МАГИСТРАТУРА, ДОКТОРАНТУРА PhD

 Құрметті талапкер!

 Егер Сіз болашағыңызды қазақ тілі және біліміне қызмет етумен байланыстырғыңыз келсе, онда 2021-2022 оқу жылында

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына мына мамандықтар бойынша магистратура және докторантура бөлімдеріне оқуға келіңіз:

  • «7М023– Қазақ филологиясы» (магистратура)
  •  «8D023 – Филология» (докторантура)
  • «7М023– Лингвистика» (магистратура)
  • «8D023 – Лингвистика» (докторантура)

«7М023– Лингвистика» (магистратура) мамандығын таңдасаңыз, Сіз қазақ тілді лингвостилист-редактор, лингвомәдениетанушы немесе қазақ тілді копирайтер және спичрайтер мамандығын иемденесіз.

«7М023– Қазақ филологиясы» (магистратура) бөлімін бітірсеңіз, Сіз функционалды қазақ тіл білімінің және әлеуметтанудың маманы болып шығасыз.

«8D023 – Филологиясы» мамандығы бойынша докторантураға түссеңіз, мұнда қазақ фонетикасы, грамматикасы, мен синтаксисінің тарихы оқытылады, бұл бөлімді бітіріп шықсаңыз болашақта сіз қазақ тілінің тарихынан зерттеу жазып, таптырмайтын сирек мамандық иесі боласыз, ахметтанушы, тіл тарихын зерттеуші, диалектолог, түркітанушы бола аласыз.

«8D023 – Лингвистика» (докторантура) таңдасаңыз, функционалды лингвистика бойынша қазақ жазуының теориясы мен тарихынан, қазақ фонологиясы, ономастикасы мен грамматологиясынан, қазақтың ауызша және вербалды коммуникациясынан білім алып, зерттеу жаза алатын боласыз.

Сіздерге қазақ лингвистикасының танымал доктор, профессорлары дәріс оқиды.

Таңдау өзіңізде!  

 

 

 

 

0 Shares