Әбдуәлі Туғабайұлы Қайдар

Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар 1924 жылы 13 желтоқсанда Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданы, Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген.

  • 1941 – 1946 жылдары екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан ардагер майдангер.
  • 1951 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік иниституты)ның филология факультетін бітірген.
  • 1951 – 1954 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыныда асперантурасын бітірген.

Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген ғылым қайраткері. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі. Филология ғылымының докторы, профессор. Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті. Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері. Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы. Түркітану ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі.

Еңбек жолы

  • 1954 – 1995 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында тіл бөлімі иниститутында
  • Ұйғыр-дүнген мәдениетінің секторында кіші ғылыми-қызыметкері;
  • Шығыстану иниститутында аға ғылыми-қызыметкері;
  • 1961 – 1963 жылдары Ұйғыр филология бөлімінің меңгерушісі;
  • 1967 – 1978 жылдары Директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары;
  • 1978 – 1995 жылдары Институт директоры т.б лауазымды қызыметтерін абыроймен атқарды;
  • 1995 жылдан осы иниститутың құрметті директоры.

Ғылыми шығармашылығы

Қайдар – жарты ғасыр бойы қазақ және ұйғыр тілдері мен жалпы және салыстырмалы түркітану мәселелерін зерттеумен шұғылданды. Оның жалпы түркітану ғылымына, оның ішінде, әсіресе, қазақ тіл білімі мен ұйғыртану саласына қосқан нақтылы үлесі мен сіңірген еңбегі жеке монография, оқулық, сөздік, жинақ, мақала түрінде 400-ден астам (жалпы көлемі 600 б.т.) ғылыми зерттеулерде көрініс тапты. Ғалымның тіл білімі саласындағы еңбектері былайша жіктеледі:

  • қазақ тіліне қатысты;
  • ұйғыр тіліне қатысты;
  • өзге тілдерге қатысты.

Қайдардың жалпы түркітану әлеміндегі, оның ішінде қазақ және ұйғыр тіл біліміндегі ғылыми бағыттары тіл білімінде қалыптасқан құрамдық салаларға сәйкес: 1) лексикология, 2) диалектология, 3) этнолингвистика, 4) тіл құрылысы, 5) түркітану және алтаистика, 6) ғылым тарихы; 7) тіл саясаты; 8) оқулық, т.б. болып бөлінеді. Сондай-ақ, лингвистика салалары мен оларға тікелей қатысты: сөзтану, этимология, ономастика, терминология, семасиология, фразеология, т.б. жеке тараулардан тұрады. Бұл тараулардан туындайтын тақырыптар (30-ға жуық), моносиллабтар құрылым-құрамы, синкретизм құбылысы, гомогенді омонимдер, плеоназмдар, қос сөздер, еліктеуіш сөздер (имитативтер), өлі түбір, сөзжасам үлгілері, фонетикалық заңдылықтар, әдеби норма, стиль, т.б. қамтиды. Қайдар қоғамдық қызметтегі қайраткерлігімен де танылды. Елдегі тіл саясатына белсенді араласып, қазақ тілінің мемлекеттік деңгейде қолданылуына қатысты ой-пікірлерін үнемі білдіріп келеді.

Мемлекеттік марапаттары

  • 1944 жылы КСРОның ІІІ дәрежедегі «Даңқ» Орденімен марапатталған.
  • 1984 жылы «Халықтар Достығы» Ордені;
  • 1985 жылы «Ұлы отан соғысы» ІІ дәрежелі, І дәрежелі Ордені;
  • КСРОның «Қызыл Жұлдыз» Орденімен екі мәрте марапатталған.
  • 1971 жылы Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері;
  • 1971 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасының иегері;
  • 1982 жылы Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген ғылым қайраткері құрметті атағы берілді.
  • 1984 жылы «Қазақ ССРнің Халық ағарту ісінің Үздігі» құрметті атағы;
  • 1989 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің арнайы сыйлығының лауреаты;
  • 1997 жылы тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталды.
  • 1998 жылы Түркия Мемлекеттінің мемлекеттік марапаты «Құрмет белгісі» Орденімен марапатталды.
  • Халықаралық қазақ тілі қоғамының «Ана тілі айбары» құрметті белісі;
  • «Қазақ тілінің жанашыры» құрмет белгісі;
  • КСРОның және басқада мемлекеттердің бірнеше құрмет белгілерімен, медалдарымен марапатталған;
  • 2014 жылы елбасының қолынан жоғарғы мемлекеттік марапат І дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды;
  • Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы;
  • Елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.

Ғылыми атақтары

  • 1970 жылы Филология ғылымының докторы;
  • 1972 жылы профессор (құрметті ғылыми атақтары) берілген;
  • 1983 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі;
  • 1989 жылдан Мұстафа Ата түрік атындағы Түркия ұлтттық ғылым академиясының құрметті академигі;
  • 1991 жалдан Башқұртстан ғылым академиясының құрметті академигі.