МАНДОКИ МҰРАТЫ – МӘҢГІЛІК ТАҚЫРЫП

Алматыда белгілі түрколог, қыпшақтанушы ғалым Иштван Мандоки Қоңырдың 75 жылдығына арналған «Ұлы дала және Мандоки мирасы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында айтылған бастамаларды жүзеге асыру жоспары аясында аталған шараны Халықаралық түркі академиясы ұйымдастырды. Академия президенті Дархан Қыдырәлі Иштван Мандокидің түркілер мен … –