Қызметкерлер

Сейітбекова Айнұр Аташбекқызы (08.04.1976). 1993-1997 жж. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде оқыған.  2000-2002 жж. аталған университтетің «Қазақ тілі» мамандығының магистратурасын, 2002 ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының қазақ тіл білімі кафедрасының аспирантурасын бітірген. Түркология және лексикография мәселелеріне арналған іргелі және қолданбалы ғылымдары бойынша  2 ғылыми монографияның, 4 ғылыми сөздіктің және  100-ден астам республикада және алыс-жақын шетелдерде жарыққа шыққан мақаланың авторы. 2007 жылдан бастап ҚР БҒМ ҒК А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қызмет атқарып келеді. 2020 ж. бастап «Тіл тарихы және түркітану» бөлімінің меңгерушісі.


Гүлфар Мәжитқызы Мамырбек (03.11.1976). 1997 ж. А. Байтұрсынұлы атындағы №138 гимназияда мұғалім, ҚР ҰҒА Математика институтында лаборант, 2001 ж. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ізденуші. 2004 ж. осы институтта лаборант, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі. 2018 ж. Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығында жетекші ғылыми қызметкер, ғалым хатшы, басқарма басшысы.Түркология және лексикография мәселелеріне арналған 1 ғылыми монографияның, 3 оқулықтың, 4 сөздіктің және 100-ден аса ғылыми мақаланың авторы.


Гүлжиһан Байғазықызы Көбденова (22.07.1981). 1998-2002 жж. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің филология факультетінде  оқыған. 2002-2004 жж. «Новый» орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 2004 ж. Алматы қаласындағы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі мақсатты бөліміне «тіл тарихы және диалектология» бөліміне қабылданды. 2005-2007 жж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты лексикология бөлімінде аға лаборант, 2008-2011 жж. Тіл тарихы және түркология бөлімінде кіші ғылыми қызметкер, қазіргі уақытта тіл тарихы және түркология бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқаруда. Ғылыми жинақтар мен баспасөз беттерінде 70 мақаласы жарияланды.


Үдербаев Алмас Жауынбайұлы (05.11.1977). 1994-1998 жж. Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті, қазақ филологиясын бітірген. ҚР БҒМ талантты жас ғалымдарға арналған ұлттық стипендияның иегері (2008-2010 жж.), ҚР БҒМ грамотасымен марапатталған (2008 ж.). А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, күндізгі бөлім аспирантурасы. 2016 ж. маусым айынан Сәтбаев Университеті Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі. 2011-2016 жж. Қазақстан-Британ техникалық университетінің сениор-лекторы, ассистент-профессоры (2014 ж.). 2002-2011 жж. ҚР БҒМ ҒК А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші, ғылыми, аға ғылыми қызметкері.


Мақсұтхан Аманжанұлы Жақып (22.03.1959). 1981 ж. Алматы шетел тілдер педагогикалық институтының ағылшын тілі факультетін бітірген. 1981-1988 жж. ауыл мектептерінде ағылшын тілінің оқытушысы, мектептің оқу ісінің меңгерушісі, сегізжылдық мектептің директоры болып қызмет етті. 1993-1996 жж. Түрік Республикасындағы Измир қаласының Егей университетінің докторантурасында оқыды. 1989 ж. 2007 ж. дейін  Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қазақ филологиясы кафедрасының  аспирантурасын бітіріп, университеттің қазақ тілі және жалпы тіл білімі оқытушы болған. 2017 ж. 1 қараша айынан бері ҚР ҰҒА А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері. Ағылшын, орыс, түрiк тiлдерiнен қазақ тiлiне 12 кiтап аударып, 10 кiтап  құрастырды. 30 ғылыми, 60 аударма мақаласы жарияланды. «Түрік әлемі» халықаралық газетінің алқа мүшесі.


Абитжанова Жанар Алтынбековна (23.06.1978). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде бакалавр (1999), магистратура (1999-2001), аспирантура (2001-2003) бітірген. 1999 ж. №85 орта мектепте қазақ тілі пәні мұғалімі, 2001-2003 жж. Азаматтық авиация академиясында аудармашы, 2004-2018 жж. ҚазМемҚызПУ-да аға оқытушы. 2018 ж. ҚР ҰҒА А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына аға ғылыми қызметкер болып жұмысқа қабылданды. 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 оқу құралы, 2 монография, 2 сөздік, 1 оқу бағдарламасы, 1 библиографиялық көрсеткіштің авторы.


Ешметова Балжан Батырханқызы (11.01.1988). 2005-2009 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Филология факультетінде оқыған. 2017-2020 жж. Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасы «6D021200-Түркітану» мамандығы бойынша докторантура бойынша білім алды. 2018 ж. бастап ҚР ҰҒА А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ғылыми қызметкері болып қызмет атқарады.


Сейдамат Әсел Қазбекқызы (29.05.1997). 2014-2018 жж. Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін  бітірген. 2018-2020 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «лингвистика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 2019 ж. бастап ҚР ҰҒА А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында аға лаборант, 2021 ж. кіші ғылыми қызметкер болып қызмет атқарады.

0 Shares