РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСЫНДА «ЕСКІШЕ ОҚЫҒАНДАР» ТҰР
Тарихы бұрмаланып, тамырына балта тиген халықтың жоғын түгендеп, еңсесін қайта тіктеуге ғасырдан да ұзақ уақыт керек сияқты. Ұлттың ұлы тірегі болатын құндылықтардың жойылуынан ауыр қасірет жоқ. Елдің рухын қайта оятып, елдікті бекемдеп, егемендікті нығайту үшін бүгіннің ғалымдары кешегі өткен ғұламалармен жалғастықты сақтап, тереңнен толғанып, жан-жақты зерттеулер жүргізіп жатыр. Дегенмен соңғы жүзжылдықта толассыз жүрілген «тамырынан айыру»...