Болашағы

Қазіргі таңда тіл білімінің ономастикасаласыҚазақстан Республикасында жүргізіліп отырған  тіл саясатының басым бағыттарының бірі ретінде көптілді, көпұлтты елімізде үлкен саяси-әлеуметтік, мәдени маңызға ие болып отыр. Жарты ғасырдан астам тарихы бар ұлттық ономастика қазақ тіл білімінің жеке саласы ретінде тіліміздің мемлекеттік мәртебесін және мемлекетіміздің ұлттық сәйкесімділігін арттыра түсетін зор лингвистикалық фактор ретінде мойындалады.

Ономастика бөлімінің болашақ зерттеу бағыттары:

–   ұлттық ономастиканың ғылыми-теориялық, практикалық базасын қамтамасыз ету шараларын іске асыру;

–   қазақ азаматтарының құжаттарындағы аты-жөндерін қазақ әдеби тілінің заңдылығы мен емле-ережелеріне сай рәсімделуіне көмек көрсету;

–   ҚР бойынша елді-мекен, көше атауларының байырғы атауларының жаңғыртылуы мен жаңа атаулар қойылу бойынша ғылыми негіздеме беру;

–   шеттілдік ономастикалық атаулардың латыннегізді қазақ әліпбиіндегі емле-ережесін әзірлеу;

–   қазақ жалқы есімдерінің нақты салалары бойынша (әсіресе топонимика, антропоника) қолданбалы IT-бағдарламалар жасау;

–   ономастикалық сөздіктер, тезаурустар жасаудың жаңа технологияларын енгізу, ономастиканың әртүрлі салалары бойынша электрондық сөздіктер модульдерін жасау, заманауи инновациялық бағдарламалар әзірлеу;

–   тарихи ономастикондар корпусын модельдеу;

–   ономастикалық энциклопедия әзірлеу (3 том);

–   аймақтық топонимдік түсіндірме сөздіктер дайындап, шығару;

–   ұлттық ономастиканың жаңа секторларының ғылыми-тілдік мониторингі, эргонимдер, прагматонимдер мен идеонимдер тобындағы атаулардың номинациялық принциптерін, уәждік негіздерін, семасиологиялық, семиотикалық табиғатын қарастыру;

–   ел, ру, тайпа атаулары жүйесін, соған байланысты шежіре, әңгімелердің екінші рет номинациялану үрдісін лингвомәдени, танымдық-когнитивтік негізде зерделеу;

–   қазақ жалқы есімдерінің ұлттық кодын ашу, когнититивтік, антропоөзектік бағытта зерттеу жұмыстарын жалғастыру.

Ономастика бөлімі алдағы уақытта қазақ ономастика мектебінің негізін салушы профессор Т. Жанұзақтың зерттеуін ары қарай жалғастырады. Қазақ жалқы есімдерінің этимологиялық сөздігін шығару көзделіп отыр. Сондай-ақ бауырлас түркі елдерінің ономаст ғалымдарымен байланысты нығайту, зерттеу бағыттарымен танысу сынды жұмыстар жүргізілмек. Атап айтқанда Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Татарстан, Саха, Тыва, Алтай және т.б. елдердің ономаст ғалымдарымен ортақ мүдде үшін бірлесе жұмыс атқарылмақ.

Ономастика тіл білімінің бір саласы болуымен қатар, әлеуметтік өмірде де алатын орны үлкен. Сондықтан да бөлім еліміздегі саяси-әлеуметтік, мәдени маңызды жұмыстарға белсене атсалысуын жалғастырады.

Ғылыми зерттеулер

  • «Қазақстан топонимдерінің этимологиясы. Топонимдік сөздіктер жасау» атты іргелі ғылыми-зерттеу (2000-2002);
  • «Қазақ ұлттық топонимиясының когнитивтік негіздерін зерттеу» іргелі тақырыбы (2006-2008);
  • «Ұлттық идеяның қазақ ономастикалық жүйесіндегі көрінісі» атты қолданбалы сипаттағы зерттеу (2007-2009);
  • «Қазақ этносы жалқы есімдерін этномәдени және тілдік-тарихи парадигмада тұрғысынан зерттеу» (2009-2011);

Бөлімде орындалған гранттар мен ғылыми тапсырмалар:

– Ономастика қазіргі Қазақстанның көпмәдени кеңістігінде рухани келісімді қамтамасыз етудің маңызды факторы (2012-2014);

– Қазақ ономастикасың мәдени-тарихи және тілдік негіздерін жалпытүркілік контексте зерттеу (2012-2014);

– Қазақстан Республикасы ономастикалық атауларының ұлттық және халықаралық стандарттаудың ғылыми-теориялық принциптерін жасау (географиялық атаулар) (2013-2015);

– «Қазақ жазуының латын әліпбиіне көшуіне байланысты антропонимика бойынша даярлық» ғылыми зерттеу (2017);

– «Латын графикасының негізінде қазақ антропонимдерін транслитерациялау ережесі» атты  ғылыми тапсырма (2018);

– «Кирилл және латын графикаларында қазақ есімдері мен тегінің анықтамалығын әзірлеу» (2018);

– «Кирилл және латын графикаларында Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірліктер атауларының параллель анықтамалығын әзірлеу» атты  ғылыми тапсырма  (2019);

– «Кирилл және латын графикаларында Қазақстан Республикасы физика-географиялық атауларының параллель анықтамалығын әзірлеу» атты  ғылыми тапсырма  (2019);

– «ҚР қысқаша жалпытопонимдік (аралас) сөздігі мен антропонимиялық екі сөздік  мәтінін әзірлеу» атты  ғылыми тапсырма (2019);

–  «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» бағдарламалық-нысаналы зерттеу  бойынша «Дүниежүзілік саяси карта әзірлеу», «Қазақ тіліндегі өзге тілді ономастикалық атаулар анықтамалығы» тақырыптары (2018-2020).

0 Shares