Бүгіні мен болашағы

Тілдің әлеуметтік мәселелерін ғылыми орта сараптамасы мен көпшілік алдындағы талқылауға салып, осы саланың дамуына үлес қосып келе жатқан Институт ғалымдары – профессор Н. Уәли және филология ғылымдарының кандидаты А.М. Фазылжанова. 2008 ж. профессор Н. Уәли мен А.М. Фазылжанованың  бірлескен «Мемлекеттік тілдің әлеуметтік беделін көтеру: лингоәлеуметтану аспектілері» (2013), «О современном состоянии развития казахского языка как национального и государственного языка» мақалалары жарық көрсе, 2008 ж. профессор Н. Уәлидің  «Үш тілділік формуласы: Орыс тілінің тұраны түгел» және 2011 ж. «Жазба сөз және оның қоғамдық-әлеуметтік мәртебесі» атты мақалалары ғылыми көпшілікке ұсынылды.  2009 ж. А.М. Фазылжанованың «Мультимәдениеттілік және тілдік біргейлік»,   «Мемлекеттік тілді оқытудың ұлттық және тілдік бірегейлік аспектісіндегі жаңа тұжырымдамасы туралы» мақалалары жарық көрді. 2011 ж. «Ұлттық идея – Қазақстанның дамуының негізі» атты қолданбалы зерттеу бағдарламасының аясында «Мультимәдени қоғамдағы тілдік бірегейлік (лат.identikus): мемлекеттік тілді лингвомәдени-семиотикалық жүйелер негізінде меңгертудің лингвистикалық аспектісі» зерттеу жұмысы орындалды (жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты А.М. Фазылжанова).

Қазіргі қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың ең өзекті мәселелері: мемлекеттік тілдің қолданылуы, қоғамдық мәні мен қызметі, орыс тілінің және өзге тілдердің әлеуметтік коммуникативтік жүйедегі орны, қостілділік, көптілділік, тіл дамытуды саналы басқару мен реттеу, тілдік бірегейлік, латыннегізді жаңа әліпбиге көшудің әлеуметтік лингвистикалық аспектісі, тіл саясаты және т.б.

Аталмыш мәселелер жүйелі түрде зерттеліп, ғылыми шешімін табуы үшін 2021 ж. Институт директоры Фазылжанова Анар Мұратқызының бастамасымен, Ғалымдар кеңесінің қолдауымен  арнайы Әлеуметтік лингвистика бөлімі ашылды. Бөлім меңгерушісі міндетін атқарушы – Айнұр Баймырза. Бөлім жан-жақты білімді, талапты, ізденімпаз жастардан жасақталды. Олар: PhD докторанттар Ақмарал Пиязбаева, Айжан Серікбаева, Қуатбек Дүйсенов.

Бүгінде бөлім «Мемлекеттік тілді латынграфикалы ұлттық әліпбиге көшіруді қамтамасыз ететін жаңартылған нормативтік сөздіктер мен академиялық басылымдар сериясын әзірлеу» атты бағдарламалық-нысаналы зерттеуінің «Жаңа әліпби мен емле ережелерін енгізудің тиімді жолдары: әлеуметтік тілтанымдық зерттеу» блогы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда.Сонымен қатар, бөлім аясында тілдің әлеуметтік мәселелерін талқылап, шешімдер ұсынатын «Тіл және қоғам» тілтанымдық алаң жұмыс жасайды.

0 Shares