Ғылым саласындағы әйелдерге арналған L’Oréal-UNESCO Халықаралық сыйлығы

Ғылым саласындағы әйелдерге арналған L’Oréal-UNESCO Халықаралық сыйлығы

12.05.2020 Off By Администратор

Байқау шарттары

2021

Физика, математика және информатика ғылымдары 

  1. Кіріспе

«Ғылым саласындағы әйелдерге арналған (For Women in Science) L’Oréal-UNESCO  Халықаралық сыйлығы» әлемдегі ғылым саласындағы дарынды әйелдерді анықтау және қолдау мақсатында 1998 жылдан бастап беріліп келеді. Жыл сайын жаратылыстану, физика, математика және информатика ғылымдарының дамуына қосқан үлесі үшін бес лауреат анықталады.

2021 жылы физика, математика және информатика саласындағы көрнекті бес зерттеуші анықталады. Төменгі аймақтар бойынша:

– Африка және Араб мемлекеттері;

– Азия-Тынық мұхиты аймағы;

– Еуропа;

– Латын Америкасы және Кариб аймағы;

– Солтүстік Америка.

Әр аймақтан бір үміткер таңдалады. 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Үміткердің қай ұлт екені ескерілмейді. Бес лауреаттың әрқайсысы 100 000 еуро көлемінде сыйақы алады.

  1. Жарамдылық критерийлері

– ғылыми жетістігі бойынша халықаралық ғылыми қоғамдастықтың тануы;

– ғылыми зерттеулерге белсенді қатысу;

– 1, 2-қосымшада аталған физика, математика немесе информатика ғылымдары саласында жұмыс істеу;

– жасқа байланысты шектеу жоқ.

  1. Іріктеу критерийлері

– үміткердің ғылымның дамуына қосқан үлесі;

– үміткердің зерттеулерінің тиісті ғылыми саланың қазіргі жағдайына әсері (басылымдар, конференциялардағы баяндамалар және патенттердің саны, сапасы мен әсері);

– үміткердің өз саласы бойынша жарияланымдар арқылы замандастары тарапынан мойындалуы;

– үміткердің білім беру, оқытушылық қызмет, тәлімгерлік және/немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттарына қатысты міндеттемелерін мойындау.

L’Oréal-UNESCO-ның сыйлықтары жаңартылмайды.

  1. Номинациялар

Әлемдегі ғалымдар Ғылым саласындағы әйелдерге арналған L’Oréal-UNESCO Халықаралық сыйлығына үміткер болуға шақырылады. Сыйлыққа лайықты деп танылуы үшін ғалым жазбаша түрде ұсынылуы керек. Өзін-өзі ұсынуға болмайды. Жақын туыстары атынан ұсынылмайды. Командалар қатыса алмайды.

Үміткерлердің құқықтары:

  • университет немесе ғылыми мекеме басшысы;
  • ғылым академиясының мүшесі;
  • ғылыми-зерттеу кафедрасының меңгерушісі;
  • профессор;
  • Ғылым саласындағы әйелдерге арналған L’Oréal-UNESCO Халықаралық сыйлығының бұрынғы лауреаттары;
  • PhD.

Үміткерлер тек электронды түрде онлайн режиміндегі платформа арқылы ағылшын тілінде ғана қабылданады: https://www.forwomeninscience.com/en/awards.

Жүйені тіркелмеген үміткерлер ID және password жасау қажет болады.

Төмендегі құжаттар толық болу керек:

– неліктен үміткердің өзін Ғылым саласындағы әйелдерге арналған L’Oréal-UNESCO Халықаралық сыйлығына лайықты деп санайтындығы туралы қысқаша түсініктеме (200-400 сөз);

– үміткер таңдалған жағдайда, көпшілік алдында берілетін бағасы, яғни, үміткердің сыйлыққа лайықты деген техникалық немесе кәсіптік жетістіктерін сипаттайтын қысқаша мәлімдемесі болу керек (40 сөзден аспайтын). Байқаудың қазылар алқасы лауреаттардың ресми мәлімдемесін мақұлдайтынын ескертеміз;

– түйіндеме (максимум 2-3 бет/толық болу керек). Үміткер түйіндемеде (немесе жарияланымдар тізімінде) ғылымға байланысы бар әлеуметтік желідегі парақшасының немесе веб-сайтының (ResearchGate, ORCID, жеке веб-сайт сияқты) сілтемесін көрсету керек;

– үміткердің барлық жарияланымдарының тізімі;

– ең маңыздыларынан басталатын патенттердің тізімі;

– маңыздылығы бойынша 10 жарияланымның тізімі: олардың маңыздылығын түсіндіретін қысқаша түйіндеме (150 сөзден кем). Тізімде көрсетілген барлық басылымдардың сілтемесі көрсетілу керек.

– үміткердің мекемесінде қызмет атқармайтын танымал ғалымдардың (3-5) ұсыныс хаттары.

Құжаттары толық емес немесе 2020 жылдың 31 мамырынан кейін қабылданған кандидатуралар, сондай-ақ жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайды.

Номинациялар екі марапаттау циклі үшін жарамды. Физика, математика және информатика ғылымдарына арналған 2021 жылдың марапаттарына ұсынылған сәтсіз номинациялар арнайы файлдарда сақталады және физика, математика және информатика ғылымдарына арналған 2023 жылдың марапаттарына үміткерлер туралы ақпарат (2022 жылдың сәуірінде) шыққанда үміткерлердің мәліметтерін жаңарту үшін шақырылады.

  1. Лауреатты таңдау
  • алдын-ала іріктеу

Әрекет ету процесі барысында физика, математика және информатика саласындағы әртүрлі сарапшылардан тұратын комиссия барлық ұсынылған номинацияларды қарастырады. Номинациялар бағаланады. Осы бағалаудан кейін, «Ғылым саласындағы әйелдер» физика, математика және информатика саласындағы қазылар алқасына бағалау үшін 5 аймақтың әрқайсысынан шамамен 10 кандидаттан (барлығы 50 кандидаттан аспайтын) қысқа тізім жіберіледі.

  • қазылар алқасын таңдау

«Ғылым саласындағы әйелдер» физика, математика және информатика саласындағы қазылар алқасын профессор Артур Авила басқарады. 2014 ж. «Fields» медалінің иегері атанған. Халықаралық ғылыми қауымдастықтың құрметті мүшесі.

Қазылар алқасы 3-тармақта көрсетілген іріктеу критерийлеріне сәйкес сарапшылар алдын-ала таңдаған үміткерлерді бағалайды. 2020 жылдың қыркүйегінде Парижде өтетін қазылар алқасының кеңесінде әр аймақтың ең жақсы номинациялары қарастырылып, талқыланады. Қазылар алқасы көпшілік дауысымен бес лауреатты таңдайды. Оның шешімі түпкілікті және шағымсыз. Оған дау айтуға немесе түсіндіруге немесе негіздеуге болмайды.

Нәтижелер телефонмен айтылады және бірнеше күннен кейін лауреаттарға жеткізіледі. Олар ресми жарияланғанға дейін құпия болып қалуы керек.

  1. Лауреаттардың міндеттемелері

Әр Лауреатқа оның ізденісі мен ғылыми зерттеулерінің ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін Лауреатқа жеке табыс етілетін 100 000 еуро көлеміндегі сыйлық беріледі.

L’Oréal Fondation сыйлықтың ақысын Лауреаттарға 2021 жылғы наурызда марапаттау рәсімінен кейін және ақшаны аударым үшін қажетті түпнұсқа құжаттарды алғаннан кейін төлейді.

Марапаттар басқа мақсаттарға берілмейді.

Лауреаттар:

– 2021 жылдың наурызында Парижде «Ғылымдағы әйелдер апталығы» аясында ұйымдастырылатын Марапаттау рәсіміне қатысады және оған қатысты барлық іс-шаралардың (қонақ үй, сұхбат, тренинг, презентациялар, түскі ас, жол жүру) шығындарын L’Oréal қоры өтейді.

– лауреат ресми хабарландыруға дейін хабарландырудың құпиялығын сақтайды және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасамайды.

Лауреаттар коммерциялық емес мақсатта Ғылым саласындағы әйелдерге арналған бағдарлама аясында суретке, видеоға түсуге және сұхбаттасуға келіседі. Бұл фотосуреттер, видеолар мен мәтіндер Францияда және бүкіл әлемдегі жарияланымдарда, аудиовизуалды құралдарда, теледидарда, БАҚ-та, интернет, корпоративті басылымдарда, көрмелерде және т.б. қолданылады. Лауреаттардың бейнесін жас ұрпақтар, әсіресе жас әйелдер арасында ғылымды насихаттау үшін пайдалануға болады. Лауреаттардың әрқайсысы жеке жазбаша аудиовизуалды түрде келісімін береді. Лауреаттар мұндай жарнамалық қызметі үшін ешқандай сыйақы алмайды.

  1. Уақытша кесте

Тағайындаулардың ашылу күні: 2020 жылдың 20 сәуірі

Тағайындаулардың аяқталу мерзімі: 2020 жылдың 31 мамыры

Сараптама бойынша алдын-ала іріктеу: маусым айының басынан 2020 жылғы шілденің басына дейін

Қазылар алқасының сараптамасы: шілденің ортасынан  2020 жылғы қыркүйек айының басына дейін

Қазылар алқасының талқылауы: 2020 жылғы қыркүйек айының ортасы

Ғылымдағы әйелдер апталығы: 2021 жылғы 5-12 наурыз

Ғылымдағы әйелдерді марапаттау рәсімі: 2021 жылғы 11 наурыз


ҚОСЫМША I

  • Формальды ғылымдар

Математика:

– қолданбалы математика

– Таза математика

– Статистика және ықтималдық

Компьютерлік және ақпараттық ғылымдар:

– Информатика, ақпарат және биоинформатика

2) Физика ғылымдары

Химия:

-Аналитикалық химия

– Коллоидтық химия

– Бейорганикалық және ядролық химия

– Органикалық химия

– Физикалық химия, полимер туралы ғылым, электрохимия (құрғақ клеткалар, батареялар, отындық жасушалар, металдар коррозиясы, электролиз)

Физика:

Астрономия (оның ішінде астрофизика, ғарыштану)

– атомдық, молекулалық және химиялық физика (атомдар мен молекулалардың физикасы, соқтығысу, радиациямен өзара әрекеттесу; магниттік резонанстар; Мессбауэр эффектісі)

– Конденсацияланған күй физикасы (оның ішінде қатты денелер физикасы, өткізгіштігі)

– Сұйықтар және плазма физикасы (соның ішінде беттік физика)

– Ядролық физика

– оптика (соның ішінде лазерлік оптика және кванттық оптика), акустика

– Бөлшектер мен өрістер физикасы