бөлімдер

Тіл мәдениеті бөлімі

Тарихы
Тіл мәдениеті – қоғамдық сана мәдениетінің дамуымен тікелей байланысты қарастырылатын тіл білімінің саласы. Жалпыға міндетті білім беру, ағарту ісі жолға қойылып, ғылыми зерттеулердің нәтижелері өндірісті өрістетуге, экономиканы дамытуға қызмет ете бастаған, ел өміріне саяси-әлеуметтік жаңарулар енгізіле бастаған кезде бұқара көпшіліктің қоғамдық қарым-қатынасының сапасын арттыру, сауатты сөйлеу және жазу мәселелерін реттеу, жолға қою қажеттігі аңғарылды. Сол уақытқа дейін бірнеше жазу үлгісіне көшіп үлгерген, кеңестік кеңістікте ортақ тіл саналған орыс тілі үстемдігінің тар шеңберінен аса алмаған қазақ тілі жазу-сызуының, сөйлеу әдебінің біріздендіру заңдылығын анықтау міндеті тұрды.

Осыған орай 40-жылдардан бастап бұқара көпшілікті сауаттандыру, жаңа әліпби қиындықтарын түсіндіру, емле талаптарын анықтау секілді мәселелермен арнайы шұғылданған көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, филология ғылымдарының докторы, профессор Мәулен Балақайұлы Балақаевтың бастамасымен 1971 ж. Тіл білімі институты жанынан Тіл мәдениеті бөлімі ашылды. Аталмыш бөлімнің басқа бөлімдерден сәл кешеуілдеп ашылуына бірнеше жағдай себеп болды. Ең алдымен, жаңа жазу негізінде жаппай сауаттандыру науқаны ел аумағын түгел дерлік қамтыған шақта білім беру, ағарту мекемелерінде, бұқаралық баспасөз беттерінде, ұлттық театр сахнасы мен радио арналарында тіл қолданысының көпшілікке ортақ нормаларын айқындау, әдеби тіл жүйесінің заңдылықтарын анықтау қажеттігі байқалған уақытты күту қажет болды. Екіншіден, аталмыш салада мақсатты түрде жұмыс істейтін мамандар қатарын жасақтау міндеті тұрды.

Тіл мәдениеті саласының өзге салалардан қиындығы әрі артықшылығы – мамандардан тілдің ішкі деңгейлерінің жүйесін білуді, сыртқы қолданыс заңдылықтарын тануды, олардың даму тарихын саралауды, әлеумет өмірі мен тілдік ахуалының жайкүйін жазбай тануды талап ететінінде. Осы жылдарда бөлімнің құрамында қызмет еткен аға буын өкілдері қатарында Р. Сыздық, С. Талжанов, Ө. Айтбаев, Қ. Неталиева, И. Ұйықбаев, Н. Уәли, А. Алдаш, Ұ. Сәлиева, З. Бейсенбаева, Ж. Манкеева, Ғ. Әнес сияқты ғалымдар болды.

Тіл мәдениеті бөлімін 1980-1994 жж. аралығында академик Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық басқарды. Қазақ әдеби тілінің мәдениетін жетілдіру, ауызша және жазбаша сөз қолданысының нормативті сөздіктері мен анықтағыштарын даярлау, сөз зергерлері шығармаларының тілдік ерекшеліктері мен сөздік қуатын айқындау сияқты т.б. мәселелер осы жылдары бөлімде жүргізілген зерттеулер ауқымдылығын көрсетеді. Академик Р. Сыздық қазақ әдеби тілін, оның мәртебесі мен тарихын, Абай тілі, Қадырғали Жалаири мен Ясауидың тілдік мұрасы арқылы негіздеді. 1984 ж. Н. Уәлидің «Сөз мәдениеті» еңбегі жарыққа шықты. Аталған зерттеуде сөзді дұрыс қолдану талабы, оларды ұтымды әрі әсерлі де әсем жұмсай білу сырлары, халқымыздың тілдік қорын жете игеру, норма ұғымы (объективті норма, босаң норма), варианттылық (жарыспалылық) сияқты сөз мәдениетінің көкейкесті мәселелері көтеріліп, сөз сапасын танытатын шеберлік, әдептілік, тазалық, әсерлілік мәселелері арнайы зерттеу нысанына алынды. Осы тұрғыдан автордың сөз мәдениеті деп қалыптастырған атауы сөйлеу үдерісі мен сөз қолданысы әрекетін дәл сипаттап, жаңа деңгейге көтерді. Бұл жылдары бөлім «Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі» (1981-1984 жж.), «Қазақ көркем әдебиет тілінің мәдениеті» (1985-1989 жж.), «Қазақ поэтикалық тілінің сөз мәдениеті» (1990- 1993 жж.) тақырыптары бойынша іргелі зерттеулер жүргізді. Олардың негізінде «Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі» (1983ж.), «Сөз мәдениеті» (1984 ж.), «Көркем текстке лингвистикалық талдау» (1989 ж.), «Қазақ орфографиясындағы қиындықтар» (1988 ж.), «Сөз сазы» (Р.Сыздықова, 1983 ж.) еңбектері жарияланды.

Соңғы зерттеуде сөз мәдениетінің іргелі мәселелерінің бірі ретінде орфоэпиялық нормалар айқындалып, әдеби тілдегі жеке сөздердің, біріккен сөздердің, ритмикалық топтардың дыбысталу нормалары көрсетіліп, орфоэпиялық ережелер түзілді. Сөйтіп, тілдік элементтерді кодификациялау жұмыстары іске асырылып, сөз мәдениеті функционалдық аспектіде қарастырыла бастады. Бөлімді 1994-2008 жж. аралығында филология ғылымдарының докторы, профессор Уәли Нұргелді Мақажанұлы басқарды. Бөлім қызмет­керлері тілдік жүйе және дағды, узус құрылымындағы тілдік элементтер ұйымдасуының нормасы шеңберінен сөз мәдениеті, оның аясындағы сөздік жұмсалым, сөзді ұйымдастыру сапасы, сөз дискурсы мәселелерін зерттеді. Сондай-ақ ел тәуелсіздігіне байланысты қоғамдық санада орныққан өзгерістерге сәйкес қоғамдық қарым-қатынас салалары мен түрлеріндегі сөз сапасының белгілерін анықтап, сөз бірліктерінің жұмсалым өрісі мен қолданыс түрлерін айқындады. Лингвоэкология және сөз тазалығын сақтау, қазіргі қазақ тіліндегі функционалдық стильдердің қалыптасуы мен дамуын саралау, бұқаралық ақпарат құралдарының дискурстық мәселелері, этномәдени бірліктер мен жаңа қолданыстардың тілдік және тарихи сипатын анықтау, олардың жұмсалым ерекшеліктері, фонетика мен фонологияның, графика, орфография және орфоэпияның әдіснамалық-теориялық мәселелері аясында зерттеулер жүргізді.

2008-2011 жж. аралығында бөлімді филология ғылымдарының докторы, профессор Күдеринова Құралай Бимолдақызы басқарды. Бұл жылдары бөлімде филология ғылымдарының докторлары – Р.Сыздық, Н.Уәли, филология ғылымдарының кандидаты Н.Әміржанова қызмет етті. Бөлім қызметкерлері ауызша қарымқатынас тілінің жүйесі мен құрылымын, нормасын, мәдениетін кешенді түрде зерттеді. Ауызша сөз, жазба сөз, сөйленім, айтылым, ауызекі тіл, ауызша ресми тіл, бейресми сөйлеу тілі, сөйлеу тілі, диалогтік сөз, монологтік сөз, кодификацияланған тіл, кодификацияланбаған тіл, дискурс түрлері, контактілі сөз, дистанттілі сөз т.б. іргелі ұғымдардың арақатынасын айқындап, ауызша сөзді таспаға түсіріп жазба сөзге көшірілген ауызша дискурс түрлері (көркем дискурс, публицистикалық дискурс, ғылыми дискурс, іскери дискурстар) мәтіндеріндегі тілдік бірліктер, құралдар, жүйе мен құрылым сипатын екшеді. Сонымен қатар қазіргі қазақ ауызша әдеби тілінің және ауызекі тілінің орфоэпиялық нормаларын айқындап, радио, теледидар, интернет тілін зерттеді.

2008-2015 жж. аралығында бөлімді филология ғылымдарының кандидаты Исаева Жанат Аманжолқызы басқарды. Бұл жылдары бөлім қызметкерлері тіл және сөз стилистикасын лингвокогнитивтік тұрғыда зерттеді. Тіл және сөз стилистикасын коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени, этикалық тұрғыдан қарастырды. Сөздің коммуникативтік сапасын объективті түрде айқындай отырып, мәтінді интерпретациялаудың, тілдік нормаларды кодификациялаудың теориялық негіздерін жасады. Бөлім қызметкерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми зерттеулер сериясы аясында Қазақстан ғылымында, мәдениеті мен білім беру ісінде іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын қалдырған ұлы ғалым және ұстаз, еліміздің тіл ғылымын зерттеушілердің алдыңғы толқын өкілдерінің бірі, аса көрнекті қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың тұлғасын танытуға байланысты өмірдеректік ғұмырнамасынан бастап, ғылыми мұрасын және қазақ ғылымы мен мәдениетін дамытуға сіңірген еңбектерін жанжақты талдай отырып, оның адамдық, азаматтық, ғалымдық және қайраткерлік бейнесіне байланысты ұжымдық монографияны жариялады.

2015 ж. қазіргі кезге дейін бөлімді Әміржанова Назира Серікқызы басқарады. 2015-2020 жж. бөлімде ф.ғ.д., профессор Р.Сыздық, ф.ғ.д., профессор Н.Уәли, ф.ғ.д., профессор Қ. Күдеринова, ф.ғ.д., профессор А.Алдаш, ф.ғ.д., профессор Б.Момынова, PhD докторы Е.Маралбек, магистрлер Г.Рахманова, Ш.Қазақбаева жұмыс істеді.

Бүгіні
2019 жылдың желтоқсан айында Тіл мәдениеті бөлімі академик Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық атындағы Тіл мәдениеті бөлімі болып өзгертілді. Қазіргі кезде Тіл мәдениеті бөлімі Елбасы Н.Назарбаев пен ҚР-ның Президенті Қ.Тоқаевтың тікелей қадағалауымен жүргізіліп келе жатқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған әліпби реформасының сапалы іске асырылуына көп еңбек етіп келе жатқан бөлімдердің бірі.

Жаңа жазудың теориялық-практикалық мәселелеріне нақты зерттеулер жүргізіп, латын графикасына негізделген қазақ жазуының грамматологиялық ерекшелігіне, теориялық-практикалық мәселелеріне байланысты бірнеше монографиялар мен мақалалар және латын әліпбиінің жаңа мүмкіндіктері туралы циклді видеодәрістерді әзірледі. Қазіргі кезде бөлімде 2 ғылым докторы (Н.Уәли, А.Алдаш), 1 ғылым кандидаты (Н.Әміржанова) және ғылыми қызметкер (Ж.Тұрғынбаева) жұмыс істейді.

Бөлім қызметкерлері қазақ және жалпы тіл білімі үшін аса маңызды болып табылатын ауызша және жазбаша сөз мәдениетіне байланысты іргелі және қолданбалы бағытта зерттеулер жүргізіп жүрген беделді ғалымдар. Бөлім қызметкерлері соңғы бес жылда 1 авторлық патент алды, халықаралық рейтингісі жоғары Scopus (Скопус) базасындағы журналдарда 7 мақала, БҒСБК ұсынған журналдарда 25 мақала, конференция, форум, съезд, симпозиум материалдарында 50-ден аса мақалаларды жариялады. Халықаралық және республикалық әртүрлі отырыстарда 100-ден аса баяндама жасады. Теледидар мен радиода сөз сөйлеп, мерзімді және электрондық басылымдарға 100-ден аса мақалаларын жариялап келеді. Сондай-ақ бөлім қызметкерлері бірнеше монографияның және оқулықтардың авторлары. Тіл мәдениеті бөлімі алыс және жақын шетел ғалымдарымен тығыз байланыс орнатып келеді. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Түркия, Қазан, Ресей ғалымдарымен бірлестікте онлайн-семинарлар ұйымдастырып, ғылымитеориялық зерттеу нәтижелерімен, тәжірибелерімен алмасып келеді.

Тіл мәдениеті бөлімінің қызметкерлері Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы, Түркия және т.б. мемлекеттердің ғылыми-зерттеу орталықтарымен және ғалым-мамандармен төмендегідей ба­ғыттарда біріге жұмыс жүргізіп келеді: латын графикасы және жазу мәдениеті; ортақ таңбалық кодификация, емле жүйесі; Ахметтану және оның тың мәселелері; тұлғатану: Ахмет Ясауи, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Х. Досмұхамедов және т.б. Бөлім қызметкерлерінің қазіргі таңда айналысып отырған және алдағы уақытта қолға алатын жұмыстары өзара сабақтас, өзектес болып келеді. Уақыт сұранысына сәйкес жаңа зерттеулер арнасы антропоөзектік парадигма бойынша тілдік тұлға, тілдік орта және тілтұтынушы, дискурс прагматикасы, лингвоэтномәдениеттаным, лингвоэкология, сөзсаптам, сөз мәдениеті т.б. байланысты қарастырылып келеді.

Жаңа уақыттағы мәдениеттер тоғысында, бұқаралық сипатқа ие түрлі ақпарат көздері арқылы толассыз келіп жатқан ақпараттар ағынында, әлемдік тілдер қатарындағы ағылшын, орыс тілдерінің қолданыстық пәрменінің ықпалында қазақ тілінің этномәдени сипаттары мен ұлттық қасиеттерін сақтау, қолданыстық ауқымы мен пәрменділігін арттыру мақсатында тілдік орта тазалығы және күрес жолдарын анықтау сынды мәселелер Тіл мәдениеті бөлімінің ең негізгі жұмыстарының бірі болып қала береді. Сонымен қатар лингвостилистика саласының теориялық ұстанымдарын, зерттеу әдістері мен бағыттарын жаңаша қарастыру, функционалды стильдер парадигмасының өрісін айқындау, тілдік бірліктердің парадигмалық және синтагматикалық арақатынасын бағамдау, көркем мәтіннің тілдік қуатын айқындау сияқты мәселелер, соңғы жылдары қолға алынған латын графикасына көшу мәселесінің ғылыми-теориялық проблемаларын шешу, емле жүйесін әзірлеу сияқты мәселелер де бөлімнің негізгі жұмыстарының бірі.

Қорыта айтқанда, жаһандану үрдісі белең алған жаңа уақыт қоғам алдына, оның ғылымы мен мәдениетіне жаңаша талаптары мен міндеттерін жүктеп отыр. Ақпараттар ағыны тасқынында ана тілінің мәртебесін арттыру, оның тілдік қуаты мен қолданыстық әлеуетін көтеру, мемлекеттік деңгейдегі бірегейлік, ұлттық деңгейдегі ұйымдастырушылық қызметінің өрісін кеңейту жолындағы істер Тіл мәдениеті бөлімі зерттеу жұмысының арқауын құрайды. Өнер алды – қызыл тіл деп ұққан қазақ үшін жүйелі-қисынды, ойлы-орамды, әдепті, әсерлі сөйлеу кісі мәдениетінің басы саналған. Сөз қадірін, қасиетін тобықтай түйінге түйіп, сан ғасырлар қойнауынан аманат еткен бабалар сөзін сақтау, орнымен жұмсау тәртібін түсіндіру, болашақ ұрпаққа жақұттай қалпында жеткізуге мұрындық болу – Тіл мәдениеті бөлімі қызметкерлерінің негізгі міндеті.

Болашағы
Тіл мәдениеті бөлімінің алдағы стратегиялық жоспарында бірнеше келелі мәселелер тұр. Оның бірі – латын графикасына негізделген әліпби мен емле бойынша ортологиялық құралдарды әзірлеу. Латын әліпбиіне көшуге байланысты ортологиялық мәселелер төмендегідей теориялық әрі практикалық мәселелерді қамтиды:
– Академиялық сипаттағы және мектепке арналған әртүрлі орфографиялық сөздіктерді түзу;
– жазу мәдениетін көтеретін ортологиялық құралдарды жасау:
а) әртүрлі орфографиялық анықтағыштың жекелеген түрлері (сөздердің бірге не бөлек жазылуы, жалқы есімдердің жазылуы, кірме сөздердің жазылу тәртібі т.б.),
ә) пунктуациялық анықтағыш.
– тіл және сөз мәдениеті, стилистикаға байланысты теориялық және практикалық зерттеу жасау;
– жаңа жазудың орфографиялық, графикалық нормасын тұрақтандыруда, латын графикасы бойынша көзшалым мен қолдағдыны қалыптастыруда әртүрлі электронды құралды шығару. – қазақ мәтіндерін (сөз, сөз тіркесі, мәнмәтін) тексеретін электронды «Сөзтексер» пилоттық жобасын дамы­­ту және т.б.

Ғылыми зерттеулер
– «Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі мен стилі» атты гранттық зерттеу (2000-2002); – «Қазақ тілінің лексика-фразеологиялық жүйесіндегі жаңа қолданыстар» атты гранттық зерттеу (2003-2005); – «Қазақ жазуының қалыптасу кезеңдері, даму жолдары мен бағыттары» атты гранттық зерттеу (2006-2008); – «Қазақ әдеби тілінің өміршеңдігін күшейтудің лингвистикалық аспектілері» атты гранттық зерттеу (2007-2009); – «Ауызша коммуникация тілінің мәдениеті» атты гранттық зерттеу (2009-2011); – «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» атты бағдарламалықнысаналы зерттеу (2018-2020); – «Қазақ тілі дәстүрлі сөзсаптам үлгілерінің прагматикасы» атты гранттық зерттеу (2020-2022).

Тұлғалар
Мәулен Балақайұлы Балақаев
(07.10.1907-15.11.1995)
1933 ж. Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1934-1937 жж. Ленинград мемлекеттік университетінің аспиранты атанады. 1937-1941 жж. Алматы журналистика институтының кафе - дра меңгерушісі болады. 1941-1942 жж. Шет тілдері институтының директоры болады. 1941 ж. «Қазақ тіліндегі көмекші сөздер» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. 1943-1945 жж. Қазақ ССР Министрлер Советінде кеңесші-референт қызметін атқарады. 1949 ж. 24 қарашада доцент атағын алып, 1951 ж. 29 маусымда «Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің негізгі мәселелері» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғайды. 1952 ж. шілде айында профессорлық атағын алады. М . Балақаевтың көп жылдар бойы ғылымға сіңірген еңбегі мен оқулық жазудағы біліктілігі, 24 жыл бойы тапжыл - май ғылым мен ұстаздықты қатар алып жүргендігі үшін Ғылым академиясының корреспондент мүшелігіне лайық деп саналып, 1958 ж. «Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі» атағы беріледі. 1968 ж. «Қаз ССР-дің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағы, 1986 ж. «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» атты монографиясы үшін Қаз ССР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты атағы беріледі. М . Балақаев уни - верситетте ұстаздық ете жүріп, Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтында 1945-1959 жж., 1975-1987 жж. қызмет етті. Ғалым 150-ден аса ғы лыми еңбектің, оның ішінде 20-ға жуық оқулық пен монографиялардың авторы. Ғалымның жетекшілігімен 33 кандидаттық, 11 докторлық диссертация қорғалды. Сәйділ Омарұлы Талжанов (6.12.1906-10.12.1972). Жазушы, аудармашы, ғалым, филология ғылымының докторы (1972).
Сәйділ Омарұлы Талжанов
1906
Сәйділ Омарұлы Талжанов 1906 жылы Қарағанды облысы Нұра бойындағы Қаракемер деген жердегі (қазіргі Ақмешіт шаруашылық қожалығы) Тоқтамыс аралында дүниеге келген. 1921 ж. Петропавл қаласындағы тоғыз жылдық орыс мектебіне оқуға түсіп, оны 1928 жылы бітіріп шығады. 1928 ж. Ташкенттегі Орта Азия университетінің Шығыс факультетіне оқуға түседі. 1931 жылы осы факультетті бітіреді. 1934 ж. Алматы қаласындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіреді. 1934-1937 жж. Ауыл шаруашылығы институтында оқиды. 1938 ж. Ауыл шаруашылық институтында доцент болып жүргенде Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэма - сын, Бейімбеттің « Майдан» пьесасын қазақшадан орысшаға аударғаны үшін « Халық жауы» атанып, 10 жылға сотталады. Сәйділ Омарұлы 19 жылдай айдауда болады. Елге аман-есен оралғаннан кейін ҚазПИ-де (ҚазҰПУ) кафедра меңгерушісі. 1956-1958 жж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор, 1956-1972 жж. Қаз СС Р Ғылым академиясы Тіл білімі институ - тында қызмет етті. С . Сейфуллин, М . Әуезов, Б . Майлин шығармаларын орыс тіліне, А. С. Пушкин. С . Талжанов, М . Горький, В . Г. Белинский, Ф. М Достоевский сияқты орыс қаламгерлерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық
(17.08.1924-04.07.2020)
филология ғылымда рының докторы, профессор, Түрік Тіл қоғамының корреспондент-мүшесі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының иегері. 1938- 1940 жж. Темір қаласындағы педучилищеде білім алып, 1940-1945 жж. Алға поселкесі мен Темір қаласында мектеп мұғалімі, педучилище оқытушысы болып қызмет еткен. 1944 ж. жедел түрде екі жылдық Ақтөбе Оқытушылар институтын, 1945 ж. Абай атындағы Алматы педагогикалық институтына тү сіп, 1947 ж. үздік бағамен (қызыл дипломмен) бітірген, 1947-1951 жж. осы институттың аспирантурасында оқыған. 1951-1957 жж. Қазақ мемлекеттік оқу-педагогика баспасында (қазіргі «Рауан») редактор, кейін редакция меңгерушісі, 1957 ж. бастап Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтында (қазірде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы) ғылыми қызметкер, Тіл тарихы және диалектология бөлімінің меңгерушісі, ал 1980-1994 жж. Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдан бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 30-ға жуық кітап, 400-ден астам мақала жариялаған академик Рәбиға Сыздық шәкірттері (9 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаты) бүгінде республикамыздың түкпір-түкпірінде ғалымның ұстаздық әрі ғалымдық жо - лын абыроймен сабақтастырды. Р. Сыздық бірнеше мәрте (1961, 1973, 1982) Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1971 ж. «Құрмет Белгісі» орденінің иегері атанды. 1984 ж. Қазақ ССР-інің еңбек сіңір ген ғылым қайраткері құрметті атағы берілді, есімі Қазақ ССР-інің «Құрметті Алтын кітабына» жазылды (1981), Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1995), ҚР Мемлекеттік сыйлықтың (1996) лауреаты атағына ие болды. 1945 ж. «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталды. « Парасат» орденінің (2004) және Иштван Қоңыр Мандоки атындағы медальдің (2019ж), І дәрежелі Барыс орденінің иегері.
Қанапия Неталиева
(24.04.1925)
1949 ж. ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген. 1949 бастап құрметті еңбек демалысқа шыққанша ҚазКСР ғылым академиясының Тіл білімі институтында ғылыми, аға ғылыми қызметкер бо - лып жұмыс істеді. Профессор М . Балақаевтың жетекшілігімен «Қазіргі қазақ тіліндегі қимыл есімдері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1963, 1978, 1988 жж. шыққан « Орфографиялық сөздіктің» құрастырушылардың бірі, 1977 ж. «Орфоэпиялық сөздіктің» авторы. Сөз мәдениеті бойынша отызға жуық мақаланың авторы.
Иманбек Қабышұлы Ұйықбаев
(07.02.1922-24.06.2016)
Павлодар облысы Қашыр ауданында туған. 1952 ж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын үздік бітіріп, 1954 ж. дейін оқытушы болады. 1954-1970 жж. Ы. Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызмет кер бола жүріп, 1954 ж. кандидаттық диссертациясын қорғайды. 1970-1985 жж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті. Лексикография, грамматика, әдістеме, тіл мәдениеті мәсе лелеріне байланысты зерттеу жүргізген.
Уәли Нұргелді Мақажанұлы
(01.07.1945)
1968 ж. С . М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті ма мандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп, ҚазССР ҒА Тіл білімі институтының күндізгі аспирантура бөлімінде оқыды (1968-1972). 1973 ж. бері осы Институтта ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1995-2008), Институт директорының орынбасары (1995-2009) қызметін атқарды. 2009 ж. қазіргі кезге дейін Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері. Ғалымның жетекшілігімен 13 кандидаттық, 2 докторлық диссертация қорғалды. Н. Уәли ҚР Министрлер кабинетінің жанындағы Мемтерминком (1995-1998); « Мемлекеттік ономастика комиссиясының» (2005 ж. қазірге дейін) мүшесі; «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының (1991 жылдан қазірге дейін), ҚР ҰҒА-ның Хабаршы - сы журналының (1996-2009) алқа мүшесі болды. Қазақ тіл білімін дамытуға, жоғары білікті тілші-мамандар даярлау, білім беру ісіне сіңірген еңбегі үшін Н. Уәли «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» (1996); «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен марапатталды (2006), сондай-ақ Халықаралық IN ТАS қоры стипендиясының (1998- 1999), « Ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның» (2008-2010) иегері. 2013 ж. ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.
Алдаш Айманкүл Мырзалықызы
(04.06.1951)
1968-1973 жж. аралығында қазіргі әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті) филология факультетін бітірген және 1973-1976 жж. осы университеттің аспирантурасында оқыды. 1976-1990 жж. – Тіл білімі инсти тутының Тіл мәдениеті бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері болды. 1991 жылдан 2017 ж. дейін – Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының профессоры, Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. 2018 жылдан – Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері. 1992 ж. « Лексические новообразования в совре менном казахском литературном языке» (на материале периодической печати 1976- 1991 гг.). тақырыбында кандидаттық диссертация және 1999 ж. «Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Жетекшісі – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Рәбиға Сыздық. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі ретінде ортологиялық құралдарды жетілдіру, жаңарту, ортологиялық қалыптандыру, ортологиялық кодтау, тілді жаңғырту мен реформалаудың өзекті тұстары, әліпби мен жазудағы өзгерістер қоғамдық сананы жаңғыртудың іргетасы екендігі жөнінде салмақты пікір айтып келеді. Профессор А. Алдаш халықаралық және республикалық ғылыми жобаларға жоба жетекшісі, тең жетекші және орындаушы ретінде қатысуы арқылы да қазақ тілтанымының ағымдағы мәселелері бойынша тұжырымдар қалыптастыруға атсалысады. 8 монографияның, 7 лексикографиялық еңбектің, 12 оқулық пен оқу құралының, 200-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы және бірлескен авторлардың бірі. 7 ғылым кандидатын, 1 PhD доктор дайындаған. « Гуманитарлық білімдерді жаңарту» бағдарламасы бойынша «Сорос қоры» грантының иегері (1997). Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2008). «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды (2020).
Әнес Ғарифолла Қабдолқайырұлы
26.08.1957
Әнес Ғарифолла Қабдолқайырұлы – 26.08.1957 ж. Атырау обл. Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында дүниеге келген. Белгілі тілші ғалым, алаштанушы, филология ғылымдарының докторы. Қазақ мемлекеттік университетінің (Қазіргі ҚазҰУ) Филология факультетін және ҰҒА-ның аспирантурасын бітірген. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі иститутының жетекші ғылыми қызметкері. Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің (Жаңалық ауылындағы) меңгерушісі. 1992 жылдан «Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының» құрылтайшы-президенті. 2013 жылдан «Қазақстан тарихиағарту «Әділет» қоғамының» төрағалығын қоса атқарады. «Құрмет» орденінің иегері (2017). Баспа және полиграфия ісінің қайраткері (куәлік №47), Атырау облысы Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы (2007), Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Құрметті азаматы (2016), Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры және Қорқыт Ата Алтын медалінің иегері (2015). Алаш қайраткерлері мұраларын зерттеуге үлкен үлес қосқан ғалым. 1994 жылдан бері «Арыс» қорында (баспасында) «Жаңа энциклопедия», «Тілтаным» («Мәдени мұра»), «Жаңа сөздік», «Махамбет әлемі», «С.Қондыбай әлемі», «Сыр сүлейлері», «Ноғайлы жырлары», «Атырау ақын-жазушылары», «Зерттеу», «Қазақ ғылымының озық үлгілері», «Тіл білімінің озық үлгілері», «Қазақ тіл білімінің антологиясы», «Өлкетану» және басқа ондаған сериялар бойынша кітаптар Ғ.Әнестің басшылығымен шығарылып келеді. «Алаш. Алашорда» энциклопедиясын құрастырып (2009), «Қазақ» газеті. 2013 жыл» және «Қазақ» газеті. 2014 жыл», «Сарыарқа газеті. 1917 жыл» жинақтарын қазіргі жазу үлгісінде жариялады. Бүгінгі таңда «Арыс» қорында (баспасында) «Алаш – 2017» және Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде «ХХ ғасыр. Үлкен Түркістан трагедиясы» мегажобаларын жүзеге асыруда.

Тіл мәдениеті бөлімінде жұмысістеген ғалымдар
Зәмзәмия Бейсенбайқызы
(12.03.1944)
Бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Ауылдық жердегі мектептің 7-сыныбын бітірген соң, Семей қаласындағы №1 мектеп-интернатына оқуға қабылданады. 1964 жылы мектепті ойдағыдай бітіріп, сол жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі. 1968 жылы институтты бітіріп, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тіл мәдениеті бөліміне жұмысқа орналасады. 1982 жылы ғалым М . Балақаевтың жетекшілігімен «Қазіргі қазақ тіліндегі зат есім тудыратын жұрнақтардың нормалануы» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша қорғап шығады. 1984 жылдан бастап Қазақтың ұлттық мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ұстаздық етеді. 2005 жылы « Сөзжасамды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының докторы, профессор атағына ие болады. Зәмзәмия Бейсенбайқызы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері, Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», « Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Қанабекова Меңгүл Қошпанқызы
(12.11.1956)
1971 ж. Алматы облысы, Андреев ауданы (қазіргі Алакөл ауданы) Фурманов атындағы орта мектебінің сегізін ші сыныбын үздік бітіріп, Панфилов педагогикалық училищесіне оқуға қабылданады. 1975 ж. аталған училищені үздік дипломмен аяқтайды да, сол жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С .М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің) филология факультетіне «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түседі. 1980 ж. аталған оқу орнын үздік дипломмен бітірген соң, сол жылғы қыркүйек айынан 1990 ж. қарашасына дейін ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тіл мәдениеті бөлімінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1990 ж. бастап Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қазақ тіл білімі теориясы мен әдістемесі кафедрасында оқытушылық қызметте жемісті еңбек етті. Университеттің «Үздік оқытушы» атағымен (2001 ж.), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2009 ж.), ҚР Мәдениет министрлігінің «Алғыс хатымен» (2011 ж.), университеттің мерейтойлық «Құрмет белгісі» медалімен (2015 ж.) марапатталып, Білім беру саласындағы ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері» (2009 ж.) төсбелгісінің иегері атанды.
Есенова Қалбике Өмірбайқызы
(31.01.1965)
1980 ж. Қызылорда қаласы Сырдария ауданының №11 орта мектептің сегізінші сыныбын аяқтап, 1984 ж. Қызылорда қаласы М. Мәметова атындағы педагогикалық училищені үздік дипломмен аяқтаған. 1984-1985 жж. Қызылорда қаласы Сырдария ауданындағы « Сәуле» балабақшасында тәрбиеші болып қызмет атқарды. 1985 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы педагогикалық университетінің Филология факультетіне Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1990 ж. оқу орнын үздік дипломмен аяқтап шықты. 1990-1992 жж. Н .В . Гоголь атындағы педагогикалық университетінде жас маман ретінде Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды. 1992 ж. қарашасында ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанындағы аспирантураның күндізгі бөліміне оқуға түсті. 1995 ж. желтоқсанда аспирантураны бітіріп, 2001 ж. ақпанында академик Р. Сыздықтың ғылыми жетекшілігімен « М. Әуезов публицистикасының тілі» атты тақырыпта кандидаттық, 2007 ж. қарашасында «Қазіргі қазақ медиа мәтінінің прагматикасы» тақырыбында докторлық диссер - тациясын қорғады. Қ.Ө. Есеноваға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттану комитетінің Тіл білімі мамандығы бойынша 2006 ж. доцент, 2018 ж. профессор ғылыми атағы берілді. Әр жылдары А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақ тілі мен әдістемесі теориясы кафедрасының доценті (2003-2009), Абылайхан атындағы Қаз ХҚжӘТУ Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі (2009-2012), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Магистратура және докторантура PhD институтының Филология мамандықтары кафедрасының доценті (2012-2014), Абай атындағы ҚазҰПУ Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, Акаде - мик С. Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (2014-2020) қызметін атқарды. Қ.Ө. Есенованың ғылыми жетекшілігімен 5 PhD докторант филология, лингвистика мамандықтары бойынша докторлық диссер - тациясын сәтті қорғап шықты. Қазіргі таңда Академик С. Қирабаев атындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры. Қ.Ө. Есенова Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағының иегері атанып (2016), Білім беру саласының үздігі төсбелгісімен (2018), ҚазҰПУ-дың 90 жылдық мерейтой төсбелгісімен (2018) марапатталды.
Жанат Аманжолқызы Исаева
(23.02.1973)
1990-1994 жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеттің филология факультетінде білім алды. 1995-1996 жж. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағанбет аулындағы (бұрынғы Ленин атындағы совхоз) №29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. 1996-1999 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы аспирантураның күндізгі бөлімінде 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша білім алып, 2000 ж. филология ғылымдарының докторы, профессор Н . М. Уәлидің ғылыми жетекшілігімен «Қазіргі қазақ тіліндегі сегментті бірліктердің фоностилистикасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2000-2002 жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Оқу-әдістемелік бөлімде бас әдіскер қызметімен қатар «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 2002-2007 жж. Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институты Филология факультеті «Қазақ тілі филологиясы» кафедрасында аға оқытушы, 2007-2011 жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақ филологиясы факультеті «Қазіргі қазақ тілі теориясы мен әдістемесі» кафедра - сында доцент міндетін атқарушы қызметімен қатар, әр жылдары аталған факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, ректорат жанындағы Жастар саясаты және тәрбие ісі басқармасының басшысы қызметтерін де қоса атқарды. 2007-2011 жж. 050117 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ҚР БҒМ Ұлттық нострафикация бойынша аккредитациялық орталығы Сарапшылар комиссиясының мүшесі болды. 2011-2014 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2015 жылдан қазірге дейін НұрСұлтан қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ « Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында аға менеджер қызметін атқарып келеді.
Жапақов Серік Игілікұлы
(08.06.1972)
1989 ж. Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы педагогикалық институтына Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1994 ж. осы оқу орнын Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 1994-2000 жж. аралығында осы институттағы Редакциялық-баспа бөлімінің редакторы, Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқарды. 2001 жылдың ақпанында ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тіл мәдениеті бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып қабылданып, 2003 ж. профессор С . К. Сәтенованың жетекшілігімен «Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. 2004-2009 жж. аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, Жастар саясаты бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2009- 2013 жж. Қаз ҰАУ О . Сүлейменов атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты директорының орынбасары қызметін атқарды. 2013-2019 жж. ҚазҰАУ Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті. Қазіргі уақытта Алматы қаласы Білім басқармасының №109 Жалпы білім беретін мектебінің директоры.

Бөлімнің ғылыми қызметкерлері
Әміржанова Назира Серікқызы
(11.02.1981)
1998 ж. Абай атындағы Алматы мем - лекеттік университетінің Филология факультетіне оқуға түсіп, 2002 ж. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік белгімен аяқтады. 2004 ж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Фонетика бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 2006 ж. осы институттың Тіл мәдениеті бөлімінің кіші ғылыми қызметкері бо - лып қызмет атқарды. 2009 ж. ф.ғ.д., профессор Н. Уәлидің жетекшілігімен « Латын әліпбиі негізінде қазақ жазуы графика және орфография (1929-40 жж.)» атты кандидаттық диссертация қорғады. 2011 ж. бері А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінің кіші ғылыми, ғылыми қызметкері қызметін атқарды. 2015 ж. қазіргі кезге дейін Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі.
Тұрғынбаева Жазира
(14.11.1971)
1996-2001 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің « Журналистика» факультетінде білім алған. 1995 ж. қазіргі кезге дейін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қызмет етіп келеді. 1995 ж. аға лаборант, 2000 ж. кіші ғылыми қызметкер, 2021 ж. бері ғылыми қызметкер.
Гүлмина Рахман
(11.11.1989)
2008 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ақтам орта мектебін бітірді. 2008-2012 жылдары аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығын, 2012-2014 жж. аралығында аталған университеттің «6М020500 – Филология» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітірді. 2017 жылдан бастап қазірге дейін ҚР Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Түрлі ғылыми басылымдарда автордың 5 ғылыми мақаласы жарық көрді. Тіл білімінің лексикология, орфография салалары бойынша ізденістер жасап келеді.
Қазақбаева Шағала
(17.07.1994)
2012 жылы Атырау қаласы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебін бітірді. 2008 жылы Атырау қаласында өткен IІІ ха лықаралық байқаудың «Жас ғалым» номинациясы бойынша 2-орын иегері. 2012-2016 жж. аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік бітірді. 2016-2018 жж. аралығында аталған университеттің «6М020500 – Филология» мамандығы бойынша магистратураны тамамдады. 2016 жылдан бастап А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Тіл білімінің аксиология, прагмалингвистика, лексикология, тіл мәдениеті, орфография салалары бойынша ізденістер жасап келеді.

Тіл мәдениеті бөлінімінің жарияланымдары
Негізгі жарияланымдар
1.Балақаев М. Современный казахский язык: Синтаксис словосочетания и про - стого предложения. – Алматы, 1959. – 235 с.
2. Балақаев М. Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері. – Алматы, 1965. – 156 б.
3. Балақаев М. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 1966 (авторлық бірлестік - те). – 210 б.
4. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. – Алматы, 1967.
5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1968 (авторлық бірлестікте).
6. Сыздық Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. – Алматы: Мектеп, 1959. – 224 б.
7. Сыздық Р. Абай өлеңдерiнiң синтаксистiк құрылысы. – Алматы: Ғылым, 1970. – 176 б
8. Сыздық Р. Сөз сазы. – Алматы, 1995. – 118 б.
9. Сыздық Р. Тiлдiк норма және оның қалыптануы. – Астана: Елорда, 2001. – 228-б.
10. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс, 2004. – 616 б.
11. Сыздық Р. Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар. – Алматы: Арыс, 2009. – 270 б.
12. Сыздық Р. Қазақ тiлiнiң анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000. – 526 б.
13. Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы: « Ел-шежіре», 2014.
14. Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы ( ХV-ХІХ ғасырлар): Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы: « Ел-шежіре», 2014.
15. Сыздық Р. Сөздер сөйлейді (сөздердің қолданылу тарихынан). Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы: « Ел-шежіре», 2014.
16. Сыздық Р. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Ел-шежіре», 2014.
17. Сыздық Р. Сөз құдіреті. Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы: « Ел-шежіре», 2014.
18. Сыздық Р. Ясауи « Хикметтерінің тілі». Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы: « Ел-шежіре», 2014.
19. Сыздық Р. Ауызша дамыған қазақ әдеби тілі. – Алматы: ДайкПресс, 2014. – 242 бет.
20. Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері. – Алматы, 1961 (авторлардың бірі).
21. Неталиева Қ. Имена действия в современном казахском языке. – Алматы, 1963.
22. Неталиева Қ. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. – Алматы, 1967 (авторлардың бірі).
23. Неталиева Қ. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. – Алматы, 1977.
24. Ұйықбаев И. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері. – Алматы, 1958.
25. Ұйықбаев И. Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері. –Алматы, 1969.
26. Ұйықбаев И. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз варианттылық проблемасы. –Алматы, 1976. Ұйықбаев И. Синтаксисті оқытқанда орфографияны үйрету жөнінде. – Алматы, 1963.
27. Уәли Н. Сөз мәдениеті. – Алматы,1984. – 120 б.
28. Уәли Н. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. – Алматы. –1988. – 145 б. (А.Алдашевамен бірге).
29. Уәли Н. Фразеология және тілдік норма. – Алматы, 1998. – 126 б.
30. Уәли Н. Бұрынғыдан қалған сөз (лингвокогнитивтік, этномәдени зерттеу). – Алматы, 2012. – 89 б.
31. Уәли Н. Графика. Орфография. Орфоэпия. Монография. – Алматы, 2018. – 344 б.
32. Уәли Н. Қазақ сөз м əдениетінің теориялық негіздері. Монография. – Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2021. – 424 бет.
33. Уәли Н. Қазақтың дәстүрлі сөзсаптамы (тілтанымдық үзіктер). – Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2021. – 138 б.
34. Уәли Н. Жазу мәдениеті: тағылым, тәжірибе. –– Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2021. – 189 б.
35. Бейсенбайқызы З. Сөз мәдениетінің негіздері. – Алматы, 2000.
36. Бейсенбайқызы З. Стилистика және тіл мәдениеті. Оқулық. (авторлық бірле - стікте). – Алматы, 2017.
37. Бейсенбайқызы З. Оқытудың педагогикалық технологиялары. – Алматы, 2015.
38. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. (авторлық бірлестікте). – Алматы, 2014.
39. Бейсенбайқызы З. Модульдік оқыту технологиясы: мәні мен маңызы. – Алматы, 2021.
40. Алдаш А. Әдеби тілдің ауызша түрі / Р. Сыздықова, Н . Уәлиев, Қ. Неталиева, З . Бейсембаева. – Алматы: Ғылым, 1987. – 198 б.
41. Алдаш А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар / Н. Уәлиев. – Алматы: Ғылым, 1988. – 113 б.
42. Алдаш А. Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар / Р. Сыздықова, Ш. Сарыбаев, Н . Уәлиев. – Алматы: Ғылым, 1985. – 135 б.
43. Алдаш А. Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар / Р. Сыздықова, Ш. Сарыбаев, Н . Уәлиев. – толықтырылған 2-басылымы. – Алматы: Ғылым, 1990. – 135 б.
44. Алдаш А. Жаңа атаулар / Ш. Сарыбаев, Н. Уәлиев. – толықтырылған 3-басылымы. – Алматы: Ғылым, 1992. – 128 б.
45. Алдаш А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер: монография. – Алматы: Арыс, 1998. – 215 б.
46. Алдаш А. Аударматану (лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер): монография. – толықтырылған 2-басылымы. – Алматы: Арда, 2006. – 248 б.
47. Алдаш А. Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы / Э.Р. Тенишев және басқалар. Қазақша нұсқасын жасаған А. Алдашева. – Астана, 2009. – 320 б.
48. Алдаш А. Түркі тілдері: хрестоматиялық оқулық / Р. Авакова, Э. Д. Сүлейменова. – Түркістан: Х ҚТУ баспасы, 2004. – 382 б.
49. Алдаш А. Сөз мәдениеті: жаңа қолданыстар негізінде: монография. – Алматы: « Сардар» баспа үйі, 2015. – 320 б.
50. Алдаш А. Қазақ ортологиясы / монография. – Алматы, Қазақ университеті, 2021. – 296 б.
51. Алдаш А. Ресми iс қағаздары: Мемлекеттік қызметкерлерге арналған анықтамалық / З. Ахметжанова, Қ. Қадашева, Э. Сүлейменова. – Алматы: Сөздiк-словарь, 2000. – 216 с.
52. Алдаш А. Қазақ тілі. Ресми қарым-қатынас, іс қағаздар тілі. Мемлекеттік қызметшілер мен студенттерге арналған оқу құралы / З. Ахметжанова, Қ. Қадашева. Э. Сүлейменова. // ҚР МАҚКМ. – Алматы: Рауан, 2000. – 176 б.
53. Алдаш А. Central Asian News Broadcasts. Kazakh Language: Modul № 1-3. – Washington, 2000-2018. – На каз. и англ. языках. – [Электронный ресурс]. Режим доступа: http://www. cenasianet. org / Lekic M., Akanova D., Kadasheva K., Suleimenova E.
54. Алдаш А. Ресми iскери қазақ тiлi. Оқулық кешенi: 1-шi, 2-ші, 3-шi деңгей. Офици - ально-деловой казахский язык: Первый – третий уровень. / Д. Ақанова, З. Ахметжанова, Қ. Қадашева, Э. Сүлейменова – Алматы: Арман-ПВ, 2010. – 2-ші бас. – 408 с.
55. Алдаш А. Іскери хаттар – Business Correspondence: оқу құралы / Г. Бүркітбаева. – Алматы: «ИП Волкова В.А.», 2011. – 244 б.
56. Қанабекова М. Қазіргі қазақ көркем шығармаларындағы тарихи стилизация проблемасы //Монография. –Астана: Елорда, 2002 ж. -10,2 б.т.
57. Қанабекова М. Қазақ тілінің стилистикасы (дәрістер жинағы): Оқу құралы. – Алматы, 2004.- 6,0 б.т.
58. Қанабекова М. Тіл мәдениеті // Оқу құралы. –Алматы: Prints, 2005. (авт. бірл.). -6,74 б.т.
59. Қанабекова М. Қазақ тілі стилистикасының негіздері // Оқу құралы. – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2013. -16,13 б.т.
60. Қанабекова М. Cтилистика және сөз мәдениеті // Оқу құралы. – Алматы: Қыздар университеті, 2015. -11,6 б.т.
61. Қанабекова М. Cтилистика және тіл мәдениеті // Оқулық. – Алматы: Қыздар университеті, 2017 (З.Бейсембаева) -18,8 б.т.
62. Күдеринова Қ. Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы. – Алматы, 2005.
63. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының тарихы мен теориясы. – Алматы: Елтану, 2014.
64. Күдеринова Қ. Түркі тілдерінің әліпби және емле тарихы. – Алматы, 2016.
65. Күдеринова Қ. Бірге ме, бөлек пе? – Алматы, 2017.
66. Есенова Қ. М.Әуезов публицистикасының тіл өрнектері. – Алматы, 2005.
67. Есенова Қ. Қазіргі қазақ медиа мәтінінің прагматикасы. – Алматы, 2007.
68. Есенова Қ. Лингвосаясаттану: саяси дискурстың прагматикасы. – Алматы, 2017.
69. Есенова Қ. Pragmalinguistic studies in linguistics. – Франция, 2017.
70. Есенова Қ. Медиалингвистика: мерзімді баспасөз тілін зерттеудің прагматикалық аспектісі. – Алматы, 2015.
71. Есенова Қ. Лингвоаксиология (баспасөз материалдары негізінде). – Алматы, 2020. (авторлық бірлестікте).
72. Исаева Ж. Сөз мәдениеті. Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманит. бағытындағы 10-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. – Өңд. 3-бас. – Алматы: Мектеп, 2014. – 72 б.
73. Жапақов С. Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері. Монография. «Айтұмар» баспасы, 2019 ж. 164-б.
74. Әміржанова Н. Қазақстандағы латын жазуының тарихи тағылымы. – Алматы, 2012. – 130 б.