Бүгіні

1991-1993 жж. «Тарихи топонимика және Оңтүстік Қазақстан облыстары топонимдерінің сөздіктерін жасау» бойынша «Қазақстанның тарихи топонимикасы» атты 12 баспа табақ, екінші бөлімі бойынша 17 баспа табақ еңбек орындалды. 1994-1996 жж. жоспарлы жұмыс тақырыбы «Қазақстан Республикасы топонимдерін стандарттау және жүйелеудің ғылыми-теориялық принциптері» деп аталды. 1997-1999 жж. бөлімнің атқарған жоспарлы жұмысының тақырыбы «Қазақ ономастикалық лексикасының дамуы мен қолданыс аясының ғылыми-теориялық принциптері» деп аталды. Бұл зерттеу жұмысында қазақ ономастикасы жайлы зерттеулерге ғылыми-талдамалық шолу жасалып, осы саланың ғылыми өзекті нәтижелері қорытындыланды. Атап айтқанда, қазақ тіліндегі ономастикалық зерттеулердің даму болашағына бағыт-бағдар беру, ғылыми-теориялық принциптері мен әдіс, тәсілдемесін анықтау, теориялық мәселелерді анықтау, жалқы есімдер мәртебесін айқындау, зоонимдердің құрамы мен құрылымын, жасалу заңдылықтарын саралау мәселелері қарастырылды. Бөлім қызметкерлері – Т. Жанұзақов, Қ. Рысбергенова, Н. Оңғарбаевалар зерттеу жұмысы бойынша 12 б.т. жұмыс жазды. Гумилев атындағы ЕНУ, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ сынды Республикадағы маңдайалды университеттердің профессорлары Гүлғайша Сагидолда 1987-1990 жж. және Гүлмира Мадиева  1991-1995 жж. Ономастика бөлімінде қызмет жасады.

1997-1999 жж. Ономастика бөлімінен мынандай жұмыстар жарыққа шықты: Жанұзақов Т. Қазақстан географиялық атаулары // Қазақтар. VІІІ т. Алматы, 1998; Жанузаков Т. Тайны географических названий // Казахи. Т.VІІІ. Алматы, 1998; «Қазақстанның географиялық атаулары. Ақмола облысы» (ұжымдық еңбек): Т. Жанұзақ, А. Әбдірахманов, Қ. Рысбергенова, Ә. Сапарбекова, А. Мектепов, Ш. Рахметов және т.б. қызметкерлердің мақалалары жарияланды. 2000-2002 жж. «Қазақстан топонимдерінің этимологиясы. Топонимдік сөздіктер жасау» атты іргелі ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша жасалған жоспарлы жұмысты Т. Жанұзақов, Қ. Рысбергенова, Н. Оңғарбаева, Т. Тұрлығожаев жүргізді. Жарияланған еңбектер: Рысбергенова К. «Историко-лингвистическое исследование топонимов Южного Казахстана». Алматы, 2000; «Қазақстан Республикасының топонимдері. Топонимия Республики Казахстан»  (ұжымдық еңбек): Т. Джанузаков, К.К. Рысбергенова, Н. Онгарбаева, Т. Турлыкожаев. Алматы, 2001; Жанұзақ Т. Қазіргі қазақ тілі топонимиясының типтік бағдарламасы (Р.Шойбековпен бірігіп). Алматы, 2002; Жанұзақ Т. Қазіргі қазақ тілі топонимика курсын оқытудың ғылыми-әдістемелік көрсеткіші (Р. Шойбековпен бірігіп). Алматы, 2002; Инструкция по русской передаче казахских и казахской передаче русских географических названий Республики Казахстан (Т. Джанузаков, К.К. Рысбергенова) және 20-дан аса мақала жазылды.

Академик Ә. Қайдар, проф. Т. Жанұзақов «Жер-су атауларын реттеу, жүйеге келтіру» және Республикамыздағы «Ұлты қазақ азаматтардың есімдері мен тегін реттеу» бойынша Тұжырымдама жазып, оның негізіндегі ҚР Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығы, «Жер-су аттауларының анықтамалығы» (Т.Жанұзақов, Қ.Рысбергенова (2009); «Қазақ есімдерінің анықтамалығы» (Т.Жанұзақов т.б.) (2009) шықты.

2003 ж. қазірге дейін Ономастика бөлімін филология ғылымдарының докторы, доцент Қ. Рысберген басқарып келеді. 2003-2005 жж. бөлім қызметкерлері «Қазақстан топонимдерін тарихи-этимологиялық тұрғыдан зерттеу. Облыстық топонимдердің этимологиялық сөздіктерін жасау» атты тақырып бойынша жұмыс жүргізді. Т. Жанұзақовтың «Қазақстан географиялық атаулары. Алматы облысы» (2005) атты еңбегі жарық көрді.  

2003-2005 жж. бөлім қызметкерлері «Қазақстан топонимдерін тарихи-этимологиялық тұрғыдан зерттеу. Облыстық топонимдердің этимологиялық сөздіктерін жасау» атты тақырып бойынша жұмыс жүргізді. Нәтижесінде Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары топонимдік сөздіктері ғылыми жүйеге түсіріліп, түсініктері беріліп, компьютер жадына енгізілді, Т. Жанұзақовтың «Қазақстан географиялық атаулары. Алматы облысы» (2005) атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте Жетісу өңірі топонимдері туралы ғылыми очерк жазылды және мыңнан астам топонимнің мән-мағынасы айқындалып, шығу төркіні ашылды. Тұңғыш рет облыстың гидронимиялық атауларының (өзен, су, бастау, көл т.б.) қазақша-орысша каталогы қосымша ретінде көрсетілді.

«Қазақ ұлттық топонимиясының когнитивтік негіздерін зерттеу» (2006-2008) іргелі тақырыбы мен «Ұлттық идеяның қазақ ономастикалық жүйесіндегі көрінісі» (2007-2009) атты қолданбалы сипаттағы зерттеулердің бірқатар нәтижелері 2010 жылы бөлімде қорғалған екі докторлық диссертацияда көрініс тапты: Рысберген Қ. Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік негіздері, Иманбердиева  С. Тарихи ономастикалық кеңістік (Х-ХІV ғғ. түркі жазба ескерткіштері негізінде). С.Иманбердиева 2004-2011 жж. аралығында Ономастика бөлімінде жұмыс жасады.

«Қазақ  этносы жалқы есімдерін этномәдени және тілдік-тарихи парадигмада зерттеу» (2009-2011)  тақырыбы  зерттелді. Бұл кезеңдегі ономастика бөлімнің қатысуымен 4 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты диссертацияларын қорғап, ғылыми дәрежеге ие болды. Солардың бірі –  Н. Рсалиеваның «Қазақ онимдерін ағылшын тіліне транслитерациялаудың ғылыми-теориялық негіздері» атты кандидаттық диссертациясы.

2011 ж. Т. Жанұзақтың «Ғылым жолындағы ғұмыр», «Жер-су атаулары (этимологиялық анықтамалық)» кітаптары, Қ. Рысбергеннің «Ұлттық ономастикасының лингвокогнитивтік негіздері» атты монографиясы, (2011 ж.), Н. Оңғарбайдың «Қазақ жұмбақтаpының тiлi» атты еңбегі (2017 ж.), Т. Жанұзақтың «Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірліктер атаулары» атты көлемді анықтамалығы жарық көрді.

2018-2020 жж. арналған «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» атты БНҚ шеңберінде Ономастика бөлімі «Латын графикасы негізінде қазақ антропонимдерін транслитерациялау ережесін» әзірледі. Еңбекте латын графикасы негізінде қазақ антропонимдерін транслитерациялау ережесінің алғашқы жобасы ұсынылды. Қазақ антропонимдерінің транслитерациялау принциптері көрсетілді. Ереже жобасында Қазақстанда тұратын ұлты қазақ емес азаматтардың аты-жөндерінің транслитерациялау ерекшеліктері айқындалды (славян, неміс, кәріс т.б.). Сондай-ақ «Кирилл және латын графикаларында қазақ есімдері мен тегінің анықтамалығын әзірлеу» тапсырмасы бойынша қазақ кісі есімдері мен тектерінің параллель анықтамалығын әзірлеу жұмыстары жүргізілді.  

2019 ж. «Кирилл және латын графикаларында Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірліктер атауларының параллель анықтамалығы» әзірленді. «Қазақстан Республикасы географиялық атауларының мемлекеттік каталогынан» физика-географиялық нысана атаулары бойынша материалдар жинақталып, қоғам игілігіне жарайтын қолжазба Институттың сайтында жарық көрді. Сондай-ақ дәл осы жылы «Кирилл және латын графикаларында Қазақстан Республикасы физика-географиялық атауларының параллель анықтамалығы» әзірленді. 2020 ж. акут және умлаут нұсқаларында Дүниежүзінің саяси картасы жарық көрді. Ономастика бөлімінде жетілдірілген әліпби негізінде бірнеше лингвистикалық сынама-сараптамалық жұмыстар жүргізіліп келеді.

Ономастика бөлімінде қазіргі кадрлық құрамына келсек, проф. Т. Жанұзақ кеңесші қызметінде, ағымдағы жылдың маусым айында ф.ғ.к. Н. Рсалиева қызметке алынды, ф.ғ.к. Д. Пашан Институттың Тіл тарихы бөлімінен ауыстырылды. Сондай-ақ бөлімде кіші ғылыми қызметкерлер Н. Бармешова, Д. Садық, Ә. Сейітбатқал ғылыми жобалар бойынша жұмыс істейді.

Бөлім қызметкерлері (солдан оңға қарай):Дидар Садық, Нұржамал Оңғарбай, Назира Бармешова, Жазира Тұрғынбаева. 2018 ж.
Ономастика бөлімінің қызметкерлері, 2019 ж.
Дидар Садық, Қыздархан Рысберген, Телғожа Жанұзақ, Әрлен Сейтбатқал.
Ономастика бөлімі, 2021 ж.
1-қатар (солдан оңға қарай): Қыздархан Рысберген, Зүбайра Садырбаева;
2-қатар (солдан оңға қарай) Әрлен Сейтбатқал, Дана Пашан, Назира Бармешова, Дидар Садық.
Ономастика бөлімінің қызметкерлері, 2021 ж.
Қыздархан Рысберген, Назира Бармешова, Дидар Садық, Нұрсәуле Рсалиева, Дана Пашан, Әрлен Сейтбатқал.
Ономастика бөлімі, 2021 ж.
1-қатар (солдан оңға қарай): Нұрсәуле Рсалиева Қыздархан Рысберген;
2-қатар (солдан оңға қарай) Әрлен Сейтбатқал, Назира Бармешова, Дана Пашан, Дидар Садық.
0 Shares