Асхат Аймағамбетов:

Жақында жас ғалымдармен кезекті онлайн-кездесу өтті.

Олардың арасында еліміздегі ғылымның дамуына елеулі үлес қосып жүрген талантты жастар өте көп. Солардың бірі – жуырда Мемлекет басшысының Жарлығымен ғылым саласында мемлекеттік сыйақы алған жас ғалым, математик, PhD докторы Сұраған Дурвудхан.

Жас ғалымдармен осындай кездесулерді жиі өткізу, олардың ұсыныстарын бірінші болып есту, толғандыратын сұрақтарына жауап беру және бірге жаңа бастамаларды талқылау маңызды.

Кездесу барысында жас ғалымдар ҰҒК қызметі, жобаларды қаржыландыру механизмі және гранттық қаржыландыру тағайындалатын конкурстар өткізу, ресми сараптама рәсімдерін жетілдіру, диссертациялық кеңестің қызметі, МҒТС жүргізетін сарапшылар пулының аудиті, отандық сарапшыларға қойылатын талаптарды арттыру, постдокторантураны дамыту және т. б. бойынша ұсыныстар айтты.

Қазір диссертициялық кеңес бойынша Ережелерге өзгертулер енгізілуде. Біз түзетулердің барлығын сарапшылармен бір жыл бойы талқыладық, халықаралық тәжірибені зерттедік және өзіміз шағын зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде өзгерістер дайындалды. Жақында осыған қатысты жеке пост жазамын.

Формальды сараптама бойынша. Сараптама кезінде грантқа үміткерлер ұсынған өтінімдерде формальды белгілер бойынша кемшіліктер табылған жағдайда азаматтар сол кемшіліктерді түзетіп, құжаттарды қайта рәсімдей алатын болады. Өтінімдердің формальды аспектілері сайтта толтырылатын болады.

Мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ғалымдарымыз әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуі үшін 500 грант бөлуге қатысты жұмыстың қалай жүріп жатқаны туралы да баяндап бердім.

Ғылыми институттарды жабдықтау мен жөндеу жұмыстарына қатысты мәселені де қозғадық. Келесі жылы ғылыми-зерттеу институт ғимараттарында жөндеу жұмыстарын жүргізу және ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған заманауи жабдықтар сатып алу мақсатында 4 млрд теңге бөлінеді.

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен тізімге кіретін ғылыми журналдарға қатысты талаптарды айтарлықтай күшейттік.

Өткен жылдан бастап магистранттардың стипендиялары айтарлықтай өсті. Докторанттардың стипендиясы бір жыл ішінде 82 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін артты. Сонымен қатар келесі жылдан бастап жас ғалымдарға арналған гранттар бойынша қаржыландыру көлемі ұлғаятынын да атап өттім. Осы жылы біз гранттық бағдарламалар бойынша теңдессіз 5 конкурс жарияладық. Уәде етілгендей, енді бұл конкурстар үш жылда бір рет емес, жыл сайын өткізілетін болады.

Алынған гранттар бойынша есептілікті азайту, мерзімдер мен рәсімдерге қатысты көптеген мәселелер әлі де бар. Оларды жүйелі түрде шешу мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.
Мұндай кездесулердің өте пайдалы екені сөзсіз. Біз білім мен ғылымды дамыту мақсатында мүдделі топтармен кездесулер өткізуді, барлық мәселелерді бірігіп талқылауды және тиісті шешімдер қабылдауды одан әрі жалғастыратын боламыз.
——————————————————

Недавно прошла очередная онлайн-встреча с молодыми учеными.

Среди них очень много талантливых людей, которые вносят значительный вклад в развитие казахстанской науки.
К примеру, один из них, молодой ученый, математик, доктор PhD Дурвудхан Сураган, Указом Главы государства был удостоен Государственной премии в области науки.

Считаю важным регулярно проводить такие встречи с молодыми учеными, чтобы из первых уст услышать их предложения, ответить на волнующие их вопросы или же обсудить с ними новые инициативы.

Молодыми учеными были озвучены предложения по деятельности ННС, по механизмам финансирования проектов и проведению конкурсов на грантовое финансирование, по совершенствованию процедуры формальной экспертизы, деятельности диссоветов, аудиту пула экспертов, проводящих ГНТЭ, повышению требований к отечественным экспертам, развитию постдокторантуры и т.д.

По диссоветам сейчас вносятся изменения в Правила. Мы почти год обсуждали все эти поправки с экспертами, изучали международный опыт и провели небольшое исследование. И как результат подготовили изменения. На днях напишу по ним отдельный пост. А по предложениям, которые касаются Правил присвоения ученых званий требуется дополнительное обсуждение.

По формальной экспертизе. Для того, чтобы у грантополучателей была возможность исправить недостатки, найденные во время экспертизы по формальным признакам, вводится процедура возврата заявки с указанием ошибок для того, чтобы грантополучатели могли их исправить. Формальные аспекты заявок при этом будут заполняться на сайте.

Коротко я рассказал о том, как идет работа по реализации поручения Главы государства по выделению 500 грантов для прохождения учеными стажировки в ведущих научных центрах мира.

Говорили и о том, что с этого года мы начали наконец планомерное оснащение и ремонт наших научных институтов. В следующем году нашим НИИ выделяется еще 4 млрд тенге. На эти средства будут ремонтироваться здания, закупаться современное оборудование для проведения научных исследований.

Мы существенно усилили требования к научным журналам, входящим в перечень КОКСОН.

С прошлого года значительно повысилась стипендия магистрантов. Если говорить о докторантах, их стипендия за один год увеличилась с 82 тыс. до 150 тыс. тенге. Я рассказал также и о том, что со следующего года увеличивается финансирование по грантам для молодых ученых. В текущем году мы объявили беспрецедентные 5 конкурсов по грантовым программам. И, как было обещано, теперь эти конкурсы будут проводиться не раз в три года, а ежегодно.

Все еще много вопросов по уменьшению отчетности по полученным грантам, по срокам и процедурам.
По ним у нас есть четкое видение, которое будет реализовано.

Такие встречи являются очень полезными, и мы продолжим на системной основе встречаться со всеми заинтересованными группами и обсуждать предложения по развитию образования и науки.

You may also like...