Қызметкерлер

Айнұр Аманғалиқызы Баймырза (07.09.1991). 2009-2013 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология және әлем тілдері факультетінде «шетел филологиясы» мамандығы бойынша білім алды. 2013 ж. магистратураға түсіп, сол жылы Шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының ассистент-мұғалімі лауазымында еңбек жолын бастады. 2018 ж. PhD докторантураны тәмамдады.  

Теориялық білім алумен қатар, бірнеше шетелдік ғылыми іс-тәжірибеден өтті: 2014 ж. – «Экономика жоғары мектебі» ұлттық зерттеу университеті (Мәскеу қ., РФ),  2014 ж. – Утрехт университеті (Утрехт қ., Нидерланды), 2016 ж. – Хельсинки университеті (Хельсинки қ., Финляндия), 2018 ж. – Ұлттық мемлекеттік кеңес пен халықаралық білім беру және тілдер жөніндегі бірлескен ұлттық комитеті (Вашингтон қ., АҚШ).

2014-2016 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінде қызметін жалғастырып, ғылым-білімді ұйымдастыру жұмыстарымен белсенді айналысты.

2018 ж. қараша айынан бастап А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Лексикология бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып жұмысқа қабылданды. «Алматы қазақ тілі корпусын» құрастырушылардың бірі. 2020 ж. «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ және Оксфорд университетінің баспасы бірлесе шығарған ағылшын-қазақ сөздігін дайындау жобасында әдеби редактор қызметін атқарды. 2021 ж. шілде айынан бастап Әлеуметтік лингвистика бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы.


Ақмарал Бейсенқұлқызы Пиязбаева (28.12.1983). 2001-2006 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде «лингвистика» мамандығы бойынша білім алды. 2006 ж. бастап білім беру саласының түрлі оқу орындарында, атап айтсақ, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ ұлттық экономикалық университетінің колледжінде, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Тұран университетінде кәсіби қазақ тілі пәнінен оқытушысы, әдіскер қызметтерін атқарды. 2014-2016 жж. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистратурасын бітірді.

2017 ж. наурыз айынан бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына Лексикология бөліміне кіші ғылыми қызметкер қызметіне қабылданып, «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасы» жобасының орындаушылардың бірі болды. 2020 ж. аталмыш Институттың PhD докторантурасына оқуға қабылданды. 2021 ж. шілде айынан бастап Әлеуметтік лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, қазан айынан бастап ғылыми қызметкері.


2014 ж. бастап А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ономастика бөліміне кіші ғылыми қызметкер ретінде қабылданды.  2015 ж. Институт ұйымдастырған «Жас ғалымдардың үздік мақаласы» атты байқауы бойынша Э.Робинсон атындағы сыйлықтың иегері атанды. 2017 ж. «лингвистика» мамандығы бойынша PhD докторантураға түсті. 2019 ж. Сегед университетінде (Венгрия,  Сегед қ.) ғылыми тағылымдамадан өтті. 2020-2021 жж. Институт ғалым-хатшысы міндетін атқарды.

2021 ж. шілдесінен бастап Әлеуметтік лингвистикасы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, қазан айынан бастап ғылыми қызметкері. 2021 ж. қыркүйегінен бастап «Тілтаным» лингвистикалық журналының редакторы. 2015 ж. Институттың Алғыс хатымен, 2017 ж. ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен,  2019 ж. «Жазушы», «Мектеп» баспаларының Алғыс хаттарымен марапатталды.


Қуатбек Қонысбайұлы Дүйсенов (26.02.1992). 2009-2013 жж. Сүлейман Демирел атындағы университетінде «қазақ тілі және әдебиеті» мамандағы бойынша білім алды. 2013-2015 жж. Сүлейман Демирел атындағы университетте «қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. 2018-2021 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «лингвистика» мамандығы бойынша PhD докторантурада оқыды.

2017 ж. бастап А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері. «Латынграфикалы жаңа әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» (2018-2020 жж.), «Қазақ тілінің неографиялық базасы» (2018-2020 жж.) ғылыми жобаларының орындаушыларының бірі. 2021 ж. шілдесінен бастап Әлеуметтік лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, қазан айынан бастап ғылыми қызметкері.

0 Shares