
Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық (17.8.1924 жылы туған. Ақтөбе облысы Ойыл ауылы) – филология ғылымдарының докторы (1972), профессор (1989). Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1989), Сәтіғали Құтқожиннің қызы.
Еңбек жолы
- 1940жылы Ақтөбедегі (Темір қаласы) педагогикалық училищені бітірген.
- 1947 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (Қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті)
- 1951 жылы Абай атындағы педагогикалық институттың аспирантурасын бітірген.
- 1940-1994 ж.ж. мектепте мұғалім, педучилищеде оқытушы, «Мектеп» (қазір «Рауан») баспасында редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет атқарды.
- 1961-1967 ж.ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қазақ тілі тарихы мен диалектология бөлімінің меңгерушісі.
- 1980-1994 ж.ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі.
- 1994 жылдан бастап құрметті демалыста.
Зерттеулер
Сыздық Рәбиға “Абай шығармаларының тілі” (1972) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтиккалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV – XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті салаларына арналған.
Марапаттар
- “Қазақ әдеби тілінің тарихы” монографиясыүшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1995),
- Абайдың шығармалық мұрасын зерттеген еңбектер топтамасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын (1996) алған.
- “Құрмет белгісі” (1971), “Парасат” (2004) ордендерімен, бірнеше медальдарменмарапатталған.
- Есімі Қазақ ССР-інің «Құрметті Алтын Кітабына» жазылды (1981),
- Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1995),
- ҚР Мемлекеттік сыйлықтың (1996) лауреаты атанды..
Шығармалары
- Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш
- Сөздер сөйлейді, Алматы
- Сөз сазы
- А.Байтұрсынов
- Қазақ әдеби тілінің тарихы
- Абайдың сөз өрнегі
- Сөз құдіреті
- Қазақ тілінің анықтағышы
- Тілдік норма және оның қалыптасуы
- Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі
- Қ.А. Иасауи “Хикметтерінің” тілі