жонкешов, Н. Әшімбаева, Ш. Нұрмышева кандидаттық диссертацияларын ойдағыдай қорғады. 2012-2014 жж. бөлім меңгерушісі лауазымын филология ғылымдарының кандидаты, аға ғылыми қызметкер Б. Жонкешов атқарды.

Осы кезде қазіргі қазақ терминологиялық қорын қалыптастыруда өзіндік қиындық туғызып отырған біріздендіру, нормалау, стандарттау, реттеу мәселелеріне арналған «Қазақ терминологиялық қорын қалыптастырудың теориялық негіздері мен лингвистикалық принциптері (стандарттау, жүйелеу, реттеу, біріздендіру, нормалау)» атты ғылыми жоба жаңа бағытта, жаңаша әдіс-тәсілдермен жан-жақты зерделенуімен ерекшеленеді. 2014-2018 жж. Терминология бөлімінің меңгерушісі лауазымын С. Құлманов, 2018-2020 жж. Қ. Айдарбек атқарды. Осы кезеңде бөлімде мынандай жұмыстар атқарылды:
– қазақ терминологиясындағы сөзжасамдық және семантикалық жүйелілік түрлерінің арақатынасы айқындалып, жүйелілік ұғымының терминнің ұғымдар жүйесін қалыптастырудағы маңыздылығы сипатталады;
– мемлекеттерде жүргізіліп отырған терминологиялық жұмыстарды салғастыру арқылы бұл үдерістердегі қиындықтар мен жеке тілдер ерекшелігі және ұлттық тілдер жүйесіндегі терминдердің алатын орны анықталды;
– терминологиялық бірліктерді лексикографиялық тіркеудегі тілдік норманың орны анықталды;
– терминологиялық норма, терминологиялық норма өлшемдерінің ұғымдары нақтыланды;
– терминологиялық норма және узус мәселелерінің негізгі белгілері анықталып, терминологиялық инновациялардың нормативтік параметрлерге сәйкестігі белгіленді;
– терминдерді мәтіндерден, ғылыми сөйлеуден іріктеп алу қағидаттары, тілдік әдістемесі негізделді; терминологиялық бірліктердің белгілейтін ғылыми ұғыммен сәйкестігі және тілдік құрылымның ғылыми функционалдық стиль параметрлеріне сәйкес келуіне қатысты мәселелер талданды және т.б. 2020-2021 жж.

Терминология бөлімі меңгерушісінің міндетін филология ғылымдарының кандидаты Н. Әшімбаева атқарды. 2021 ж. бөлім Терминологиялық орталық болып қайта құрылып, оның жетекшісі ретінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент С. Құлманов тағайындалды. Терминология орталығында 2 ғылым кандидаты (С. Құлманов, Н. Әшімбаев), 2 PhD (А. Ақкөзова, А. Бисенғали), 2 магистр (Н. Шүленбаев, Б. Қордабай), 1 лаборант (А. Әзбергенова) жұмыс істейді. Терминология орталығының қызметкерлері іргелі ғылыми зерттеулермен ғана айналысып қоймай, жалпы Институттың тыныс-тіршілігіне де белсене атсалысуда. Әртүрлі деңгейлерде өтетін конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға, радио-телехабарларға, сұқбаттарға үнемі қатысып, ғылыми, ғылыми-көпшілік басылымдарда жалпы тіл, терминология, тіл мәдениеті, лексикология, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным және т.б. мәселелерін қарастыратын еңбектерін жариялап отырады.

Бөлімнің айналысатын негізгі тақырыптары:
– қазақ терминологиясының ғылыми негіздері;
– терминологиялық норма заңдылықтары;
– қазақ терминографиясының мәселелері;
– мемлекеттік тіл саясаты;
– аударматану;
– ресми құжат тілі;
– когнитивтік терминтаным мәселелері;
– ұлттық терминологиялық қор қалыптастыру жолдары;
– арнаулы сала тілінің ерекшеліктері;
– ғылыми дискурстың терминологиялық аспектісі;
– қазақ терминологиялық аталымының ғылыми-теориялық негіздері;
– терминологиялық аталымның ономасиологиялық типологиясы;
– терминологиялық неологизация құбылысы;
– терминологиялық мазмұнды белгілейтін концептуалдық, функционалдық, формалдық құрылымдар;
– терминологиялық аталым актілеріне әсер ететін негізгі лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар;
– терминжасамдағы универбтену үдерісінің когнитивтік құрылымдары;
– терминологиялық инновациялардың пайыздық арақатынасы стандартталатын, нормаға сәйкес келетін, келмейтін бірліктер құрамы, тобының лингвомәдени аспектісі;
– терминдерді біріздендіру, жүйелеу, реттеу мәселелерінің лингвистикалық қағидаттары;
– терминжасам мәселеріне байланысты (лингвистикалық) сала мамандарына қажетті әдістемелік ұсыныстар әзірлеу;
– жаңа терминдерді жіктеу, жүйелеу, жетілдіру және оларды қазақ тілінде түзудің ғылыми негіздемелері;
– қазақ терминологиясының бірыңғай ұлттық тілдік субстратының тілдік бірегейлікті, ұлт бірегейлігі мен ұлтты тұтастырудағы маңызы;
– қазіргі кездегі ғылыми мәтіндер мен ғылыми дискурс қолданыстарындағы термин дефинициясы метамәтінін талдау арқылы қазақ терминдерінің ұлттық тілдік субстанциясының ғылымитеориялық негіздері;
– қазақ ғылыми мәтіндерінде орын алып жүрген аударма терминдер мен дифиницияларды іріктеп, олардың картотекалық (электрондық) базасын дайындау және ортақ біріздендірілген терминдер жүйесін жасау мәселелері;
– қазақ терминдері дамуының ұлттық бағыты, қазақ терминтанымының когнитивтік, комуникативтік, функционалдық аспектілері.

Болашағы
Бүгінгі таңда қазақ терминологиясы үшін мынадай мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығы ерекше болып отыр:
– терминологиялық құбылыстардың когнитивтік тетіктерін зерттеу;
– терминологиялық кірмелер және олардың стандарттылығы, тілдік нормаға сәйкестігі және т.б.;
– ғаламның тілдік бейнесінің қалыптасу процестері мен тілдік бірліктердің терминдік болмысын зерделеу (сөзшығармашылық, терминшығармашылық процестерінің ұлттық (түркілік) табиғаты және т.б.);
– ортақ түркілік терминдік қорды жалпы тілдік кеңістіктің бір бөлігі, ғаламның тілдік бейнесін белгілеудің әмбебап категориясы ретінде қарастыру.

Терминология саласы бойынша болашақ зерттеулердің негізгі бағыттары: – қазақ терминологиясының лингвокогнитивтік аспектісі;
– қазақ тілінің терминологиялық қоры;
– қазақ терминологиясының прагматикалық аспектісі;
– қазақ терминографиясының ғылыми-практикалық негіздері;
– терминологияның функционалдық бағыты және т.б. Ұлттық терминология жүйесінде сөз тазалығын бағдарға алып, ұлттық тілдің әлеуеттік мүмкіндігін ашу – қазіргі тілдік реформа жағдайындағы маңызды іс-шаралардың бірі.

Алайда термин түзу шаруашылығында сабақтастық қағидатын бұзбау жағына жіті көңіл қойылмай жататын тұстар кездесіп қалады. Осыған байланысты мамандық тілінің тілдік және тілдік емес ерекшеліктерін зерттеу барған сайын өзекті бола түсуде. Мысалы, салалық ғылымдар тілінде формула, сызба, символ, схема, сурет және т.б. бейвербалды таңбалардың қатары көбейді. Тіпті ғылымның белгілі бір саласының өзінде әлденеше тармақтар пайда болып, олар өздерінің терминдік, терминдік элементтер жүйесі арқылы бір-бірінен алшақтай түсті.

Осы ретте арнаулы кәсіби тілдің лексикасемантикалық ядросы болып табылатын терминдерді, сонымен қатар оған жақын қабатта орналасатын дайын құрылымдарды және шеткері қабатта болатын индивидуалды-авторлық ерекшеліктерді байқататын тілдік бірліктерді қарастыру кәсібицентристік бағыттың негізгі объектісі саналады. Терминология саласында атқарылатын жұмыстардың бір бағыты – терминдерді түгендеу (инвентаризациялау), яғни терминдерді жинау, ғылыми лингвистикалық сараптама жасап, лексикографиялық өңдеуден өткізу.

Терминология саласындағы практикалық жұмыстардың бірі – терминдерді реттеу, тәртіпке келтіру, терминдерді бірмәнде жұмсауға, бірдей жазуға, бірдей дыбыстауға келісу; ең бастысы – тілдің заңдылығына сәйкестендіру. Сондықтан бұл бағыттағы практикалық іс-шаралар сала мамандары мен тіл мамандарының бірлесе жұмыс атқаруын қажет етеді.

Ғылыми зерттеулер
- «Қазақ терминологиялық жүйесін қалыптастырудың ономасиологиялық аспектісі» атты гранттық зерттеу (2006-2008); - «Қазақ терминологиялық қорын қалыптастырудың теориялық негіздері мен лингвистикалық принциптері (стандарттау, жүйелеу, реттеу, біріздендіру, нормалау)» атты гранттық зерттеу (2009-2011); - «Когнитивтік терминтаным концепциясындағы кәсіби тілдік тұлғаның ғылыми дискурсы» атты гранттық зерттеу (2012-2014); - «Көптілді қоғамдағы қазақ тілінің ұлттық-мәдени терминологиясы» атты гранттық зерттеу (2012-2014); - «Мемлекеттік тілдің латиницаға өтуі үшін латын графикасын пайдаланудың бірыңғай стандартын әзірлеу» атты бағдарламалық-нысаналы зерттеу бойынша «Шет тілдерден енген терминдерді латын графикасындағы жаңа қазақ ұлттық әліпбиінде таңбалаудың (транскрипциялаудың, транслитерациялаудың) ғылыми-қолданбалы мәселелері» тақырыбы (2017); - «Бекітілген қоғамдық ғылымдар терминдерін аналитикалық зерттеу және мемлекеттік тілдің стандартталған терминқорын құру» атты мемлекеттік тапсырма (2018). - «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» атты бағдарламалықнысаналы зерттеу бойынша «Кирил және латын графикасындағы салалық терминологиялық сөздік (қоғамдық ғылымдар)», «Кірме терминдердің анықтағышын әзірлеу» тақырыптары (2018-2020); - «Мемлекеттік тілді латынграфикалы ұлттық әліпбиге көшіруді қамтамасыз ететін жаңартылған нормативтік сөздіктер мен академиялық басылымдар сериясын әзірлеу» атты бағдарламалық-нысаналы зерттеу бойынша «Латын графикасы негізінде Қазақстан Республикасындағы терминологиялық жұмыс қағидаларын әзірлеу» тақырыбы (2021-2022).

Тұлғалар
Айтбаев Өмірзақ Айтбайұлы
(05.04.1936-09.01.2020)
1954-1959 жж. әл-Фараби атындағы (бұрынғы С.М. Киров атындағы) КазМҰУ-дің филология факультетінде білім алды. 1959 ж. Республикалық «Социалистік Қазақстан» газетіне әдеби қызметкер болып қабылданып, 1962 ж. дейін жұмыс істеді. 1962 ж. Қазақ ССР FA Тіл білімі институтына кіші ғылыми қызметкер болып ауысты. 1974-1981 жж. Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер, 1981-1989 жж. «Терминология мен аударма теориясы» бөлімінің меңгерушісі, 2007-2020 жж. бас ғылыми қызметкері болып қызмет істеді. 1989 ж. бастап «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, президенті лауазымын атқарды. Ө. Айтбайұлы 1973 ж. бері Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшесі, 1981-1991 жж. ғалым хатшысы қызметін атқарды. 1997 ж. Экология халық академигі, 1998 ж. ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, 2003 ж. ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Жалпы жиналысында академияның толық мүшесі болып сайланды. 1998 ж. Президент Жарлығымен «Құрмет» орденімен, ал 2001 ж. Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 1996 ж. Түркістан қаласының, Арыс және Отырар аудандарының «Құрметті азаматы» атанды. Президент Жарлығымен 2007 ж. Қазақстан Республикасының «Парасат» орденімен, 2011 ж. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Бірнеше монографияның, 600-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Есенғұлов Адай Есенғұлұлы
(1925-2007)
Маман байдың ұрпағы. 1948-1952 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінде білім алды. 1952-1962 жж. ұстаздық етіп, партия-кеңес органдарында қызмет етті. 1962-1992 жж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қызмет атқарды. 1969 ж. «Көне түркі жазба ескерткіштері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Өрекенова Раиса Ахметқызы
(25.02.1930-19.07.2020)
1953 ж. М.Ю. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, 1968 ж. ҚазПИ-дің аспирантурасын бітірді, филология ғылымдарының кандидаты (1969). Университетті бітіргеннен кейін Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтында кіші ғылыми қызметкер, 1955-1956 жж. ҚХР-дың Қашқар педагогикалық училищесінде оқытушы, 1956-1961 жж. Тіл және әдебиет институтында ғылыми қызметкер, 1961-1965 жж. Семей мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы қызметтерін атқарды. 1969 жылдан Тіл білімі институтында ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысты. Негізгі ғылыми бағыты – көптеген түркі тілдеріндегі терминдердің қалыптасу және даму процесі, терминжасам.
Қалиев Байынқол Қалиұлы
(23.01.1939)
1958-1963 жж. С . М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде білім алды. Ғылыми жолын А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында 1967 ж. кіші ғылыми қызметкер болып бастап, 1970-1975 жж. аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1971-1975 жж. осы институтта жергілікті кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 1986-1995 жж. Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, 1991-1995 жж. Терминология бөлімінің меңгерушісі болды. 1995 ж. бүгінгі күнге дейін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кафедра меңгерушісі, профессор лауазымдарын атқарып, табысты еңбек етіп келеді. 1976-1986 жж. Тіл білімі институты бастауыш партия ұйымы секретарының орынбасары, партбюро мүшесі болды. 1986 жылғы 20 тамызда « Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен мараптатталды. 1988 ж. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері болды. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» (1998), « Ыбырай Алтынсарин» (2017) төсбелгілері мен ҚР Жоғары мектебі ҰҒА-ның корреспондент мүшесі (2018) атағы берілді. 5 монография, 5 оқулық, 9 кітапша, 3 мақалалар жинағын, 19 сөздік, 300-ден астам ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалалар, сондай-ақ көмекші құралдар, әдістемелік нұсқаулар, бақылау-жаттығу жұмыстарын, типтік және оқу бағдарламаларын, тест жинақтарын жазып, жалпы көлемі 480,5 б.т. еңбек жариялады.
Құрманбайұлы Шерубай
(27.11.1964)
1991 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1991-1996 жж. Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, ғалым хатшысы. 1996-2005 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. 2005-2009 және 2011-2012 жж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы. 2009-2011 жж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры. 2012-2013 жж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті төрағасының орынбасары. 2014 жылдан ҚР Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті директорының орынбасары. 2016 жылдан «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілік департаменті директорының орынбасары. 2020 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. 200-ден астам ғылыми жарияланым мен бірнеше монографияның, сөздіктің, оқулықтың авторы.
Терминология бөлімінде жұмыс істеген ғалымдар
Ақаев Спандияр Телғозыұлы
(09.01.1962)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің химия факультетін (1983), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы, екіжылдық толық курсын (1997-1999) бітірді. Химия ғылымдарының кандидаты (1994); Филология ғылымдарының докторы (2003). ҚР ҰҒА Президиумы Жас ғалымдар сыйлығының иегері (1995). ҚазССР ҒА Химия ғылымдары институтының аға лаборанты (1983-1985), инженері (1986), кіші ғылыми қыз меткері (1990), ғылыми қызметкері (1992). ҚР ҒА Металлургия және кенбайыту институтының ғылыми қызметкері (1992-1996). ҚР ҒМ-ҒА Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты Пестицидтерді қолдану мөлшерін жасақтау зертханасының меңгерушісі (1996-1997). «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясының «Биология, химия, медицина, экология т.б.» бөлімінің меңгерушісі (1997). «Түркістан» халықаралық саяси апталығының штаттық тілшісі (1999). ҚР БҒМ А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері (2000). ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында Аударма теориясы және мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізу пәнінің оқытушысы (2000). Алматы қалалық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Тіл және ұлттық саясат бөлімінің бас маманы (2000-2001). ҚР БҒМ А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері (2001- 2006). Сүлеймен Демирел университеті Қазақ тілі оқытушысы (2004-2006). « Хабар» агентігі АҚ продюсері (2004-2005). Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Қазақ тілі кафедрасының профессоры (2006-2006). ОАУ Қазақ тілі кафедрасының про - фессоры (2007-2008). Қаз МемҚызПУ Қазақ тіл білімі кафедрасының профес - соры (2008-2012). Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Мемлекеттік тілді дамыту бас қармасының бастығы (2012-2013). Абай атындағы ҚазҰПУ Магистратура және докторантура институты Филология кафедрасының профессоры (2013-2015). Қазақ бас сәулет, құрылыс академиясының қауымдастырылған профессоры (2017). Turki.kz танымдық сайтының басшысы және жүргізушісі (2018 ж. қазірге дейін).
Айдарбек Қарлығаш Жамалбекқызы
(01.04.1973)
1995 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, А. Байтұр сынұлы атындағы Тіл білімі институтының Лексикология бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып жұмысқа орналасты. 1996-1999 жж. осы институттың күндізгі аспирантура бөлімінде оқыды. 2000-2005 жж. Лексикология бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 2005-2012 жылдары Терминология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1 монографияның, 100-ден аса ғылыми және ғылымикөпшілік мақаланың авторы.
Нәлібаев Жәнібек Бәкірұлы
(14.11.1961)
1979-1984 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология факультетінде білім алды. Университет қабырғасында оқып жүріп, қосымша Алматы қаласындағы 58 мектепте мұғалім болып еңбек етті. Университетті бітірген соң еңбек жолын сол мектепте жалғастырды. 1984 ж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Терминология және аударма теориясы бөліміне лаборант болып қызметке қабылданды. 1984-1995 жж. лаборант, аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер және ғылыми қызметкер. Сонымен қатар Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бастығы, Алматы қаласы Әкімі аппаратының сараптама және аударма бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, Алматы қаласы әкімі аппаратының сараптама және аударма бөлімінің басшысы, «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының ғылым жөніндегі орынбасары және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жауапты хатшысы лауазымды қызметтерін атқарды. 2 әдістемелік оқу құралының, 3 терминологиялық сөздіктің, ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы.
Нәлібаев Жәнібек Бәкірұлы
(14.11.1961)
1979-1984 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология факультетінде білім алды. Университет қабырғасында оқып жүріп, қосымша Алматы қаласындағы 58 мектепте мұғалім болып еңбек етті. Университетті бітірген соң еңбек жолын сол мектепте жалғастырды. 1984 ж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Терминология және аударма теориясы бөліміне лаборант болып қызметке қабылданды. 1984-1995 жж. лаборант, аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер және ғылыми қызметкер. Сонымен қатар Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бастығы, Алматы қаласы Әкімі аппаратының сараптама және аударма бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, Алматы қаласы әкімі аппаратының сараптама және аударма бөлімінің басшысы, «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының ғылым жөніндегі орынбасары және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жауапты хатшысы лауазымды қызметтерін атқарды. 2 әдістемелік оқу құралының, 3 терминологиялық сөздіктің, ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы.
Жонкешов Бауыржан Сейсенбекұлы
(20.06.1979)
1998-2002 жж. «Қайнар» университетінің филология факультетінде білім алды. 2002 ж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология және аударма бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып қабылданды. 2002-2205 жж. Институттың аспирантурасында оқыды. 2005-2015 жж. Терминология бөлімінде аға лаборант, кіші, ғылыми, аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 2012-2015 жж. Терминология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2015-2020 жж. Терминология бөлімінде жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1 монографияның, 2 тілдескіштің, 50-ге жуық ғылыми мақаланың авторы.
Жонкешов Бауыржан Сейсенбекұлы
(20.06.1979)
1998-2002 жж. «Қайнар» университетінің филология факультетінде білім алды. 2002 ж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология және аударма бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып қабылданды. 2002-2205 жж. Институттың аспирантурасында оқыды. 2005-2015 жж. Терминология бөлімінде аға лаборант, кіші, ғылыми, аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 2012-2015 жж. Терминология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2015-2020 жж. Терминология бөлімінде жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1 монографияның, 2 тілдескіштің, 50-ге жуық ғылыми мақаланың авторы.
Орталықтың ғылыми қызметкерлері
Құлманов Сәрсенбай Қуантайұлы
(02.09.1975)
1998 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің бакалавриат бөлімін, 2000 жылы магистратурасын үздік бітірді. 2000 ж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының грамматика бөліміне кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа қабылданды. 2001-2003 жж. Институттың аспирантурасында оқыды. 2004-2006 жж. Институттың грамматика бөлімінде ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2006 ж. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қазақ тілі кафедрасында оқытушылық қызмет атқарды. 2007 ж. Алматы қаласы әкімдігі «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Аударма бөлімінің бастығы ретінде лауазымды қызметке қабылданды. 2009 ж. «Мемлекеттік тілді дамыту орталығы» ЖШС Бас директоры қызметін арқарды. 2009-2011 жж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Компьютерлік лингвистика ғылыми тобының жетекшісі қызметін атқарды. 2011-2014 жж. Институттың Грамматика бөлімінде аға ғылыми қызметкер, 2014-2018 жж. Институттың Терминология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2018-2019 жж. Институт директорының ғылым жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, 2019-2020 жж. Институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. 2021 ж. Терминологиялық орталықтың жетекшісі болып тағайындалды. 1 монографияның, 4 ұжымдық монографияның (авторлардың бірі), 100-ден аса ғылыми мақаланың авторы, 3 «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктің», 2 «Орысша-қазақша терминологиялық анықтамалық сөздіктің» құрастырушыларының бірі, 2 авторлық куәліктің иесі.
Әшімбаева Нағима Мәсімахынқызы
(01.01.1961)
Қорам орта мектебінде оқыды. 1979-1984 жж. С.М. Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алды. 1984 жылдан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология бөлімінің лаборанты, аға лаборанты, кіші ғылыми қызметкері, ғылыми, аға ғылыми, жетекші ғылыми қызметкері болып істеп келеді. 2009 жылы «Байырғы қазақ қоғамындағы атақ-лауазым атауларының тілдік сипаты» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады (ғылыми жетекшілері – акад. Ә. Қайдар, проф. Р. Шойбеков). 2015 ж. «Дәстүрлі қазақ қоғамындағы атақ-лауазымдар жүйесі» атты монографиясы жарық көрді. Н. Әшімбаева 15 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» құрастырушысы әрі редакторы, 2012-2014 ж. «Қазақша-орысша, орысша-қазақша қоғамдық ғылымдар терминдерінің сөздігі», бірнеше екітілді терминологиялық сөздіктердің құрастырушысы ретінде еңбек етті. 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.
Шүленбаев Нұрлан Құныпияұлы
(16.12.1965)
1987-1992 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология факультетінде білім алды. 1991-1994 жж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология және аудар - ма бөлімінде кіші лаборант, лаборант, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1995-2003 жж. Ы. Алтынсарин атындағы жан-жақты профильді №159 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. 2004-2006 жж. Институттың Этно - лингвистика бөлімінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2007-2010 жж. «Қазғарыш», Интранском» тәрізді компанияларда аудармашы болып қызмет атқарды. 2010 ж. терминология бөлімінің ғылыми, аға ғылыми қызметкері бо - лып қызмет атқарып келеді. 60-қа жуық мақаланың авторы.
Бисенғали Ақмарал Зинол-Ғабденқызы
(29.07.1974)
1991-1996 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Шығыстану факультетінің Түрік тілі мен әдебиеті бөлімін «қызыл дипломмен» бітіріп, 1996-1999 жж. Шығыстану факультетінің күндізгі бөлім аспирантурасында оқыды. 2013-2015 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті «Түркітану» кафедрасында магистратурада, 2015-2018 жж. «Түркітану» кафедрасында докторантурада оқыды. 2020 ж. бері А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Термино логиялық орталығының ғылыми қызметкер қызметін атқаруда. 1 монографияның, 30-ға жуық ғылыми еңбектің авторы.
Ақкөзова Айнұр Әбдіжәлелқызы
(23.01.1990)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2011 ж. бакалавр бөлімін үздік дипломмен, 2013 ж. магистратураны бітірді. 2015-2018 жж. «6D021300 – Лингвистика» мамандығы бойынша докторантураны бітіріп, 2021 ж. философия докторы (PhD) дәрежесін алды. 2011 ж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кіші, ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. 30-ға жуық ғылыми мақалалар мен 2 оқу құралының авторы.

Терминология бөлімінің жарияланымдары
Негізгі жарияланымдар
1. Айтбайұлы Ө. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. – Алматы: « Ғылым» баспасы, 1975. – 228 б.
2. Айтбайұлы Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. – Алматы: «Ғылым» баспасы, 1988. – 208 б.
3. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. – Алматы: «Рауан» баспасы, 1997. – 240 б.
4. Айтбаев У. Основы казахской терминологии. – Алматы: Издательство «Арыс», 2000. – 148 с.
5. Айтбайұлы Ө. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 624 б.
6. Айтбайұлы Ө. Елбасы және Мемлекеттік тіл. – Астана: Сарыарқа БҮ, 2011. – 312 б.
7. Айтбайұлы Ө. Қазақ фразелогизмдері мен перифраздары. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2012. – 304 б.
8. Айтбайұлы Ө. Қазақ тіл білімінің терминологиясы мәселелері. – Алматы: «Абзал-ай» баспасы, 2013. – 400 б.
9. Қалиев Б. Мемлекеттік тіл жəне оның терминологиясы // Қазақ терминоло- гиясының өзекті мəселелері. – Астана, 2002. – 28-35-бб.
10. Қалиев Ғ. Қазақтың ұлттық тілі мен к əсіби, жаргон сөздер // Труды научной конференции, посвященной 40-летию Казахского Государственного педагогического института им. Абая. –Алматы, 1968. – 181-189-бб.
11. Қалиев Б. Терминологиялық сөздіктер жасаудың принциптері // Қазақ тілінің компьютерлік қоры. – Алматы-Шымкент, 1992. – 13-14-бб.
12. Қалиев Б. Терминология жəне тіл мəдениеті // Тіл білімінің өзекті мəселелері. – Алматы, 1996. –12-20-бб.
13. Қалиев Б. Тіл білімі терминдерінің тақырыптық, түсіндірмелі ж əне оқулық сөздігін жасау принциптері // Қазақ тіл білімінің м əселелері (ғылыми конфе - ренция материалдары). – Алматы, 1998. – 11-22-бб.
14. Қалиев Б. Қазақ терминдерін жасау мен реттеудің жəне оны қалыптастырудың кейбір мəселелері // Терминология: теория жəне тəжірибе. – Астана, 2001. – 41- 47-бб.
15. Құрманбайұлы Ш. Термин жəне терминологиялық өріс // «ҚР ҰҒА Хабарлары» 1996, №1 Тіл, əдебиет сериясы. – 48-53-бб.
16. Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминденуі. –Алматы, 1998. «Ғылым» баспасы. – 208 б.
17. Құрманбайұлы Ш. Ұлттық ғылыми терминологияны қалыптастырудағы жүйелілік мəселесі // Мемлекеттік тіл: Терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. – Астана, 2000. – 93-99-бб.
18. Құрманбайұлы Ш. Туыстас тілдерге ортақ терминологиялық қор құру мəселесі // Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мəселелері. – Көкшетау, 2001. –28-32-бб.
19. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының кезеңдік сипаты. – Астана, 2002. – 208 б.
20. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары (монография). – Алматы: « СөздікСловарь», 2004. –208 б.
21. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. – Алматы: «СөздікСловарь» баспасы, 2005. – 240 б.
22. Құрманбайұлы Ш. Терминтану. ЖОО-ға арналған оқу құралы. –Алматы: «Атлас-2001» баспасы, 2006. – 244 б.
23. Құрманбайұлы Ш. Терминтанушы құралы. Сөздік-оқулық. – Алматы, 2007. – 208 б.
24. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы: зерттеулер, оқулық, сөздік, библиография. – Алматы: «Сардар», 2014. –928+16 жапсырма б.
25. Айдарбек Қ. Роль англицизмов в формировании современной научной терминологии // «Филология мен шет тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері: теория және практика» атты IV Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның материалдар жинағы. 2018. – Алматы: Қазақ университеті. – 155-159-бб.
26. Айдарбек Қ. Қазақ терминжасам қағидаттарының терминдерге қойылатын талаптарға сәйкестігі // Терминжасам қағидаттары және ұлттық терминология мәселелері. – Астана. 20 сәуір, 2018. –111-116-бб.
27. Aidarbek H. Linguistic national image as a factor in the effectiveness the communicative act in intercultural communication. Functional aspects of intercultural communication. Translation and interpreting issues. – Р. 375-392.
28. Aidarbek K. Zh. International terminology as an integration of different cultures into global science. Opcion, Vol. 36, Núm. 91 (2020). – Venezuela: Universidad del Zulia. – P. 1473-1490.
29. Айдарбек Қ. Терминдер жасалуының негізгі қағидаттары // Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №4/2 2020. – 250-252-бб.
30. Айдарбек К. О дифференциальных признаках терминологической единицы // Түркологиялык жыйнак. – Бишкек: Bilge, 2008. – С. 9-14.
31. Айдарбек Қ. Терминологиялық аталымның жасанды және табиғи түрлері // Ұлт тағылымы (ғылыми-педагоги-калық басылым), №1(1), 2009. – 279-282-бб.
32. Айдарбек Қ. Терминологияны стандарттау – терминологиялық жұмыстардың ең бір маңызды бөлігі // Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері / Жауапты С.Құлманов. – Алматы: «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығы», 2009. – 47-52-бб.
33. Айдарбек Қ. Turko-Slavika: қазақ терминологиясындағы тілдік қатынастар // Алтаистика және түркология. №3, 2011. – 27-33-бб.
34. Айдарбек Қ. Когнитивтік терминтанымның негізгі категориялары мен ұғымдары // «Тілтаным», №1, 2013. – 73-78-бб.
35. Әшімбаева Н. Номенклатуралық атаулар жайында // Жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми-практикалық конференциясы. – Алматы. 1991. –61-66-бб.
36. Әшімбаева Н. Сөздіктерде терминдердің аударылып берілуі (су шаруашылығы терминдері бойынша) // «Қазақ тілі – ғылым тілі» атты ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы. 1991. – 111-116-бб.
37. Әшімбаева Н. Қазақ терминологиялық қорын қалыптастырудың және реттеудің лингвоәдістанымдық принциптері // Профессор Ж.А. Манкееваның 60 жылды ғына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2010. – 85-96-бб.
38. Әшімбаева Н. Тілтаным терминдері сөздігін түзу мәселесі жайлы // «Қазіргі қазақ тіл білімі: қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелері» атты халық аралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2012, 136- 143-бб.
39. Әшімбаева Н. Салалық терминдерді ұлттық үлгіде жаңғырту үдерісі // «Ғылымдағы ғұмыр: ана тілі және түркі әлемі» атты Халықаралық ғылымитеориялық конференция материалдары. – Алматы. 2014. – 79-87-бб.
40. Әшімбаева Н. Салалық терминдерді ұлттық үлгіде жаңғырту мәселесі // «Академик Ө.Айтбайұлы және мемлекеттік тіл мәселелері» халықаралық ғылымитеориялық конференция материалдары. – Алматы, 2016. – 99-107-бб.
41. Әшімбаева Н. Стандартталатын терминдерді біріздендіруге қойылатын лингвис тикалық талаптар // «Тілтаным» журналы. – Алматы, 2005. – №3. – 144-147-бб.
42. Әшімбаева Н. Қазақ терминологиялық қоры дереккөздерінің жіктелімдік сипаты // Тілтаным № 3, 2011. – 59-64-бб.
43. Әшімбаева Н., Қордабай Б. Термин қалыптастырудағы аударманың рөлі // Б. Қалиевтың туғанына 80 жыл толуына орай өткізілген «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция мате - риалдары. – Алматы, 2019. – 148-152-бб. 4
4.Шүленбаев Н. Терминологиядағы елтанымдық бірліктер // «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел материалдары. – Алматы, 2012. –78-83-бб.
45.Шүленбаев Н. Салалық терминдерді біріздендіру, қалыптастыру // «Актуальные вопросы филологии и методики преподавания иностранных языков: теория и практика» ІІІ Халықаралық конференциясы. – Алматы, 2017. – 59-66-бб.
46.Шүленбаев Н. Теология терминдері мен атауларын біріздендіру мен рет - теу жайында // « ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ӘЛІПБИ: жалпытүркілік бірегейліктің мызғымас негізі» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2017. – 65-71-бб.
47.Шүленбаев Н. Терминдер синонимділігі және оларды біріздендіру // «Қазіргі заманғы түркітану» атты халықаралық конференция. – Алматы, 2017. – 112- 120-бб.
48.Шүленбаев Н. Сөздерді дұрыс транслитерациялау мен транскрипциялау қажет // «Қазақ ұлттық жазуы: емле, терминтану және ономастика» республикалық дөңгелек үстел материалдары. – Алматы, 2018. – 56-62-бб.
49.Шүленбаев Н. Терминжасам процесіндегі қиындықтар // «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2019. – 93-99-бб.
50.Шүленбаев Н. Кейбір сөздер мен терминдердің қолданысы // « Ұлы дала тұлғалары: академик Р. Сыздық еңбектеріндегі қазақ сөзінің құдыреті» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2019. – 87-93-бб.
51.Шүленбаев Н. Жаңа, кірме терминдер мағынасы // « Ұлы дала тұлғалары: академик Шора Сарыбаев және ұлттық тілтаным тағылымы» атты халықаралық ғылыми теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2020. –84-91-бб.
52.Шүленбаев Н. Терминдерді біріздендіру, реттеу және сөздіктерде беру жайында // Тілтаным, № 1-2. – Алматы, 2011. – 128-133-бб.
53.Шүленбаев Н. Терминжасам және кейбір сөздердің қолданылуы туралы // Тілтаным, №№3-4. – Алматы, 2011. –69-74-бб.
54.Шүленбаев Н. Терминжасам қағидаттары, ерекшеліктері мен қиындықтар // Терминологиялық хабаршы №2 (50). Астана: «Арт Рrint XXI», 2015. –38-45-бб.
55. Жонкешов Б., Үдербаев А. География терминдеріндегі синонимділік құбылысы // Қазақстан ғылымы мен өмірі, халықаралық ғылыми журналы №8/2. 2019. –143-146-бб.
56. Жонкешов Б. География терминдеріндегі кірме сөздер // ХабаршыВестник журналы. №3 2019. – 57-61-бб.
57. Құлманов С. Аудармада грамматикалық құралдарды таңдаудағы құрылымдық және когнитивтік мәселелер // Materiály IX mezinárodní vědecko – prakticka conference «Aktuální vymoženosti vědy – 2013». Díl 11. Filologickě vědy: Praha. Publishing House «Education and Science» s.r.o. –S.58-62.
58. Құлманов С. Аудармадағы сәйкестіктер мен қателіктер түрлері // ҚР ҰҒА Х а - барлары. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы. №5 (291). 2013. –140-145-бб.
59. Құлманов С. Прагматикалық қатынастың аудармадағы көрінісі // Материалы за 9-а международна научна практична конференция, « Новини на научния прогрес», – 2013». Том 6. Филологични науки. Философия. София. «Бял ГРАД - БГ» ООД. –S.61-66.
60. Құлманов С. Мемлекеттік тіл саясаты (нормативтік-құқықтық актілер жинағы) – Государственная языковая политика (сборник нормативно-правовых актов). –Астана: «Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» Р М Қ К, 2014. –912 б.
61. Құлманов С. Ісқағаздарын қалыптастырудағы аударманың рөлі // « Тіл және қоғам». Альманах. №3 (41). 2015. –40-48-бб.
62. Құлманов С. Терминологиялық сөздіктер түзу негіздерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар // Терминологиялық хабаршы. №1 (49). –2015. –24-36-бб.
63. Құлманов С. Терминдерді аударуда туындайтын әркелкіліктер (терминология лық сөздіктер негізінде) // Мәдениетаралық коммуникация мәнмәтініндегі аударманың өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми симпозиум материалдары. Алматы, 16-17 наурыз 2017 ж. / Жауапты ред. - С . С.Құнанбаева. –Алматы: Абылай хан атындағы Қ ХҚжӘТУ, 2017. –147-151-бб.
64. Құлманов С. Заң саласы терминдерінің қолданысындағы кейбір сәйкессіздіктер // «Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми-тәжірибелік негіздері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Астана, 2017. –57-69-бб.
65. Құлманов С. Шет тілінен енген терминдерді транслитерациялау және транскрипциялау мәселесі // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. – Алматы, 2017. – №3 (61). –80-86-бб.
66. Құлманов С. Шеттілдік терминдердің түркі тілдерінде қолданылу ерекшеліктері (қазақ, түрік, әзербайжан, өзбек және башқұрт тілдерінің материалдары негізінде) // «Актуальные проблемы диалектологии языков народов России» Материалы XVIII Всероссейской научной конференции (с международным участием). – Уфа, 2018. – С.187-194.
67. Құлманов С. Салалық сөздіктер жасау тәжірибесінен // Қазақстанның Педаогикалық ғылымдар академиясының «Хабаршысы». №1 (қаңтар-ақпан), 2018. –94-99-бб.
68. Досмаилова А. Н. Ғылыми мәтінде терминологиялық дефиницияның берілу ерекшеліктері. Қазақстанның ғылымы мен өмірі. Халықаралық ғылымикөпшілік журнал. №4(61)201. 2018. –78-84-бб.
69. Досмаилова А. Н. Терминологиялық дефиницияның логикалық-когнитивтік сипаты // « Терминжасам қағидаттары және ұлттық терминология мәселелері» Республикалық ғылыми-теориялық конференция. – Астана, 2018. – 61-68-бб.
70. Досмаилова А. Н. Терминологиялық дефинициялардың түрлері және логикалық құрылымы // ҚазҰПУ Хабаршысы. №1 (67). 2019. –72-79-бб.
71. Ақаев С. Терминнiң танымдық табиғаты. Монография. Алматы, 2000. – 227 б.
72. Ақаев С. «Қазақ ғылымы: кім не, қайда, қашан?». Анықтамалық. Алматы, 2007. – 400 б.
73. Ақаев С. « Жерімінің аты – елімнің хаты». Анықтамалық. Алматы, 2006. – 700 б.
74. Ақаев С. Химия терминдерінің орысша-қазақшасөздігі. Алматы, 2000.
75. Ақаев С. Металлургия және тау-кенісі терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 2000.
76. Ақаев С. Селтану саласының орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 2006.
77. Ақаев С. Ісқағаз саласы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 2000.