KZ RU
 
Секциялық мәжіліс спикерлері мен баяндама тақырыптары қараша айында жарияланады. Мақала қабылдаудың соңғы күні – 25 қараша.
Секциялық мәжіліс спикерлері мен баяндама тақырыптары қараша айында жарияланады. Мақала қабылдаудың соңғы күні – 25 қараша.
Секциялық мәжіліс спикерлері мен баяндама тақырыптары қараша айында жарияланады. Мақала қабылдаудың соңғы күні – 25 қараша.
Секциялық мәжіліс спикерлері мен баяндама тақырыптары қараша айында жарияланады. Мақала қабылдаудың соңғы күні – 25 қараша.
Секциялық мәжіліс спикерлері мен баяндама тақырыптары қараша айында жарияланады. Мақала қабылдаудың соңғы күні – 25 қараша.
Академик ӘБДУӘЛИ ТУҒАНБАЙҰЛЫ ҚАЙДАРДЫҢ туғанына 100 жыл толуына арналған «МӘДЕНИЕТ – ӨРКЕНИЕТ – ЖАҺАНИЯТ КОНТЕКСІНДЕГІ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ: ТІЛ, ЭТНОС, ҚОҒАМ» тақырыбында халықаралық конгресс
Конгресс туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың иегері, Түркияның «Türk Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының құрметті мүшесі, Башқұртстан Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті президенті, Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымының докторы, профессор, аса көрнекті түркітанушы-лингвист академик Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың туғанына 100 жыл толуына арналған Халықаралық конгресс жұмысында ғалымның ғылыми мұрасынан бастау алатын қазақ тіл біліміндегі тіл білімі мен түркітанудағы жаңа ғылыми парадигмалар талқыланатын болады.

Халықаралық конгресс жұмысына қоғам қайраткерлері, қазақ тілтанымы, түркітану, филология, лингвистика бойынша отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Конгресс жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Академик Әбдуәли Қайдардың ғылыми мұрасы.
  2. Синхронды және диахронды аспектілердегі тіл білімі және түркітану.
  3. Қазақ тілі этимологиясының зерттелуі және имитатив теориясы.
  4. Қазақ лексикологиясы мен лексикографиясы: тарихы, проблемалары мен жаңа ізденістер.
  5. Тілдік-тарихи және этнотанымдық ізденістер.
  6. Антропоөзектік парадигмадағы лингвистикалық зерттеулер: этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика, корпустық лингвистика, психолингвистика.
  7. Терминологияның өзекті мәселелері: нәтижелер мен жаңаша көзқарастар.
  8. Білім беру жүйесіндегі тіл білімі: оқу мәтіндері мен оқулық мәселелері.
  9. Филологиялық білімдер мен ізденістер.
  10. Жаһандану кезеңіндегі түркі тілдері: лингво-филологиялық аспект.

Ақпараттық хат


Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық Түркі академиясы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы академик ӘБДУӘЛИ ТУҒАНБАЙҰЛЫ ҚАЙДАРДЫҢ туғанына 100 жыл толуына арналған Халықаралық конгресс жұмысына қатысуға шақырады.

«МӘДЕНИЕТ – ӨРКЕНИЕТ – ЖАҺАНИЯТ КОНТЕКСІНДЕГІ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ: ТІЛ, ЭТНОС, ҚОҒАМ»


Күні: 10-11 желтоқсан, 2024 жыл.
Өтетін уақыты: 09:00
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алматы қаласы, Әл-Фараби кітапханасы (ҚазҰУ), Әл-Фараби даңғылы 71, Корпус 7.
Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың иегері, Түркияның «Türk Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының құрметті (академик) мүшесі, Башқұртстан Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті президенті, Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымының докторы, профессор, аса көрнекті түркітанушы-лингвист. Академик Әбдуәли Қайдардың қазақ тіл білімі және түркітануға қосқан үлесі, салған өзіндік өрнегі: лексикология, тіл тарихы және этнология, диалектология, этнолингвистика, тіл құрылысы, түркітану және алтаистика, ғылым тарихы,тіл саясаты т.б. лингвистика салаларынан және оларға тікелей қатысты сөзтану, этимология, ономастика, терминология, семасиология, фразеология, т.б. тараулардан, олардан туындайтын толып жатқан проблемалық тақырыптардан айқын көрінеді.

Конгресс жұмысында академик Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың ғылыми мұрасынан бастау алатын қазақ тіл біліміндегі, филология мен түркітанудағы жаңа ғылыми парадигмалар талқыланатын болады. Халықаралық конгресс жұмысына қоғам қайраткерлері, қазақ тілтанымы, түркітану, филология, лингвистика бойынша отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Конгресс жұмысының негізгі бағыттары:


  1. Академик Әбдуәли Қайдардың ғылыми мұрасы.
  2. Синхронды және диахронды аспектілердегі тіл білімі және түркітану.
  3. Қазақ тілі этимологиясының зерттелуі және имитатив теориясы.
  4. Қазақ лексикологиясы мен лексикографиясы: тарихы, проблемалары мен жаңа ізденістер.
  5. Тілдік-тарихи және этнотанымдық ізденістер.
  6. Антропоөзектік парадигмадағы лингвистикалық зерттеулер: этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика, корпустық лингвистика, психолингвистика, этнология, этнография, лингвоэтнология, фольклористика, герменевтика, философия, лингвофилософия, лингвотехнология, т.б.
  7. Терминологияның өзекті мәселелері: нәтижелер мен ұлттық терминжүйелердің даму динамикасы.
  8. Білім беру жүйесіндегі тіл білімі: оқу мәтіндері мен оқулық мәселелері.
  9. Филологиялық білімдер мен ізденістер.
  10. Жаһандану кезеңіндегі түркі тілдері: лингво-филологиялық аспект.
Конгресс жұмысына қатысу шарттары.
Жұмыс тілдері: қазақ тілі, түркі тілдері, ағылшын тілі, орыс тілі.
Формат: оффлайн / онлайн.
Конгресс жұмысына қатысу үшін 2024 жылғы 25 қарашаға дейін төменде көрсетілген сілтемелерге тіркелу және баяндаманың мәтінін жіберу қажет.
Тіркелген файлға автордың (бірінші автордың) аты-жөні көрсетіледі. Мысалы, «А.Тілепов. Баяндама.doc».
Конгресс қорытындысы бойынша ғылыми мақалалардың жинағы жарық көреді.
Қатысушыларға сертификат беріледі, сертификат пен Конгресс жинағы электронды форматта жіберіледі.
Іссапар мен орналасу шығыны қатысушы тарапынан төленеді.

Байланыс телефоны:
+7 747 417 69 10 Эльмира elmira_abdigali@mail.ru
+7 707 557 54 75 Ардана ardana.nustaeva@bk.ru

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті

Мақаланы рәсімдеудің техникалық талаптары


  • Мақала электрондық форматта (.doc, .docx, .rtf форматтарында) ұсынылады;
  • Қаріп кеглі – 12 (аңдатпа, түйін сөздер, әдебиет - 10, кестелердің мәтіні – 9-11), қаріп – Times New Roman, туралау – мәтіннің ені бойынша, интервал – бірыңғай, абзац шегінісі – 1 см, шеттері: жоғары және төменгі – 2 см, оң және сол жақ – 2 см;
  • Сурет, кесте, сызба, диаграммалар және т.б. нөмірленуі мен атауы көрсетіле отырып, тікелей мәтінде ұсынылады (мысалы, 1-сурет – сурет атауы);
  • Алғашқы жол – ҒТАМР нөмірі;
  • Мақала атауы (тақырып 5-7 сөзден тұрады);
  • Мақала тақырыбы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде ұсынылуы керек;
  • Мақала тақырыбы қою, кіші әріптермен, жол ортасында беріледі;
  • Мақала авторы (авторлар) – аты-жөні, жұмыс орны (ескерту: ресми мекеменің толық атауы көрсетіледі), мемлекет, қала атауы (осы ретте сақталу тиіс) жазылады;
  • Егер бірнеше автор бір мекемеден, бір жоғары оқу орнынан болса, онда нөмірлеу керек емес, тек әртүрлі мекемеден, ЖОО-дан болған жағдайда ғана нөмір қойылады;
  • Қала, мемлекет атаулары қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жазылады. Электрондық пошта көрсетіледі.
  • Авторлар туралы ақпарат кіші әріптермен, жол ортасына беріледі.
  • Төменде ORCID ID гиперсілтемесі көрсетіледі (тіркелу үшін нұсқаулық – тіркелген файлдарда https://orcid.org/); Андатпа қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жазылады. Көлемі 160 сөз - 300 сөзден аспайды. шрифт 10 болуы тиіс;
  • Түйін сөз бен сөз тіркесі саны – 5-6, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде;
  • Әдебиет тізімі мәтінде берілу ретімен жасалады.
  • Мақала көлемі 4 беттен кем болмауы керек.
  • Мақала көлеміне шектеу жоқ.

Конгресс жұмысына қатысу Өтінімінің үлгісі


  1. Тегі, есімі, әкесінің тегі (толық)
  2. Жұмыс орнының толық атауы
  3. Лауазымы, ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі
  4. Ел, қала
  5. Байланыс телефоны (қаланың коды көрсетіледі)
  6. E-mail
  7. Бағыты /секция (толық жазу керек)
  8. Баяндама тақырыбы
  9. Баяндама формасы (Оффлайн /онлайн)
Ескерту:
Шақыру қажет болған жағдайда байланыс телефоны, мекеменің немесе ЖОО басшысының толық аты-жөні, лауазымы, ғылыми атағы мен дәрежесі толық көрсетілуі керек. Өтінім файлы атауының үлгісі: «Автордың фамилиясы-Өтінім.doc» (мысалы, «Тілепов-Өтінім.doc.»).
Өтінімдер 2024 жылғы 25 қарашаға дейін Ұйымдастыру комитетіне – төменде көрсетілген сілтемелердің біріне жіберілуі керек.

elmira_abdigali@mail.ru

ardana.nustaeva@bk.ru

Кітаптар сөресі

ЛЕПТІ ЛЕБІЗДЕР:

  • Ә.Әбішев

    Қазақстанның халық жазушы
    «Біз үшін тіліміздің мемлекеттік мәртебесін заңдастырып қою – аз. Оны академик Ә.Қайдаров, С.Елубаев құсап қолдау, қажет болса, қорғау керек».
  • Т.Кәкішев

    Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері
    «Мен экстермизмге шақырып отырған жоқпын, өзіміздің жоғалтқанымызды ашық айтайық, күмілжімейік деп отырмын. Бүкіл Қазақстанда академик Ә.Қайдаровтай табандылық көрсетейік деп отырмын».
  • Р.Бердібаев

    Әдебиеттанушы ғалым, фольклор зерттеушісі, сыншы
    «Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы таласқа түсіп, таразы басы «қостілділік» дегенге тіреліп тұрған кезде: «Жоқ, олай емес, зәбір көрген қазақ тілінің мәртебесін көтерудің бірден-бір жолы оның бір өзіне ғана мемлекеттік тіл дәрежесін беру» деп табандылық көрсеткен, сөйтіп, жұртшылық пікірін бұруға себепкер болған академик Ә.Қайдаровтың байсалды да берік байламының мәнін дұшпаны ғана кемітер...»
  • Ж.Түймебаев

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
    университетінің ректоры
    «Үлкен ғылымды үлкен ғалымдардың жасайтындығы белгілі. Қазіргі қазақ тіл білімінде өз еңбектерінің сандық көмегі мен сапалық құндылығы тұрғысынан көш басында келе жатқан біртуар тұлғалар бар. Солардың бірі де бірегейі – академик Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар. 500-ге таяу еңбек жазған ғалымның зерттеулері арасынан кездейсоқ жазылған, сапасы төмен шығармаларды таба алмайсыз».
Жырға қосып Әз атыңды ...

Өмірзақ Айтбайұлы

Филология ғылымдарыың докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі.

Талдыбұлақтан түлеп ұшқан тұлға

Аулына келді бүгін академик
Талай жыл ғылым үшін бейнет шегіп,
Туған жер топырағынан қуат алып
Барады сүйек балқып, денесі еріп.

Толқымаса болмайды, толқы жүрек,
Тебіренбесең кетпей ме көңіл жүдеп.
Келелі осындай бір кездесуден,
Жатады рухтанып, ұрпақ түлеп.

Асқақтап атағы оның кеткенменен,
Талай тақ, талай шыңға жеткенменен.
Баяғы бәз қалпынан өзгермейді
Ел шаттанар еңбекті еткенменен.

«Мәуесі піссе ағаштың басы еңкек»,
Деген сөз рас білем соншама елпек.
Елу жыл сөздің түбін қазумен
Жүрсе де бойы тіп-тік, ойы сергек.

Еңбекпен талай жылдар қалды кейін
Таусылмас тілге деген неткен бейіл.
Қазақтың сөз байлығын жиып алып
Шаттанып отырады төгіп мейір.

Жетпістің бесеуін де тізгіндеген,
Не сыр бар бұл қазақта біз білмеген?
Іздесең қазақ сөзін осында кел
Әбекең сөз бастайды ізгі үнменен.

Өмірдің қысы менен күзін көрдің,
Өлімнің де сан рет жүзін көрдің.
Құдай берген қуаттың арқасында
Жақсылық пен шаттықтың ізін көрдің.

Асып-ап қырқасынан талай белдің
Үлкенге де, кішіге көңіл бөлдің.
Абыройдың атанын бұйдала да

Жамбыл атаң жасаған жүзін көргін!

Толымбек Әлімбекұлы
Сатирик, Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі
Тағатын міні жоқ, шағатын зілі жоқ
Тілі жұмсақ – май бар,
Қабағында Ай бар.
Жанарынан Күн күлген
Әбдуәли Қайдар.

Жүрген жері сый-думан,
Алғыс алды ұйғырдан.
Жетпіс беске келсе де
Жалықпайды қимылдан.

Қазақтардың бергені..,
Түріктердің ордені...
Қайтып жатыр құрметпен
Академик еңбегі.

Бұрамайды құлақтан,
Кезі де жоқ құлатқан.
Президент болар кісіні
Тергеп алар сынақтан.

Өкпелетпес баланы,
Халқы, тілі – алаңы.
Жалықпасын жазудан
Саусағы мен қаламы.

Сәрсен Құлманов

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Тағзым-тарту ақ тілек

Қан майданмен бастаған өмір жолын...
Медальдері, ордендері – дәлелі оның!
Түркі әлемі таныған тарлан тұлға –
Әдбуәли Қайдаров – нағыз ерім!

«Тіл майданын» таңдаған ақтаңгерім!
Ғылымда да, еңбекте де қайраткерім!
Алпыс жылдан аса өмірін ғылымға арнап,
Ұстаздықпен ұштастырған ардагерім!

«Қазақ қандай халық?» деп толғанатын,
Бір сауалға жүз жауап таба алатын.
Ана тілі әлемін танытам деп
Нық ұстанған бабалар аманатын!

Ұлы істер – бастамасы Қайдаровтың
Түрен салған талай-талай салаға тың.
Елін сүйген, тілін сүйген өрелі ұлдан
Туған халқы тұрады айналып мың!

Сөз төркінін түгендеп түгел бәрін,
Жасауға да қатысқан Тілдің заңын.
Түркі тілдің таралған дарағындай –
Тереңнен қазып алар сөздің нәрін.
Халқыңыздың ақ тілеуі біреу-ақ,
Иілмесін, мұқалмасын бұл Дарақ!
Тілдің туын тік ұстаған, әз-аға,
Мерейлі той болсын құтты, мүбәрак!
  • 30
    спикер
    Сала мамандары тарапынан маңызды ақпарат
  • 16
    сағат
    Екі күндік ауқымды шара
  • 300
    қатысушы
    Отандық, шетелдік ғалымдар арасында ғылыми байланыстар мен ынтымақтастық орнату алаңы
Баяндамашылар
  • Жансейіт Түймебаев
    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
    университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор (бас баяндама).
  • Жамал Манкеева

    Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология

    ғылымдарының докторы, профессор (бас баяндама).

  • Нұрлан Оразалин

    Мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, драматург, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2002), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

  • Мустафа Өнер
    Еге Университетінің профессоры, Түрік тілі мен әдебиеті бөлімінің басшысы, Измир қаласы, Түркия.
  • Анна Дыбо

    Кеңестік және ресейлік лингвист, компаративист, филология ғылымдарының докторы, Мәскеу қаласы, Россия.
  • Гүлдархан Смағұлова
    Филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы.
  • Зиннур Сиразитдинов
    Филология ғылымдарының кандидаты, лингвистика және ақпараттық технологиялар зертханасының меңгерушісі
    Уфа қаласы, Башқұртстан.
  • Велинур Махпиров
    Филология ғылымдарының докторы, профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.
  • Құрманәлиев Кәрімбек
    Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор.
Баяндамашылар туралы мәлімет
Жансейіт Түймебаев
Жамал Манкеева
Нұрлан Оразалин
Мустафа Өнер

Анна Дыбо

Гүлдархан Смағұлова
Зиннур Сиразитдинов
Велинур Махпиров
Құрманәлиев Кәрімбек
Конгресс бағдарламасы
Күні: 10 желтоқсан, 2024 жыл
Уақыты: 10.00-13.00
10.00-10.10
10.00-10.10
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзі
Кіріспе сөз
10.10-10.20
10.10-10.20
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау сөзі

Кіріспе сөз
10.20.-10.30
10.20.-10.30
Шаһин Мұстафаев Халықаралық Түркі академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, академик
Құттықтау сөз
10.30-10.40
10.30-10.40
Рауан Кенжеханұлы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Президенті
Құттықтау сөз
10.40-10.45
10.40-10.45
Конгрестің ашылуы
Құттықтау сөз
10.45-10.50
10.45-10.50
Құттықтау хаттар
Құттықтау сөз
10.50-10.55
10.50-10.55
Жансейіт Түймебаев
Модератор
10.55-11.00
10.55-11.00
Анар Фазылжан
Модератор
11.00-11.15
11.00-11.15
Академик Әбдуәли Қайдар туралы бейнебаян
Ғылымдағы ғұмыр
Баяндамалар
11.15-11.25
11.15-11.25
Жамал Манкеева Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор
Академик Әбдуәли Қайдардың ғаламдық феномені: қазақ әлемінің тілдік бейнесі
11.25-11.35
11.25-11.35
Нұрлан Оразалин мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, драматург
Академик Әбдуәли Қайдар қазақ этносының қалыптасуы
11.35-11.45
11.35-11.45
Мустафа Өнер Еге Университетінің профессоры,
Түрік тілі мен әдебиеті бөлімінің басшысы, Измир қаласы, Түркия
Академик Әбдуәли Қайдар және түркітану
11.45-11.55
11.45-11.55
Анна Дыбо - Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей
11.55-12.05
11.55-12.05
Гүлдархан Смағұлова филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы
Академик Әбдуәли Қайдардың этномәдени зерттеулері
12.05-12.15
12.05-12.15
Зиннур Сиразитдинов филология ғылымдарының кандидаты, лингвистика және ақпараттық технологиялар зертханасының меңгерушісі, Уфа қаласы, Башқұртстан
Академик А.Т. Кайдаров – выдающийся ученый и организатор науки
12.15-12.25
12.15-12.25
Велинур Махпиров Абылай хан атындағы Қазақ
халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы
Абдуали Кайдар и проблемы уйгуроведения
12.25-13.00
12.25-13.00
Пікір алмасу

СЕКЦИЯЛЫҚ МӘЖІЛІС

Күні: 10 желтоқсан, 2024 жыл

Уақыты: 15.00-17.00

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне саяхат

(Ә.Қайдар атындағы қазақ орта мектебі оқушыларының қатысуымен)

Күні: 11 желтоқсан, 2024 жыл

Уақыты: 09.00-18.00
Өтетін уақыты: 10-11 желтоқсан, 2024 жыл.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби кітапханасы( ҚазҰУ), әл-Фараби даңғылы 71, Корпус 7.

Сілтемесі: (https://youtu.be/gsoSTDfC92U?si=wRZ6ZZEFe-ExCz9D)
Beeline Казахстан
Сілтемесі: (https://youtu.be/KFxyU1gYEks?si=8OxTNfG9MkDI2bRE)
24kz
ЖАҢАЛЫҚТАР
Тіркелу
Баяндаманы жүктеу