Тұлғалар


Моисей Копыленко

Моисей Михайлович Копыленко(25.11.1920-18.12.1997) филология ғылымдарының докторы (1967 ж.), профессор (1968). Орта Азия мемлекеттік университетін бітірді (1945 ж.). Ұлы Отан соғысына қатысты. 1946-1951 жж. –Одесса ғылым кітапханасының қолжазба және сирек кітаптар бөлімінде бас кітапханашы. 1951-1957 жж. – Одесса университетінде оқытушы. 1957-1978 жж. – Алматы шетел тілдері педогогикалық. институтында оқытушы. 1962-1970 жж. – осы институтта ғылыми-зерттеу жұмысының проректоры. 1978-1995 жж. – ҚазКСР ғылым академиясының Тіл білімі институтының орыс тілі және әлеуметтік лингвистика бөлімінің меңгерушісі. 1995-1997 жж. – Қаз МӘТУ-де орыс және жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі. Моисей Михайловичтің жетекшілігімен 72 кандидаттық, 4 докторлық диссертация қорғалды. Моисей Михайлович – 253 еңбектің авторы, оның ішінде 14 монографиясы бар. Негізгілері: Функционирование русского языка в различных слоях казахского населения. Алма-Ата: Наука, 1982. — 11б.; Фонетическая интерференция в русской речи казахов. Алма-Ата: Наука, 1984. — 64 б.; Интерференция в русской речи казахов: (проблемы казахско-русского двуязычия). Алма-Ата: Наука, 1988. — 127 б.; Закон о языках и развитие двуязычия и многоязычия в Казахской ССР. Алма-Ата, 1990. — 16 с.


Бақытжан Хасанұлы Хасанов

Бақытжан Хасанұлы Хасанов (21.12.1937). Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді (1960 ж.). 1960-1964 жж. аталған университеттің аспирантурасында оқыды. 1967-1993 жж. Қазақстан Ғылым академиясының Тіл білімі және философия институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім бастығы болып қызмет атқарды. 1993 ж. бері ҚР Ғылым және жаңа технология министрлігі жанындаға Тілдік даму стратегиясы орталығының директоры қызметіне қоса 1998 ж. басынан ҚР СІМ Дипломатия академиясы мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі. 1965 ж. «Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы» деген тақырыпта кандидаттық, 1992 ж. «Қазақстан Республикасындағы қазақ тілі қызметінің әлеуметтік-лингистикалық проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақ, орыс, корей тілдері және әлеуметтік лингвистика жөнінде 200-ден аса еңбек жазды. Оның 8-і монография, 5-уі кітапша, 2 оқулық.


Зәуреш Қанашқызы Ахметжанова

Зәуреш Қанашқызы Ахметжанова (02.12.1947). Павлодар педагогика институтының филология факультетін (1970 ж.) және Алматы мемлекеттік шет тілдері институтының аспирантурасын (1976 ж.) бітірді. Павлодар педагогика институтында орыс тілі кафедрасының ассистенті (1970-1973 жж.), Қазақстан ғылым академиясының Тіл институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер (1976-1990 жж.), Алматы мемлекеттік университетінде декан (1991-1993 жж.), кафедра меңгерушісі (1990-2002 жж.), диссертация кеңестің төрайымы (1999-2001 жж.), Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылыми жұмыстары жөніндегі проректоры (2002-2008 жж.) қызметтерін атқарды. «Қазақ және орыс тілдерінің функционалды-салыстырмалы зерттеулері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары – тіл теориясы, типология және салыстырмалы тіл білімі, әлеуметтік лингвистика, екі тілді лексикография, шет тілдері дәрісханасында қазақ тілі мен орыс тілін оқыту әдістемесі, аударманың лингвистикалық және лингводидактикалық мәселелері.


0 Shares