Латын әліпбиіне арналған республикалық конференция

Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның «Латын әліпбине көшу — болашаққа бастар бағыт» республикалық ғылыми — практикалық конференциясы болып өтті

Бұл маңызды басқосуға көрнекті ғалымдар, бірқатар көршілес облыстардың тілдерді дамыту  басқармаларының басшылары,  жоғарғы оқу орындарының оқытушылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аталған конференцияны облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Есжанов ашып, жиынның мән маңызына кеңінен тоқталды.

Содан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешев, Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Еркін Әбіл, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Әлімхан Жүнісбеков сөз сөйледі.

Басқосудан жиналған қауым жақсы әсер алды. Онда латын әліпбиінің республикамыздың өмірінде ерекше орын алатындығы және аса маңыздылығы жайлы жан жақты айтылды.

 

Оразалы Жақсанов

0 Shares

You may also like...