Қостанайдағы ЖОО латын әліпбиін енгізуді үйлестірумен айналысуы мүмкін

Қостанайдағы ЖОО латын әліпбиін енгізуді үйлестірумен айналысуы мүмкін

27.05.2018 Off By Администратор

Биыл елімізде латын әліпбиін енгізу жұмыстары басталады. Жыл аяғына дейін оның граматикалық еміле-ережелері дайындалып болуы тиіс.

Бұл тұрғыда Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы жоғарғы оқу орыны теориялық мәселелерді жүйелеп, үйлестіру орталығына айналуы мүмкін. Қостанайда өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияда осындай пікір айтылды. Алқалы жиында сөз сөйлегендер жаңа ережеде ана тіліміздің әуезділігі мен көркемдігін сақтау талабына  маңыз беру қажеттігін айтты. Ал латын графикасына көшу кезең-кезеңмен іске асады.

Ерден Қажыбек, Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры:

– Биыл күзде Назарбаев университетімен бүкіл республикадағы мұғалімдер корпусын, ұстаздар корпусының білімін жетілдіру жұмыстарын бастаймыз. 2020 жылдың күзінен бастап, 0-сыныпқа кіргізіледі. 2021 жылдан бастап, білім жүйесіне енеді. 2025 жылға дейін біз осы латынға көшу үрдісін тәмамдауымыз керек.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/242765-ostanajda-y-zhoo-latyn-lipbiin-engizudi-jlestirumen-ajnalysuy-m-mkin