ЖАҢАЛЫҚТАР. ЕСЕПТЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР. ЕСЕПТЕР

25.12.2019 Off By Администратор

2019 жылғы 25 желтоқсанда Алматы қаласындағы «Ғылым ордасына» қарасты Орталық ғылыми кітапхананың мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр. мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Задаұлы Қажыбектің Институтта 2019 жылғы атқарылған жұмыс нәтижелері және алдағы жоспарлар мен міндеттер туралы жария есебі тыңдалды.

Жиында Е.З. Қажыбек «Рухани жаңғырудың негізі – тілдік реформа» атты тақырыпта баяндама жасап, Институт қызметінің негізгі нәтижелерімен таныстырды.

Институт директорының орынбасары С. Құлманов бағдарламалық-нысаналы зерттеу бойынша орындалған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Грамматика бөлімінің меңгерушісі О.Жұбаева «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық ұстанымдары және қазіргі тіл реформасы» атты тақырыпта баяндама жасап, Алаш арыстарының өмірі мен қызметіне арналған Институт шығарған кітаптармен таныстырды.

Жиынға Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары мен орынбасарлары, жоғары оқу орындарының профессорлары қатысты.