Сайт находится в стадии разработки

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

Маңызды

2018-03-29

Талдықорғанда латын әліпбиіне көшу жолдары пысықталды

Талдықорғанда латын әліпбиіне көшу жолдары пысықталып, алғашқы кезеңде іске асырылатын шаралар таныстырылды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының басшылары тіл мамандарымен кездесіп, әліпбиді енгізудегі ғылыми және ұйымдастырушылық негіздерін түсіндірді. Кезең-кезеңмен атқарылатын реформа байыппен, салмақтап жүзеге асырылмақ. Алдымен бекітілген әліпбиді халық жеңіл, жылдам әрі сауатты меңгеру үшін ғылыми-тәжірибелік әдістемелер дайындалады. Сондықтан, оқу орындарындағы тіл мамандарының зеректігі және белсенділігі қажет. 

Ерден Қажыбек, А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры:

- Алдымызда тұрған мақсат өте қарапайым. Біздің тілдік реформамыз, бүкіл жаңалықтарымыз кез келген адамға қолайсыздық тудырмауы керек. Тек қана қолайлылық. Тек қана ыңғайлылық. Тек қана жақсы жағдайды тудыруы керек.   Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ



 http://kaztrk.kz/news/latyn-karpi/taldyqorganda-latyn-alipbiine-koshu-zholdary-pysyqtaldy-110875


 

Басқа тараулары