Қызметкерлер

Әміржанова Назира Серікқызы  (11.02.1981).  1998 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің  Филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын 2002 ж. үздік белгімен аяқтады.

2004 ж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Фонетика бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 2006 ж. осы институттың Тіл мәдениеті бөлімінің  кіші ғылыми қызметкері болып  қызмет атқарды.  2009 ж.    ф.ғ.д., профессор Н. Уәлидің жетекшілігімен  «Латын әліпбиі негізінде қазақ жазуы графика және орфография (1929-40 жж.)» атты кандидатты диссертация қорғады. 2011 ж. бері А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінің кіші ғылыми, ғылыми қызметкері қызметін атқарды. 2015 ж. қазіргі кезге дейін Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі.


Тұрғынбаева Жазира (14.11.1971). 1996-2011 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Журналистика» факультетінде білім алған. 1995 ж. қазіргі кезге  дейін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында  қызмет етіп келеді. 1995 ж.  аға лаборант, 2000 ж. кіші ғылыми қызметкер, 2021 ж. бері ғылыми қызметкер.   

0 Shares