ОНОМАСТИКА БӨЛІМІ

ОНОМАСТИКА БӨЛІМІНІҢ ТАРИХЫ

Қазіргі таңда тіл білімінің ономастика саласы Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған  тіл саясатының басым бағыттарының бірі ретінде көптілді, көпұлтты елімізде үлкен саяси-әлеуметтік, мәдени маңызға ие болып отыр. Жарты ғасырдан астам тарихы бар ұлттық ономастика қазақ тіл білімінің жеке саласы ретінде тіліміздің мемлекеттік мәртебесін және мемлекетіміздің ұлттық сәйкесімділігін арттыра түсетін зор лингвистикалық фактор ретінде мойындалады. Республикадағы ономастика саласының қалыптасу тарихы  Тіл білімі инстиутынан бастау алады.

Қазақ тіл білімінде ономастика бойынша алғашқы зерттеулер өткен ғасырдың 40 жылдарынан бастау алғанымен, оның өрістеп дамуы, ғылым ретінде қалыптасуы, негізінен, соңғы жарты ғасыр барысында, яғни 1961 жылы Тіл білімі институтының дербес ғылыми-зерттеу институты болып құрылғанынан бастап, күні бүгінге дейін іске асып отыр.

1960 жылға дейін қазақ тіліндегі жер-су атаулары туралы жарық көрген екі жұмыс болды. Оның біріншісі – география маманы Ғ.Қоңқашбаевтың «Қазақтың халықтық географиялық терминдері» атты тақырыпта жазылған еңбегі (1951). Ал екінші жұмыс – Қазақстан географиялық атауларын тарихи-лингвистикалық бағытта зерттеген А.Әбдірахмановтың «Некоторые вопросы топонимики Казахстана» (Алматы,1954) атты кандидаттық диссертациясы және «Қазақстанның жер-су аттары» атты монографиясы (1959).

Осы диссертациялық жұмысының негізінде ол 1959 ж. «Қазақстанның жер-су аттары» деген атпен көлемді монографиясын шығарды.

Тіл білімі институты ономастика бөлімі қызметкерлерінің тарапынан 50 жыл бойы (1961-2011 ж.) жарық көрген еңбектерін: 1) кеңестік кезеңі (1940-1990 ж.ж.)  және 2) тәуелсіздік кезеңі (1991 жылдан қазіргі кезге дейін) деп екіге бөлуге болады.

1961 жылы Т.Жанұзақов бұрыннан жүргізіп келе жатқан қазақ антропонимдері жайлы зерттеу жұмысының нәтижесінде «Лично-собственные имена в казахском языке» атты тақырыпта (кеңесшісі проф. С.Е.Малов, жетекшісі проф. І.Кеңесбаев) кандидаттық диссертация қорғады. Кейінірек қазақ ономастикасы ғылымын теориялық, фактологиялық мол материал, соны зерттеумен байытқан, бұрын-соңды қарастырылмаған тың лексикалық қабат – есімдер жүйесіне арналған Т.Жанұзақовтың «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер» (1965) және «Қандай есімді ұнатасыз? Какое выбрать имя?» (1968) атты кітаптары жарық көрді. Осы еңбекпен жалғас жүргізілген диссертациялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан топонимдері регионалдық, ареалдық бағытта қарастырылып, әрбір облыс топонимдерінің шығу, пайда болу, даму жолдары, лексика-семантикалық, хронологиялық топтары, лексика-фоно-морфологиялық құрылымдары жан-жақты сипатталды (Е.Қойшыбаев «Жетісу топонимдерінің негізгі типтері» (1967), В.Н.Попова «Павлодар облысының гидронимдері» (1966), О.А.Сұлтаньяев «Көкшетау облысының топонимдері» (1968) тақырыптарындағы кандидаттық диссертациялары).

Алпысыншы жылдары Одақ көлемінде ономастикалық зерттеулер аясы ұлғая түсті де, ғылыми орталықтарда, әрбір ұлттық республикада зерттеушілер қатары көбейіп, өсе бастады. Осы жағдайға назар аударып, жіті көңіл бөлген сол кездегі Институт директоры, академик І.Кеңесбаев институтта ономастика бөлімін ашуға күш салды.

1971 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы Президентінің жарлығымен Тіл білімі институтында ономастика бөлімі ашылып, филология ғылымдарының кандидаты А.Әбдірахманов бөлім меңгерушісі болып бекітіліп, оны 1979 жылға дейін басқарды.

Аталған бөлімде қызмет ететін мамандар 1971 жылы Мәскеу ғалымдарымен бірлесе отырып, «Инструкция по русской передаче географических названий Казахской ССР» деген атпен нұсқаулық шығарды. Бұл кезде Т.Жанұзақов «Қазақ есімдерінің тарихы» (1971) атты монографиясын, «Есімдер сыры. Тайны имен» (1974) атты кітабын шығарып, 1976 жылы «Основные проблемы ономастики казахского языка» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Т.Жанұзақовтың докторлық диссертациясының негізіндегі «Очерк казахской ономастики» (1982) атты монографиясы тек қазақ тіл білімінде ғана емес, түркітануда ономастика саласын жаңа деңгейге көтерген ғылыми нәтиже ретінде бағаланды. Сонымен бірге осы кезеңде жарық көрген О.Сұлтаньяевтің «Понятные непонятности» атты оқу құралы (1973), Е.Қойшыбаевтың  «Краткий толковый словарь топонимов Казахстана» (1974), А.Әбдірахмановтың «Топонимика және этнотопонимика» (1975) деген кітаптары ұлттық ономастиканың дамуына тілдік, тарихи-деректік тұрғыдан қосылған жаңа дүниелер боп бағаланды.

1979 жылдан бастап «Терминология және ономастика» бөлімі болып аталды. Филология ғылымдарының докторы Т.Жанұзақов ҒА Президиумының Жарлығына сай бөлім меңгерушісі болып бекітілді.

Бөлім қызметкерлері 1981-1986 жылдары «Орталық Қазақстан топонимдері» атты жоспарлы жұмыс бойынша ғылыми-зерттеу ісін жүзеге асырды. Бөлімде А.Әбдірахманов, Е.Керімбаев, Д.Жүнісов, Г.Бектемірова т.б. қызметкерлер жұмыс жасады.

Қызметкерлер 5 жыл бойы Орталық Қазақстан облыстарына арнайы барып, топонимия, антропонимия, космонимия, зоонимия бойынша материал жинады. Соның нәтижесінде 5 жылда 130.000 ономастикалық материал жиналып, қазақ ономастикасы картотекалық базасының негізі құралды. Бұл бесжылдықта жарық көрген еңбектер мыналар:

Т.Жанұзақов «Очерк казахской ономастики» атты монографиясы (1982); Е.Керімбаев «Атаулар сыры» (1984); «Тюркская ономастика» атты жинақ (Ред. алқа мүшелері: Ә.Қайдаров, Н.А.Баскаков, Т.Жанұзақов, А.В.Суперанская) (1986); Е.Қойшыбаев «Қазақстанның жер-су аттары сөздігі» (1985); «Қазақ ономастикасының мәселелері» атты жинақ (1986), 20-дан аса мақалалар жарияланды.

Одақтық және республикалық конференцияларда 8 баяндама, Халықаралық ономастикалық конгресте 2 баяндама (Ә.Т.Қайдаров, Т.Жанұзақов) жасалды. Бөлімде жан-жақтан келген докторлық және кандидаттық диссертациялар талқыланды (Ш. Жапаров (Қырғызстан), З. Дусимов (Өзбекстан), О.Т.Молчанова (Украина), Г.Ф.Саттаров(Өзбекстан), В.А. Хаков (Татарстан), Бегматов Э.А. (Өзбекстан), С.Атаниязов (Түркменстан), Т. Ахмедов, М.А.Жевлов (Хакасия), Б.К.Ондар (Тува), Р. Шахова (Дағыстан), К.Хурамова (Өзбекстан), З.Садыхов (Әзербайжан), Ф.Гарипова, Ф.Л.Мазитова (Татарстан), К.И.Бердшек (Грузия), К.Конкобаев (Қырғызстан), М.С.Лунгу (Молдавия), М.Рамазанова (Өзбекстан), В.У.Махпиров (Алматы)).

Одақтық Ғылым академиясы Тіл білім институтының «Ономастикалық зерттеулер» бөлімі және Миклухо-Маклай атындағы Этнография институтының «Ономастика тобымен» тығыз ғылыми байланыс орнады. Сол сияқты республика бойынша Алматыдағы жоғары оқу орындарымен, Шымкент, Көкшетау, Қарағанды педагогикалық институттарымен, аудандық, қалалық, облыстық ЗАГС бөлімдерімен ғылыми-практикалық қарым-қатынас, берік байланыс болды. Соның нәтижесінде М.Қожанов, Б.К.Бектасова, Ш.Ш.Мұқанова, Е.Ә.Керімбаев, К.С.Есбаева, С.Х.Ескендірова, Қ.Қ.Рысбергенова, А.И. Назаров, А.Жартыбаев, Г.Әлиевалар бөлімнің ізденушілері болып, диссертациялық зерттеулер жүргізді.

Қазақ тіл біліміндегі ономастикалық зерттеулер бойынша 1984 ж. Т.Жанұзақов ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты болып, Қазақстанда академиялық ғылымның дамып қалыптасуына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Ғылым академиясы президиумының, сондай-ақ, ҚР ҒА-сы Кәсіподағы Ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

1987-1991 жылдары бөлім «Қазақстанның аймақтық топонимдері мен тарихи этнонимдерді зерттеу» атты тақырыбы бойынша жұмыс жасады. 1987-1988 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Ұлан, Самара, Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Марқакөл аудандарына ғылыми экспедицияға барып, ономастикалық материалдар (10 мың топоним, 12 мың антропоним, 500 космонимдік атаулар) картотекаға түсірілді, 1988 ж. Жезқазған облысы географиялық атауларының сөздігі жасалды. Осы ғылыми-зерттеу жұмысты атқару нәтижесінде 12 баспа табақ ұжымдық жұмыс орындалды.

Бұл бес жыл ішінде: «Орталық Қазақстанның жер-су аттары» (авторлар: Т.Жанұзақов, А.Әбдірахманов т.б.). Алматы,1989; Т.Жанузаков. «Тюркская ономастика: перспективы и развитие». Алматы,1990; «Қазақстан географиялық атауларының сөздігі. Жезқазған облысы». Авторлар ұжымы: Т.Жанұзақов (а, ә, б, г, ғ, д, е), Ә.Сапарбекова (ж), А.Әбдірахманов (з, и, к), А.Мектепов (қ), Ш.Рахметов (қ, л, м), Қ.Рысбергенова (м, н, о, п, р, с, т), Г.Сағидолдагийн (у, ұ, ү, х, ш, ы, і). Алматы,1990 т.б. орындалды.

Т.Жанұзақов ХҮІ-ХҮІІ Халықаралық ономастикалық конгрестерге (Лейпциг, 1984, Хельсинки, 1990) қатысып, қазақ ономастикасы бойынша баяндамалар жасап, олар кейінірек жеке жинақтарда шетелдерде жарық көрді. Жетекші ғылыми қызметкер А.Әбдірахманов, кіші ғылыми қызметкерлер Қ.Рысбергенова, Ә.Сапарбекова, А.Мектеповтердің бұл саладағы ғылыми-практикалық еңбектері аз болмады. Зерттеу жұмыстарымен қатар аудандық, қалалық, облыстық, республикалық АХАЖ бөлімдерімен байланысты үзбей, практикалық тұрғыдан жәрдем беріп тұрды. 1988 ж. бөлім меңгерушісі Т.Жанұзақов Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын алды. 1989 жылы 30 қарашада Қазақстан Үкіметі жанынан Мемлекеттік ономастикалық комиссиясын құру, оның жұмысын Ұлттық Ғылым академиясының А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтына жүктеу жайлы шешім қабылданды.

Қазақ ССР Жоғарғы Советінің  20 сәуір 1990 жылғы  №156  шешіміне сәйкес  Қазақ ССР Министрлер Советі Мемлекеттік ономастикалық комиссия құру туралы қаулы қабылдады.

Онда комиссия құрамы, комиссияның ережесі (ережені жазған Т.Жанұзақов) қоса бекітілді. Осы қаулыдан соң Ә.Т. Қайдаров пен Т.Жанұзақов «Қазақ КСР-індегі мемлекеттік және әкімшілік-территориялық бірліктердің атауларын реттеудің, елді мекендердің аттарын өзгерту және тарихи, географиялық атауларын қалпына келтірудің Тұжырымдамасы» жазды.

1991-1993 жылдары «Тарихи топонимика және Оңтүстік Қазақстан облыстары топонимдерінің сөздіктерін жасау» бойынша «Қазақстанның тарихи топонимикасы» атты 12 баспа табақ, екінші бөлімі бойынша 17 баспа табақ еңбек орындалды. 1994-1996 жылғы жоспарлы жұмыс тақырыбы «Қазақстан Республикасы топонимдерін стандарттау және жүйелеудің ғылыми-теориялық принциптері» деп аталды. 1997-1999 жылдары бөлімнің атқаратын жоспарлы жұмысының тақырыбы «Қазақ ономастикалық лексикасының дамуы мен қолданыс аясының ғылыми-теориялық принциптері» деп аталды. 1997-1999 жылдары ономастика бөлімінен мынандай жұмыстар жарыққа шықты: Жанұзақов Т. «Қазақстан географиялық атаулары» // Қазақтар. VІІІ т. Алматы, 1998; Т.Жанузаков. «Тайны географических названий» // Казахи. Т.VІІІ. Алматы, 1998; «Қазақстанның географиялық атаулары. Ақмола облысы» (ұжымдық еңбек): Т.Жанұзақ, А.Әбдірахманов, Қ.Рысбергенова, Ә.Сапарбекова, Г.Сағидолдагийн, А.Мектепов, Ш.Рахметов. Алматы, 1998 және тақырыпқа қатысты бөлім қызметкерлерінің 20-дан аса мақаласы жарияланды. 2000-2002 жылдары «Қазақстан топонимдерінің этимологиясы. Топонимдік сөздіктер жасау» атты іргелі ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша жасалған жоспарлы жұмысты Т.Жанұзақов, Қ.Рысбергенова, Н.Оңғарбаева, Т.Тұрлығожаев жүргізді. Жарияланған еңбектер: Рысбергенова К. «Историко-лингвистическое исследование топонимов Южного Казахстана». Алматы, 2000; «Қазақстан Республикасының топонимдері. Топонимия Республики Казахстан»  (ұжымдық еңбек): Т.Джанузаков, К.К.Рысбергенова, Н.Онгарбаева, Т.Турлыкожаев. Алматы, 2001; Жанұзақ Т. «Қазіргі қазақ тілі топонимиясының типтік бағдарламасы» (Р.Шойбековпен бірігіп). Алматы, 2002;Жанұзақ Т. «Қазіргі қазақ тілі топонимика курсын оқытудың ғылыми-әдістемелік көрсеткіші» (Р.Шойбековпен бірігіп). Алматы, 2002; «Инструкция по русской передаче казахских и казахской передаче русских географических названий Республики Казахстан» (Т.Джанузаков, К.К.Рысбергенова) және 20-дан аса мақала жазылды.

Академик Ә.Қайдар, проф. Т.Жанұзақов “Жер-су атауларын реттеу, жүйеге келтіру” және республикамыздағы “Ұлты қазақ азаматтардың есімдері мен тегін реттеу” бойынша Тұжырымдама жазып, оның негізіндегі ҚР Президентінің “Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы” Жарлығы, «Жер-су аттауларының анықтамалығы». (Т.Жанұзақов, Қ.Рысбергенова (2009); «Қазақ есімдерінің анықтамалығы». (Т.Жанұзақов т.б.) (2009) шықты.

2003 жылдан қазірге дейін ономастика бөлімін филология ғылымдарының докторы, доцент Қ.Рысберген басқарып келеді. 2003-2005 жылдары бөлім қызметкерлері «Қазақстан топонимдерін тарихи-этимологиялық тұрғыдан зерттеу. Облыстық топонимдердің этимологиялық сөздіктерін жасау» атты тақырып бойынша жұмыс жүргізді. Т.Жанұзақовтың «Қазақстан географиялық атаулары. Алматы облысы» (2005) атты еңбегі жарық көрді.

«Қазақ ұлттық топонимиясының когнитивтік негіздерін зерттеу» (2006-2008) іргелі тақырыбы мен «Ұлттық идеяның қазақ ономастикалық жүйесіндегі көрінісі» (2007-2009) атты қолданбалы сипаттағы зерттеулердің бірқатар нәтижелері 2010 жылы бөлімде қорғалған екі докторлық диссертацияда көрініс тапты: Қ.Рысберген «Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік негіздері», С.Иманбердиева «Тарихи ономастикалық кеңістік» (Х-ХІV ғғ. түркі жазба ескерткіштері негізінде).

«Қазақ  этносы жалқы есімдерін этномәдени және тілдік-тарихи парадигмада зерттеу» (2009-2011)  тақырыбы  зерттелді. Филология ғылымдарының докторы, доцент Қ.Рысбергенова басқарған 2003-2011 жылдардағы жоспарлы жұмыстарға тікелей қатысты жарық көрген еңбектер қатарына: Т.Жанұзақовтың 2003 ж. Анкарада, 2005-2006, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011 жылдар Астана, Алматы қалаларында шыққан кітаптары, Қ.Рысбергенова, С.Иманбердиевалардың 2004, 2005, 2006, 2009, 2010 жылдары жарық көрген еңбектерін (олардың толық тізімі «Ономастика бөлімінің басты еңбектері» атты тізімде толық көрсетіліп отыр) айта аламыз. Бұл кезеңдегі ономастика бөлімі меңгерушісінің ұйымдастыру, басқару нәтижесінде 4 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты диссертацияларын қорғап, ғылыми дәрежеге ие болды.

Гранттар:

  • «Ономастика қазіргі Қазақстанның көпмәдени кеңістігінде рухани келісімді қамтамасыз етудің маңызды факторы» 2012-2014;
  • «Қазақ ономастикасың мәдени-тарихи және тілдік негіздерін жалпытүркілік контексте зерттеу» 2012-2014,
  • «Қазақстан Республикасы ономастикалық атауларының ұлттық және халықаралық стандарттаудың ғылыми-теориялық принциптерін жасау» (географиялық атаулар) 2013-2015.

Жарияланымдар тізімі:

  • Қазақ жеріндегі жарнамаларды жетілдірудің кейбір жолдары, «Тіл және қоғам» №2 (44)/2016.
  • Әлемдік ономастиканың бүгінгі тынысы, «Мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері атты республикалық конференция материалдарының жинағы, 2016.
  • Қазақстан Республикасының Ономастикалық атауларды латын әліпбиіне көшіру мәселесі, «Ономастикалық хабаршы, №2(28), 2014
  • Қазақстан ономастикалық атауларының жаһандану үдерісіне қатысты мәселелері, «Жаһандану бағытындағы ұлттық ономастика» республикалық ғылыми-практикалық конференция, 2014.
  • Ономастикалық атаулардың халықаралық біріңғай ұлттық стандартын жасау қажет. «Айқын» №160 (2554) 9, 2014.
  • Роль лексикографических источников в реконструкции языкового концепта. «Ономастика Поволжья» материалы ХІІІ международной конференции.
  • Қазақ тіліндегі жарнамаларды жетілдірудің кейбір жолдары, «Ономастика және көрнекі ақпарат: міндеттер мен ұсыныстар, 2016.
  • Алматы қаласының лингвистикалық ахуалы, «Ономастиканың өзекті мәселелері» атты конференция материалдары.
  • Қазақ азаматтарының аты-жөндерінің әмле ережелері жайлы ұсыным, «Ономастикалық хабаршы», №2 (32), 2016.
  • Қазақстан Республикасының ономастикалық атауларды латын әліпбиіне көшіру мәселесі, «Ономастикалық хабаршы», №2(28) 2014.
  • Ономастикалық атаулар семантикасындағы экстралингвистикалық фактор, «Ономастикалық хабаршы» №1 2014.
  • Ономастика – әлемдік мәселе, «Ана тілі» №11 (9), 2014.
  • Көркем мәтіндегі «дала» концептсінің репрезенттелуі «Тілтаным» №1-2 (9), 2011.
  • К проблеме изучения ономастического кода казахского языка. Материалы ХІХ международной научной конференции по проблеме когнитивной лингвистики «Новые парадигмы и новые решения в когнитивной лингвистике» №19, 2015.
  • Жаһанданудың ығына жығылу немесе жамыраған жат атаулар, «Ана тілі» №2, 2017
  • «Қазақ жазуының ұлттық стандарты керек», «Азаттық радиосы», сұхбат. 2016.
  • Ономастикалық атаулардың ұлттық коды, «Наука и жизнь Казахстана, №1, (43) 2017.
  • Қазақ топонимдеріндегі түр-түс атауларының репрезенттелу ерекшелігі, «Наука и жизнь Казахстана», №2 (44) 2017.
  • Ономастикалық номинациядағы этномәдени ерекшеліктер, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ХАБАРЛАРЫ, №5 (315) 2017.
  • Онгарбаева Н.Б. Казахские этнографизмы в дореволюционных лексикографических трудах // Актуальные проблемы конференции молодых ученых-обществоведов. – Алма-Ата, изд. «Наука» – 1986.
  • Онгарбаева Н.Б. К этимологии подражательных основ и искусственных образований в структуре казахских загадок//Проблемы этимологии тюркских языков. – Алма-Ата «Ғылым» 1990. – 117-122 стр.
  • Оңғарбаева Н.Б. Қазақ зоонимдерінің лексика-семантикалық сипаттары // ҚР БҒМ ҰҒА хабарлары. – 1999, -№4
  • Оңғарбай Н.Б. Солтүстік Қазақстан облысы топонимдік жүйесінің тілдік ерекшелігі // Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Астана, 2004. – 116-125 бб.
  • Оңғарбай Н.Б. Фольклор ономастикалық кеңістігін концептуалдану ерекшеліктері// Тіл және мәдениет: Тілдің антропоөзектік парадигмасы атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары – Алматы, 2010- 206-209 бб.