МЕДИА ҚЫЗМЕТІ

ТЕЛЕСҰХБАТ
Манкеева Жамал
Айтқалиқызы


А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор
Ж.А. Манкееваның "Сарасөз" бағдарламасында қоғамдағы сөз мәдениетінің күйі және қазақ тілінің мемлекеттік қызметін жетілдіре түсу туралы сұхбаты.

Дана Пашан


Латын әліпбіне өтудің артықшылықтары, өту процесстері туралы сөз болған бағдарлама.
Тіл ғұмыр бағдарламасы 7-бөлім. (Мир телеарнасы)



Алматы облыстық «Жетісу» теларнасы «Болмыс» ток-шоуы 2018 жыл 14 наурыз. Бағдарламаға спикер ретінде қатыстым.
Қазақ тілінде диалект бар ма, жоқ па деген мәселе қозғалды. Көрермендер сала мамандарына сұрақтарын қойып, жауап алды.




«Латын әліпбиі кімге керек? // 2018 жыл 31 қазан. Қаскелен теарнасына сұхбат бердім. //
Қарасай ауданының халқына латын әліпбиіне көшу бойынша түсіндіру, талқылау жұмыстары жүргізілді. Емле-ереже таныстырылды.





Костанайские языковеды осваивают новые правила правописания на латинице.
18.04.2019 Қостанай Қазақстан телеарнасына сұхбат (орысша) бердім.
Латын әліпбиінде таңбалаудың емле-ережесі таныстырылып, оның артықшылықтары туралы сөз болды.




Латын әліпбиіне көшу негіздері пысықталды. 18 сәуір 2019 Қостанай Қазақстан телеарнасына сұхбат (қазақша) бердім
Латын әліпбиінде таңбалаудың емле-ережесі таныстырылып, оның артықшылықтары туралы сөз болды.


Анар Фазылжан

Бағдарлама Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжан турасында

«Qazaqstan Qogam / Қазақстан Қоғам»


Әрлен Сейтбатқал
Ақтөбе қаласында 8 қыркүйекте Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Тіл – халық қазынасы» атты кездесу өткен болатын. Бұл кездесуге Институт атынан Грамматика бөлімінің ғылыми қызметкері Т.Рамазанов пен Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Ә.Сейтбатқал қатысқан болатын. Кездесу барысында Ә.Сейтбатқал Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы мен оның бүгінгі зерттелуі жайлы баяндама жасайды. Сондай-ақ, жас ғалым А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Институтта өткізілген іс-шаралар мен зерттеулер жайында ақпар береді.


Бағдан Момынова
Профессор Бағдан Момынова жазба мәдениеттің қоғамдағы маңыздылығы, латын әліпбиіне көшу мәселесін қозғап, қазақ жазуының тарихы, ХХ ғасырдағы аударма, Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұралары жайлы баяндайды.




Оралхан Бөкейұлы, Марат Қабанбаевтың еңбектеріне филологиялық талдау. Латыннегізді қазақ әліпбиіне көшуге байланысты жұмыстар. Жазба мәдениеттің коммуникативтік сипаты. Аталмыш мәселелер қарастырылады.

Назира Әміржанова
Дәрістің аты: Латынәліпбилі қазақ жазуы: орфографиялық нормаларды қалыптастырудағы қиындықтар
Аннотация: Қазіргі латын тілі. Емле ережелері. Емле ережелері қалай жасалады? Деген сұрақтарға жауап беріледі.




Латын қаріпі. Әліпбиді жасауда ең алдымен оның балаға көзшалым және қолшалымға оңтайлы болуын ойластырғанымыз жөн. Әліпбиді ересек адамдар үшін емес, 6-7 жастағы баланың қабілеті мен болашағын ойлай отырып жасағанымыз абзал. Егер көзшалым мен қолшалымға оңтайлы болса, бұл керемет жазу болар еді.

Айман Алдаш
Дәрістің аты: Жаңа әліпби негізінде ұлттық жазудың жаңғыруы. Жаңа әліпби және кірме сөздер емлесінің кейбір мәселелері

V (B) B әрпі- латыннегізді жаңа әліпбидегі жетінші әріп. Соңғы онжылдықта құрамында V әрпі бар сөздердің бейімделуі. Жазу таңбалары. Бөлек жазу, дефиспен жазу және бірге жазу секілді мәселелер қозғалады.