Жастарға тілегім: …Үлкен арманың болсын…

«Жастарға тілегім: …Үлкен арманың болсын, үлкен  өзінің қалауы  болсын өмірден, ол өнер ме, ол ғылым ба, ол өзге бір жұмыс па, сондай болса соны орындауға тырыссын, біресе біреуіне кірісіп, оны тастап екіншісіне кірісіп жүргенде өмірдің қалай өткенін адам баласы білмей қалады екен.»

Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық 

филология ғылымдарының докторы, профессор, Түрік Тіл қоғамының корреспондент-мүшесі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
ҚР ҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының иегері.

 

Алматы қаласында 1 қарашада «Ұлы дала тұлғалары: академик Рәбиға Сыздық және қазақ сөзінің құдіреті» атты ғылыми-теориялық конференция жоғырғы деңгейде өтті. Айрықша құрмет көрсетіліп, қазақ тілінің абыз-анасы Рәбиға Сыздықтың 95 жылдығына арнаған мерейтойына Түркия, Ресей және тағы басқа шет елден зерттеуші ғалымдар мен отандық Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Нұр-сұлтан және Қызылорда қалаларынан келген қазақ тілінің зерттеуші жанашыр ғалымдар мен Рәбиға Сыздықтың шәкірттері, тіпті ғалымның шәкірттерінің шәкірттері қатысты.  Академик ғалымға қошемет-құрметін көрсетіп, айтулы мерейтойымен құттықтады.

Сонымен қатар, қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдардар өз алғыстарын білдірді. Сондай-ақ Рәбиға апайдың шәкірттері баяндамаларын оқып, ғалымның  қазақ тіл білімінің дамуына қосқан біршама еңбектерін атады.

Ғалымның ғылымға келуі – алдына қойған мақсаты, яғни Рәбиға апайдың ғылым жолына бірден бір түсуіне әсер еткен өз заманында лекция оқыған қазақтың мақтан тұтар жазушысы Мұхтар Әуезов болса, ал менің қазіргі таңда ғылым жолындағы қызығушылығымен жауапкершілікті сезінуге әсер еткен ол – осы мерейтой деп айтар едім. Мерейтойды ұйымдастыруына ат салысқан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұжымын атап кеткенім жөн. Расымен Ерден ағайдың тағы басқа институт қызметкерлерінің  ұйымдастырулары өте жоғарғы деңгейде болды. Әрине, оларға білінбес немесе білінер, бірақ осы айтулы мерейтойдың басынан бастап қатысып, арнайы алыстан келген әрбір ғалымдар мен қонақтардың сөздерінен ғалымға деген ризашылығы мен ол кісінің 62 жыл бойы қазақ тілін дамуына қосқан еңбектерінің куәгерлері және шәкірттері, конференцияға қатысушы ғалымдардың дайындап келген баяндамалары шынайы жүректен шығып, жүректен жүрекке жетті десем артық болмас.

Тағы бір байқағаным, ғалымның туған жеріне Ақтөбе облысы Ойыл қалашығына деген махаббаты және сағынышы, көзіне жас алып жеткізуі біртүрлі ішімді елжіретіп жіберді. Бұл дегеніміз әрбір ғалым ең алдымен пенде, туған жердің ерекше ыстық екенін және қазақ елінің азаматы болсаң, ғылым жолына түссең,  тоқтамай алға мақсат қойып жылжу керектігін осы бір мерейтой айғақ болды. Қаншама оқылған баяндамалар, сансыз жүректен шыққан тілектер мен мақтаулар үздіксіз айтылып жатқан кезде, сырттай сүйіспеншілікпен қарадым. Ол ішкі жан дүниемдегі болған ерекше бір тербеліс пен ерекше сезім болды. Конференцияға қатысып отырған әрбір адам ерекше көңілге бөленген шығар. Себебі ғалым Рәбиға апайдың аурасы тамаша әсер етті.  Залда отырып, ішімнен шүкір қылдым: ғылым дамуда, ғалымдардың еңбегі бағаланып  жатқан заманда өмір сүрудеміз, болашақ білім мен ғылымға құштар, өз еліне жаны ашитын жастардың бар болғанына. Еліміздегі ғылымның дамуы  өнегелі өсиет айтып жол сілтейтін аға буындар мен жастардың қолында екенін ерекше сезініп,  баяндама соңында Рәбиға апайдың жастарды іздеп, жалындаған жастардың жанарларынан оттай жанған ізденушілік пен талапты көргісі келетінін айтты. Үлкен арман жолында еңбектенген ғалымның еңбегі бір дәлел.

Конференцияны ұйымдастырушылары мен ғалым Рәбиға Сыздық апайыымызға айтар алғысым шексіз.  Болашақта әлі талай конференциялар болады,  жалындаған жастар өз еркімен қатыса әрі ынта-жігерін танытса тамаша болатын еді.

 

Жусупова Анар

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистранты

Оставить комментарий

avatar
  Subscribe  
Notify of