Заңдылықтар мен ерекшеліктер негізге алынды

Әліпби түзуде аса жауапты бастапқы кезең болса, ендігі кезекте негізгі орфографиялық ереже түзу осы кезеңнің қисынды жалғасы болып табылатыны белгілі. Бұл кезең әртүрлі ортологиялық құралдары (емле ережелерінің, ономастикалық атаулардың анықтағыш­тары, т.б.) және ортологиялық лексикография түзудің (орфо­графиялық және орфоэпиялық сөздіктер құрастыру­дың) бастамасы болып саналады.

Қазақ орфографиясының негіз­гі ережелері – латын гра­фи­касы негізіндегі қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазуды көр­сететін құқықтық күші бар құжат. Со­нымен қатар латын негізді жаңа әліпби бо­йынша қазақ тілі­нің орфо­графиялық нормаларын тұрақтандыратын жаңа әліпби бойынша дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар бо­лып саналады. Емле ере­же­лерінің негізінде орфография­лық, орфоэпиялық сөздіктер, анық­тағыштар осы ережелерге сәйкес құрастырылмақ. Ұлттық жазу-сызудың емле ережелерін жасауда алдымен ескерілетін заңдылықтар мен ерекшеліктер негізге алынды. Олар: тілдің жал­ғамалы (аглютинация) заң­ды­лығы; тілдің ықшамдалу заң­­ды­лығы; тіл дыбыстарының үн­дес­­тігі (дауыстылардың дауыс­­­­сыз­дармен үндестігі) және да­уыс­­сыздардың бір-бірі­мен үй­­ле­­сімділік заңы. Осы ай­­тыл­­ған заң­дылықтар мен ерек­­ше­лік­тер аясында жазба тіл­­дің жаңа Ережесінің нұс­­қасы жасалды. Ережеде латын негізді әліпби бойынша қазақ тілі дыбыстарының реп­ре­­­зе­тант­тары болып табылатын әріп­тердің үндестікпен, үйлес­тікпен жазылу нормасы көрсетілді; сөздерді бірыңғай жуан немесе жіңішке жазу, соған сәйкес қосымшалардың жуан немесе жіңішке жазу үлгісі беріл­ді; қосар дыбыстардың (ұу/үу, ый/ій) дара әріппен (у, и әріп­терімен) таңбалануының үлгісі ұсы­н­ылды; қазақтың төл әдеби тіліндегі емлесі қиын сөз­дер­дің орфографиялану ерек­шеліктері көрсетілді; латын негізді әліпбиде жоқ ё, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ, әріптерінің жазылу ба­ла­масы берілді; бейүн­дес буын­ды кірме сөздерге қосымша жал­ғаудың орфографиялану тәр­тібі көрсетіл­ді; халықаралық тер­мин­дер мен атаулардың (шетел тілдік сөздердің) орфография­лану үлгісі берілді; күрделі сөз­дер­дің (біріккен, кіріккен, тір­кесті сөздер, қос сөздер) және бас әріппен жазылатын атау­лар­дың емлесі, сондай-ақ та­сы­мал­дау­­дың тәртіптері көр­се­тіл­ді. Ал жаңа ереже жобасын­да қазақ ор­­фо­­графиясының негіз­гі ер­е­же­лері­­нің ұлттық тіл­дің ерек­ше­лік­тері мен заңдылық­тарына сәй­кес болуы; тәжірибеде сыннан өтіп, дәстүрге айналған ба­за­­лық нормалардың сақталуы; тех­­ни­калық жақтан қазақ ор­фо­гра­фия­сының қолдануға оң­т­ай­лы, мобильді, жинақы болуы; ха­лық тілінің дыбыстық қор әле­уе­ті­нің кеңірек қамтыла түсуі; жа­һан­дану үрдісінде жазу-сызу­дың ұлттық сипаты­ның сақ­та­лып, космополиттік әсіре­лікке ұшы­ра­мауы көзде­ліп, орфо­гра­­фия­лық ережелер түзу­дің бас­шы­лық­қа алынған негізгі ұстанымдары болды.

 

Нұргелді УӘЛИ,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/263911-zanhdylyqtar-men-erekshelikter-negizge-alyndy
© egemen.kz

0 Shares

You may also like...