«Жобаларды басқару»

ҚР Білім және ғылым вице-министрі ​ Жақыпова Фатима Надырқызының бастамасын іске асыру мақсатында Экономика институтының ұйымдастырумен ​2019 жылдың 24-26 маусым аралығында Ғылым ордасы кешенінде ғылым саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін 24 сағаттық «Жобаларды басқару» тақырыбындағы біліктілікті арттыру семинар-тренингі өтті. Бағдарлама тәжірибелік дағдылар мен құзыреттерді дамытуды мақсат етеді. ​ Тренингте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының қызметкері, жоба менеджері Зейнолла Сәуле Жанатқызы заманауи жоба менеджменті мен оның әдіснамасы, сондай-ақ жобалық басқарудың тәсілдері мен стандарттарын тиімді қолданудың қыр-сырын түсіндірді. Аталмыш біліктілікті арттыру бағдарламасына ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан Таубалдиев Мейрамбек, Пиязбаева Ақмарал және Дүйсенов Қуатбек ​ семинарға қатысты. Институттың ғылыми қызметкерлері тренинг талабы бойынша​ өз жобаларын сәтті қорғады. Әр қатысушыға арнайы сертификат табысталды. ​

ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Оставить комментарий

avatar
  Subscribe  
Notify of