Академик РӘБИҒА СӘТІҒАЛИҚЫЗЫ СЫЗДЫҚТЫҢ
туғанына 100 жыл толуына арналған «ЖАҺАНДАНУ ӘЛЕМІНДЕГІ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ: ТҮРКІТАНУ. ЛИНГВИСТИКА. ФИЛОЛОГИЯ» тақырыбында халықаралық конгресс
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, ІІІ және І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, Türk Dil Kurumu мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, аса көрнекті түркітанушы-лингвист академик Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықтың туғанына 100 жыл толуына арналған Халықаралық конгресс жұмысында ғалымның ғылыми мұрасынан бастау алатын қазақ тіл біліміндегі, филология мен түркітанудағы жаңа ғылыми парадигмалар талқыланатын болады.
Халықаралық конгресс жұмысына қоғам қайраткерлері, қазақ тілтанымы, түркітану, филология, лингвистика бойынша отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысады.
Конгресс жұмысының негізгі бағыттары:
1. Академик Рәбиға Сыздықтың ғылыми мұрасы: синхронды және диахронды аспектілердегі тіл білімі және түркітану.
2. Ахметтану және Алаштанудың өзекті мәселелері.
3. Абайтану ғылымының қазіргі көкжиегі.
4. Жазу тарихы және қазақ ортологиясының даму динамикасы.
5. Сөз мәдениеті және стилистика салаларының бүгіні мен болашағы.
6. Ауызша және жазба әдеби тілдің зерттелуі.
7. Қазақ лексикологиясы мен лексикографиясы: тарихы, проблемалары мен жаңа ізденістер.
8. Антропоөзектік парадигмадағы лингвистикалық зерттеулер: корпустық лингвистика, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, жасанды интеллект.
9. Білім беру жүйесіндегі қазақ тілі: оқу мәтіндері мен оқулық мәселелері. Тілді меңгертудің инновациялық технологиялары.
10. Филологиялық білімдер мен ізденістер.
11. Жаһандану кезеңіндегі түркі тілдері: лингво-филологиялық аспект.
12. Түркітанудың дамуы: нәтижелер мен жаңа бағыттар.
Ақпараттық хат
ЖАҺАНДАНУ ӘЛЕМІНДЕГІ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ: ТҮРКІТАНУ · ЛИНГВИСТИКА · ФИЛОЛОГИЯ
Өтетін уақыты: 18−19 қазан, 2024 жыл.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, "Қазақстан" қонақүйі, "Алтын емел" конференц-залы, Достық көшесі, 52Рәбиға Сәтіғалиқызы (Ғалиқызы) Сыздық— Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, ІІІ және І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, Türk Dil Kurumu мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, аса көрнекті түркітанушы-лингвист. Академик Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықтың тіл тарихы, жазба ескерткіштердің тілі, Абайдың сөз өрнегі мен Алаш зиялыларының ғылыми ізденістері, ортология және әдеби тіл, сөз сазы, сөз мәдениеті, стилистика, лексикология, лексикография бойынша зерттеулері қазіргі қазақ лингвистикасы мен түркітануды жаңа белеске көтерді. Конгресс жұмысында академик Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықтың ғылыми мұрасынан бастау алатын қазақ тіл біліміндегі, филология мен түркітанудағы жаңа ғылыми парадигмалар талқыланатын болады. Халықаралық конгресс жұмысына қоғам қайраткерлері, қазақ тілтанымы, түркітану, филология, лингвистика бойынша отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысады.
Конгресс жұмысының негізгі бағыттары:
12. Түркітанудың дамуы: нәтижелер мен жаңа бағыттар.
Конгресс жұмысына қатысу шарттары.
Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті
Мақаланы рәсімдеудің техникалық талаптары
Конгресс жұмысына қатысу Өтінімінің үлгісі
Автор: Қасым Аманжолов
1946.
СӨЗ-ЖҰЛДЫЗ АСПАНЫНЫҢ ҒАРЫШКЕРІ
Рәбиға СыздыққаКәкімбек Салықов
15.10.2004 ж.
Астана
* * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * *
А. Алдашева
Филология ғылымдарының докторы,профессор
СЕКЦИЯЛЫҚ МӘЖІЛІС
Күні: 18 қазан, 2024 жыл«Тасқа қашап жазған жазба-ғылыми жорық»
(Таңбалы шатқалына саяхат)
Күні: 19 қазан, 2024 жыл