ИНСТИТУТ ТУРАЛЫ

Институт – әлемдегі қазақ тілін зерттейтін жалғыз ғылыми орталық, Республикада мемлекеттік тілдегі лингвистикалық ойды дамытатын бірден бір мекеме, Қазақстанның тіл саясатының теориялық-практиалық негіздері мен мемлекеттік тілдің ғылыми-лингвистикалық базасын жасайтын, осы базаны заманға сай толықтырып, жетілдіріп отыратын бірегей зерттеу орны, қазақ тілінің қара шаңырағы. Осымен байланысты Институт әр жылда өз қызметін бірнеше бағдарламалар аясында ұйымдастырады. Мәселен, бүгінгі күнге дейін Институт қызметкерлері іргелі және қолднабалытәуекел және бастама бағдарлама жобаларымен қатар «Мәдени мұра», «ҚР-дағы тілдерді қолдану мен дамыту» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға белсене атсалысып келді.

Қазіргі кезде де Институттың қызмет бағыттары бірнеше бағдарламамен байланысты. Олар – ғылымды гранттық қаржыландыру бойынша «Зияткерлік меншік» басымдығының «Қазақстан Республикасы көпмәдениетті қоғамындағы тілдік жағдаяттар мен үдерістерді ізгілендіру – елдің рухани қауіпсіздігі мен бірлігін сақтаудың аса маңызды түрткіжайттарының бірі» атты 2012-2014 жж. арналған іргелі және қолданбалы зерттеулер, мақсаттық қаржыландыру бойынша «Ғылыи қазына» бағдарламалары, сонымен бірге 2011-2020 жылдарға арналған «ҚР-дағы тілдерді қолдану мен дамыту» мемлекеттік бағдарламасы. Бұлардан басқа Институт қызметкерлері түрлі қорлар, басқа зерттеу орталықтары жариялаған байқауларға қатысып грант иегерлері атанып отырады.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 
2015 жылғы негізгі қызметі жөніндегі
ЕСЕП

Қазақстан Республикасы Президентінің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес құрылған Институттың ұзақмерзімді даму жоспары негізінде Институт қызметін жетілдіру ісі оның 4 басты бағыты бойынша жүргізіліп келеді:

  • ғылыми зерттеулерді дамыту;
  • ғылыми кадрларды дамыту;
  • ғылыми базаны дамыту;
  • материалды-техникалық базаны дамыту.

І. Ғылыми зерттеулерді дамыту бойынша жүзеге асырылған іс-шаралар:

1.1 Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру мақсатында Институт қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық мәселелерімен іргелі және қолданбалы зерттеулер деңгейінде шұғылданатын және Қазақстандағы лингвистикалық ғылым дамуының негізгі бағыттарын зерттеумен айналысатын ғылыми мекеме ретінде тұтастай лингвистикалық ғылым дамуының әлемдік үдерістерін үнемі бақылап отырады.

1.2 2015 жылы Институт 11 гранттық және 1 мақсаттық  жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыс жүргізді. Бұған қоса ҚР Президент Әкімшілігінің «Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен идеалдары» атты Тақырыптық жоспары аясында «Қазақ тілінің ұлттық корпусын қалыптастырудың негізгі факторлары, Қазақстан Республикасындағы тілдердің үштұғырлы идеологиясына сәйкес коммуникативтік және тұтастырушылық қызметін арттыру» жобасын жүзеге асырды (бас ұйым – Философия, саясаттану және дінтану институты). Соның нәтижесінде «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» мегажобасының қанатқақты бастапқы нұсқа жобасы дайындалды (http://217.15.186.68:81/).

1.3 Институттың ғылыми-өндірістік қызметі тиімділігі мен ғылыми нәтижелердің сапасын арттыруға бағытталған ғылыми-өндірістік семинардың 11 отырысы мен Ғалымдар кеңесінің 12 мәжілісі өтті.

1.4 Институт ұйымдастыруымен 2 халықаралық ғылыми-теориялық конференция мен 4 дөңгелек үстел өткізілді:
«Профессор Қ.Қ.Жұбанов және қазіргі тіл білімі, әдебиеттану және әдістеме саласындағы ғылыми-әдіснамалық зерттеулер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Алматы,  26 ақпан 2015 ж.
«Қазақ лексикографиясы: тарихы, тәжірибесі, болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы, 29 мамыр 2015 ж.
«Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел. – Алматы, 4 наурыз 2015 ж.
«Қалалық ортадағы қазақ тілі» атты дөңгелек үстел. – Алматы, 18 наурыз 2015 ж.
«Қазақ хандығы және қазақ тілі» атты дөңгелек үстел. – Алматы, 20 қазан 2015 ж.
«Қазақ тіл ғылымы когнитивтік парадигмасын дамытудағы ғалымның рөлі» атты дөңгелек үстел. – Алматы, 17 қараша 2015 ж.

1.5 Институт қызметкерлері үнемі Қазақстанның және алыс-жақын шетелдегі ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларына ғылыми мақалаларын жіберіп, конференциялар жұмысына белсенді қатысып отырады. Нақты айтқанда, Институт қызметкерлерінің төмендегідей мақалалары алыс-жақын шетелдегі журналдар мен ғылыми жинақтарда жарық көрді:

Аманбаева А.Сөйленім синтезінің зерттелу тарихы // Найновите постижения на европейската наука-2015. Филологични науки. Т. 15. – София, 2015.
Жубанов А. Принципы автоматизации морфологической разметки текстов Национального корпуса казахского языка (НККЯ) // Контрастивные исследования и прикладная лингвистика : материалы междунар. науч. конф.–Минск: МГЛУ, 2015.
Жубанов А. О концепции по созданию национального корпуса казахского языка (НККЯ) // Контрастивные исследования и прикладная лингвистика : материалы междунар. науч. конф.–Минск: МГЛУ, 2015.
Жұбанов А. Қазақ тілінің Ұлттық корпусының коммуникативтілік пен тұтастырушылық мүмкіндіктерін арттыру жайында // Х Всероссийский съезд востоковедов «Россия и Восток: взаимодействие стран и народов». –Уфа, 2015.
Жұбанов А. Мәдени құндылықтар ретіндегі қазақ тілінің мәтіндер корпусы және метабелгіленім үдерісі // Х Всероссийский съезд востоковедов «Россия и Восток: взаимодействие стран и народов». –Уфа, 2015.
Жаңабекова А. Корпустағы метабелгіленімдер талдамасын жасаудың ғылыми-практикалық негіздері // Х Всероссийский съезд востоковедов «Россия и Восток: взаимодействие стран и народов». – Уфа, 2015 г.
Карбозова Б. Пути различения слов омонимов и полисемии // Х Всероссийский съезд востоковедов «Россия и Восток: взаимодействие стран и народов». –Уфа, 2015 г.
Қожахметова А. Метаразметка туралы жалпы түсінік // Х Всероссийский съезд востоковедов «Россия и Восток: взаимодействие стран и народов». – Уфа, 2015 г.
Манкеева Ж. Қазақ этнолексикасын зерттеудің когнитивтік негіздері // Материалы ХІХ Международной научной конференции «Новые парадигмы и новые решения в когнитивной лингвистике». – Санкт-Петербург- Кемерово, 2015.
Хабиева А. Қазіргі ғылыми парадигмадағы «коннотация» ұғымы // «Сыньцзян қоғамдық ғылымы» журналы. – Үрімжі (ҚХР), 2015 ж.
Амирбекова А. Отражение этномаркированных концептов в когнитивном стиле казахского народа // VI Международная научно-практическая конференция «Проблемы и перспективы современной науки». – Ставрополь (Россия), 2015.
Амирбекова А., Османова З. Актуальность и значимость создания казахского аксиологического словаря // V Международная научно-практическая конференция «Проблемы и перспективы современной науки». –  Ставрополь (Россия), 2015.
Амирбекова А., Ермахан Л. Ассоциация как основное понятие психолингвистики // Международная научно-практическая конференция «Перспективы развития науки и образования». – Тамбов (Россия), 2015.
Амирбекова А. Б. Государственный язык в средствах массовой информации Республики Казахстан // YI Международная научно-практическая конференция «Модернизация современного общества: проблемы, пути развития и перспективы». – Ставрополь (Россия), 2015.
Базарбаева З.  Қазақ фонологиялық білімдер жүйесін жоғарғы оқу орындарында оқытудың ғылыми-әдіснамасы // «Новые парадигмы и новые решения в когнитивной лингвистике». Материалы ХІХ Международной научной конференции по проблемам когнитивной лингвистики. – Санкт-Петербург – Кемерово, 2015.
Жүнісбек Ә. Түркі әліпбиі // Материалы ХІХ Международной научной конференции по проблемам когнитивной лингвистики «Новые парадигмы и новые решения в когнитивной лингвистике». Серия «Филологический сборник». Выпуск 19. – Санкт-Петербург-Кемерово, 2015.
Әміржанова Н. Виртуалды коммуникацияның лингвистикалық ерекшеліктері // «Тенденции и перспективы развития науки и образования в условиях глобализации». Материалы ІІ Международной научно-практической интернет-конференции. ­ Вып.2.  – Переяслав-Хмельницкий, 2015.
Әміржанова Н. Қазақ фонологиялық білімдер жүйесін жоғарғы оқу орындарында оқытудың ғылыми-әдіснамасы // «Новые парадигмы и новые решения в когнитивной лингвистике». Материалы ХІХ Международной научной конференции по проблемам когнитивной лингвистики. – Санкт-Петербург – Кемерово, 2015. ­
Issayeva G. Kazakçada Keçe Çadırıyla İlgili Kelimelerin Somatik Gerekçesi // Altay Toplulukları, Din ve İnanç Ritüelleri – Dil ve Tarih Meseleleri Sempozyumu. – Antalya (Türkiye), 20-22 Temmuz 2015.
Жұбаева О. Manifestation of anthropo-topicality in grammatical categories of the kazakh language // Сборник научных трудов Ханойского национального университета образования. Journal of Science. – Hanoi, 2015. – Hanoi National University of  Education (Вьетнам). – № 2.
Жұбаева О. Қазақ тіліндегі сыпайылық категориясы және ұлттық діл // Шинжиаң қоғамдық ғылымы. – Қытай Халық Республикасы, 2015.
Солтанбекова А. Функционалды грамматика мәселелерін оқытудағы ерекшеліктер // Материали за 11-а международна научна практична конференция, «Найновите науни постижения». Том 11. Филологични науки. – София,  2015.
Солтанбекова А.  Қазақ пуктуациясын оқытудағы функционалды аспекті // Материалы XI Международной научно-практической конференции «Образование и наука XXI века – 2015»  – г.София, Болгария.
Каршигаева А.А. Қазақ фонетикасының қалыптасу кезеңдері // Materiay XI mezinarodni vedecko-prakika konferene. – Прага, 2015.
Суйеркул Б., Аскари А. К вопросу о происхождении невербальных знаков  общения (на материале старокипчакского письменного памятника средневековья «Адам ата и Хауа ана» Рабгузи) //   XXXVII Международная заочная научно-практическая конференция «Научная дискуссия: вопросы филологии, искусствоведения и культурологии». – Москва: Интернаука, 2015.
Рысберген К. К проблеме изучения ономастического кода казахского языка // Материалы ХІХ Международной научной конференции по проблемам когнитивной лингвистики «Новые парадигмы и новые решения в когнитивной лингвистике». Серия «Филологический сборник». Выпуск 19. – Санкт-Петербург-Кемерово, 2015.

Импакт-факторы бар журналдарда жарық көрген мақалалар: 
Базарбаева З. Исследование интонации в прагмалингвистическом аспекте // Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. – М. – 2015.  – № 3. – Импакт-фактор РИНЦ – 0,852.
Базарбаева З.  Universal Properties of Intonation Components // Review of European Studies; Vol. 7. – No.6. – 2015. – Skopus ISSN 1918-7173. – E-ISSN 1918-7181 Published by Canadian Center of Science and Education.
Базарбаева З.  Intonational characteristics of the poetry speech // European journal of natural history. – 2015. – № 2. – Импакт-фактор РИНЦ – 0,204.
Карбозова Б. Research of structural and semantic meanings ofhomonymous units // The social sciences, year: 2015 | volume: 10 | issue: 6 | page no.: 1072-1075; doi: 10.3923/sscience.2015.1072.1075.

1.6 Институттың ғылыми қызметіне жауапты мамандардың ұйымдастыруымен жоба есептерін мониторингтеу, Ғылыми кеңесте жоба   жетекшілері мен орындаушылардың есебін тыңдау шаралары жүзеге асты.

1.7 Институттың 17 маманы (12 филология ғылымдарының докторы,      5 филология ғылымдарының кандидаты) ғылыми-педагогикалық қызметке тартылып, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан PhD докторанттары мен магистранттардың ғылыми жұмысына бағыт-бағдар беріп келеді.

1.8 Институт Қазақстандағы қазақ лингвистикасының және түркітанудың өзекті мәселелерін, тұлғаларын, ғылыми жетістіктерін бұқара арасында кеңінен түсіндіру және насихаттауға, сонымен бірге Қазақстандағы және жалпы қазақ мәдени кеңістігіндегі қазақ тілінің ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде қолдану аясы мен мәдениетін кеңейтіп, көтеруге бағытталған түрлі форматтағы іс-шараларды жүзеге асырып келеді: баспасөз беттерінде ғылыми-көпшілік мақалалар жариялап, телеарналар мен «Қазақ» радиосы бағдарламаларына қатысады. Институттың ұйымдастыруымен (редакторы филол.ғ.к. Г.Исаева) 2012 жылдан бастап «Ана тілі» газетінде  «Сөзтаным» айдары шығып келеді.

ІІ. Ғылыми кадрларды дамыту бойынша жүзеге асырылған іс-шаралар:

2.1 Институттың 3 қызметкері – магистратурада, 4-еуі докторантурада білім алып жатыр.

2.2 ТБИ ғалымдары сарапшылар ретінде ғылым мен техника салалары бойынша жүлделерге үміткер жобалардың ғылыми-техникалық сараптамасына (филол.ғ.д. Қ.Рысберген), Казтест (филол.ғ.д. О.Жұбаева, филол.ғ.д. А.Жаңабекова) және ономастикалық (проф. Н.Уәли, филол.ғ.д. Қ.Рысберген), терминологиялық (проф. Н.Уәли, филол.ғ.к. С.Құлманов, филол.ғ.к. Б.Жонкешов) комиссия жұмыстарына, «Қазақ тілі» пәнінің қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептің 1-11 сыныптарына арналған деңгейлік оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің макеттеріне сараптама жасау және лингвистикалық-стилистикалық тұрғыда жетілдіру жұмысына (филол.ғ.к. А.Фазылжанова, филол.ғ.к. А.Хабиева, филол.ғ.к. А.Аманбаева, филол.ғ.к. Г.Мамырбекова, филол.ғ.к. А.Сейтбекова, филол.ғ.к. Г.Исаева, филол.ғ.к. А.Солтанбекова, филол.ғ.к. Н.Әміржанова,  филол.ғ.к. Э.Өтебаева, филол.ғ.к. Ж.Жұмабаева, кіші ғылыми қызметкер А.Серікбаева) үнемі тартылып отырды.

2.3 Институттың 3 қызметкері «ҒТАҰО» АҚ Springer халықаралық баспасымен бірлесе отырып ұйымдастырған «Шетел рейтингіне енгізу мақсатында қазақстандық журналдардың сапасын арттыру» және «Рейтингі жоғары шетел журналдарында жариялану мақсатында қазақстандық ғылыми мақалалардың сапасын арттыру» тақырыбындағы курс-семинарға қатысты.

2.4 Институт қызметкерлерінің ғылыми-қоғамдық жетістіктері жоғары  бағаланып, мынадай марапаттармен ерекшеленді:
● Институттың Ғалымдар кеңесі тарапынан ұсынылған филология ғылымдарының докторлары, профессор Н.Уәли мен профессор С.Бизақов «Тіл жанашыры» медалімен марапатталды.
● ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор З.М.Базарбаева Ресей Жаратылыстану академиясының (Мәскеу қ.) «PRIMUS INTER PARES – ПЕРВЫЙ СРЕДИ РАВНЫХ» атты орденімен марапатталып, «Заслуженный деятель науки и образования» атағына ие болды.
● Филология ғылымдарының кандидаты А.Фазылжанова «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» медалімен марапатталды.
● Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жариялаған жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды беруге арналған 2015 жылғы конкурстарға Институттың Ғалымдар кеңесі тарапынан ұсынылған қызметкерлердің кандидатуралары тиісті органдар тарапынан қолдау тауып, гуманитарлық ғылымдар саласындағы жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы сыйлық (ф.ғ.к. Н.Әміржанова) пен мемлекеттік ғылыми стипендияға (ф.ғ.к. Г.Көбденова) ие болды.

ІІІ. Ғылыми базаны дамыту бойынша жүзеге асырылған іс-шаралар:

3.1 2015 жылы Институт қызметкерлері мемлекеттік тілдің лингвистикалық базасын күшейтіп, ҚР интеллектуалды қорын байытатын     3 монография, 1 сөздік, 6 ғылыми жинақ дайындап, 250-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік мақала жариялады (оның ішінде 30 мақала шетелдегі журналдар мен ғылыми жинақтарда, 4 мақала импакт-факторы бар журналдарда жарық көрді).

3.2 Институт қызметкерлері 6 авторлық куәлікке ие болды:
1) Хұсайын К. Дыбыс. Мағына. Сөз (әдеби туынды). – Авторлық куәлік № 950. – 22.05.2015 ж.;
2) Жанұзақов Т. Халықтық географиялық терминдер (әдеби туынды). – Авторлық куәлік № 951. – 22.05.2015 ж.;
3) Жанұзақов Т. Қазақ ономастикасы. І. (әдеби туынды). – Авторлық куәлік № 952. – 22.05.2015 ж.;
4) Жанпеисов Е. Таңдамалы шығармалар. Т. I-IV (әдеби туынды). – Авторлық куәлік № 958. – 22.05.2015 ж.;
5) Малбақов М. Қазақ лексикографиясының тарихы (әдеби туынды). – Авторлық куәлік № 959. – 22.05.2015 ж.;
6) Жанузаков Т., Рысберген К. Инструкция по русской передаче казахских и казахской передаче русских антропонимов (имен, отчеств и фамилий). –  Авторлық куәлік № 1957. – 15.10.2015 ж.

3.3 Институттың «Тілтаным» ғылыми-лингвистикалық журналы Франциядағы Халықаралық орталықта (ЮНЕСКО, Париж қ., Франция) тіркеліп,  ISSN 2411-6076 халықаралық нөміріне ие болды.

3.4 Институт жанындағы зертхана қоры дөңгелек үстелдер мен конференциялар материалдарымен, ғылыми монографиялармен, мерзімді басылымдармен, алыс-жақын шетелдегі ғылыми орындар мен Қазақстанның оқу орындары өнімдерімен толықтырылды.

3.5 Институттың «ТІЛ-ҚАЗЫНА» атты компьютерлік базасы жаңартылып, толықтырылды.

3.6 Институттың өз ғылыми басылымы, республикалық ғылыми-лингвистикалық «Тілтаным» журналының нөмірлері үздіксіз жарыққа шығып тұрады.

3.7 Институт басшылығы қызметкерлердің әлемдік лингвистикалық ғылым дамуының үдерістері мен бағыттары жөнінде хабарлы болып, алыс-жақын шетелдегі ғалымдармен пікір алмасу, конференцияларға баяндамалар жіберу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында Интернет желісінің мүлтіксіз жұмыс істеуін қадағалап отырады.

IV. Материалды-техникалық базаны дамыту бойынша жүзеге асырылған іс-шаралар: 
Институт басшылығы материалдық-техникалық базаның ескіруін қадағалау мақсатында үнемі мониторинг жүргізіп, әсіресе Институт ұжымының компьютерлік техникасының жаңаруын жүзеге асырып отырады.

ИНСТИТУТТЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

Институттың стратегиялық жоспарының бағыттары

Институттың жалпы қызмет бағыт бағыттары
Ғылыми зерттеулерді дамыту Ғылыми кадрларды дамыту Ғылыми базаны дамыту Материалдық-техникалық базаны жақсарту
Қазақ тілін постиндустриалдық қоғам талаптарына сәйкес жаңғырту Кадрлардың сапасын, біліктілігін арттыру, жастарды тарту Қазақ тілінің Ұлттық корпусын жасау, Интернет, онлайн қолданысқа енгізу Институттың базасын заманауи техникалық құрал-жабдықтармен жаңартып отыру

Институттың ғылыми зерттеулерді  дамыту бойынша атқаратын стратегиялық маңызды іс-шаралары

Қазақ тілін постиндустриалдық қоғам талаптарына сәйкес жаңғырту:

  • Қазақ терминологиялық жүйесін жаңғырту;
  • Тілдердің ұштұғырлығы тұрғысынан мемлекеттік тіл саясатының лингвистикалық негіздерін әзірлеу;
  • Мемлекеттік тілді Қазақстан халқын бірегейлендіруші фактор ретінде зерттеу;
  • Қазақ тілін Қазақстан Республикасы аумағындағы этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде зерттеу;
  • Қазақ тілін қоғамдық сананы, оның саяси сана, тарихи сана, құқықтық сана, ғылыми сана сияқты түрлерін қалыптастыратын фактор ретінде лингвокогнитивтік  тұрғыда зерттеу;
  • Қазақ тілінің заманауи техника-технологияларда (Интернет, компьютер, онлайн) қолданылуына ғылыми-лингвистикалық негіз жасау

Институттың ғылыми кадрларды дамыту бойынша атқаратын стратегиялық маңызды іс-шаралары

Кадрлардың сапасын, біліктілігін арттыру, жас мамандарды жұмысқа тарту:

  • HRM – адам ресурстарын тиімді пайдалану және дамыту менеджментін ендіру;
  • PhD докторларды жұмысқа  тарту;
  • “Болашақ” бағдарламасы бойынша шетелдерге білім жетілдіру курстарына жас мамандарды жіберу;
  • Ішкі ресурстарды пайдалана отырып, ғылыми зерттеулер жүргізуге бейім жастардың біліктілігін тренингтер,  лингвистикалық, ғылыми-өндірістік  семинарлар  ұйымдастыру арқылы арттырып,  кадрлар тәрбиелеу.

Институттың ғылыми базасын дамыту бойынша атқаратын стратегиялық маңызды іс-шаралары

“Ұлттық сөздік қор” ашық жүйесінің казғаз нұсқасын электрондық нұсқаға түсіру жұмыстарын аяқтау, жүйені үздіксіз кеңейту:

  • Ұлттық лексика-фразеологиялық картотекалық қорды электронды нұсқаға толық ауыстыруды аяқтау, толықтырып отыру;
  • Арнайы лингвистикалық ғылыми кітапхананы толықтыру, оның базасында электрондық кітапхана жасау;
  • «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» атты ашық электронды жүйені және қазақ электронды сөздіктерінің автоматтандырылған жүйесін кеңейтіп отыру, қолданысқа енгізу;
  • Институт сайтын кеңейту, жетілдіру, тұрақты техникалық және контенттік қолдаумен қамтамасыз ету;
  • Институт жанындағы Республикалық ғылыми басылым  “Тілтаным” журналына халықаралық мәртебе алуды ұйымдастыру, рейтингін көтеру.

Институттың материалдық-техникалық базасын  жақсарту бойынша атқаратын стратегиялық маңызды іс-шаралары

Институттың базасын заманауи техникалық құрал-жабдықтармен жаңартып отыру:

  • Заманауи компьютерлік техникамен жабдықтау;
  • Мәтінді түрлі форматта өңдейтін, сөздік форматтарын жасайтын компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз ету;
  • Жазба мәтіндерді баспалық форматқа түсіретін  бағдарламалармен қамтамасыз ету.