Заңдылықтар мен ерекшеліктер негізге алынды
Әліпби түзуде аса жауапты бастапқы кезең болса, ендігі кезекте негізгі орфографиялық ереже түзу осы кезеңнің қисынды жалғасы болып табылатыны белгілі. Бұл кезең әртүрлі ортологиялық құралдары (емле ережелерінің, ономастикалық атаулардың анықтағыштары, т.б.) және ортологиялық лексикография түзудің (орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктер құрастырудың) бастамасы болып саналады. Қазақ орфографиясының негізгі ережелері – латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі бойынша дұрыс...