БІРІНШІ РЕТ
ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (бұдан әрі – Институт) 2020 жылғы 27 наурызында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасын орындау мақсатында “ZOOM” платформасында онлайн форматта Институттың жалпы жиналысын өткізді.
Онлайн жиналыстың күн тәртібінде төтенше жағдай кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру бойынша зерттеу жұмыстарының күнтізбелік жоспарларының орындалуы және т.б. мәселелер қаралды.
40 минутқа созылған жиында Институт директоры Ерден Задаұлы аталған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.
Ғалымдар кеңесін, ғылыми-өндірістік семинарларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты шеберлік сағаттарын, дөңгелек үстелдерді, конференцияларды келесі аптадан бастап жаңа форматта өткізу жоспарланып отыр.
✅Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты