Қызметкерлер

Аманбаева Айсәуле Жантемірқызы (23.02.1974). 1991-1996 жж. әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1996-1997 жж. Шымкент қаласы, «Ұлағат» орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді.

2002 ж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сырттай аспирантурасына түсіп, профессор З.М. Базарбаеваның жетекшілігімен «Интонациялық бірліктердің прагмалингвистикалық аспектісі» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.  2002 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, фонетика бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеп келеді.

2015-2017 жж. «Қазақ сөйленімін синтездеу: фонетикалық корпусты қалыптастыру» атты тақырыпқа жетекшілік етті. 2013 ж. «Интонациялық бірліктердің прагмалингвистикалық сипаты» атты монографиясы жарық көрді.

Жалпы зерттеу жұмысына байланысты 50-ге жуық мақала ғылыми басылымдарда жарияланды. Зерттеу жұмысымен қатар, 2007-2008 жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасында «Тіл мәдениеті», «Стилистика» пәндері бойынша дәріс беріп, дипломдық жұмыстарға жетекшілік етті. 2004 жылдан бастап қазірге дейін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанынан шығатын «Тілтаным» ғылыми басылымның редакция алқасының құрамында жауапты шығарушылардың бірі болып жұмыс атқарып келеді.

2008 ж. А.Аманбаеваның «Қазақ тіліндегі суперсегментті бірліктерді прагмалингвистикалық аспектіде зерттеу» атты жұмысы гуманитарлық ғылымдар бойынша жас ғалымдар зерттеулері үшін М.Әуезов атындағы сыйлықтар берудің конкурсына ұсынылып, М.Әуезов сыйлығының иегері атанды.

Жұмабаева Жанар Төлендіқызы (20.09.1980). 1997 ж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетіне түсіп, 2001 ж. бакалавр, 2003 ж. магистратураны бітірді. 2003 ж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аспирантурасына түсіп, проф., З.М. Базарбаеваның жетекшілігімен «Түркі тіліндегі дауыстылардың фонологизациялануы» атты диссертациясын 10.06.06. – түркі тілдері мамандығы бойынша 2007 ж. қорғады. Осы жылдан бастап бүгінгі күнге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп келеді.

2013 ж. «Түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстардың тарихи негіздері» атты монографиясы жарық көрді. Жалпы зерттеу жұмысына байланысты 50-ге жуық мақалалар ғылыми басылымдарда жарияланды.

Қазіргі таңда ғылыми жұмыстармен қатар А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанынан шығатын «Тілтаным» ғылыми басылымның редакция алқасының құрамында жауапты шығарушылардың бірі болып жұмыстар атқарып келеді.

2013-2015 жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақ тілінің теориясы және әдістемесі кафедрасында студенттер мен магистранттарға қосымша дәріс беріп, семинар өткізді және дипломдық жұмыстарға жетекшілік етті. 2010 ж. Ж. Жұмабаеваның «Түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстардың тарихи негіздері» атты жұмысы гуманитарлық ғылымдар бойынша жас ғалымдар зерттеулері үшін М.Әуезов атындағы сыйлықтар берудің конкурсына ұсынылып, М.Әуезов сыйлығының иегері атанды.

Бүгінде ҚР Үкіметі жанынан құрылған Қазақ жазуын латын графикалы жаңа әліпбиге көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияға қарасты Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі ретінде қатысып келеді. Жазу реформасына қатысты ғылыми теориялық зерттеулер жүргізуде. Нәтижесінде мақалалары БАҚ-та, ғылыми жинақтарда жарық көріп, конференцияларда баяндама жасап жүр.

Қаршығаева Айнұр Аралбекқызы (20.06.1977). 1994 ж. Қызылорда облысындағы Қорқыт Ата атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әдеби қызметкер мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1998 ж. бітіріп шықты. 1999-2000 жж. Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Қазақстан темір жолы мекемесіне №15 мектеп-интернатқа мұғалімдік қызметке қабылданды. 2000 ж. Қызылорда облысы Жалағаш ауданына №123 орта мектебіне мұғалім және 0,5 жүктемемен директордың тәрбие жұмысы орынбасары болып қызмет атқарды. 2002 ж. ҚР БҒМ ҒК А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының лексикология бөліміне аға лаборанттық қызметке қабылданды. 2010 ж. «Қазақ жасалым (артикуляциялық) фонетикасының дамуы мен қалыптасуы» атты тақырыпта филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2010 жылы фонетика бөлімінің, 2011 жылы Компьютерлік лингвистика бөлімінің аға лаборанты қызметін атқарды. 2011 жылдың қазан айынан осы бөлімнің кіші ғылыми қызметкері, 2012 ж. бастап қазірге дейін фонетика бөлімінің аға ғылыми қызметкері ретінде жұмыс істеп келеді.  40-тан астам мақаланың авторы. Қазіргі таңда А.Қаршығаева ғылыми-зерттеу жұмысымен қатар «Тұран» университетінде дәріс береді. 2012 жылы «Кәсіби қазақ тілі» атты оқу құралы жарық көрді.

Оспанғазиева Назгүл Бақытқызы (10.05.1984). 2000 ж. Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетіне қазақ тілі және әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2004 ж. оқу орнын үздік дипломмен бітірді. Әрі қарай осы университеттің екі жылдық магистратура бөлімін жалғастырып, 2006 ж. филология магистрі дәрежесін алып шықты. 2006-2008 ж.ж. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанындағы аспирантураның күндізгі бөлімінде оқып, профессор З.М. Базарбаеваның жетекшілігімен «Түркі тілдеріндегі фонологиялық айырым белгілерінің тарихи негіздері» атты тақырыпта зерттеу жүргізді. 2008 ж. бастап бүгінгі күнге дейін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында фонетика бөлімінде аға лаборант, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп келеді. 2015ж. PhD докторантураға түсіп, 2018 ж. бітірді. 20-дан астам ғылыми мақаланың авторы. Бүгінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанынан шығатын «Тілтаным» ғылыми басылымның редакция алқасының құрамында жауапты шығарушылардың бірі болып қоғамдық негіздегі жұмыстарды атқарып келеді.

0 Shares