Сайт находится в стадии разработки

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

Анонсы

2017-10-24

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ПЕРНЕТАҚТАСЫ

Назарларыңызға Тіл білімі институтының латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің, яғни  Әліпби жөніндегі комиссияға ұсынылған «тамыз жобасы» пернетақтасын ұсынамыз. Пернетақтаны Windows жүйесіндегі компьютері бар әр адам бірден жүктеп, еш қиындықсыз оңай орната алады.


 

Пернетақта

Пернетақтаның артық тұстары:

  • Классикалық qwerty пернетақта мен қазақша латын таңбаларының үйлесімі;
  • Бүкіл әріптер үш қатарда орын тапқан;
  • Сандар қатарына сандар орнатылған (арнайы сандар секциясы жоқ құралдар үшін өте тиімді шешім);
  • Пернетақтада ₸ (теңге) символын теру мүмкіндігі қарастырылған;
  • Бұдан басқа ‘, @, %, _, =, ~, ‰, §, ©, /, *, <, >, , жиі қолданыстағы таңбаларды оңай теру мүмкіндігі бар.

Пернетақтаны компьютеріңізге орнату үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Файлды мына сілтемеден жүктеңіз;
  2. Жүктелген Qqwerty.zip файлын ашыңыз;
  3. Qqwerty папкасын ашыңыз;
  4. setup қосымшасын басыңыз;
  5. Компьютеріңізге өзгерістер енгізуге рұқсат беріңіз;
  6. Қазақша латын пернетақтаңыз дайын!

Пернетақта әзірлемешісі: Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі – Қуатбек Дүйсенов.

 

https://drive.google.com/open?id=0By34Z8LrJ1BnQ3N6WWx1T1JFekk 

 

 

Басқа тараулары