«StrategEast Westernization Award»

2019 жылдың наурызында  АҚШ-тың «StrategEast» орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қажыбек Ерден Задаұлынмемлекеттік тілді латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру жұмыстарын іске асыруда қосқан үлесі үшін «Тілдік және мәдени вестернизация» аталымының сыйлығы тағайындалған болатын.

«StrategEast Westernization Award» сыйлығы – мемлекеттің мәдени, әлеуметтік-экономикалық  дамуына айрықша үлес қосқан тұлғаларға берілетін әлемдік деңгейдегі беделді марапаттардың бірі. Аталмыш сыйлықпен әлеуметтік және экономикалық реформалары үшін Өзбекстан Республикасы президенті Шавхат Мирзиеев пен ел экономикасын цифрландыруда еңбек сіңірген Эстонияның экс-президенті Тоомас Хендрик Ильвес те марапатталды.

Бүгін Қазақстандағы Израильдің бұрынғы елшісі Михаэль Бродский Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мәжіліс залында «StrategEast Westernization Award» сыйлығын салтанатты түрде табыстады. Институт директоры өз кезегінде  Михаэль мырзаға шапан жауып,Қазақ елі атынан зор алғысын білдірді.  

Оставить комментарий

avatar
  Subscribe  
Notify of