ЕМЛЕ МЕН ӘЛІПБИ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК
Әлімхан ЖҮНІСБЕК, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкері, филология ғылымының докторы, профессор Әліпбидің әлегі бітетін емес, қазіргі ары-тарт, бері-тарттың арқасында бітімнен гөрі арпалысқа айналып барады. Көпшілік «әліпбишілер» неге бір тоқтамға келе алмай жатыр» деп, әліпби мәселесінің оң шешімінен күдер үзе бастады. Шындығында, «әліпбишілер» арасында неге ортақ пікір жоқ, байыбына барып...