Секциялық мәжіліс спикерлері мен баяндама тақырыптары қараша айында жарияланады. Мақала қабылдаудың соңғы күні – 25 қараша.
create your own block from scratch
Академик ӘБДУӘЛИ ТУҒАНБАЙҰЛЫ ҚАЙДАРДЫҢ туғанына 100 жыл толуына арналған Халықаралық конгресс
Конгресс туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы І-дәрежелі сыйлықтың иегері, Түркияның «Türk Dil Kurumu» құрметті мүшесі, Башқұртстан Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамның құрметті президенті, Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымының докторы, профессор аса көрнекті түркітанушы-лингвист академик Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың туғанына 100 жыл толуына арналған Халықаралық конгресс жұмысында ғалымның ғылыми мұрасынан бастау алатын қазақ тіл біліміндегі тіл білімі мен түркітанудағы жаңа ғылыми парадигмалар талқыланатын болады.

Халықаралық конгресс жұмысына қоғам қайраткерлері, қазақ тілтанымы, түркітану, филология, лингвистика бойынша отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысады.


Конгресс жұмысының негізгі бағыттары:

1.Академик Әбдуәли Қайдардың ғылыми мұрасы

2.Синхронды және диахронды аспектілердегі тіл білімі және түркітану

3. Қазақ тілі этимологиясының зерттелуі және имитатив теориясы

4. Қазақ лексикологиясы мен лексикографиясы: тарихы, проблемалары мен жаңа ізденістер

5. Тілдік-тарихи және этнотанымдық ізденістер

6.Антропоөзектік парадигмадағы лингвистикалық зерттеулер: этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика, корпустық лингвистика, психолингвистика

7. Терминологияның өзекті мәселелері: нәтижелер мен жаңаша көзқарастар

8. Білім беру жүйесіндегі тіл білімі: оқу мәтіндері мен оқулық мәселелері

9. Филологиялық білімдер мен ізденістер

10. Жаһандану кезеңіндегі түркі тілдері: лингво-филологиялық аспект.

Ақпараттық хат


Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық Түркі академиясы академик ӘБДУӘЛИ ТУҒАНБАЙҰЛЫ ҚАЙДАРДЫҢ туғанына 100 жыл толуына арналған Халықаралық конгресс жұмысына қатысуға шақырады.

МӘДЕНИЕТ – ӨРКЕНИЕТ – ЖАҺАНИЯТ КОНТЕКСІНДЕГІ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ: ТІЛ. ЭТНОС. ҚОҒАМ.


Өтетін уақыты: 10-11 желтоқсан, 2024 жыл.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби кітапханасы.
Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы І-дәрежелі сыйлықтың иегері, Түркияның «Türk Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының құрметті (академик) мүшесі, Башқұртстан Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамның құрметті президенті, Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымының докторы, профессор аса көрнекті түркітанушы-лингвист. Академик Әбдуәли Қайдардың қазақ тіл білімі және түркітануға қосқан үлесі, салған өзіндік өрнегі: лексикология, тіл тарихы және этнология, диалектология, этнолингвистика, тіл құрылысы, түркітану және алтаистика, ғылым тарихы,тіл саясаты т.б. лингвистика салаларынан және оларға тікелей қатысты сөзтану, этимология, ономастика, терминология, семасиология, фразеология, т.б. тараулардан, олардан туындайтын толып жатқан проблемалық тақырыптардан айқын көрінеді.

Конгресс жұмысында академик Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың ғылыми мұрасынан бастау алатын қазақ тіл біліміндегі, филология мен түркітанудағы жаңа ғылыми парадигмалар талқыланатын болады. Халықаралық конгресс жұмысына қоғам қайраткерлері, қазақ тілтанымы, түркітану, филология, лингвистика бойынша отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Конгресс жұмысының негізгі бағыттары:


1.Академик Әбдуәли Қайдардың ғылыми мұрасы
2.Синхронды және диахронды аспектілердегі тіл білімі және түркітану
3. Қазақ тілі этимологиясының зерттелуі және имитатив теориясы
4. Қазақ лексикологиясы мен лексикографиясы: тарихы, проблемалары мен жаңа ізденістер
5. Тілдік-тарихи және этнотанымдық ізденістер
6.Антропоөзектік парадигмадағы лингвистикалық зерттеулер: этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика, корпустық лингвистика, психолингвистика
7. Терминологияның өзекті мәселелері: нәтижелер мен жаңаша көзқарастар
8. Білім беру жүйесіндегі тіл білімі: оқу мәтіндері мен оқулық мәселелері
9. Филологиялық білімдер мен ізденістер

10. Жаһандану кезеңіндегі түркі тілдері: лингво-филологиялық аспект.

Жұмыс тілдері: қазақ тілі, түркі тілдері, ағылшын тілі, орыс тілі.
Формат: оффлайн / онлайн.
Конгресс жұмысына қатысу үшін 2024 жылғы 20 қарашаға дейін төменде көрсетілген сілтемелерге тіркелу және баяндаманың мәтінін жіберу қажет.
Тіркелген файлға автордың (бірінші автордың) аты-жөні көрсетіледі. Мысалы, «А.Тілепов. Баяндама.doc».
Конгресс қорытындысы бойынша ғылыми мақалалардың жинағы жарық көреді. Қатысушыларға сертификат беріледі, сертификат пен Конгресс жинағы электронды форматта жіберіледі.
Іссапар мен орналасу шығыны қатысушы тарапынан төленеді.

Байланыс тел.:
+7 775 071 46 11 Темірлан galymhatshy.tbi@gmail.com
+7 747 417 69 10 Эльмира elmira_abdigali@mail.ru
+7 707 557 54 75 Ардана ardana.nustaeva@bk.ru

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті

Мақаланы рәсімдеудің техникалық талаптары


  • Мақала электрондық форматта (.doc, .docx, .rtf форматтарында) ұсынылады;
  • Қаріп кеглі – 12 (аңдатпа, түйін сөздер, әдебиет - 10, кестелердің мәтіні – 9-11), қаріп – Times New Roman, туралау – мәтіннің ені бойынша, интервал – бірыңғай, абзац шегінісі – 1 см, шеттері: жоғары және төменгі – 2 см, оң және сол жақ – 2 см;
  • Сурет, кесте, сызба, диаграммалар және т.б. нөмірленуі мен атауы көрсетіле отырып, тікелей мәтінде ұсынылады (мысалы, 1-сурет – сурет атауы);
  • Алғашқы жол – ҒТАМР нөмірі;
  • Мақала атауы (тақырып 5-7 сөзден тұрады);
  • Мақала тақырыбы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде ұсынылуы керек;
  • Мақала тақырыбы қою, кіші әріптермен, жол ортасында беріледі;
  • Мақала авторы (авторлар) – аты-жөні, жұмыс орны (ескерту: ресми мекеменің толық атауы көрсетіледі), мемлекет, қала атауы (осы ретте сақталу тиіс) жазылады;
  • Егер бірнеше автор бір мекемеден, бір жоғары оқу орнынан болса, онда нөмірлеу керек емес, тек әртүрлі мекемеден, ЖОО-дан болған жағдайда ғана нөмір қойылады;
  • Қала, мемлекет атаулары қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жазылады. Электрондық пошта көрсетіледі.
  • Авторлар туралы ақпарат кіші әріптермен, жол ортасына беріледі.
  • Төменде ORCID ID гиперсілтемесі көрсетіледі (тіркелу үшін нұсқаулық – тіркелген файлдарда https://orcid.org/); Андатпа қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жазылады. Көлемі 160 сөз - 300 сөзден аспайды. шрифт 10 болуы тиіс;
  • Түйін сөз бен сөз тіркесі саны – 5-6, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде;
  • Әдебиет тізімі мәтінде берілу ретімен жасалады.
  • Мақала көлемі 4 беттен кем болмауы керек.
  • Мақала көлеміне шектеу жоқ.

Конгресс жұмысына қатысу Өтінімінің үлгісі


  1. Тегі, есімі, әкесінің тегі (толық)
  2. Жұмыс орнының толық атауы
  3. Лауазымы, ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі
  4. Ел, қала
  5. Байланыс телефоны (қаланың коды көрсетіледі)
  6. E-mail
  7. Бағыты /секция (толық жазу керек)
  8. Баяндама тақырыбы
  9. Баяндама формасы (Оффлайн /онлайн)
  10. Ұйымдастыру комитетінің шақыруы қажет
Ескерту:
Шақыру қажет болған жағдайда байланыс телефоны, мекеменің немесе ЖОО басшысының толық аты-жөні, лауазымы, ғылыми атағы мен дәрежесі толық көрсетілуі керек. Өтінім файлы атауының үлгісі: «Автордың фамилиясы-Өтінім.doc» (мысалы, «Тілепов-Өтінім.doc.»).
Өтінімдер 2024 жылғы 20 қарашаға дейін Ұйымдастыру комитетіне – төменде көрсетілген сілтемелердің біріне жіберілуі керек.

galymhatshy.tbi@gmail.com

elmira_abdigali@mail.ru

ardana.nustaeva@bk.ru

ЛЕПТІ ЛЕБІЗДЕР:

  • Ә.Әбішев

    Қазақстанның халық жазушы
    «Біз үшін тіліміздің мемлекеттік мәртебесін заңдастырып қою – аз. Оны академик Ә.Қайдаров, С.Елубаев құсап қолдау, қажет болса, қорғау керек».
  • Т.Кәкішев

    Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері
    «Мен экстермизмге шақырып отырған жоқпын, өзіміздің жоғалтқанымызды ашық айтайық, күмілжімейік деп отырмын. Бүкіл Қазақстанда академик Ә.Қайдаровтай табандылық көрсетейік деп отырмын».
  • Р.Бердібаев

    Әдебиеттанушы ғалым, фольклор зерттеушісі, сыншы
    «Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы таласқа түсіп, таразы басы «қостілділік» дегенге тіреліп тұрған кезде: «Жоқ, олай емес, зәбір көрген қазақ тілінің мәртебесін көтерудің бірден-бір жолы оның бір өзіне ғана мемлекеттік тіл дәрежесін беру» деп табандылық көрсеткен, сөйтіп, жұртшылық пікірін бұруға себепкер болған академик Ә.Қайдаровтың байсалды да берік байламының мәнін дұшпаны ғана кемітер...»
  • Ж.Түймебаев

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
    университетінің ректоры
    «Үлкен ғылымды үлкен ғалымдардың жасайтындығы белгілі. Қазіргі қазақ тіл білімінде өз еңбектерінің сандық көмегі мен сапалық құндылығы тұрғысынан көш басында келе жатқан біртуар тұлғалар бар. Солардың бірі де бірегейі – академик Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар. 500-ге таяу еңбек жазған ғалымның зерттеулері арасынан кездейсоқ жазылған, сапасы төмен шығармаларды таба алмайсыз».
Жырға қосып Әз атыңды ...

Өмірзақ Айтбайұлы

Филология ғылымдарыың докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі.

Талдыбұлақтан түлеп ұшқан тұлға

Аулына келді бүгін академик
Талай жыл ғылым үшін бейнет шегіп,
Туған жер топырағынан қуат алып
Барады сүйек балқып, денесі еріп.

Толқымаса болмайды, толқы жүрек,
Тебіренбесең кетпей ме көңіл жүдеп.
Келелі осындай бір кездесуден,
Жатады рухтанып, ұрпақ түлеп.

Асқақтап атағы оның кеткенменен,
Талай тақ, талай шыңға жеткенменен.
Баяғы бәз қалпынан өзгермейді
Ел шаттанар еңбекті еткенменен.

«Мәуесі піссе ағаштың басы еңкек»,
Деген сөз рас білем соншама елпек.
Елу жыл сөздің түбін қазумен
Жүрсе де бойы тіп-тік, ойы сергек.

Еңбекпен талай жылдар қалды кейін
Таусылмас тілге деген неткен бейіл.
Қазақтың сөз байлығын жиып алып
Шаттанып отырады төгіп мейір.

Жетпістің бесеуін де тізгіндеген,
Не сыр бар бұл қазақта біз білмеген?
Іздесең қазақ сөзін осында кел
Әбекең сөз бастайды ізгі үнменен.

Өмірдің қысы менен күзін көрдің,
Өлімнің де сан рет жүзін көрдің.
Құдай берген қуаттың арқасында
Жақсылық пен шаттықтың ізін көрдің.

Асып-ап қырқасынан талай белдің
Үлкенге де, кішіге көңіл бөлдің.
Абыройдың атанын бұйдала да

Жамбыл атаң жасаған жүзін көргін!

Толымбек Әлімбекұлы
Сатирик, Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі
Тағатын міні жоқ, шағатын зілі жоқ
Тілі жұмсақ – май бар,
Қабағында Ай бар.
Жанарынан Күн күлген
Әбдуәли Қайдар.

Жүрген жері сый-думан,
Алғыс алды ұйғырдан.
Жетпіс беске келсе де
Жалықпайды қимылдан.

Қазақтардың бергені..,
Түріктердің ордені...
Қайтып жатыр құрметпен
Академик еңбегі.

Бұрамайды құлақтан,
Кезі де жоқ құлатқан.
Президент болар кісіні
Тергеп алар сынақтан.

Өкпелетпес баланы,
Халқы, тілі – алаңы.
Жалықпасын жазудан
Саусағы мен қаламы.

Сәрсен Құлманов

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Тағзым-тарту ақ тілек

Қан майданмен бастаған өмір жолын...
Медальдері, ордендері – дәлелі оның!
Түркі әлемі таныған тарлан тұлға –
Әдбуәли Қайдаров – нағыз ерім!

«Тіл майданын» таңдаған ақтаңгерім!
Ғылымда да, еңбекте де қайраткерім!
Алпыс жылдан аса өмірін ғылымға арнап,
Ұстаздықпен ұштастырған ардагерім!

«Қазақ қандай халық?» деп толғанатын,
Бір сауалға жүз жауап таба алатын.
Ана тілі әлемін танытам деп
Нық ұстанған бабалар аманатын!

Ұлы істер – бастамасы Қайдаровтың
Түрен салған талай-талай салаға тың.
Елін сүйген, тілін сүйген өрелі ұлдан
Туған халқы тұрады айналып мың!

Сөз төркінін түгендеп түгел бәрін,
Жасауға да қатысқан Тілдің заңын.
Түркі тілдің таралған дарағындай –
Тереңнен қазып алар сөздің нәрін.
Халқыңыздың ақ тілеуі біреу-ақ,
Иілмесін, мұқалмасын бұл Дарақ!
Тілдің туын тік ұстаған, әз-аға,
Мерейлі той болсын құтты, мүбәрак!
  • 30
    спикер
    Сала мамандары тарапынан маңызды ақпарат
  • 16
    сағат
    Екі күндік ауқымды шара
  • 300
    қатысушы
    Отандық, шетелдік ғалымдар арасында ғылыми байланыстар мен ынтымақтастық орнату алаңы
Баяндамашылар
  • Жансейіт Түймебаев
    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
    университетінің ректоры
  • Жамал Манкеева

    Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология

    ғылымдарының докторы, профессор (бас баяндама)

  • Мустафа Өнер
    Еге Университетінің профессоры, Түрік тілі мен әдебиеті бөлімінің басшысы (Измир қ., Түркия)
  • Рауан Кенжеханұлы
    «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті
  • Альфия Юсупова
    филология ғылымдарының докторы, Ғ.Тоқай атындағы Ұлттық мәдениет және білім беру жоғары мектебі (Казан қ., Татарстан)
  • Гүлдархан Смағұлова
    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры
  • Зиннур Сиразитдинов
    Лингвистика және ақпараттық технологиялар зертханасының меңгерушісі
    (Уфа қ., Башқұртстан)
  • Фаузия Оразбаева
    Қазақстан Республикасы ҰҒА корреспондент мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Велинур Махпиров
    Филология ғылымдарының докторы, профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Баяндамашылар туралы мәлімет
Жансейіт Түймебаев
Қазақ мемлекет қайраткері, дипломат, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, Түркия Республикасының "Нигде" университетінің құрметті докторы, Төтенше және Өкілетті Елші.
Бүгінде филология ғылымдарының докторы, профессор, 2-сыныпты елші дипломатиялық дәрежесінің иегері. Ол кісі – 30-дан астам ғылыми-танымдық кітаптардың авторы.
Зерттеу салалары.
Қазақ филологиясы. Түркі филологиясы. Түркология. Қазақ лингвистикасы. Мемлекеттік басқару және саясаттану. Лексикология. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы.
Зерттеу еңбектері.
Түркология саласындағы кітаптар сериясы: «Түркі-қазақ-моңғол этно-тілдік қатынастарының тарихы» (Алматы, 2008 ж.), «Орталық Азия тілдерін зерттеудің өзекті мәселелері» (Тұран тіл одағы. Көкшетау, 2009 ж.), «Түркі филологиясына кіріспе» (Астана, 2013 ж.), «Түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (Астана, 2013 ж.), т.б. «Қазақ, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» (Астана, 2014 ж.),
Қазақ тілі саласындағы кітаптар сериясы: «Қазақ тілі» (Алматы, 1991 ж.), «Қазақ тіліндегі етістіктің индикативті формалары» (Алматы, 1992 ж.), «Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық» (Алматы, 1996 ж.), «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (Алматы, 2005 ж.), «Қазақ-Моңғол лексикалық параллельдері: қазақ тілінің этимологиялық сөздігіне материалдар» (Мәскеу, 2005 ж), т.б.
Мемлекеттік басқару және саясаттану сериясы: «Жаһан таныған жеті тұлға» ( Түркістан, 2017 ж.), «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих» (Түркістан, 2017 ж.), «Түркістан – Түркі әлемінің астанасы» (Түркістан, 2017 ж.), «Елбасы және халқы» (Нұр-Сұлтан, 2019 ж.), (Қазақстан: Бірлік жән келісім мекені» (Нұр-Сұлтан, 2020 ж.), «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы» (Нұр-Сұлтан. 2020 ж.), т.б.
Жамал Манкеева
Филология ғылымдарының докторы, профессор. ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, лексикология бөлімінің бас ғылыми қызметкері.
1977 жылдан осы кезге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қызмет істейді. 2001 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры ретінде қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар бойынша дәріс оқиды. ҚР жоғары оқу орындарын бітіруші мамандарды даярлау ісіне мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы ретінде атсалысады. Мемлекеттік тілді оқыту және игеруге байланысты Қазтест жобасына, басқа да оқулықтар мен сөздіктерге сарапшы ретінде қатысады.
Қазіргі қазақ тіл білімін дамытып, жаңа деңгейде зерттеуге байланысты бірнеше ғылыми жобалардың орындаушысы және жетекшісі ретінде еңбек етеді. 1998 жылдан – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д. 53.38.01 диссертациялық кеңестің мүшесі, 2000 жылдан – диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, 2001 жылдан – лингвистикалық басылым «Тілтаным» журналының жауапты редакторы.
Зерттеу салалары.
Түркітану. Тарихи морфология. тарихи лексикология, этнолингвистика. Лингвомәдениеттану. Когнитивтік лингвистика. Көркем мәтін лингвистикасы. Синергетика. Лексикография.
Зерттеу еңбектері.
Реконструкция первичных корней глагольных основ казахского языка (1991 ж.), Мәдени лексиканың ұлттық сипаты (1997 ж.), Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис (2002 ж., авторлардың бірі), Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері (2008 ж.), Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту (2010 ж.), Қазақ филологиясы: егіз негіз (ғылыми мақалалар жинағы – авт.бірл.) 2010 ж., Қазақ әдеби тілі сөздігі (2006 ж., Т.І; 2007 ж., Т.IV; 2008 ж., Т.ХІ, авторлардың бірі), 5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы (2011 ж., авторлардың бірі), "Қазақ сөзінің синергиясы" (2021), Қазақ филологиясы: егіз негіз ІІ бөлім. (ғылыми мақалалар жинағы – авт.бірл.) (2023). Ғалымның жетекшілігімен 22 кандидаттық, 1 докторлық диссертация қорғалды.
Мустафа Өнер
Түрік тілі мен Әдебиеті профессоры, зерттеуші жазушы, академик.
Профессор Мустафа Өнер қазіргі уақытта Жаңа түрік тілі кафедрасының Хаттар факультетінің Түрік тілі мен Әдебиеті кафедрасында оқытушы.
1996-1999 жылдары Эге Университетінің Хаттар факультетінде директорлар кеңесінің мүшесі болды. Ол 1995 жылы доценттің көмекшісі, 2000 жылы доцент болды. Эге Университетінің Хаттар факультетінде Түрік тілі мен Әдебиеті кафедрасының меңгерушісі және деканның орынбасары қызметтерін атқарды. Академиялық мансабын аяқтап, профессор атағын алды.
Зерттеу еңбектері.
Оның мақалалары ЕО-ның Түрік тілі мен Әдебиетін зерттеу, Түрік тілі, Бірлігі (Скопье/Македония), Түрік Мәдениеті, Бауырластық әдебиеті, Түрік әлемін зерттеу, Түрік дүниежүзілік тарихы журналы, Түрік дүниежүзілік тілі мен әдебиеті журналы, Түрік жатақханасы, Жаңа форум, 1991 жылдан бастап Kebikech журналдары, сондай-ақ Түрік әлемін зерттеуші доктор, профессор Фарук Сүмердің сыйлықтарының арнайы шығарылымы (1996), Түркиядан тыс Түрік әдебиетінің антологиясы басынан бастап қазіргі уақытқа дейін (2001), негізгі медициналық терминдер сөздігі (2001) бірлескен кітаптары жарық көрген. Сонымен қатар, Түркияда жарияланған кейбір мақалаларын шетелдегі кейбір журналдарда жариялаған. Ол өз саласына қатысты ғылыми еңбектерін кездесулерге қатысып, еңбектерін ұсынды.
«Жылтыратылған түрік - татар татар-Сұлтанғалиев» (татар тілінен, 1993 ж.), «Альфред Халиков - орыс 500 отбасының болгар-татар түрік тектілігін мойындады» (татар тілінен, 1995 ж.), «Ренад Мухаммади – Ресейдегі демократия – татар парламентшісінің естеліктері 1990-1995 жж.» (татар тілінен, 1996 ж.), «Қыпшақ түрік тілі бүгін» (татар, қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы). қырғыз диалектілері, 1998).
Бірлесіп жазылған еңбектері: Олжас Сүлейман-Азия (К.Велиев, ф. түрікменмен бірге, 1992), Түркиядан тыс түрік әдебиетінің антологиясы басынан бастап қазіргі уақытқа дейін (бірлескен зерттеу, татар әдебиеті кафедрасы, 2001), Түркиядан тыс түрік әдебиетінің антологиясы басынан бастап қазіргі уақытқа дейін (бірлескен зерттеу, татар әдебиеті кафедрасы, 2001), Түркі әлемінің әдебиеті (бірлескен кітап, татар түрік тілінен аударма, 2001). негізгі медициналық терминдердің сөздігі (жалпы кітап, редактор: Доцент. Доктор Фиген Гөрса Гөкмен, 2001).
Рауан Кенжеханұлы
Қазақстандық қоғам қайраткері, журналист, дипломат және білім беру саласындағы жоба жетекшісі. «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті.
2001 жылдан бастап «Хабар» телеарнасында журналист болып жұмыс істейді, «Хабар» арнасының атынан Қазақстан президентінің журналистер пулына кіреді, кейін «Хабар» телеарнасында «Жеті күн» апталық қорытынды талдау бағдарламасының редакторы. 2004 жылдан «Хабар» агенттігінің Ресей Федерациясында меншікті тілшісі. 2005-2006 жылдары баспасөз қызметі басшысы, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Маңғыстау облыстық филиалының директоры. 2008-2009 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі. 2009-2011 жылы «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Гарвард университетінде оқуын жалғастырады. 2010-2011 жылдар аралығында Гарвард университеті лингвистика департаментінің оқытушысы. 2011 жылдан бастап электронды білім саласында қызмет ететін Bilim Media Group компаниясының басшысы және «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының жетекшісі. 2011-2013 жылдары WikiBilim қоры Уикипедияның қазақ тіліндегі нұсқасын ілгерілету жобасын жүзеге асырды. 2012-2014 жылдары қор қазақ тілін Google Translate сервисіне қосу жөніндегі бағдарламаны іске қосты. 2016 жылы 1 қыркүйектен бастап Bilim Media Group директоры болып жұмыс істейді. 2017 жылы 1 маусымнан бері «Ұлттық Аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры (бұрынғы - WikiBilim). Қор үздік оқулықтарды қазақ тіліне аудару бойынша «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Әлеуметтік даму және білім беру мәселелері жөніндегі топқа кіреді. 2023 жылғы 21 шілдеден бастап «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды.
Альфия Юсупова
1994 жылы «ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы татар тілінің өзіндік оқулықтары мен сөздіктерін тарихи – лингвистикалық сипаттау және талдау» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2009 жылы «ХІХ ғасырдағы татар-орыс және орыс-татар сөздіктері лексикографиялық ескерткіштер және татар тілінің лексикасын зерттеу көздері ретінде» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, профессор атағын алды.
2012-2016 жылдар ішінде Альфия Юсупова ғылыми-білім беру процесін жетілдіру, татар филологиясы саласында білікті кадрлар даярлау саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Ол қфу филология және мәдениетаралық коммуникация институтының жалпы тіл білімі және түркология кафедрасының жетекші профессорларының бірі. Ғабдолла Тоқай атындағы Татарстан және түркология Жоғары Мектебінің студенттеріне арналған «Түркологияға кіріспе», «татар екі тілді лексикография», «түркі тілдері мәдениетаралық коммуникацияда» курстары бойынша дәрістер оқиды, шетелдік студенттермен татар тілі бойынша практикалық сабақтар жүргізеді. А. Юсупова студенттердің, магистранттардың және аспиранттардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік етеді, кафедраның жас оқытушыларына әдістемелік көмек көрсетеді.
Зерттеу салалары. Лексикология. Лексикография. Түркология. Аударма теориясы мен практикасы. Лингвомәдениеттану. Татар диаспораларының тілі.
А. Юсупованың татар лексикографиясы, татар диаспораларының тілі, татар тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі саласындағы еңбектері кеңінен танымал. А. Юсупова 250-ден астам ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы. Жалпы көлемі 150 п. л. астам жұмыстарда, оның ішінде шетелдік және отандық деректер базасына кіретін басылымдарда (Scopus,WebofScience, ЖАК). А. Юсупованың педагогикалық қызметі мен ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бес монографияда көрініс тапты: «Татар тілінің екі тілді лексикографиясы» (Қазан, 2008), «Татар тілін оқыту: өткен және қазіргі» (қазан, 2012. Бірлескен авторлар Юсупова А.Ш., Кириллова З.Н.), «Татар халқының лексикографиялық және метадикалық мұрасы» (қазан, 2010), «Татар паремиясының телесі» (Қазан, 2010. бірлескен авторлар Набиуллина Г.А., т. б.), «Түркі-татар лексикасы ұлттық менталитеттің проекциясы ретінде» (Қазан, 2011. Бірлескен авторлар Галиуллина Г.Р. және т.б.), «Қытайда тұратын татарлар» (Қазан, 2014. Бірлескен авторлар-Набиуллина Г.А. және т. б.).20 жылдан астам уақыт бойы ол татар тілін жергілікті емес тіл ретінде оқытуға арналған оқу-әдістемелік және дидактикалық құралдарды әзірлеуге белсенді қатысады.
Гүлдархан Смағұлова
Филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы.
Зерттеу салалары.
Қазақ тілінің лексикологиясы. Терминология. Фразеология. Мәтін лингвистикасы.
Зерттеу еңбектері.
«Фразеологизмдердің варианттылығы: оқу құралы», «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері: монография», «Мәтін лингвистикасы: оқу құралы», «Фразеологиялық калькалар: оқу құралы», «Көркем мәтін лингвистикасы: оқулық», «Шешендік сөздердің дискурсы: оқу құралы», «Фразеологизмдердің семантикалық категориялары: оқу құралы», «Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадигмаларда: монография», «Мағыналас фразеологизмдер сөздігі (екінші басылым)» және т.б.
Зиннур Сиразитдинов
Башқұрт филологы. Филология ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер, лингвистика және ақпараттық технологиялар зертханасының меңгерушісі.
200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 14 сөздіктің авторы және бірлескен авторы. Башқұрт тілінің академиялық сөздігінің, аймақтық топонимикалық сөздіктердің бірлескен авторы. Башқұрт тілінің машина қорын жасаушы ретінде танымал. Ресей Ғылым академиясының сарапшысы.
Зерттеу салалары. Башқұрт тілі. Түркі тілдері. Лексикография. Компьютерлік лингвистика. Корпустық лингвистика.
Зерттеу еңбектері. Башқұрт тілінің жалпыланған жеке мақал-мәтелдеріндегі (s) + NAcc + VF құрылымдық схемасы бар қарапайым қарапайым сөйлем модельдері (фольклорлық корпус материалында)// Oriental Studies Т.14, № 4, 2021 834-846 ББ; Башқұрт тілінің етістік жалғауларының жұптасқан тіркестері / / Alatoo Academic Studies. 2019. № 3. Б. 106-114; The corpora of the Bashkir language жинағында: Turklang14. Proceedings of the International Scientific Conference. 2014. 125-129 ББ; Лингвистика және ақпараттық технологиялар зертханасының корпустық жобалары / / РҒА Уфа ғылыми орталығының жаңалықтары. 2013. № 4. 104-111 ББ; Түркі сөз формасының синтезі. Алматы: лингвистикалық елтану инновациялық орталығы КИЕВ, 2019. 248 б. (бірлескен автор); Башқұрт тілінің ақпараттық жүйелері мен мәліметтер базасы. Уфа: РБ Кітап палатасы, 2013. 116 б. (бірлескен автор); Башқұрт тілінің грамматикасын модельдеу. Сөзжұмбақ жүйесі. Уфа: АН РБ, Гилем, 2006. 160 Б.
Фаузия Оразбаева
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы.
Оның ғылыми-зертхана жұмысының бағыты – прагмалингвистика, прагмастилистика, медиалингвистика, лингвоаксиология, лингвосаясаттану. Қ.Есенова 250-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Прагмалингвистика, дискурс теориясы, қазақ медиамәтінінің дамуы, публицистикалық стильдің ғылыми-теориялық негізі, лингвосаясаттану, медиалингвистика, саяси дискурс, коммуникативті лингвистика пәндерінен дәріс береді.
Ғалымның 11 ғылыми монография, 6 оқу құралы, 250-ден аса ғылыми мақалаларды жарық көрген. Ол «М.Әуезов публицистикасының тіл өрнектері» (2005), «Қазіргі қазақ медиа мәтінінің прагматикасы» (2007), «Педагогтік жұмыстың заманауи аспектілері», (2013ж., Одесса, авторлық бірлестікте), «Лингвокогнитологияның өзекті мәселелері» (2014), «Түркітану ғылымының өзекті мәселелері» (2016), «Лингвосаясаттану: саяси дискурстың прагматикасы» (2017), «Функционалды грамматика: ұғымдары мен категориялары» (2016), «Медиалингвистика» (2015), «Рragmalinguistic snudies in linguistics» (2017), «Тенденции и инновации фундаментальных и прикладных наук» (2017), «Лингвофилософия» (2019), «Лингвоаксиология» (2020), атты монографиялардың, «Медиалингвистика: мерзімді баспасөз тілін зерттеудің прагматикалық аспектісі» (2015), «Функционалды грамматика» (2016), «Лингвоаксиология (қазақ баспасөз материалдарының негізінде)» (2017), «Қазіргі қазақ тілі» (2005ж., авторлық бірлестікте), «Лингвосаясаттануға кіріспе» (2017), «Лингвосаясаттанудың өзекті мәселелері» (2017) оқу құралдарының авторы, он бес томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігін», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін», «Қазақша-ағылшынша-орысша, ағылшынша-қазақша-орысша іскери тілі сөздігін» құрастырушылардың бірі, ҚРБжҒМ гранты бойынша «Қазақ жазуының даму жолдары мен қалыптасу кезеңдері», «Ауызша коммуникация тілінің мәдениеті», «БАҚ құралдарының тілі мен стилі» , «Тіл және сөз стилистикасының лингвокогнитивтік аспектісі», «Қазақтың саяси-дипломатиялық тілінің когнитивтік аспектісі», «Қазақ қоғамының тілдік контенті» атты ғылыми жобалардың жетекші және орындаушы авторларының бірі.
Қ.Есенова «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» куәлігі (2017), «Үздік ұстаз-2019» төсбелгісімен (2019), «Білім беру саласының үздігі» (2018), «Абай атындағы ҚазҰПУ 90 жыл» мерекелік медалімен (2018), БжҒМ, Университет ректоры атынан бірнеше алғыс хаттармен марапатталған.
Негізгі ғылыми еңбектері: Скопус базасында индекстелген халықаралық басылымдарда – 15, Индекс Хирша (h) – 2, монографиялар – 8, оқулық, оқу құралдары - 14, үлгілік бағдарламалар - 3, ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда – 39, өзге базаларда индекстелген халықаралық басылымдарда – 31, ҚР конференция, симпозиум мен семинар жинақтарында – 25, ҚР БАҚ басылымдарында жарияланған мақалалар – 10, авторлық куәлік – 8.
ҚР Президентінің бастамасы бойынша жүзеге асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасына қатысты он бес томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігін», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін, «Қазақша-ағылшынша-орысша, ағылшынша-қазақша-орысша іскери тілі сөздігін» құрастырушылардың бірі.
Халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда (ҚХР, Испания, Австрия, Түркия, Чехия, Германия, Ұлыбритания, Франция, Польша, Ресей, Қырғызстан т.б.) баяндама жасаған, 90-ға жуық біліктілікті дамыту сертификаттарының иегері болып табылады.
ҚР БжҒМ гранты бойынша «Қазақ жазуының даму жолдары мен қалыптасу кезеңдері», «Ауызша коммуникация тілінің мәдениеті», «БАҚ құралдарының тілі мен стилі», «Тіл және сөз стилистикасының лингвокогнитивтік аспектісі», «Қазақтың саяси-дипломатиялық тілінің когнитивтік аспектісі» атты ғылыми жобалардың жетекші авторларының бірі.
Роехамптон Университеті (Англия), Даугавпильс (Латвия) және Йенілікчі Адымлар (Түркия) қоғамының қатысуымен 2017-жылдан бері жылына 2 рет жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан Евразиялық Тіл білімі және Гуманитарлық ғылымдар конференциясының ұйымдастырушы алқа тобының мүшесі.
Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы 6D021300-Лингвистика мамандығы бойынша диссертациялық Кеңестің төрағасы (2018 жылдан қазіргі кезге дейін), Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы 6D021300-Лингвистика мамандығы бойынша диссертациялық Кеңестің мүшесі (2016-2018), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы ОӘК-тің мүшесі (2019 жылдан қазіргі кезге дейін).
Қ. Есенованың ғылыми жетекшілігімен 7 PhD докторант филология, лингвистика мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларын сәтті қорғап шықты (Г.Дюсембина, Г.Сейдалиева, Ж.Құрмамбаева, Г.Ерсұлтанқызы, А.Қасымбекова, А.Бисенғали, Р. Бахтиярова).
Марапаттары: «ЖОО үздік оқытушысы – 2016» төсбелгісінің иегері (2016 ж.) ,
«Үздік ғылыми қызметкер – 2022» байқауының жеңімпазы (2022 ж.) ,
«Жетекші ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия» иегері (2022 ж.), университетте кәсіптік мамандар даярлауға сіңірген еңбегі үшін «Үздік ұстаз» (2016), «Білім беру саласының үздігі» (2018), университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университтіне 90 жыл» (2018), «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл» төсбелгілерін иеленген.
Қазіргі таңда университетімізің 6D0213000-Лингвистика мамандығы бойынша диссертациялық кеңес төрағасы және этикалық кеңес мүшесі ретінде маман-лингвист шәкірттер дайындау ісінде жемісті еңбек етіп келеді. Сондай-ақ, ҚР ҒжБМ 2022-2024 ғылыми және ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша «ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ТІЛДІК КОНТЕНТІ: ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЖАҢАРУЛАР (ПАНДЕМИЯ КЕЗІ; 2020-2022 жж.) атты ғылыми жоба жетекшісі болып табылады. Қ.У.Есенова басқарушылық және ұйымдастырушылық тәжірибесі жеткілікті, аналитикалық ойлау қабілетімен ерекшеленетін тәжірибелі ғалым.
Велинур Махпиров
Филология ғылымдарының докторы, профессор, 1998 жылдан Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде жұмыс істейді.
Зерттеу салалары. Түркі ономастикасы. Түркі лексикологиясы. Түркі тілдерінің тарихы.
Зерттеу еңбектері. Велинур Махпиров лингвистикалық-филологиялық бейіндегі ғалым ретінде Қазақстан Республикасының түрлі ғылыми басылымдарында, сондай-ақ шетелдік басылымдарда (Түркия, ҚХР, ТМД елдерінде) 50-ден астам ғылыми еңбектерін, оның ішінде 5 монографиясын жариялады.
Велинур Махпиров Шығыс филология факультетінің араб тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, теориялық және қолданбалы лингвистика ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Шығыс филология факультетінің деканы болып жұмыс істеді. Түркия, Ресей, Қытайдағы түрлі халықаралық конференцияларға қатысып, белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Түркология және шығыстану курстарын оқуға шақырылған оқытушы болды Қытай Минзу университеті; Түркия, Қытайдағы бірқатар халықаралық жобаларға қатысты.
Конгресс бағдарламасы
Күні: 5 желтоқсан, 2024 жыл
Уақыты: 10.00-13.00
10.00-10.10
10.00-10.10
Жансейіт Түймебаев - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің ректоры
Кіріспе сөз
10.10-10.20
10.10-10.20
Анар Фазылжан – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институтының директоры
Кіріспе сөз
10.20.-10.30
10.20.-10.30
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзі
Құттықтау сөз
10.30-10.40
10.30-10.40
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің
құттықтау сөзі
Құттықтау сөз
10.40-10.50
10.40-10.50
Осман Мерт - «Türk Dil Kurumu» директоры
Құттықтау сөз
10.50-11.00
10.50-11.00
Шаин Мұстафаев Халықаралық Түркі академиясының
президенті
Құттықтау сөз
11.00-11.20
11.00-11.20
Академик Әбдуәли Қайдар Туғанбайұлы туралы бейнебаян
Баяндамалар
11.20-11.30
11.20-11.30
Жансейіт Түймебаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің ректоры
Көркем сөз – кемел таным
11.30-11.40
11.30-11.40
Жамал Манкеева АхметБайтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор (бас баяндама)
Ғылыммен ұшталған ғұмыр
11.40-11.50
11.40-11.50
Мустафа Өнер Еге Университетінің профессоры,
Түрік тілі мен әдебиеті бөлімінің басшысы (Измир қ., Түркия)
Академик Рәбиға Сыздық феномені: отандық тілтаным мен түркітанудың бүгіні және болашағы
11.50-12.00
11.50-12.00
Рауан Кенжеханұлы «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті
Қазақ және түркі тілдеріндегі туыстық атаулар туралы тұжырымдамалар
12.00-12.10
12.00-12.10
Альфия Юсупова филология ғылымдарының докторы, Ғ.Тоқай атындағы Ұлттық мәдениет және білім беру жоғары мектебі (Казан қ., Татарстан)
Академик Рәбиға Сыздықтың түркітану әлеміне қосқан үлесі
12.10-12.20
12.10-12.20
Гүлдархан Смағұлова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры
Академик Рәбиға Сыздықтың ғылыми мұрасы – рухани құндылықтар өзегі
12.20-12.30
12.20-12.30
Зиннур Сиразитдинов Лингвистика және ақпараттық технологиялар зертханасының меңгерушісі (Уфа қ., Башқұртстан)
Академик Рәбиға Сыздық – қазақ стилистикасын зерттеуші ғалым
12.30-12.40
12.30-12.40
Фаузия Оразбаева ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Академик Р.Сыздықтың идиостилі: прагмалингвистикалық талдау
12.40-12.50
12.40-12.50
Велинур Махпиров Абылай хан атындағы Қазақ
халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы
Қазақ әдеби тілін академик Рәбиға Сызықтың кезеңдеуі және жазба әдеби тілді жаңаша кезеңдеу
12.50-13.00
12.50-13.00
Пікір алмасу

СЕКЦИЯЛЫҚ МӘЖІЛІС

Күні: 11 желтоқсан, 2024 жыл

Уақыты: 15.00-17.00

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне саяхат

(Ә.Қайдар атындағы қазақ орта мектебі оқушыларының қатысуымен)

Күні: 11 желтоқсан, 2024 жыл

Уақыты: 10.00-13.00
Өтетін уақыты: 10 желтоқсан, 2024 жыл.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы.

Тіркелу
Баяндаманы жүктеу