Тіл мәдениеті бөлімінің алдағы стратегиялық жоспарында бірнеше келелі мәселелер тұр. Оның бірі – латын графикасына негізделген әліпби мен емле бойынша ортологиялық құралдарды әзірлеу.
Алдағы уақытта тіл ортологиясы бойынша бірқатар кешенді жұмыстарды атқару көзделеді:
Латын әліпбиіне көшуге байланысты ортологиялық мәселелер төмендегідей теориялық әрі практикалық мәселелерді қамтиды:
– жазу нормаларын кодификациялайтын (заңдастыратын) «Орфографиялық сөздіктің» академиялық сипаттағы және мектепке арналған орфографиялық сөздік түзу;
– жазу мәдениетін көтеретін ортологиялық құралдарды жасау: а) әртүрлі орфографиялық анықтағыштың жекелеген түрлері (сөздердің бірге не бөлек жазылуы, жалқы есімдердің жазылуы, кірме сөздердің жазылу тәртібі т.б.), ә) пунктуациялық анықтағыш.
– тіл және сөз мәдениеті, стилистикаға байланысты теориялық және практикалық зерттеу жасау;
– жаңа жазудың орфографиялық, графикалық нормасын тұрақтандыруда, латын графикасы бойынша көзшалым мен қолдағдыны қалыптастыруда әртүрлі электронды құралды шығару.
– қазақ мәтіндерін (сөз, сөз тіркесі, мәнмәтін) тексеретін электронды «Сөзтексер» пилоттық жобасын дамыту және т.б.