ҰЛТТЫҚ ЖАЗУ: ТҮПТАМЫРДАН ҚАЗІРГЕ ДЕЙІН

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі интитутында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, Халықаралық түркітану орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Ұлттық жазу: түптамырдан қазірге дейін» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді Институт директоры, ф.ғ.д., профессор Е.З. Қажыбек басқарды. «Рухани  жаңғыру» аясында ұлттық жазуға арналған жиында көне түркі кезеңінен бергі қазақ жазуының тарихы мен тәжірибесі мәселесі қозғалды. 

Дөңгелек үстелде үш негізгі баяндама тыңдалды. Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Б. Момынованың ««Қазақ» газетінің емлелік ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамасы А. Байтұрсынұлының жазу реформасына арналды. Автор араб таңбалы қолжазбалардан нақты мысалдар, үзінділер, мәтіндер келтіріле отырып, қазақ жазуының тарихи тәжірибесіне тоқталды. 

Екінші баяндамашы – Ахи Евран университетінің профессоры О.Қабадай баяндамасында латыннегізді түрік жазуы тәжірибесімен бөлісті.

Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к.  Н. Әміржанова «Тарихи тағылым: орфографиялық ұстанымдардың таңдалуы» тақырыбында қазақ жазуының басты ұстанымдары мен оның түрлері туралы баяндады. Баяндамашы қазақ жазуында басты бір принцип өзек етілуімен қатар, өзге бірнеше қосалқы қағидаттар қатар жүретінін айта келе, бұл әлемдік жазу мәдениеті тәжірибесінде ертеден бар машық екені, бүгінгі таңда заман талабы мен әлемдік үрдісті ескергенде, қазақ жазуы фонемдік принципті негіз ететінін нақты дәйектер арқылы негіздеді. 

Жиында баяндама жасаған ф.ғ.к. Ж. Абитжанова «Көне түркі жазуы мен жазба ескерткіштері» тақырыбында көне түркі жазуларының түрлері, ондағы ерекшеліктер мен қағидаттар, жазу жүйесі арқылы көрініс тапқан көркемдік, стилистикалық белгілер жайлы пікірін ортаға салды. 

Баяндамашыларға қазақ жазуына қатысты сұрақтар қойылып, ғылыми тұщымды жауаптар алынды. 

Жиын қазақ жазуының тарихи тамыры қаузалған, тағлымы мен мазмұны бай, салиқалы ғылыми басқосулардың бірі болды. 

Дөңгелек үстелге ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, магистранттар мен докторанттар қатысты

Тіл мәдениеті бөлімінің қызметкері Е. Маралбек

Оставить комментарий

avatar
  Subscribe  
Notify of